жеке дара әлем болмағанда» деген кезінде тіршілікке
байланысты өте терең жайтты қозғаған.
Ұлы Алла әлемді жаратып, жалпы тепе-теңдік қой-
ған: «Ол өлшеу қойды. Өлшеуде шектен шықпаңдар» 29
аяты да осы жалпы қағиданы ескертуде. Алла елшісі
тізгінді тең ұстап, тепе-теңдікті сақтаған. Бір-екі ауыз
сөзінің өзінде біз анықтаған бірнеше мұғжизалық
жақтары бар. Осы сөздер келешекте талай ақиқаттардың
шабыт қайнарына айналатын шығар. Сол заманда біреу
өмір бойы ойланып, толғанып осы сөзді айтса, кемеңгер
атануына жетіп артылатын еді. Алайда, Алла елшісінің
осыған ұқсас сөздері қаншама десеңізші.
29
Рахман сүресі/7-8.