Сырттай ұрықтандыру тәсілі: Біріншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен
жұмыртқалары
алынып,
арнайы
түтікшелерде
ұрықтандырылғаннан кейін жұмыртқасы алынған әйел-
дің жатырына қайта орналастырылады. Ұрықтандырыл-
ған зигота жатырға жабысқан жағдайда өз дамуын ары
қарай жалғастырады. Бұл әйелдің жұмыртқалық жолдары
бітеліп қалған жағдайда қолданылады.
Екіншісі, ер адамның спермасы мен бөгде әйелдің
жұмыртқасын түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны
әйелінің жатырына орналастыру арқылы болады. Бұл
жол әйел адамның жұмыртқалығында ақау болса әрі
жатыры зиготаны қабылдай алатындай сау жағдайда
қолданылады.
Үшіншісі, бөгде ер-әйелдің спермасы мен
жұмыртқасы түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны
басқа бір тұрмыстағы әйелдің жатырына салу арқылы
жүзеге асады. Бұл тәсілге жатырына зигота қойылған
әйелдің жұмыртқалығының жұмыс істемеуі әрі күйеуінің
спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі.
Төртіншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен
жұмыртқа клеткалары түтікшеде ұрықтанғаннан кейін,
оны жүкті болып босанып беруге келісім берген басқа
бір әйелдің жатырына орналастыру арқылы болады.
Яғни, суррогаттық тәсіл арқылы жүзеге асады. Босанып
беруші анаға – «құрсақ ана» делінуде. Бұл жолға ерлі -