Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) неліктен көп әйел алған? Мұны нәпсіқұмарлыққа жатқызатындарға не деуге болады? Ежелден күні бүгінге дейін адамзат тарихына қарасақ,
қарама-қайшы пікірде екі қоғам бар екенін байқаймыз.
Бұлардың біріншісі – Ұлы Жаратушыға иман келтірген
жандар болса, екіншісі иман келтірмей күпірлік жолын
ұстанғандар. Иманнан мақұрым қалғандар әрдайым иман-
ды жандарға сан түрлі жолдармен шабуыл жасап, олардың
қастерлеген киелі ұғымдарын тілдеп келген. Осылайша
олар өздерінің ішкі дүниелеріндегі арам пиғылдарымен
қоғамдағы пәк адамдардың санасын улауға тырысуда. Ен-
деше, бүгінгі таңда да арам пиғылды қара ниеттілердің
болуы табиғи нәрсе. Өйткені, әркім өзінің ішкі дүниесіне
қарай әрекет етеді. Осылайша Ұлы Жаратқанның «Уа,