ИМАНИ ГҮЛ Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе? Дарвинизм пікірін қолдайтындардың ұстанатын
екінші негіздері: «Жан-жануарлар мен өсімдік әлемі тіршілік үшін үлкен күрес жүргізіп, бір-бірімен қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері ғана тірі қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жойылуда. Тірі қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгереді. Бұл өзгерістер жаңа ұрпақтарға да өтуде». Олардың айтқанындай, егер әр жан иесі тіршілік үшін
басқа жан иелерімен үнемі қырқыс, күрес үстінде болса,
аналардың балаларына деген мейірімділігін, ақылсыз
тауық сияқты құстардың балапандарын құтқару үшін
жыртқыштардың аузына түсіп, өз жандарын балаларының
жолында пида етулерін қалай түсінуге болады? Мыса-
лы, теңіздегі кейбір үлкен балық түрлері тамақтанғаннан
кейін аузын ашып тұрады. Ал екінші бір кішкентай балық
келіп тістерінің арасындағы еттерді тазалап, қорек етеді.
Демек, өмір – қырқыс, күрес емес, өзара жәрдемдесіп,
көмектесу. Әйтпесе кішкентай балық қорықпастан, емін-
еркін жыртқыш балықтың аузында жүре алмасы анық.
Үлкен балық та кішкентай балықтарға тиіспестен аузын
ашып жай ғана тұра алмас еді. Дарвиннің айтқанындай,
жан иелері арасында өмір үшін жасалған бұл қырқыс,
күресте әлсіздердің тұқымы құрып, тек қана күштілері
қалатын болса, жер бетіндегі әлсіз миллиондаған жан-
жануар, өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақтап,
ұрпақтарын жалғастыруын, керісінше, ең күшті санала-
тын динозаврлар секілі ірі жыртқыштардың тұқымының
тұздай құруын қалай түсінуге болады?