Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ Жансыз материя қалай жан иесі болды?



Pdf көрінісі
бет25/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Дарвиншілердің 
бірінші 
ұстанымдарында 
айтылғандай, жан-жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі 
бір болуы мүмкін бе?
Дарвинизм  пікірін  қолдайтындар  бұл  сұраққа  «иә» 
дейді. Дәлелдері – тек болжам ғана.
Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі 
жалғыз клетканың дамуы арқылы сатылай-сатылай пай-
да болған. Ал енді барлық жан иелерінің бастауы болған 
кішкентай клетка қалай пайда болды? Олардың айтуынша 
клетка да сатылай даму жолы арқылы пайда болған.
Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында таң 
қаларлық  үлкен  айырмашылық  бар  екендігі  бәрімізге 
белгілі.  Ал  енді  жансыз  бір  зат  қалай  ғана  өз-өзінен, 
сырттан,  басқа  бір  күштің  әсерінсіз  жанды  клеткаға  ай-
налуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да «кездейсоқтың 
әсерінен» деген жауап аламыз. Алайда сол бір қарапайым 
клетканың  өзі  кездейсоқ  өз-өзінен  пайда  бола  алмайды. 
Себібі  ол  аса  керемет,  тамаша  жүйеге  ие.  Ал  санадан 
мақұрым, білімнен ада, жансыз, көр материядан кездейсоқ 
саналы адамның пайда болуы тіптен мүмкін емес.
Профессор,  доктор  Клаус  Доус  (Германиядағы 
Johannes 
Gutenberg 
университетінің 
биохимия 
институтының ректоры): «Соңғы 30 жыл бойғы өте терең 
зерттеулерге қарамастан алғаш жанды клетканың пай-
да болуы туралы ешқандай ғылыми дәлел табылмады»,
деп, алғашқы жанды клетканың өз-өзінен пайда болуының 
ешқандай  ғылыми  негізге  сүйенбейтінін  айтса,  Кейц 
Граһам:  «Алғашқы  өмірдің  (жанды  клетканың)  баста-
уы деп есептелген элементтер қазір де бар. Бірақ қазір 
неліктен олардан жанды нәрсе пайда болмайды?»   деп, 


41
ИМАНИ ГҮЛ
жансыз элементтерден өз-өзінен жанды нәрсе пайда бол-
майтынын дәлелдейді.
Батыстың  белгілі  ғалымы  Макс  Планк  материяның 
қалай пайда болғандығы жайлы былай дейді:
«Материя белгілі бір күш-құдірет арқылы тіршілік 
бетіне  шығып,  пайда  болады.  Материяның  ішінде 
кішкентай-кішкентай күн жүйесі тәріздес жүйелер бар. 
Атом  және  электрон  деп  аталатын  бұл  жүйелер  ма-
терияны  ыдырап  кетуден  қорғайды.  Ғарышта  мұндай 
керемет  күш-қуат  болмағанына  қарағанда  күллі  жа-
ратылысты  белгілі  бір  жүйеде  ұстап  тұрған  керемет 
ілім, шексіз құдірет иесі болуға тиіс. Міне, материяның 
бастауы – осы құдірет. Бұл құдіреттің Ұлы Жаратушы 
екені күмәнсіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет