Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет31/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

Эволюция – ғылым емес, алдау
Эволюционерлер  маймылдың  адамға  айналу 
кезеңіндегі «аралық түр» жартылай маймыл, жартылай 
адамның  болғандығын  дәлелдейтін  сүйек  қаңқаларын 
таба  алмағандықтан,  бұл  проблемаларын  маймыл  мен 
адамның  сүйектерін  құрастыру  арқылы  шешуге  бел 
байлаған.
Атақты  доктор,  ескі  сүйектерді  зерттеуші  Чарльз 
Доусон  1912  жылы:  «Англиядағы  Пилтдаун  деп  атала-
тын жердің маңайындағы бір шұңқырдан бір жақ сүйек 
пен бас сүйек тауып алдым» деп әлемге жар салады. Жақ 
сүйек маймылдікіне ұқсағанымен, бас сүйегі мен тістері 
адамдікіне ұқсайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас 
берілді.  Сөйтіп  «Пилтдаун»  деп  аталған  бұл  сүйектерді 
әр  түрлі  мұражайларға  қойып,  адамның  маймылдан  са-
тылай  даму  жолы  арқылы  пайда  болғанын  растайтын 
нақты дәлел ретінде қолданды. Бұл сүйекке байланысты 
40 жылдам астам уақыт ғылыми мақалалар жазылып, су-
реттер  сызылды.  Әлемдегі  әр  түрлі  университеттерден 
500-ге  жуық  докторлық  еңбек  қорғалды.  Алайда,  1949 
жылы Кеннет Окли атты ғалым сүйектердің нақты жасын 
анықтайтын «Flor test» тәсілі арқылы «Пилтдаун адамын» 
да  зерттеп  көрді.  Нәтиже  өте  таң  қаларлық,  бір  сөзбен 
айтқанда, масқара! «Пилтдаун адамының» сүйектері адам 
мен  маймылдың  сүйектерін  өте  шеберлікпен  құрастыру 
арқылы жасалғандығы әшкереленді. 500 жыл бұрын өмір 
сүрген адамның бас сүйегіне 60 жыл бұрын өмір сүрген 
Орангутан маймылының жақ сүйегі, жақ сүйегіне адамның 
тістері жасанды түрде өте шеберлікпен орнатылғандығы 
анықталды.  Сүйектердің  жанынан  табылды  делінген 


48
ИМАНИ ГҮЛ
құралдардың қолдан жасалғаны да белгілі болды. Осыдан 
кейін  ғана  40  жылдай  Британ  мұражайында  тұрған  бұл 
құрастырылған  сүйек  дереу  шығарылып  тасталды.  Иә, 
өз мақсаттарын дәлелдеу үшін осындай айла, қулықтарға 
жүгінген  ғалымсымақтардың  қандай  дәлелдеріне  сенуге 
болады?
5
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет