ИМАНИ ГҮЛ (с.а.у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға
(с.а.у.) қатты әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай
төгілді
21
.
Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазіреті
Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазіреті Мұхаммедке
(с.а.у.) деген сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт бол-
сын қасынан ажырамады.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ақыретке
аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса
қайғырған ол Мәдинада қала алмады. Алла елшісінің
кетуі оған жарық күннің сөнуімен бара-бар келді. Өйткені
Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне Алла
елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазіреті Әбу
Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге
барып:
–
Ей,
Алла
елшісінің
халифасы!
Мен
Пайғамбарымыздың: «мүминнің ең қайырлы ісі – Алла