85
ИМАНИ ГҮЛ
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бәлкім, сауат-
сыз адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға
күмән тудырса, қарапайым адамның басқа мемлекет бас-
шыларымен бір-екі кездесуінен кейін-ақ жалғандығы су
бетіне қалқып шыққан майдай жария болады. Ал енді
оқу-жазу білмейтін бір адамның пайғамбарлық сияқты
ғалымдықтан да, мемлекет басшылығынан да ауыр бір
рөлді, міндетті жиырма үш жыл бойы айналасындағы
өте зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы,
жүргізуі мүмкін бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке
дейін келіп-кетер сансыз кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар
мен әулиелерге, жалпы адамзатқа
өзінің жалғандығын еш
сездірместен жалғастыра беруі мүмкін бе? Әрине, жоқ.
Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дәл өзі.
• Тарихта ереже-қағида қойып, жаңа жүйе құрған
көптеген тұлғалар бар. Олардың көбі өздері қойған
ережелерді басқаларға үлгі боларлықтай дәрежеде іс
жүзінде атқармағандықтан, адамдар тарапынан шы-
найы жанашыр, ешбір қолдау таппағанын көреміз.
Ал енді пайғамбарымыздың
«Намаз оқыңдар!» – деп
адамдарды намазға шақырып, ереже қойғаннан кейінгі
Оның оқыған намазына қараңыздаршы. Бес уақыт на-
мазды жамағатпен, жылап тұрып оқуы былай тұрғанда,
түн жарымда тұрып
«тәһәжжуд» намазын егіле жы-
лап, аяқтары талып-ісігенше оқитын. Айша анамыздың:
Достарыңызбен бөлісу: