ИМАНИ ГҮЛ зайыптылардың сперма, жұмыртқалары болғанымен,
әйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не-
месе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі.
Қазіргі таңда әлемде жоғарыда айтылған барлық
тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды
біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді
біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі-
зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға
бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен
қолдануда. Бүгінгі таңда танымал яки белгісіз адамдар-
дың спермаларын сақтап, сосын оны қажетсінген
адамдарға сататын арнайы әлемдік сперма банкалары
көптеп құрылған.
Ислам ғұламалары «Рабитатул-аламил-ислам» (Әлем мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы
ұйымдастырған фиқһ (ислам құқығы) мәжілісінің
VIII кезекті отырысында жоғарыда айтылған қолдан
ұрықтандырудың барлық түрлері мен жолдарын зерттеп
мынандай пәтуалар шығарған:
1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет-
калары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды
қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті
болуға қажетті «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған
жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған
жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың
бірінші жолдары ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт-
тар орындалуы тиіс:
• Әурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан,
әйелдің жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зигота-
ны жатырына қайта салу істерін мүмкіндігінше сенімді
мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе,