101
ИМАНИ ГҮЛ
Ол дәуірде бүгін кейбір заттарды тазалау үшін
қолданылатын нәрселер болған жоқ. Дезинфекция орны-
на Алла елшісі (с.а.у.) топырақты пайдаландырды. Кейін-
гі ғылыми еңбектер нәтижесінде топырақтың су секілді
қызмет атқарғаны белгілі болды. Мұнымен қатар топырақ
тетралит пен тетрациклин секілді заттарды да қамтыған.
Осы заттар кейбір микробтарды өлтіріп дезинфекция-
лау үшін пайдаланылған. Пайғамбар топырақпен жууды
ескерткенде ыдыстың алдымен стерилизациялануын әмір
еткен.
Сондай-ақ хадис шарифте мына мәселелерге на-
зар аударылған. Итте болуы ықтимал кейбір аурулар
адам денесінде де өмір сүре алады. Бұл өз алдына бөлек
әңгіме.
Екіншіден, ит нәжісі адам денсаулығына зиян.
Сілекейі де. Белгілі бір уақыттан кейін олардан жұғатын
аурулардың алдын алу қиынға соғатындықтан стерилиза-
ция өте маңызды.
Үшіншіден, алғашқы топырақпен жуу әмірінің на-
зар салдырған басқа жағы, топырақтың сол сәтте стери-
лизация қызметін атқаруы, бір риуаят бойынша – алты,
басқа риуаят бойынша – жеті рет жуылуы керектігі
ескертілді. Айтқандай-ақ, бұл тақырып Германия мен
Англияда шыққан бірқатар журналдарда жазылып,
Пайғамбарымыздың баянының шындығын растаған.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) иттер мәселесіне өте
сақ қараған. Тіпті, бір кездері өз шешімімен өлтіруге де
әмір берген. Бірақ, кейін бұл әмірін қайтып алып:
«Егер
Достарыңызбен бөлісу: