ИМАНИ ГҮЛ Әзірейіл періште дүниенің әр жерінде бір уақытта қайтыс болатын адамдардың жа- нын алуға жалғыз өзі қалай үлгереді? Оның өлім аузында жатқандарға үрейлі яки ұнамды, түрлі кейіпте көрінуін қалай түсінуге болады? Әзірәйіл – Алла Тағаланың адамдардың рухын алуға
міндеттеген періштесі. Ажалы жеткен адамдың жанын ол
тікелей өзі алады. Немесе Әзірәйіл періштенің бұйрығына
бағынатын көптеген көмекші періштелері арқылы да
алуы мүмкін. Күнәһар, кәпір адамдардың рухын алатын
періштелердің бір басқа, ал мұсылман жандардың рухын
алатын періштелердің бір басқа екенін Құранның кейбір
аяттар мазмұнынан аңғаруға болады
159
.
Дүниенің әр жерінде бір уақытта қайтыс болған
адамдардың жанын Әзірәйіл періштенің өзі тікелей
алу мәселесі бір қарағанда мүмкін емес сияқты. Алай-
да, бұл пікір өзіміздің шектеулі ақылымыз бен періште
мүмкіндігін өзімізбен салыстырудың нәтижесінен туған
пайым.
Жалпы дүние болмыстарына қарай олардың
шағылысулары да әр қилы.
1. Мәселен, заттық, қатты, тығыз нәрселердің көрініс,
шағылыстарын алалық. Біз жүз айнасы бар бөлмеге
кірер болсақ, айнаға шағылысқан көрінісіміз арқылы біз
159
Бұл жайлы «Назиғат» сүресінің алғашқы аяттарындағы Аллаһ
Тағаланың серт еткен: «суырып шығарушы» сөзіне ғұламалар
«кәпірдің, күнәһардың жанын суырып алушы періштелер» деп
түсінік берсе, «ақырын шығарушы» сөзін «мұсылмандардың жа-
нын оңай алушы періштелер» деп тәпсірлеген.