Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ тәкаппарланды.  Алла  Тағаланың  бұйрығынан  бас  тар- тып,  қарсы  шықты.  Алла  Тағала:  «Менің  бұйрығыма



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
тәкаппарланды.  Алла  Тағаланың  бұйрығынан  бас  тар-
тып,  қарсы  шықты.  Алла  Тағала:  «Менің  бұйрығыма 
қарамастан, адамға сәжде етуге не нәрсе бөгет болды?» 
деді. Шайтан: «Мені оттан, оны топырақтан  жараттың. 
Мен,  әлбетте,  одан  қайырлымын,  артықпын,  қалай 
оған  сәжде  етпекпін,  менен  артық  жаратылыс  бар 
ма?»  деп  тәкәппарланды.  Шайтан  ішіндегі  қызғанышы 
мен тәкаппарлығының салдарынан бұйрықтың Ұлы Жа-
ратушыдан келіп тұрғанына да қарамады. Шайтан бұл жа-
уабы арқылы Алла Тағаланың өзінен де артық жаратылыс 
жарата алатын құдіретіне қарсы  шығуда еді. Тіпті мұның 
астарында: «Сен менен асқан артық жаратылыс жара-
та алмайсың?» деген «менмендік» пиғыл  бар.
Шынтуайтында, шайтан төмен санаған топырақ аса 
қайырлы еді. Себебі, топырақ өмірдің қайнар көзі. Барлық 
тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан топырақта Алла 
Тағаланың  «теңдессіз  жаратушы»,  «толассыз  рызық 
беруші», «шексіз шебер» сияқты есімдері мен сипаттары 
көрініс табуда. Яғни, топырақ – Ұлы Жаратушының сан-
сыз көркем есімдері мен сипаттарының айнасы іспетті. 
Шайтан  қатесін  түсініп,  тәубеге  келудің  орнына 
қасарысқан сайын қасарысып, тәкаппарлана түсті. Сөйтіп 
шайтан Алла Тағаланың: «Ендеше, дереу ол жерден түс! 
Сенің ол жерде тәкаппарланып, паңдануыңа жол жоқ. 
Қанеки,  тез  шық!  Сөзсіз,  сен  қорланғандардансың!» 
деген  сөзімен  құзырынан  қудаланды.  Сонда  Ібіліс: 
«Маған қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер!» деп, 
Алла  Тағаладан  қиямет  күніне  дейін  өмір  сұрады.  Алла 
Тағала:  «Сен  мұрсат  берілгендердің  қатарындасың» 
деді. Ібіліс «Ендеше, Сен мені қаңғыртып, адасуға ду-
шар еткенің үшін мен де олардың тура жолға түсуіне 
барынша  бөгет  жасаймын.  Олардың  алдынан,  ар-
тынан,  оңынан,  солынан  келіп  азғырамын.  Сөйтіп, 

262
ИМАНИ ГҮЛ
Сен  олардың  азын  ғана  Өзіңе  шүкір  еткендердің 
қатарынан табасың»
139
 деп, адамға деген дұшпандығын 
айтып  салды.  Иә,  Ібіліс  адамға  қас.  Себебі,  сол  үшін 
өзінің  бар  абыройынан,  күллі  атағынан    айрылып, 
Алланың  рақымынан  мәңгілікке  қуылды.  Өзінің  күллі 
атақ-абыройынан  айрылып,  қорланғанына,  ал  керісінше 
«Адамның» Алланың сүйікті құлы болып, күллі жараты-
лыс  атаулының  алдында  абыройға  кенелгеніне  шыдай 
алмады. Енді ол осы Адамға және оның қияметке дейін 
келетін  бүкіл  үрім-бұтағына  дұшпан  болмақ.  Қандай 
жолмен  болса  да,  оны  азғырып,  Алланың  рақымынан 
қуылып, абыройынан айырылуын қалады. Қалайша Адам 
абыройлы  күйде,  ал  менің  жағдайым  мынау.  Жоо-жоқ, 
мен  мұны  көтере  алмаймын  дегендей  ішін  қызғаныш 
кеміріп,  тәкаппарланған  сайын  тәкаппарлана  түсті. 
Сол күннен бастап Адамды азғырумен болды. Адам ата 
мен Хауа анамыздың жәннаттан қудалануын тіледі. Сан 
қилы айла жасап, осы арам пиғылын жүзеге асыру үшін 
небір  қулықтарға  барды.  Ақыры  Адам  мен  Хауаның 
Алла  Тағаланың  «жақындаушы  болмаңдар!»  деп 
бұйырған  жемісін  жегізіп  тынды.  Сөйтіп,  Адам  ата-
мыз  бен  Хауа  анамыз  шайтанның  азғыруына  алданып,  
тыйым  салынған  жемісті  жегені  үшін  жәннаттан  жер-
ге түсірілді. Яғни, жәннат мекенінен шығарылды. Шай-
тан  айласын  асырғанына  айран-асыр  қуанды.  Алайда, 
Адам мен Хауа дереу қателерін түсініп, «Раббымыз, біз 
өзімізге зұлымдық жасаушыларданбыз. Егер сен бізді 
рақымыңа бөлеп, күнәмізді жарылқамасаң, сөзсіз, біз 
ұтылғандардан боламыз»
140
 деп кешірім тілеп, тәубе етті. 
Тәубелері қабыл болды. Шайтан одан әрі ызалана түсті. 
Шайтан енді Адаммен қоса оның ұрпақтарын азғырумен 
139
 Ағраф сүресі, 12-17 аяттар.
140
 Ағраф сүресі, 23-аят.

263
ИМАНИ ГҮЛ
болды.  Адам  пайғамбардың  ұрпақтары  хақ  жолында 
жүрген сайын оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті. 
Пұт атаулыны күл-талқан етіп, жер жаһанға Хақты жаяр 
соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келгенде, сірә 
шайтан қатты ашуланып,  терісіне сыймаған болар. 
Міне,  осылайша  тұла  бойын  ашу  билеп,  ішін 
қызғаныш  өрті  шалған  Ібіліс  айықпас  тәкаппарлық 
ауруына  шалдықты.  Алланың  рақымынан  қуылып, 
болмысындағы  тәубеге  деген  барлық  жолдарды  бітеді. 
Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай 
қайтуы да мүмкін емес-ті. 
Үнемі  адамдарды  қойша  бауыздап  қырып  жүретін  
қатігез адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің  мүлдем 
өшетіні  секілді  шайтанның  да  бойындағы  тәубе    етуге, 
Хаққа бет бұруға деген қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор-
нын тек ыза мен кек қана басқан. 
Шыдамы  таусылған  момын  адамның  ашу  үстінде 
ешқандай  үгіт-насихатты  тыңдамай,  өршелене  түсіп, 
алдындағы адамның кім екенін де ажыратып жатпай небір 
сорақы іс-әрекеттерге баратыны секілді шайтан да мәңгі-
лік ашу үстінде. Адам ұрпағының әрбір жетістігі оны ашуға 
булықтырып,  қызғаныштың  қызыл  отына  көмгендіктен 
ол өзінің кінәсын мойындап, тәубе етуді  бір сәт болсын 
ойламақ  емес.  Өйткені,  оның  болмысындағы  игілікке, 
ізгілікке  деген  барлық  жақсы  сезімдер  мен  қасиеттер 
өшіп, өзі қызғаныш пен тәкаппарлықтың айықпас дертіне 
шалдыққан.  Адам  ұрпақтарының  әрбір  жетістіктерін 
көрген  сайын  ашуға  булығып,  ал  керісінше  адасулары-
нан ләззат алып, жаны жай табады. Міне, шайтан осын-
дай  кеселге  ұрынғандықтан  оның  жүрегі  мөрленіп,  көзі 
перделенген.  Бойын  ашу  кернеп,  Хақтың  рақымынан 
алшақтаған сайын алшақтай түсуде. 

264
ИМАНИ ГҮЛ
Дұрысын Алла біледі. Ұлы Жаратқан бізді шайтанның 
кесірінен сақтап, әрдайым тәубешіл құлдарынан болуды 
нәсіп етсін!

265
ИМАНИ ГҮЛ
«Жиһад» деген не? Оның терроризммен  
байланысы бар ма?
«Жиһад»  сөзі  араб  тілінде  белгілі  бір  нәтижеге, 
мақсатқа  жету  үшін  яки  бір  істі  істеу  үшін  бар  қажыр-
қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу  деген 
сияқты мағыналарды білдіреді.
«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда  
теріс  бағыттағы  ақпарат  салдарынан  көптеген  адам-
дар  жиһадтты  қару  алып  соғысу  деп  біржақты  түсінеді. 
Әрине,  мұндай  түсінік  жиһадтың  мағынасын  шектейді. 
Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана 
тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы 
«харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен 
білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандық-
тан,  көпшілік  жиһад  делінген  кезде  тікелей  соғысты 
түсінеді. 
«Жиһад» – адамның Алла Тағаланы тануына  кедергі 
келтіретін  барлық  тосқауылдарды  жою.  Жаратушы  мен 
адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік 
жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеу-
лер  жатады.  Ендеше,  «Жиһад»  деп  осы  бөгеттерді  жою 
үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.
Алла  ризалығы  үшін  істелген  әрбір  іс-қарекет 
«жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға 
қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде 
аптап  ми  қайнатар  ыстықта  ораза  ұстау,  Алла  Тағаланы 
өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы 

266
ИМАНИ ГҮЛ
кейбір  керітартпа  келеңсіздіктерді
141
  түзету  үшін 
атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад 
ұғымының аясына кіреді. 
Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегің-
ді  тазарту.  Болмысыңды  қызғаншақтық,  қанағатсыздық, 
сабырсыздық,  жалқаулық,  тәкаппарлық  секілді  күллі 
жаман  қасиеттерден  арылтып,  олардың  орнын  көркем 
қасиеттермен  толтыру.  Қысқасы,  нәпсіңмен  әрдайым 
үздіксіз күрес. Себебі, әуелі өз басын түзете алмаған адам, 
нәпсісін  жеңіп,  кәміл  адам  болу  жолына  түспеген  жан 
өзгені қалай түзетіп, тура жолға қалай шақырмақ. 
Сыртқы  күрестен  бұрын  ішкі  күресті  қолға  алудың  
маңыздылығы  айтпаса  да  түсінікті.  Себебі,  адам  өзінде 
жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз бірде 
соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына: 
«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» де-
ген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» 
деген не?»- деп, таң қала сауал қойды. 
Пайғамбарымыз: «Ол – өз нәпсіңмен күрес»,- деп жа-
уап қайырды. Міне, көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нәпсімен 
күрес қолға қару алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын. 
Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, 
қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан онымен 
күресу  оңай. Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. 
Қай жақтан,  қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз. 
Оның  дұшпандығы  белгілі  бір  уақытпен  шектелмейді, 
әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз 
сыртқы  дұшпанмен  күресті  «кіші  жиһадқа»  жатқызса, 
нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған. 
141
  Қазіргі  таңда  кең  етек  алған  болмашы  себептермен  ажыр -
су,  тастанды  бала,  жемқорлық,  иманнан  бейхабар  ғұмыр  кешу 
сияқты келеңсіздіктерді түзету үшін жасалған әрбір салиқалы іс, 
қажырлы күрес жиһадқа жатады.

267
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад 
жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші» деп, нәпсімен 
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.  
Жиһад  ұғымы  адамға,    қоғамға,  жағдайға  қарай 
түрленіп  отырады.  Бір  дәрігердің  өз  саласында  кәсіби 
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, 
экономика  маманының  мұсылмандардың  әлеуметтік 
жағдайларының  түзелуі  үшін  жұмсаған  қажыр-қайраты, 
мұғалімнің  сауатты  түрде  бала  оқытуы  –  мұның  бәрі 
жиһадқа  жатады.  Мұсылмандардың  керекті  қаржыны 
тірнектеп жинап,  өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-
жітіктерге  көмектесіп,  жетім-жесірлерге  қарайласқан 
қалталы  азаматтардың  бұл  істері  де  Хақ  жолындағы 
күреске – жиһадқа жатады.    
Пайғамбарымыз  бір  хадисінде:  «Жесірлер  мен 
міскіндер  үшін  жұмыс  істеуші  кісі  Алла  жолында 
жиһад жасаушы адамға тең»
142
 дейді.
Кейде  нағыз  сөз  саптайтын  ұрымтал  тұста  бір  ғана 
кесімді сөз айту да, сөздің кері әсер ететін тұсында сабыр 
сақтап, тіліңді тістеу де жиһадқа саналады. Тіпті, кейде 
қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреу-
дің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы, істелетін 
әрбір  істің  Хақтың  ризашылығына  қарай  реттелуіне 
«жиһад» делінеді. 
Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық 
дипломатиялық  байланыстар  нәтижесіз  аяқталып, 
келіссөздерден  толықтай  үміт  үзілген  шақта  отанды 
қорғау үшін қолға қару алып жиһад жасауға рұқсат.
Пайғамбарымыздың  дәуіріндегі  жиһадқа,  яғни 
мұсылмандардың  Хақ  жолындағы  күрестеріне  назар 
142
 Бухари, китабун-нафақат. Және қараңыз Әбу Зәкария Мухиддин 
Иахия Ән Нәуәуий, узһатул Муттақин, 1 том, 227 бет. Муәссисәтур-
Рисәлә, Байрут 1991ж.

268
ИМАНИ ГҮЛ
аударсақ,  жоғарыда  айтылған  жиһадтың  барлық  түріне 
куә боламыз. 
Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  пайғамбарлығының 
алғашқы  үш  жылында  исламды  жасырын  насихат-
тады.  Мұсылмандардың  бұл  кезеңдегі  жиһадтары 
дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен жа-
сырын түрде кездесіп тұруы болатын.
Пайғамбарлықтың  төртінші  жылынан  бастап,  
Адамзаттың  ардақтысы  (с.а.у.)  елді  жаңа  дінге  жа-
рия  түрде  шақыра  бастады.  Міне,  осы  кезде  Мек-
ке  мүшріктері  иман  келтіріп,  жаңа  дінге  кірген  ат 
төбеліндей  аз  ғана  мұсылмандарды  келеке,  мазақ  етіп, 
сан-алуан  қиыншылықтарға  душар  етті.  Осы  кезеңдегі 
мұсылмандарға  тиесілі  жиһад  –  мүшріктердің  жан  шы-
датпас  азаптарына  сабыр  етіп,  жаңа  дінді  насихаттауды 
тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең керемет түрде 
атқара білді. 
Мүшріктердің  жан  түршігерлік  азабына  душар 
болған  кейбір  мұсылмандарға  пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
Эфиопия  еліне  көшуді  бұйырды.  Жағфар  және  басқа  да 
онымен  бірге  барған  бірқатар  ардақты  сахабалар  Эфио-
пия патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға 
келуіне  себеп  болды.  Осылайша  бұл  көш  жай  ғана  көш 
емес, Жағфар сынды әз сахабалардың үлесіне тиген сол 
кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.
Мүшріктер  мұсылмандарды  азаптаптауда  жаңа  бір 
айлаға  көшті.  Мұсылмандарды  өзге  халықтан  бөлектеп, 
сауда-саттық секілді жалпы адами барлық қатынастарына 
тыйым  салып,  оларды  қоғамнан  оқшаулап,  саяси-
экономикалық  байкот  жариялады.  Тоз-тоз  болып,  аш-
жалаңаш  күй  кешкен  мұсылмандар  бұл  қиын  кезеңде 
де  сабыр  сақтап,  жаңа  діндерін  тастамастан,  өздеріне 
жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты. Осындай 

269
ИМАНИ ГҮЛ
қиын  кезеңде  Хадиша  анамыз  қолындағы  бар  дүниесін 
мұсылмандарға  үлестіру  арқылы  өзіне  тиесілі  жиһад 
міндетін  атқара  білді.  Исламнан  бұрын  Меккенің  аса 
ірі  байларының  санатына  жататын  Хадиша  анамыз  бар 
байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған 
кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де табылмаған еді. 
Сол  қиын  кезеңдерде  Әбу  Бәкір  өз  үйінде  Құран 
оқитын.  Бірақ  Құранды  ішкі  бөлмелерінде  емес,  ел  
жүретін  жаққа  қарайтын  сыртқы  бөлмеде  оқитын. 
Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу Бәкірдің тебіреніп 
оқыған Құранынан  әсерлене бастады. Әбу Бәкір арқылы 
Құранмен  табысқан  көптеген  адамдар  мұсылмандықты 
қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір 
ғана Құран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді.
Мүшріктердің  жан  шыдатпас  ауыр  азаптары  күн 
санап  артып  жатты.  Осындан  кейін    мұсылмандар 
ғибадаттарын емін-еркін атқарып, жаңа діннің қанат жа-
юын қамтамасыз ету үшін  Меккедегі туған жерлерін, бар 
дүние-мүлік, туған-туыстарын  тастап,  Мәдина  қаласына  
хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мәдинада екі 
жылдай  ғұмыр  кешті.  Мекке  мүшріктері  олардың  Мек-
кеде  қалған  бар  мал-мүліктерін  талан-таражға  салып, 
өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін 
үлкен  керуендермен  Шамға,  Сирияға  сатуға  жіберді. 
Мұсылмандар  бұлардың  бәрінен  хабардар  еді.  Енді 
олар  Мәдина  қаласының  маңайынан  өтіп  бара  жатқан 
мүшріктердің  керуенінен  өздерінің  мал-мүліктерін 
қайтарып алуды ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік 
мүшріктер  мұсылмандарға  қарсы  үлкен  әскер  жіберді. 
Яғни  мұсылмандардың  ниеттері  соғыс  емес,  өздерінің 
талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын. 
Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осы-
дан кейін ғана мұсылдандардың рухын көтеріп, әлсіздер 

270
ИМАНИ ГҮЛ
мен  қорғансыздарға  қорған  болу  мақсатында  күн  санап 
қиянат  жасауда  шектен  шыққан  кәпірлердің  шамасын 
көздеріне  көрсету  үшін  соғысқа  алғашқы  рет  мына  аят 
арқылы рұқсат берді. «Өздеріне қарсы соғыс ашылған 
мұсылмандарға  (мүшріктермен)  соғысуға  рұқсат 
берілді.  Өйткені  олар  зұлымдыққа  ұшырап,  жәбір 
көрді.  Әлбетте,    Алла  Тағала  оларға  жәрдем  беруге 
толық күші жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббы-
мыз –  Алла» дегендері үшін отандарынан қуылды...»
143
Демек,  өздеріне  ешбір  себепсіз  зұлымдық  жасап, 
сан-алуан  қиыншылықтарға  душар  етіп,  елінен-жерінен 
кетуге  мәжбүрлеп,  мал-мүліктерін  талан-таражға  салған 
адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана 
рұқсат етілді. 
Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы 
Алла  Тағала былай дейді:  «Егер олар  сендерден аулақ 
тұрса, әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт 
тұруды  ұсынса,  онда  Алла  Тағала  сендердің  оларға 
шабуыл жасауларыңа  ешқандай жол бермеді»
144
.  
Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешу-
ді  былай  қойғанда,  мұсылмандардың  оларға  жақсылық 
әрі әділдік танытуларына қарсы еместігін білдірген.
«Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендер-
ді  өз  отандарыңнан  қуып  шығармаған  адамдарға 
жақсылық  жасауларыңа  және  оларға  әділетті 
болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла 
Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді»
145
 
Соғыс  –  дипломатиялық  жолдар  түгелдей  іске 
аспаған  жағдайларда  ғана  амалсыз  барылатын  ақырғы 
шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік 
туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты 
143
 Хажж сүресі, 39-40 аят.
144
 Ниса сүресі, 90-аят.
145
 Мумтахина сүресі, 7-аят.

271
ИМАНИ ГҮЛ
тоқтатып,  келіссөз  сұраса,  мұсылмандар  да  соғысты 
тоқтатып,  келіссөзге  жүгінулері  абзал.  «Егер  олар 
келісөзге,  бейбітшілікке  (ниет  білдірсе)  жақындаса, 
сен де жақында»
146
.  
Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда 
ғана рұқсат етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға  қарсы 
соғысу.  Құранда:  «Сендермен  соғысқандарға  қарсы 
сендер  де  Алла  жолында  соғысыңдар.  Бірақ  шек-
тен шықпаңдар. Алла Тағала шектен шыққандарды 
жақсы көрмейді»
147
 -делінеді.
2.  Өзіңе  шабуыл  жасайтыны  нақты  анықталған 
дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабу-
ыл жасауға рұқсат етіледі.
3. Жазалау мақсатында.
4. Түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық соғыстарына көз 
жүгіртсек, тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне 
куә    боламыз.  Ендеше,  соғыс  –  тек  Алланың  ризалығы 
үшін Оның рұқсат еткен жағдайларда ғана болуға тиіс.  
Жай  кезді  былай  қойғанда,  соғыс  жағдайында  да 
Ислам  озбырлық  әрекеттерге  жол  бермейді.  Айталық, 
соғыста  әйелдерді,  жас  балаларды,  соғысқа  қатыспаған 
қарт  кісілер  мен  ешкіммен  шаруасы  жоқ  монахтар-
ды  өлтіруге  қатаң  тыйым  салды.  Өсіп  тұрған  ағаштар 
мен  егін  алқаптарын  өртеуге,  түйе,  сиыр  сияқты  мал-
дарды  өлтіруге,  әр  түрлі  өзге  діннің  ғибадатханаларын 
қиратуға жол бермеді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін 
тілгілеп,  көздерін  ойып,  мұрындарын  кесуге  де  қатаң 
тыйым  салды.  Пайғамбарымыз  соғысқа  кетіп  бара 
жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасады: 
146
 Әнфал сүресі, 61-аят.
147
 Бақара сүресі, 190 аят.

272
ИМАНИ ГҮЛ
«Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла  жолында 
күресіңдер.  Соғысатын  адамдарыңмен  араларыңда 
келісімдер  бар  болса,  оны  қадағалаңдар.  Шектен 
шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле» 
(өлі  денелерін  тілгілеп,  көздерін  ойып,  мұрындарын 
кеспеңдер)  жасамаңдар.  Балаларды,  әйелдерді, 
қарт  кісілерді,  ғибадатханалардағы  адамдарды 
өлтірмеңдер»
148
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  тіпті  өзіне  қарсы 
соғысып  жатқандарды  қарғауы  былай  тұрсын,  оларға 
«Алла  Тағалам,  олар  Сенің  құлдарың,  біз  де  Сенің 
құлдарыңбыз...»,  «Алла  Тағалам,  олар  білмейді,  Сен 
оларды кешіре гөр!» деген кең пейіл игі тілекте болған. 
Пайғамбарымыздың  өмірбаянының  атақты  жазушы-
сы  Қади  Мұхаммед  Сүлеймен  әл-Мансұрдың  «Сира-
ту  рахматан  лил-аламин»  атты  кітабындағы  келтірген 
санақ  бойынша  һижри  жыл  санауымен  ІІ-ІХ  жылдар 
аралығында  болған  барлық  соғыстарда  дұшпан  әрі 
мұсылман қатарынан бар болғаны 1018 кісінің ғана көз 
жұмғаны  төңірегіндегі  мәліметтерді      ескерер  болсақ, 
соғыс  деп  әй-шәй  жоқ  қан  төге  берудің  де  дұрыс  емес 
екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған Бірінші 
дүниежүзілік  соғыста  21  миллион  адам  жараланып, 
олардың 7 миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі
149
.  
Жоғарыда да айтылғандай, соғыс – тек бейбіт шешу 
жолы  түгелдей  таусылған  кезде  барылатын  соңғы  жол. 
Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки 
белгілі  бір  топ  бұйрық  беріп  бастата  алмайды.  Соғысқа 
қатысып-қатыспауды шешетін, «жиһад!» деп аттан сала-
тын, «соғысыңдар!» деп бұйрық беретін тек қана мемле-
148
 Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жихад, 82.
149
 Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит 
журналы, 24-бет. №47, 2000 ж. Стамбул.

273
ИМАНИ ГҮЛ
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның 
ашқан соғысы жиһадқа жатпайды. 
Әлемде  болып  жатқан  террорлық  әрекеттермен 
Исламның  ешқандай  байланысы  жоқ.  Ислам  сөзі 
«бейбітшілік,  амандық -есендік»  деген  мағынаға  саяды. 
Ислам  діні  –  жер  бетінде  бейбітшілік  пен  тыныштықты 
орнату  үшін  жіберілген  Құдайлық  соңғы  дін.  Міне, 
сондықтан  әр  мұсылман,  тіпті,  сәлем  бергеннің  өзінде 
қал -жағдай  сұрап  емес,  «бейбітшілік  пен  тыныштықты 
тілеп  амандасады.  Мұсылмандардың  сәлемдесуде  ай-
татын  «әссәламу  алейкум»  сөзі  «сендерге  Алланың 
бейбітшілігі  мен  есендігі,  тыныштығы  болсын!»  де-
ген мағынаны білдіреді. «Ислам», «сәлам», «мұсылман» 
сөздерінің    барлығының  түбірі  бір.  Яғни,  бейбітшілік 
пен  тыныштықтың  мағынасын  қамтитын  сөздер.  Ислам 
бейбітшілікті  уағыздайтын  дін  болса,  мұсылман  баласы 
сол  бейбітшілікті  өзінің  отырып-тұруында,  сәлемі  мен 
сөйлеуінде,  өзгелермен  қарым -қатынасында,  қысқасы, 
әрбір іс -әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.  
«Бейкүнә  бір  адамды  өлтіру  –  күллі  адамзатты 
өлтірумен тең»
150
 Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған. 
Олай  болса,  қаншама  бейкүнә  адамның,  періштедей 
бүлдіршін  сәбилердің  жанын  қиған  лаңкестік  әрекеттер 
исламға,  Құранға,  мұсылманшылыққа  жата  ма?  Тіпті, 
адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға 
теріс. Сойылатын малдың көзінше пышағын қайраған са-
хабасына Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.а.у.) қатты 
кейіп: «Сен малды неше рет өлтірмексің? Пышағыңды 
малды жатқызбас бұрын қайрамадың ба?»
151
 деп ескер-
ту жасаса, тағы бір хадисінде: «Қаруды қалжыңдап бол-
са да өзгеге кезенбе!» деп, адамды өлтіру былай тұрсын, 
150
 Маида сүресі, 32-аят.
151
 әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.

274

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет