226
ИМАНИ ГҮЛ
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған
жан болса, кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің
әлсіздігін түсініп, Ұлы Жаратушысына деген мұқтажды-
ғын әр сәт естен шығармауға итермелейтін кедейшілікті
қалай ғана қайырсыз дей аламыз? Оразада күні бойы
ауызға нәр татпай, ауыз
ашарда ішкен бір жұтым суды
тұла бойымыз шымырлап, бар жан-тәнімізбен сезінеміз.
Жоқшылық та Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз
нығметтерінің қадір -қасиетін түсіндіреді.
Иманды жан Ұлы Иесіне
«неге кедейлік бердің?»
деп
шағым жасауы былай тұрсын,
«маған байлық бергеніңде,
бәлкім, сол байлықтың буына мастанып, Сені естен
шығарып, Саған деген мұқтаждығымды қазіргідей
сезінбес пе едім?»
деп, кедейлікпен
сынаған Раббысына
шүкір етеді. Кедейлікті әрдайым Раббысы тарапынан
тарту етілген сансыз сауаптың қазынасы мен мәңгілік
байлықтың қайнар көзі деп біледі. Себебі, кедейлігіне
сабыр етіп, шүкір
ете білген жан Раббысының
ризашылығына бөленіп, ақыретте мәңгілік бақытқа
кенеледі.
Ал, керісінше, жүрегі иманмен нұрланбаған жан-
дар үшін кедейлік те қайырсыз. Күн
сайын байлардың
байлығына қызыға қарап, өзі ондай мал -мүлікке ие
болмағандықтан, ішін қызғаныш өрті шалып, үнемі
өзгелердің ақшасын сырттай санап әуре болады. Мұндай
жандар уақыт өте келе Раббысына қарсы шығып,
күпірліктің тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік
сынынан сүріне құлап, ақыретін де ойран етеді.
Міне, Ұлы Жаратушының
байлығы да кедейлігі де
адамдар үшін сын -сынақ. Байлықты да, кедейлікті де
жақсы, жаман дей алмаймыз. Өйткені, бұлардың қайырлы
яки қайырсыз болуы адамның өзіне байланысты.