Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


делінген.  Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін  «біз»



Pdf көрінісі
бет204/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

196
делінген. 
Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін 
«біз»
деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мы-
салы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне 
«ты»
делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті, 
сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне 
екінші жақтың көпше түріне қолданылатын 
«вы»
сөзі 
қолданылады. Сол секілді араб тілінде де 
«біз»
делінген 
уақытта Алла Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын 
білдіру үшін қолданылады. Арабша 
«Муғжамул-уасит»
және «
әл-Му’жамул-арабил-әсәси» 
сөздіктерінде былай 
делінеді: 
«нахну»
, яғни 
«біз»
сөзі екі және үш адамға 
көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде ұлықтау 
мақсатында бір адамға да қолданылады
197
.
196
«Таһа» сүресі, 14 – аят.
197
Әл-му’жамул-арабил-әсәси сөздігі, 1179-бет.


330
Алла Тағала құлдарынан кімнің жәннатқа,
кімнің тозаққа баратынын о бастан біледі 
делінуде. Ендеше, Алла Тағала мына дүниеге 
құлдарын сынақ үшін жібермей-ақ бірден 
жұмақтықтарды жұмаққа, тозақтықтарды 
тозаққа жібере салмаған?
Иә, Алла Тағаланың барлық өткен-кеткен, қазір бо-
лып жатқан әрі келешекте болатын барлық нәрселерді 
бүге-шүгесіне дейін білетіні хақ. Себебі Алла үшін 
өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген уақыт өлшемдері 
жүрмейді. Рас, Алла Тағала құлдарының бұл дүниеде 
жақсы, жаман не істейтіндерін әрі кімнің тозақтық, кімнің 
жұмақтық екенін біле тұра, оларды мына дүниеге сынақ 
үшін жіберген. Хақ Тағаланың құлдарын сынаққа алуы 
олардың ақыреттік жағдайын білмегендіктен емес. Бұл 
мәселенің біз бірден байыбына бара бермейтін басқа да 
астарлы тұстары жетерлік.
1. Егер Алла Тағала адам баласын жаратқаннан кейін 
оларды екіге бөліп, бірін жұмаққа, екіншісін тозаққа 
жіберер болса, тозаққа кеткен адамдар Алла Тағалаға 
«Уа, 
Жаратушымыз, бізді тозақта азаптау үшін жараттың 
ба?»
деп шағым жасап, біздің күнәміз не дегендей 
тозақтық болғандықтарына ашынар еді. Міне, сондықтан 
әркім мына дүниеде өзінің барар жеріне лайық істерін жа-
сап, әрбір жасаған әрекеттері періштелер тарапынан мына 
дүниеде бүге-шігесіне дейін жазылғаннан кейін мұндай 
шағым жасап, желеу айта алмасы анық. Себебі, әркім 
өз қолымен жасаған іс-әрекеттерінің жауапкершілігінен 
қаша алмайды. 


331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет