Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет39/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла 
елшісі өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы 
адамдарға шаттық сыйлай алатын жарқын жүзді еді. Жал-
пы ғаламға ұстаздық етіп, үлкен мәселелерді қозғаған 
Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда оты-
рып ойыншық ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл еді. 
Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып екінші бір жа-
ман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі 
басын тең ұстап, тепе-теңдік сақтаған.
Әр қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда да 
ол қасиеттің мағынасы өзгермек. Мысалға, әкім қызмет 
орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көрсетсе, 
тәкаппарлыққа айналады. Әскердегі жауынгердің 
халыққа көрсеткен мейірімділігі мен кешірімділігін 
жауға, дұшпанға қолданса, халқына деген зұлымдыққа 
айналмақ.
Жан-жақты жетілген кемел адамның бойынан 
табылуға тиіс көптеген көркем қасиеттерді ең жоғарғы 
дәрежеде әрі әрқайсысын өз орнында бір-бірімен ша-
тастырмастан ең керемет түрде қолданып, үмметіне іс 
жүзінде көрсете білген адам – пайғамбар болмаса, кім 
болмақ?
Тарихта келіп-кеткен көптеген ұлы тұлғаларды зерт-
теген уақытымызда олардың бойында тек кейбір жақсы 
қасиеттердің ғана орын алғанына куә боламыз. Кейбіреуі 
атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді, 
кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кішіпейіл, бірақ 
ашуға бас иетін сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ дәл 
сондай дәрежеде мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз – 
жақсы деген қасиеттердің бәрін бойына жинай білген әрі 
әрбір қасиетті ең биік шыңында іс жүзінде қолдана білген 
жалғыз адам. Алла Тағала Құранда: 
«Сен керемет мінез-
құлыққа иесің»
– деп Алла елшісінің бойындағы осы 
қасиеттерді нұсқайды.


77
ИМАНИ ГҮЛ
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің 
«Адам-
зат тарихындағы ұлы жүздік»
атты кітабында адам 
баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған 
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған. Майкл Харт 
еңбекте Аристотель, Платон, Евклид, Архимед бастаған 
топтың алдында ең бірінші болып Мұхаммед (с.а.у.) 
пайғамбарды көрсеткен екен. Бұлтартпас ғылыми 
тұжырым жасау үшін Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) 
өмірбаянын басқа тұлғалармен бірге компьютердегі ар-
найы бағдарламаға енгізген Майкл Харт таңданысын жа-
сыра алмаған. Себебі компьютерге түскен 100 адамның 
ішінен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі бірнеше мәрте 
бірінші болып шыққан.
Иә, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе 
де еш ескіріп, тозбайтындай әрі қияметке дейін келіп-
кетер күллі адамзатты тәнті еткен осынау ұлы қасиеттер 
мен көркем мінез-құлықты кімнен үйреніп, қайдан алды? 
Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тәрбиелеп жетілдірді?
Бұл сұрақтың жауабы ретінде әке-шешесі дейін де-
сек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында 
алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып, 
тұл жетім қалды. Демек, Алла елшісінің (с.а.у.) тәлім-
тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, оған 
бұл көркем мінез, жалпы тәлім-тәрбиені өскен ортасы, 
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих-
та 
«надандық, қараңғылық дәуірі»
деген қара таңбасымен 
орын тепкені бәрімізге мәлім. Надандық пен қараңғылық, 
зұлымдық пен қатігездік билік еткен бұл қоғамда қыз ба-
ласы тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып, базарларда 
бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан-ашық 
жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен халық ал-
дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре 
шатасып, көптеген балалар өз әкесінен бейхабар-ды. Ақ 


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет