Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


Алла  Тағала  өз  нұрын  (дінін)  кәпірлер  қаламаса  да



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Алла  Тағала  өз  нұрын  (дінін)  кәпірлер  қаламаса  да 
тәмамдайды»
195
.    Міне,  сол  кезде  жер-жаһанның  бәрі 
мұсылмандарды  еріксіз  тыңдайтын  болады.  Бұған  еш 
195
 Саф сүресі, 8-аят.

328
ИМАНИ ГҮЛ
күмәніміз жоқ. Себебі, ислам – задында жоғары, теңдессіз 
қасиеттерге ие құдайылық соңғы дін. Исламның адамның 
дүниесін, ақыретін, рухын һәм тәнін қанағаттандыратын 
асылдығын  түсінген  көкірегі  ояу  жандардың  оны 
қабылдары  сөзсіз.  Тіпті,  бұл  қазір  басталып  та  кетті. 
Күннен күнге батыста ислам дінін  қабылдаған жандардың 
санының  арта  түсуі  осының  дәлелі.  Бүгінде  батыстың 
зиялылары,  ойшыл  ғалымдары  исламның  сөнбейтін 
нұрын, солмайтын гүлін көріп жақындай түсуде. Иә, бір 
күні  адамзат  исламға  бас  иеді.  Бірақ,  мұны  жасауға  се-
бепкер  болатындар  жүректері  дін  ғылымымен  сусын-
дап,  ақылдары  дүниенің  озық  ғылымымен  нәрленген, 
пенделік  қасиеттерден  барынша  арылған  «дінімді  қалай 
жеткіземін?» деп түн ұйқысын төрт бөліп уайымға батқан 
сахаба тәріздес қаһарман жандар болмақ.

329
Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құран-
ның  көптеген  жерінде  неліктен  «біз»  деген? 
Мысалы, «қадір»  сүресінде «Сөзсіз, Біз құранды 
қадір түні түсірдік» деген  аят бар.
Құранда Алла Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігі-
не  байланысты  көптеген  айқын  аяттар  бар.  Мысалы, 
бәрімізге  мәлім  «Ықылас»  сүресінде  «Алла  жалғыз» 
делінсе, басқа бір аятта: «Сөзсіз, Мен – Алламын,  ме-
нен  басқа  ешбір  тәңірі  жоқ.  Сондықтан  маған  ғана 
ғибадат ет! Мені еске алу үшін намаз оқы»
196
 делінген. 
Ал  кейбір  сүрелердегі  Ұлы  Жаратушының  өзін  «біз» 
деуінің  астарында  араб  тілінің  ерекшелігі  жатыр.  Мы-
салы,  орыс  тілінде  екінші  жақтың  жекеше  түріне  «ты» 
делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті, 
сыпайылықты  білдіру  үшін  жалғыз  адамның  өзіне 
екінші  жақтың  көпше  түріне  қолданылатын  «вы»  сөзі 
қолданылады. Сол секілді араб тілінде де «біз» делінген 
уақытта  Алла  Тағаланың  ұлылығы  мен  жаббарлығын 
білдіру үшін қолданылады. Арабша «Муғжамул-уасит» 
және «әл-Му’жамул-арабил-әсәси» сөздіктерінде былай 
делінеді:  «нахну»,  яғни  «біз»  сөзі  екі  және  үш  адамға 
көпше  түрінде  қолданылатыны  секілді  кейде  ұлықтау 
мақсатында бір адамға да қолданылады
197
.  
196
 «Таһа» сүресі, 14 – аят.
197
 Әл-му’жамул-арабил-әсәси сөздігі, 1179-бет.

330
Алла  Тағала  құлдарынан  кімнің  жәннатқа,  
кімнің  тозаққа  баратынын  о  бастан  біледі 
делінуде.  Ендеше,  Алла  Тағала  мына  дүниеге 
құлдарын  сынақ  үшін  жібермей-ақ  бірден 
жұмақтықтарды  жұмаққа,  тозақтықтарды 
тозаққа жібере салмаған?
Иә, Алла Тағаланың барлық өткен-кеткен, қазір бо-
лып  жатқан  әрі  келешекте  болатын  барлық  нәрселерді 
бүге-шүгесіне  дейін  білетіні  хақ.  Себебі  Алла  үшін 
өткен  шақ,  осы  шақ,  келер  шақ  деген  уақыт  өлшемдері 
жүрмейді.  Рас,  Алла  Тағала  құлдарының  бұл  дүниеде 
жақсы, жаман не істейтіндерін әрі кімнің тозақтық, кімнің 
жұмақтық екенін біле тұра, оларды мына дүниеге сынақ 
үшін  жіберген.  Хақ  Тағаланың  құлдарын  сынаққа  алуы 
олардың  ақыреттік  жағдайын  білмегендіктен  емес.  Бұл 
мәселенің біз бірден байыбына бара бермейтін басқа да 
астарлы тұстары жетерлік.
1. Егер Алла Тағала адам баласын жаратқаннан кейін 
оларды  екіге  бөліп,  бірін  жұмаққа,  екіншісін  тозаққа 
жіберер болса, тозаққа кеткен адамдар Алла Тағалаға «Уа, 
Жаратушымыз, бізді тозақта азаптау үшін жараттың 
ба?»  деп  шағым  жасап,  біздің  күнәміз  не  дегендей 
тозақтық болғандықтарына ашынар еді. Міне, сондықтан 
әркім мына дүниеде өзінің барар жеріне лайық істерін жа-
сап, әрбір жасаған әрекеттері періштелер тарапынан мына 
дүниеде  бүге-шігесіне  дейін  жазылғаннан  кейін  мұндай 
шағым  жасап,  желеу  айта  алмасы  анық.  Себебі,  әркім 
өз  қолымен  жасаған  іс-әрекеттерінің  жауапкершілігінен 
қаша алмайды. 

331
ИМАНИ ГҮЛ
2. Екіншіден, мына өмірде көз көріп, құлақ естімеген, 
ақылмен  ойлап  елестете  алмайтын  ғажайып  сый-
сыяпатпен  жәннатта  марапатталу  үшін  адам  баласының 
мына  дүниеде  соған  лайық  дәрежеге  жетуі  керек.  Яғни, 
рухани  болмысы  сол  жұмаққа  сай  дәрежеге  өсуі  тиіс. 
Бойындағы әр түрлі асыл қасиеттердің дәндері көркейіп, 
жайқалып өсіп, бейне бір жәннатқа кірер адамның бойында 
табылуы тиіс қасиеттерге айналуы ләзім. Дәл осы секілді 
тозақтық адамдар да мына дүниеде барар жерлеріне сай 
қылық жасап, бейне бір тозақтық кейіпке енеді. Тозаққа 
сай дәрежеге құлдилайды.  
Алла  Тағала  мына  таңғажайып  ғаламды  өзінің 
теңдессіз  құдіреті  мен  шеберлігінің,  шексіз  білімі  мен 
ұлылығының т.б. ұлы сипаттарын танытар көрме іспетті 
жаратқан. Құлдарының назарына ұсынған. Адам баласы 
осынау ғажайып көрмені аралай жүріп, ондағы сан алуан 
туындыларды тамашалай отырып, Ұлы Жаратушысын та-
ну «мағрипатына» қол жеткізеді. Сөйтіп, Раббыларының 
ұлылығына тәнті болып, таң қала құлшылық жасау арқылы 
өздері де рухани жетіліп, кемелдене түседі. 
3. Алла Тағала өзінің көркем есімдерінің құлдарында 
әрі  жалпы  жаратылыста  көрініс  тапқанын  қалайды.  Әр 
түрлі көркем есім, сипаттарымен танылуды қалайды. Құл 
мына дүниеде күнә істесе,  Хақ Тағала өзінің «Ғаффар», 
яғни аса кешірімді есімімен кешіріп, есіркейді. Рызыққа 
мұқтаждарға «Раззақ» есімімен рызық-несібесін жеткізеді. 
Ауруға шалдыққан құлдарына Алла Тағала өзінің «Шафи» 
есімімен жәрдемін беріп, шипа дарытады. Осылайша Ұлы 
Раббымыз  осы  дүниеде  құлдарының  дәрежесіне  қарай 
өзінің көркем есімдерінің көрініс табуын қалайды.

332
Әйел мен еркек тең бе?
«Әйел  теңдігі»  мәселесін  қанша  даурықтырғанмен, 
шындап  келгенде,  жаратылыс  тұрғысынан  әйел  мен  ер-
кек  тең  емес.  Әрқайсысы  өзіне  тән  қасиеттерімен  ерек-
шеленеді.    Егер  бір-бірінен  ешбір  айырмашылығы  жоқ 
өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел 
етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жа-
ратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән 
ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ 
«Екі жарты бір бүтін» деген.  Әйел мен еркек минус пен 
плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, 
еркек  сол  денедегі  ақыл  іспетті.  Жүрек  ақылсыз,  ақыл 
жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары 
яки  ақыл  жүректен  артық  деп  айту  мүмкін  емес.  Екеуі 
өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін 
жалғастыра  алады.  Ендеше,  әйел  еркектен  жоғары  яки 
төмен  деу,  жалпы  алғанда,  дұрыс  айтылған  сөз  емес. 
Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар. Әрбірі соны 
дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады.   
Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:
Әйел көктен түскен жоқ, 
Ол – еркектің баласы.
Еркек жерден шыққан жоқ,
Әйел – оның анасы,- дегеніндей, екі жыныс өкілінің 
де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен 
асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мыса-

333
ИМАНИ ГҮЛ
лы, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала 
әкеле  алмайды.  Өйткені,  тоғыз  ай  қабырғасы  қайысып 
құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен 
арпалысқан қайсарлылық – тек әйелдердің ғана қолынан 
келетін  ерлік.  Ер  кісі  сәбиге  әйел  секілді  түн  ұйқысын 
төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі 
мейірімділік  пен  ептілікті  ер  адам  көрсете  алмайды. 
Балабақшалардағы  тәрбиешілікке  көбіне-көп  әйелдердің 
алынуы – осының айғағы. Міне, әйелдер өз табиғатындағы 
осындай қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ. 
Ал, еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі  жағы-
нан  ірілеу  әрі  күштілеу  келеді.  Міне,  сондықтан  жауға 
қарсы шауып, ел қорғау секілді басқа да ауыр жұмыстарды 
ер  кісілер  атқарады.  Дер  кезінде  шешім  қабылдау 
жағынан да еркектер әйелдерден анағұрлым алда. Бұған 
мысал ретінде әйелдер көлік айдап келе жатып, кенеттен 
бір жағдайға тап болса, көбінесе рулді жіберіп, бетін ба-
сады  екен.  Ал  еркектер  болса,  салқынқандылықпен  сол 
жағдайдан шығудың амалына көшеді. Сондықтан да болар 
«әйелдер теңдігі» деп аттан салып жатқан батыстықтарда 
ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұшақ айдай-
тын әйел заты жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық 
–  дер  кезінде  шешім  қабылдауды,  ерлікті  қажет  ететін 
аса қиын іс. Сондықтан, әйелдер ұшқыш емес, көбінесе 
жолсеріктікті  таңдайды.  Әлем  басшыларына  қарасақ  та, 
көбінесе еркектер көзге түседі. Міне, осының өзі табиғи 
көрсеткіш. Мұндай істерді әйел адам мүлде істей алмай-
ды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын 
әйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек 
етіп отырмыз. 
Әйелдерден  еркек  жасағысы  келетіндер  мынаны 
ескерсе  екен.  Әйелдердің  табиғаты  тым  нәзік,  сезімтал. 
Осыған  сай  оның  өзіндік  міндеті  бар.  Әйелдер  сырт-

334
ИМАНИ ГҮЛ
тан  гөрі  ішкі  шаруаларға  бейім.  Егер  әйел  баласы  өз 
міндетіне  салғырт  қарап,  есіл-дерті  далада  болса,  қоғам 
өмірінде  кейбір  келеңсіз  жайттардың  бой  көтерері  дау-
сыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында 
бала  тәрбиесі  ақсап,  күйеуімен  арада  салқындық  пайда 
болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған әйел көбіне бала 
туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жар-
ты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін»  
желеулеткен    батыста  бүгінде  бала  саны  мүлдем  аз. 
Тіпті, демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте 
батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан 
болар,  батыста  «бала  мәселесі»  Парламент  деңгейінде 
талқыға  түсіп,  оны  көбейтудің  жолдары  қарастырылуда. 
Иә,  әйелдер  саясаткер  боламын,  биліктің  бір  тұтқасын 
мен  ұстаймын  деп  желпінгеннен  гөрі  биліктің  тұтқасын 
ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ой-
лайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады де-
ген сол емес пе?! Қазақ «әйел бір қолымен бесік тербет-
се, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп қандай әдемі 
айтқан.
Осы «Әйел теңдігі» мәселесі қайдан шықты? Батыс-
та  ХІХ  ғасырдың  орта  шеңіне  дейін  әйелді  адам  құрлы 
көрмеген.  Өйткені,  олар  өз  діндеріндегі  жаңсақ  сенім 
бойынша Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті 
жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Сондай-
ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың күнәларына 
себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан  батыс 
жалпы  әйелдерді  лағынеттеп,  оларды  жек  көрген.  Міне, 
осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдын-
да тұқырмаудың жолын қарастырып, «феминизм», «әйел 
теңдігі» деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал бізге 
оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, 

335
ИМАНИ ГҮЛ
ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде 
мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр. 
Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асы-
рай  аламын,  еркектің  маған  қажеті  шамалы,  тіпті, 
мына  ғылым  дамыған  заманда  еркексіз-ақ  балалы  бола 
аламын»  деп  желігіп    жүрген  әйелдер  де  кездеседі.  Ал 
мұндай  әйелдердің  күйеуіне  бағынбасы  айдан  анық.  
Бағыну  былай  тұрсын,  тәуелді  болмаймын  деп  дала 
кезеді.  Жұмысбасты  болып  үйдің  тірлігінен  қол  үзеді, 
бала  тәрбиесіне  де  салғырт  қарайды.  Ондай  отбасылар 
көбінесе  ажырасып  тынады.  Кешке  жұмыстан  шаршап 
келгенде,  алдынан  күлімдеп  әйелі,  еркелеп  бала-шағасы 
шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жараты-
лысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды 
әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ис-
лам  дінінде  әйелдің  еркекке  ұқсауына,  еркектің  әйелге 
ұқсауына  қатаң  тыйым  салынған.  Сондықтан  әйелдер 
қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен 
отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмы-
сына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің 
күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя 
экономикасына  өз  үлесін  қосып,  ерінің  бір  жағынан 
шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда 
әйелдің  үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек 
көрсеткені  жөн.  Бұл  жатырқап  қарайтындай  жат  нәрсе 
емес.  Мұхаммед  (с.а.у.)  пайғамбар  да  қат-қабат  шаруа-
лар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй 
шаруаларында  жұбайларына  үнемі  көмек  көрсетіп,  бір 
жағына шығысқан. 
Ал әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп 
үйде  бос  жатқан  еркектерді  пайғамбарымыз  (с.а.у.)  өз 
хадисінде қатаң сөккен.

336
ИМАНИ ГҮЛ
Жоғарыда  әйелмен  еркек  минус  пен  плюс  зарядта-
ры  тәріздес  бір-бірін  толықтырып,  бір-біріне  үйлеседі 
дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда 
араларындағы  үйлесімділік  жоғалып,  бір-бірін  кері  тебе 
бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жата-
ды. 
Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рөл, екі 
жүргізуші  болмайтыны  секілді  кішігірім  мемлекет  –  от-
басында да бір ғана басшы болуы тиіс. Әйтпегенде, үйдің 
берекесі қашады. 
Құранда:  «Еркектер  әйелдерге  пана,  қамқоршы, 
жауапкер,  қорған,  басқарушы»
198
  деген.  Ендеше,  осы 
жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз 
қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен 
басқаруы  тиіс.  Еркек  отағасы  екенмін  деп  дөрекілікке, 
«мен  айттым  болдыға»  салынбай,  бар  мәселені  өзара 
түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер 
де еріне бағынуы тиіс. 
Иә,  әйел  болмысы  басшылық  не  қаттылыққа  емес, 
керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен 
ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен 
қатігездікке емес, жауапкершілікке,  отбасына қамқоршы, 
қорған болуға бейім.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Сендердің ең 
ізгілерің  –  әйелдерімен  жақсы  мәмледе  болғандарың» 
десе, басқа бір хадисте «Артында қалған күйеуі өзінен 
разы болған күйде  жан  тапсырған  әйелдің  барар  жері 
–  Жұмақ»  деп,  ер  мен  әйелді  өзара  рухани  түсіністікке 
шақырған.. 
Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек не-
месе  әйел  болғандығымен,  байлық,  мансабымен  емес, 
иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса, еркек пен 
198
 Ниса сүресі, 34-аят.

337
ИМАНИ ГҮЛ
әйелден,  оларға  Жаратушы  тарапынан  асқан  хикметпен 
берілген асыл  міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы 
да сұралмай қалмақ емес.

338
Ислам дінінде әйел адамдарға орамал 
тағу, ұзын киім кию парыз ба? Орамал 
тағу арабтың, түріктің әдет-ғұрпы деп 
түсінушілер де бар. Осының ара жігін  
ажыратып берсеңіз.
Орамал  тағып,  ұзын  киім  кию  үрдісі  –  тосырқап, 
таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да 
қарайтын тосын құбылыс емес. Ең алдымен, киім киюдің 
бұл үлгісі – ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс 
еврей  мен  христиан  дінінде  де,  корей,  жапон  секілді 
көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Ме-
нахем M. Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап 
әдебиетінің  профессоры)  еврейлік  дін  құқығы  бойынша 
әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір 
танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Ев-
рей  қыздарына  орамалсыз  сыртқа  шығу  жараспайды», 
«Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді 
қарғыс  атсын!»,  «Еркектерге  ұнау  үшін  басын  ашып 
жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз 
жалаңбас  жүруі  жалаңаш  жүрумен  тең  саналғандықтан, 
иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты 
ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойын-
ша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік 
жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер 
жоғарғы таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін ора-
мал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны 
саналғандықтан,  байырғы Израйлде зинақор әйелдердің 
орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор 
әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін 

339
ИМАНИ ГҮЛ
арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей  әйелдері  
сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ 
ғасырға  дейін  орамал  тағып  келген.  ХІХ  ғасырда  ев-
ропа  қоғамы  басты  ашып  жүруге  мәжбүр  еткендіктен 
кейбір  еврей  әйелдері  орамалдың  орнына  парик  киіп 
жүруді  шығарды.  Ал  бүгінде  еврей  әйелдері  синагогада 
ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» бағытын  
ұстанушылар орамалға балама  ретінде әлі күнге дейін па-
рик тағуда. 
Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай? Ка-
толик  шіркеуіндегі  монах  әйелдердің  1000  жылдан  бері 
орамал  тағатындығы  белгілі.  Тертуллиян  атты  христиан 
ғалымы  бойжеткендердің  шашын  жабуға  байланысты 
баяндамасында  былай  дейді:  «Бойжеткендер,  көшеде 
жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгда 
адамдардың жанында және өз ер бауырларыңыздың жа-
нында бастарыңды ашық ұстамаңдар....». 
 Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде 
әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы 
бабтар  бар.  Амиш  және  Меннонилер  сияқты  кейбір 
христиан  ағымдары  әлі  күнге  дейін  әйелдердің  орамал 
тағуын талап етуде
199
.  
Алысқа  бармай-ақ  орыс  халқының  ұлттық  киіміне, 
назар аударсақ,  олар да орамал тағып, ұзын киім  киген. 
Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес. 
Жаһанданудың  арқасында  біз  бүгінгі  таңда  ба-
тыс  мәдениетінен  барынша  әсерлендік.  Әсерленгеніміз 
соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра-
тып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан оларға 
қатты еліктедік. Сондықтан, біздің қоғамда әйел адамның 
етек-жеңін  қымтап    жүруі,  жартылай  жалаңаштанудан 
199
 Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт 
журналы, №14, 2002 ж.

340
ИМАНИ ГҮЛ
да  тұрпайы  көрінуде.  Қоғамда  заман  талабына  ілесудің 
өлшемі  «жалаңаштану»  сияқты  көзқарас  қалыптасты. 
Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана 
көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам-
дардай бағалануда. 
Бүгінде  әйел  баласы  бейне  бір  зат  секілді  әркімнің 
ойына  келген  арам  пиғылдарына  ойыншық  болуы 
өкінішті-ақ.  Мысалы,  әйелдің  жалаңаш  тәні    өзгелердің 
назарын  тарту  үшін  кәсіпкерлердің  тауарларын  жарна-
малайтын  жарнама  құралына  айналды.  Әйтпесе,  газет 
жарнамасында,  көліктің  дөңгелегінің  жанында  жалаңаш 
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар? 
Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер 
тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, 
жалпы  болмысы,  тәні  ер  адамдарға  қарағанда  мүлдем 
ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде 
ғана, қоғамдағы  биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам 
өзінің  аналық  мейірімімен,  күйеуіне  деген  ізеттілігімен 
қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. 
Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел 
адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың 
арам пиғылынан, сұқ  көзінен сақтайтын бірден бір қор-
ған.  Әрі  әйел  затын  мейірімділік,  нәзіктік,  ар-ұяттылық 
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен таны-
тар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – 
Құранның тікелей бұйрығы. 
«Нұр» сүресінде: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне 
харам  етілген  нәрселерге  қарамасын,  ұятты 
жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр 
көрінген  жерлерінен  (бет,  екі  қол,  тобықтан  төмен 
екі  аяқ)  тыс  әдеміліктерін  көрсетпесін.  Орамалда-

341
ИМАНИ ГҮЛ
рын  жағаларының  ойықтарын  жабатындай  етіп 
тақсын...»
200
 -делінеді.
Жартылай  жалаңаш  киінген  әйелдер  еркектерді 
еліктіріп,  нәпсіқұмарлығын    қоздырады.  Бұл  жағдай 
бүгінде  көптеген  шаңырақтың  шайқалуына,  көпшілік 
бойжеткендердің  абыройдан  айрылуына  себеп  болып 
отыр.  Нәтижесінде  көзі  жәутеңдеген  мыңдаған  пәк 
сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жы-
лына қаншама қыз баласы қолдан түсік жасатуда
201
.  
Пайғамбарымызға  бірде  бір  сахаба  келіп  «Уа,  
Алланың  Елшісі,  мені  жұмаққа  жетелер  бір  амал 
айтсаңыз», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ашуланба! 
Ашуыңды жең, ашудың жетегінде кетпе»,-  деп қысқа 
да нұсқа жауап берді. 
Иә, ашу атүсті қарайтын жеңіл мәселе емес. Себебі, 
ашуға  бой  алдырған  адам  санаға  сыймайтын  үлкен 
күнәларға  да  оп-оңай  барып  жатады.  Мысалы,    ашуға 
булыққан  адам  бір  сәттік  өзін  ұстай  алмай  мылтықтың 
шүріппесіне  басып  кеп  жіберу  кесірінен  жылдар  бойы 
түрмеде  отырады.  Сөйтіп,  ғұмыр  бойы  өкінумен  өтеді. 
Міне,  ашудың  осындай  кесірлі  нәтижесін  білгендіктен 
пайғамбарымыз  (с.а.у.)  кейбір  сахабаларына  «ашуыңды 
жең, ашуға салынба, ашудан аулақ жүр» деген ескерту-
лер жасаған. 
Ал  енді  ашу  дегеніміз  тек  қана  жүйкенің  тырысу-
мен  ғана  болатын  құбылыс  емес.  Ашудың  «жыныстық 
ашу»  дейтіні  де  болады.  Ол  –  адамның  нәпсіқұмарлық 
сезімдерінің өршіп, шәһуатының  қозып, өз-өзін ұстай ал-
май  ақылға  сыйымсыз  қылықтарды  жасайтындай  көзсіз 
200
 Нұр сүресі, 31-аят.
201
 Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі 
бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми 
тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.

342

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет