Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет68/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   363
шынайы елшілігіне дәлел
Пайғамбарымыз  егер  (хаша  уә  кәлла)  жалған 
пайғамбар  болған  болса,  мал-мүлікке  ие  болу,  мансап-
билікке қол жеткізу, атақ-абыройға кенелу сияқты пенделік 
мақсат-мұраттары болатын еді. Жалған пайғамбар болуда 
егер дүниелік еш мақсат-мұрат жоқ болса, өз өмірін қауіп-
қатерге, қиыншылықтарға душар ететін мұндай ауыр да 
жауапты жүкті неліктен сау басына тілеп алсын? Ал егер 
дүниелік еш мақсаты жоқ болса, сөзсіз Ол адам – шынайы 
Алланың жіберген хақ пайғамбары болмақ.
Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмірін зерттеп көрсек, 
аталмыш  мақсаттардың  ешбірін  кездестірмейміз. 
Иә,  Ол  егер  жалған  пайғамбар  болу  арқылы  мал-
мүлікті,  атақ-абыройды,  билікті  мұрат  еткен  болса, 
әу  баста  бұлардың  бәрі  Пайғамбарымызға  ұсынылған 
еді. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан жаңа діннің 
алдында  не  істерлерін  білмей  абдыраған  құрайыштар 
Пайғамбарымыздың  немере  ағасы  Әбу  Тәліпке  келіп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет