Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет22/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
Өсімдіктер
Өсімдік өмірінің негізгі қорегі – су. Қурап немесе со-
лып  қалмауы  үшін  бақшамыздағы  өсімдіктердің  түбіне 
белгілі  мөлшерде  су  құямыз.  Өсімдік  құйылған  бұл  су-
дан өз тіршілігін жалғастыруға жететіндей ғана көлемін 
денесіне қабылдайды. Ал қалған су буға айналады немесе 
басқа өсімдіктердің қажетін өтейді. Әрбір өсімдік ішілген 
суды  денесінің  түкпір-түкпіріне,  жапырақтарының 
ең  ұшына  жібереді.  Мысалы,  ағаштар  суды  ешқандай 
насостың  көмегінсіз  15-20  тіпті  30  метр  биіктіктегі 
бұтақтарының түкпір-түкпіріне, жапырақтарының ұшына 
жеткізеді. Ақыл иесі біздер 15-20 метр биіктіктегі үйлерге 
суды  насостың  көмегінсіз  шығара  алмай  жатқанда, 
ағаштар суды осыншама биікке қалай көтереді?
Бұдан да таң қаларлығы, өсімдіктер жаздың аптап, ми 
қайнатар ыстығында аз мөлшердегі сумен-ақ жап-жасыл 
қалпын сақтап қалады. Бір гүлдің бойында 50 грамм су, 
тіпті кішкентай бір шөпте бір немесе екі тамшы су болады 
екен. Жазда бір апта бойы 35 градус ыстық болғанын ой-
лап көріңіз. Топырақ құрғап, тастар қызып жатқан осын-
дай ыстықта өсімдік әлемі қалай ғана бойындағы аз ғана 
сумен  өзінің  жасылдығы  мен  тіршілігін  сақтап  қалуда? 
Гүлдің бойындағы 50 грамм су мұндай ыстықтың астын-
да көп болса 5-6 сағаттың ішінде, шөптің бойындағы бір-
екі тамшы су бірнеше минуттың ішінде-ақ буға айналып 
кетуге  тиіс.  Бірақ  қалай  ғана  өсімдік  әлемі  құрғамастан 
жасыл түсін, өмірін сақтап тұр? Ойланғанға ғибрат.
Тістеріміз
Тістеріміздің  орналасу  ретін  ойлаңызшы.  Алдыңғы 
күрек тістеріміз өткір болып келеді. Ал артқы азу тістеріміз 


37
ИМАНИ ГҮЛ
жалпақ.  Демек,  күрек  тістеріміз  жейтін  қорегімізді 
қырқып, үзу үшін өткір етіп, ал азу тістеріміз сол алдыңғы 
өткір тістерімізбен қырқып, үзген қоректерімізді шайнап, 
үгітуге  қолайлы  жалпақ  етіп  жаратылған.  Егер  барлық 
тісіміз  жалпақ  немесе,  керісінше,  барлығы  өткір  болса 
жағдайымыз қалай болар еді?
Астыңғы  тістер  мен  үстіңгі  тістердің  арасында  ке-
ремет бір үйлесімділік бар. Жағымыз жабылған уақытта 
астыңғы  тістеріміз  бен  жоғарғы  тістеріміз  бір-бірімен 
қабысады. Мысалы, азу тісіміздің біреуі сәл ұзындау бол-
са, тамақ жеу, сөйлеу сияқты кейбір істерімізді еш ақаусыз 
атқара алар ма едік?
Жас нәресте сүтпен ғана қоректенгендіктен онда тіс 
болмайды.  Бірақ  басқа  қатты  нәрселермен  қоректенетін 
шаққа  жеткенде,  дереу  тісі  өседі.  Тістердің  өте  шебер 
орналасу  реттері  мен  бір-бірімен  үйлесімділігі  және 
қажетіне қарай дер кезінде өсу уақыты кездейсоқтық емес, 
Алланың теңдессіз шеберлігі мен әр нәрседегі дәлме-дәл 
есебі екені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет