Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
Әлемдегі барлық саладағы ғалымдар жиналып адам 
баласына  темекінің  зиянын  айтып,  түрлі  тәсілдерді 
қолданса  да,  оны  тастатуға  шамалары  келмеді.  Ал 
енді  адамдардың  қанына  сіңісіп  кеткен  темекіден  де 
сорақы  әдеттерді  тастатып,  олардың  орнына  әр  түрлі 
көркем  қасиеттерді  үйрете  білген  Мұхаммедтің  (с.а.у.) 
пайғамбарлығының,  ұстаздығының  алдында  қалай  бас 
имессің?
ТӘРБИЕНІҢ ТӨРТ ТІРЕГІ 
Пайғамбарымыз баланы қалай тәрбиелеген?
Бірде  мәдиналық  бір  кісі  бақшасында  өсіп  тұрған 
құрмасына  тас  лақтырған  баланы  сүйреп  отырып 
Пайғамбарымызға әкелді. Бала - жас та болса Ислам дінін 
қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген 
сыңайда.  Қабағы  қатулы.  Пайғамбарымыз  болса,  өзінің  
сабырлы  қалпын  сақтап:  «Балапаным,  құрма  ағашына 
неге  тас  лақтырдың?»,-  деп  сұрады.  Бала:  «Қарным 
қатты ашты. Құрма жегім келді»,- дегеннен артық сөз 
айтпады. Әз Пайғамбар (с.а.у.) балаға: «Жерге түскенін 
жесең  же,  бірақ  ендігәрі  құрмаларға  тас  лақтырма, 
жарай ма?»,-деді. Сосын баланың басынан сипап, оған 
былай деп дұға жасады: «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың 
қарнын тойдыра гөр!»
26
  
Ал  енді  осы  оқиғаға  психологиялық  талдау  жа-
сай  отырып,  астарындағы  педагогикалық  тәлім-тәрбие 
негіздерін ұғуға тырысайық. 
Біріншіден алдына ашумен алып келген балаға, оның 
кінәлі екенін біле тұра неге Пайғамбарымыз салған жерден 
ұрыспады? Өйткені, балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы 
26
   Тирмизи, буйу’, 54. Ибн Мәжа, Тижарәт, 67.

94
ИМАНИ ГҮЛ
көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында 
дәлелденген осы бір әрекетке тоқталып өтейік. 
Балаға мейірімділік таныту мен  
сүйіспеншілігіңді көрсету
Тәрбие  берудің  негізгі  мәйегі  –  мейірім  мен 
сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім 
мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар 
қашанда  шөлдеп  тұрады.  Олар  тек  сүйіспеншілікпен 
ғана  өсіп-жетіледі  десек  артық  айтқандық  емес.  Бала 
кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. 
Әрдайым  соны  іздеп  тұрады.  Оны  ренжітпей,  мейірімі 
мен  сүйіспеншілігінен  ажырап  қалмау  үшін  оның 
айтқандарын  орындауға  тырысады.  Өзі  жақсы  көрген 
кісіге  еліктегіш  келеді.  Ендеше,  сүйіспеншілік  –  бала 
тәрбиесіндегі  негізгі  қағида.  Пайғамбарымыз  барлық 
адамзаттан  сүйіспеншілігін  аямаған.  Жан  жүрегімен 
жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен, 
әр  сахаба  өзін  «Пайғамбардың  ең  жақсы  көретін  ада-
мы  мен  шығармын»  деген  ойға  қалатын.  Алайда,  Алла 
елшісінің  балаларға  деген  мейірімі  тіптен  ерекше  еді. 
Жоғарыдағы «Рафиғ ибн Амр оқиғасы» – осының нақты 
дәлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл 
бала қандай үрейді бастан кешті десеңізші?! «Қап, маған 
енді не істер екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен» 
деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз «балапа-
ным!» деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы 
сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан си-
пап, мейірлене қарады.
Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау 
тәсілінің  ерекше  орнының  бар  екенін  жоққа  шығармай-
мыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі 

95
ИМАНИ ГҮЛ
мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. 
Себебі,  балалар  көбіне  жасаған  қателіктерінің  парқына 
бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің 
пайдасынан зияны басым болуы кәдік.  
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан 
сүйіп,  иіскеуі  яки  құшақтап  арқасынан  қағуы,  көтеріп 
құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді. 
Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне 
сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап, 
басын  сипаған  кісіні  өзінің    қорғаушысы  деп  біледі. 
Зерттеушілер  құшаққа  алынып,  құштарлана  сүйілмеген, 
басынан  сипалып,  маңдайынан  иіскелмеген  балалардың 
кейбір 
психологиялық 
ауруларға 
ұшырайтынын 
дәлелдеуде. 
Ата-ана  яки  кез  келген  педагог  үшін  балаға  көп 
ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан си-
пап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. 
Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін 
небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада «қате 
іс-әрекет    үстінде  ұсталып,  енді  не  істер  екен»  деген 
үреймен  келген  балаға  пайғамбарымыз,  ең  алдымен, 
«балапаным!»  деген  жылы  сөзін  арнаған.  Қорқып  кел-
ген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай, «қорықпа, мен 
сені  қорғаймын»  дегендей  басынан  сипауы,  әрине,  бала 
жүрегіндегі  қорқыныштың  орнына  қуаныш  сыйлады. 
Өзіне  жанашыр  жан  тауып,  оның  қасында  өзін  сенімді 
сезінген бала  ойындағысын бүкпесіз айтты.
 
Балаға құлақ асу 
Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің 
ішкі  дүниесін  ашып  береді.  Әр  нәрсені  дұрыс  түсінуге 
бала  ақылы  жете  бермейді.  Сол    себепті  баланың    не  
ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке 

96
ИМАНИ ГҮЛ
ұрындырған  себептерді  іздемейміз.  Дереу  өзіне  ұрса 
жөнелеміз.  Жоғарыдағы  Рафиғ  ибн  Амр  оқиғасында 
пайғамбарымыз  оған  дереу  дүрсе  қоя  берген  жоқ,  «Әй, 
оңбаған!  Біреудің  бақшасында  нең  бар?!  Енді  тас 
лақтырады  екенсің  көресеңді  көрсетем,  қолыңды  тура 
шағам!» деп ұрысқан жоқ. «Неліктен тас лақтырдың?» 
деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны, 
құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш баланың мұндай 
әрекетке баруы табиғи жағдай екені сөзсіз. Не істесе де 
дереу  жазалауға  жүгірмей,  алдымен  баланы  сөйлетіп, 
тыңдай білу қажет. 
Балалар  балалықпен  қате  жасайды.  Ал  үлкендер 
болса,  олардан  үлкен  кісінің  істейтін  ісін  күтеді.  Қате 
жасаса  дереу  ұрсып,  жазғыра  жөнеледі.  Көбіне  балала-
рын  тыңдауды  қажеттілік  деп  те  ойламайды.  Бала  бол-
са,  өз  ісінің  қателігін  түсінбегендіктен  ата-анасының 
яки  үлкендердің  не  үшін  ұрысқанын,  яки  жазалағанын 
түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық 
жасады  яки  ата-анам  мені  жақсы  көрмейді  деген  ойға 
қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі дүниесімен сыр-
ласпастан,  оның  ойын  білместен,  жасаған  ісінің  дұрыс 
еместігін  түсіндірместен  оған  ұрысу,  жазалау  дұрыс 
емес.
Балама нәрсе көрсету
Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не бол-
са содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате 
қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс нәрсені 
көрсету  керек.  Олай  болмағанда  бала  баяғы  істеген 
қателіктеріне қайта басуы я болмаса қырсық мінезділікке 
бейімдеуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы 
келгенде,  дереу  қолынан  ыдысты  жұлып  алғаннан  гөрі 
«ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна» деп оған 

97
ИМАНИ ГҮЛ
басқа  ыдыс  беру  керек.  Үйдің  керегелерін  сызғыштап 
ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер яки қағаз 
ұстатып немесе арнайы тақта мен қалам сатып алып бе-
ріп:  «сызсаң  мынаған  сыз»,  «жүгірсең,  мұнда  емес  ана 
жерде  жүгір»,  «көрсең,  бұл  фильмді  емес  ана  фильмді 
көр»  деген  секілді  баламаларды  көрсетуіміз  қажет. 
Жоғарыдағы  оқиғада  пайғамбарымыз  «Құрмаларға  тас 
лақтырма! Жесең, жерге түскендерін же!» деп, тыйым-
мен қоса балаға басқа балама іс ұсынды. 
Қазіргі  кездегі  қалада  балалар  баратын  ойын  зал-
дары  мен  кино  театрларда  көрсетілетін  фильмдер  бала 
тәрбиесіне,  мінез-құлқына  залалды  болуы  мүмкін. 
Сондықтан балаларға ана жерге - мына жерге барма де-
геннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге ком-
пьютер алып, зияны жоқ ойындар мен  фильмдердің СD-
лерін  дайындап,  ойын  ойнап,  кино  көретін  уақыттарын 
белгілеген жөн.  
Тілек тілеу не балаға бата беру
Ата-ана қашанда баласының тілегін Құдайдан сұрауы 
жөн. Бұл педагогтар үшін де маңызды. Көптеген хадис-
терде  баласының  тілеуін  тілеген  ата-ана  дұғаларының 
қабыл 
болатындығы 
айтылған. 
Пайғамбарымыз 
жоғарыдағы  оқиғада  балаға  дұға  ету  арқылы  дұғаның 
маңыздылығын  білдіруде.  Қолынан  келер  тәлім-тәрбие 
берген  педагогтар  да  бұдан  кейін  балалар  үшін  үнемі 
Жаратқаннан тілек тілеп жүргендері дұрыс
27

Қорыта келгенде, адамға әр жасқа  сай тәлім-тәрбие бе-
руде ұлағаты мол тамаша ұстаз, ақиық Пайғамбардан алар 
үлгіміз  көп.  Оның  бала  тәрбиесіне  қатысты  көрегендігі 
жоғарыдағы  бір  оқиғамен  ғана  шектеулі  емес.  Кезінде 
27
  «Иени үміт»  журналы, №73, Б. 21, 2006 ж.

98
ИМАНИ ГҮЛ
тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа 
тәрбиелеген  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  өмірі  мұқият 
зерттелуі  тиіс.  Ол  –  бала  тәрбиесінде  қиындық  көріп 
жүрген ата-аналар мен педагогтар үшін таптырмас үлгі. 
•  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  ерекше  қолбасшы 
еді.  Ел  әскері  өлімнен  қашқан  уақытта  Оның  (с.а.у.) 
жауынгерлері дінді, Отанды қорғау жолында өлімді іздеп, 
өлімге  жүгіретін.  Яғни,  өлім  оларды  емес,  олар  өлімді 
қорқытатын.  Оның  тәрбиесінен  өткен  әрбір  тұлға,  жас 
болсын,  кәрі  болсын  мейлі  әйел  болсын:  «Отанымды 
бергенім  –  дінімді  бергенім,  дінімді  бергенім  –  барлық 
нәрсемді  аяққа  таптатқаным.  Отанымды,  дінімді,  ар-
намысымды аяққа таптатып, қорланып өмір сүргенше, 
қаһарман  шейіт  боп  өлгенім  артық»,  -  дейтіндей 
ержүрек  батырға  айналатын.  Оның  (с.а.у.)  жетілдірген 
қолбасшылары Исламды бесікте тұншықтырғысы келген 
сол  кездегі  Иран,  Византия  сияқты  ұлы  державаларды 
өздеріне  бас  идірді.  Мұндай  соғыс  тәсілін  жетік  білген 
күшті  державаларды  жеңу  араб  халқының  Исламнан 
бұрын үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін.
•  Пайғамбарымыз  керемет  психолог  еді.  Ол 
адамдардың  қоғамдағы  дәрежесіне,  ақыл  деңгейі  мен 
түсінігіне және мінез-құлықтары мен құбылмалы көңіл-
күйлеріне  қарай  сөз  таңдап,  уақыт  белгілейтін.  Міне, 
сондықтан Ол кейде бір ғана сөзімен заманының заңғар 
тұлғаларының  жүрегіне  жол  тауып,  көңіліне  Исламға 
деген  сүйіспеншілік  отын  маздататын.  Барлық  сахабаға 
жүрегінен жеке орын беріп, ерекше назар аударғандықтан, 
әрқайсысы өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы 
шығармын» деген ойда қалатын.
• Ол барлық ғылымның негізін қалап, өшпейтін 
хат қалдырған – ғаламның ғалымы. Оның осыдан он 
төрт  ғасыр  бұрын  түйіндеп  айтқан  хадистері  мен  Оған 

99
ИМАНИ ГҮЛ
түскен Құран аяттарын – қазіргі технология мен зертха-
на, жалпы ғылым дүниесі енді ғана түсініп, Оның (с.а.у.) 
пайғамбарлығы  мен  Құранның  хақтығының  алдында 
бас июде. Бүгінде ғылым өзінің сан рет жаңылып, неше 
мәрте  қателескен  жерінде  Құранның  әу  бастан  дөп  ба-
сып тура айтқанын көріп таң қалуда. Құрандағы ғылыми 
аяттар осы кітаптың «Кітаптарға иман» бөлімінде жеке 
берілетін  болғандықтан,  қазір  тек  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  ғылымды  он  төрт  ғасыр  артқа  тастаған  бірнеше 
хадисін мысал ретінде келтірейік.
• Сүндет. Алла елшісі он нәрсені  адам табиғатына 
тән  нәрселердің  қатарына  жатқызады.  Соның  бірі  – 
сүндеттелу.
Қазіргі  ғалымдар  ер  кісінің  жыныс  мүшесінің 
аузындағы  терінің  ластық  пен  түрлі  микробтарды 
жинайтындығын, нәтижесінде оның түрлі ауыруларға се-
беп болатындығын дәлелдеуде. Ал одан сақтану жолы – 
сүндет жасату.
Бүгін Америка мен Англияда сүндет жасатқандардың 
саны  миллионнан  астам.  «Элефтером  Тинос»  грек 
газетінің  хабарлауынша,  АҚШ-тың  педиатриялық  ака-
демиясы  жүргізген  зерттеуге  қарағанда,  ұл  балалардың 
59,5  %-ы  сүндеттеледі  екен.  Осылай  істеу  арқылы  олар 
көптеген аурулардан сақтануды көздейді.
Кеселден қорғаушы
28
 
Көптеген 
медициналық 
зерттеу 
жұмыстары 
сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді: 
1.  Сүндеттелмегендерге  қарағанда,  сүндеттелген 
ерлер  жыныстық  қатерлі  ісікке  (рак)  анағұрлым  аз 
шалдығады;
2. 
Ері 
сүндеттелмеген 
әйелдерде 
жатыр 
28
  «Аңсар» журналы.  №5. Б.10, 2007 ж.

100
ИМАНИ ГҮЛ
мойыншығының  қатерлі  ісікке  шалдығу  қаупі  6  есе 
жоғары;
3.  Жыныстық  жұқпалы  ауруларды  жұқтыру  қаупі 
сүндеттелмегендерде 8 есе жоғары; Зерттеуші ғалымдар 
бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың 
небәрі  10  немесе  30  пайызы  сүндеттелетін  Кения, 
Замбия  сияқты  елдерде  жыныстық  жұқпалы  ауруға 
шалдыққандар  жергілікті  тұрғындардың  төрттен  бірін 
құраған.  Ал,  Бенин  және  Камерун  секілді  шамамен  әр 
бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға 
шалдыққандар  тұтас  алғанда  6-ақ  пайыздан  аспаған. 
Австриялық  зерттеуші  ғалымдар  тіптен  үлкен  жаңалық 
ашты.  Олар  «СПИД-ке  шалдыққан  ер  кісілердің  басым 
көпшілігінің  сүндеттелмегендер»  екендігін  дәлелдеді. 
Өйткені  СПИД  вирусы  ең  әуелі  жыныс  мүшесінің  ұш 
қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым 
алса, қабыну қаупі өте тез жүреді екен.      
4.  Сексопатологтар  да  сүндеттелудің  қажеттілігін 
мойындауда;
5.  Гигиеналық  тұрғыдан  бактериялогиялық,  стафи-
лококк (іріңді микроб), гонорей (жыныстың жіңішке ау-
руы)  микробтарынан  таза  болу  тұрғысынан  сүндет  жа-
сату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ 
түйіршіктер)  қабынып,  жараға  айналмауында  үлкен  рөл 
ойнайды.   
6.  Сүндет  фимоз  (жыныс  үрпісінің  жиырылып 
ашылмай  қалуы),  парафимоз,  баланит,  баланопостит 
кеселдерінің алдын алады.
•  Имам  Муслим  «Сахихындағы»  хадиске  көз 
жүгіртсек:  «Ит  жалаған  ыдыстарыңды  тазалау  үшін 
әуелі  оны  топырақпен,  содан  соң  сумен  алты  рет 
жууларың қажет!» – делінген.

101
ИМАНИ ГҮЛ
Ол  дәуірде  бүгін  кейбір  заттарды  тазалау  үшін 
қолданылатын нәрселер болған жоқ. Дезинфекция орны-
на Алла елшісі (с.а.у.) топырақты пайдаландырды. Кейін-
гі  ғылыми  еңбектер  нәтижесінде  топырақтың  су  секілді 
қызмет атқарғаны белгілі болды. Мұнымен қатар топырақ 
тетралит пен тетрациклин секілді заттарды да қамтыған. 
Осы  заттар  кейбір  микробтарды  өлтіріп  дезинфекция-
лау үшін пайдаланылған. Пайғамбар топырақпен жууды 
ескерткенде ыдыстың алдымен стерилизациялануын әмір 
еткен.
Сондай-ақ  хадис  шарифте  мына  мәселелерге  на-
зар  аударылған.  Итте  болуы  ықтимал  кейбір  аурулар 
адам денесінде де өмір сүре алады. Бұл өз алдына бөлек 
әңгіме.
Екіншіден,  ит  нәжісі  адам  денсаулығына  зиян. 
Сілекейі де. Белгілі бір уақыттан кейін олардан жұғатын 
аурулардың алдын алу қиынға соғатындықтан стерилиза-
ция өте маңызды.
Үшіншіден,  алғашқы  топырақпен  жуу  әмірінің  на-
зар салдырған басқа жағы, топырақтың сол сәтте стери-
лизация  қызметін  атқаруы,  бір  риуаят  бойынша  –  алты, 
басқа  риуаят  бойынша  –  жеті  рет  жуылуы  керектігі 
ескертілді.  Айтқандай-ақ,  бұл  тақырып  Германия  мен 
Англияда  шыққан  бірқатар  журналдарда  жазылып, 
Пайғамбарымыздың баянының шындығын растаған.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) иттер мәселесіне өте 
сақ қараған. Тіпті, бір кездері өз шешімімен өлтіруге де 
әмір берген. Бірақ, кейін бұл әмірін қайтып алып: «Егер 
иттер өз алдына жеке әлем болмағанда, өлтіруге әмір 
беретін едім», – дейді.
Мұның  мағынасы:  Егер  ит  әлемдегі  адам,  хайуан, 
өсімдік,  жансыз  заттар  т.б.  секілді  жеке  өз  бастарына 

102
ИМАНИ ГҮЛ
экологиялық тепе-теңдікке қатысты негіздердің бірі және 
жаратылысының қажеті болмағанда, өлтіруге әмір берер 
едім.  Өйткені  ит  –  микроб  ұясы.  Осы  тұста  бір  ескере 
кететін  жайт  қазақ  итті  жеті  қазынаның  біріне  кіргізсе 
де  еш  уақытты  бүгінгі  батыстағы  тәрізді  үйіне  кіргізіп, 
төріне шығармаған. Итті аң аңлау мен мал  күзету, үйдің 
қалдық тамақтарын жегізу мақсатында ғана  ұстаған. Ал 
бұған ислам бойынша рұқсат.  
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  көзқарасы  –  ерекше 
мұғжиза.  Қазіргі  заманда  біздің  енді-енді  ежелеп  оқи 
бастаған  табиғаттағы  жүйе,  экологиялық  тепе-теңдікті 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  сонау  күндердің  өзінде,  иттерді 
қыруға болмайтынын қағида етіп ұстанып заңдастырған. 
Біз тек қана 1400 жылдан кейін киттер, пілдер және мүйіз 
тұмсықтылар  нәсілінің  жоғалмауы  қажеттігін,  олардың 
әлемдегі  тепе-теңдікті  сақтайтынын  ежелей  бастадық. 
Алла  елшісі  сан  ғасыр  бұрын:  «Егер  иттер  өз  алдына 
жеке  дара  әлем  болмағанда»  деген  кезінде  тіршілікке 
байланысты өте терең жайтты қозғаған.
Ұлы Алла әлемді жаратып, жалпы тепе-теңдік қой-
ған: «Ол өлшеу қойды. Өлшеуде шектен шықпаңдар» 
29
 аяты да осы жалпы қағиданы ескертуде. Алла елшісі 
тізгінді  тең  ұстап,  тепе-теңдікті  сақтаған.  Бір-екі  ауыз 
сөзінің  өзінде  біз  анықтаған  бірнеше  мұғжизалық 
жақтары бар. Осы сөздер келешекте талай ақиқаттардың 
шабыт қайнарына айналатын шығар. Сол заманда біреу 
өмір бойы ойланып, толғанып осы сөзді айтса, кемеңгер 
атануына жетіп артылатын еді. Алайда, Алла елшісінің 
осыған ұқсас сөздері қаншама десеңізші.
29
  Рахман сүресі/7-8.

103
ИМАНИ ГҮЛ
Әр буынға бір садақа  
Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.а.у.)  буындарға 
қатысты бірқатар хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде 
қанша буын болатындығын нақты білдірген. Бір қызығы, 
сол хадистерде көрсетілген  буын сандарын қазіргі меди-
цина дәлелдеп  шықты.   
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың хадистері 
мыналар: 
«Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай 
болса,  Алла  Тағаланы  ұлықтаса,  мақтау  айтса,  лә 
иләһа  иллаллаһ,  сүбханаллаһ  десе,  Құдайдан  кешірім 
тілесе,  ел  жүретін  жолдан  тас,  тікен  немесе  сүйек 
секілді нәрселерді жол шетіне алып тастап отырса я 
болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, 
осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360-қа жет-
се, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады». 
«Әр буын үшін адам күн сайын бір садақа борыш-
ты. Екі адам арасында әділ төрелік айту да – садақа, 
атына міну үшін біреуге көмектесу немесе қоржынын 
артысу да – садақа. Жақсы, ұнамды сөз айту да – садақа. 
Намазға  бара  жатқандағы  әр  адымы  да  –  садақа. 
Адамға зияны тиетін нәрселерді жолдан алып тастау 
да – садақа». 
Тағы  бір  хадисінде  сәске  уақытында  оқылған  екі 
рәкат  намаздың  да  сондай  шүкіршілікке  жататындығы 
айтылған.  
Бухари мен Мүслимде риуаят етілген осы үш хадис 
адамның анатомиялық тұлғасын ашумен қатар құлшылық 
пен сауаптың кең мағынасын да қамтиды.  
Екі  бөлек  сүйек  арасын  жалғайтын  бөлікті  «буын» 
дейміз.  Буындар  табиғи  түрде  мынадай  топтарға 
бөлінеді. 

104
ИМАНИ ГҮЛ
1.  Қимылдайтын  буындар:  тізе,  тірсек,  иық,  ортан 
жілік, аяқ-қолдың білегі мен жіліншігі секілді. 
2. Аз қимылдайтын немесе мүлдем қимылдамайтын 
буындар: омыртқа, қол-аяқтың табан мен алақан сүйекте-
рі, яғни:  
А) араларын дәнекер ұлпа (ткань) жалғағандар;
Ә) араларын шеміршек ұлпа жалғағандар
Б) араларын сүйек ұлпа жалғағандар. 
Осы ерекшеліктеріне қарай анатомия кітаптары мен 
атластарын  зерделегенімізде,  адам  денесінде  360  буын 
бар  екенін  көреміз.  (1-4  тізім).  Пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
айтқан  бұл  сан  медициналық  зерттеулермен  де  дәл 
келеді.  Пайғамбарымыздың  оны  нақты  білдіруін  қалай 
түсіндіруге  болады?  Мәйіт  яки  адам  қаңқасы  мұқият 
зерттелген  бе,  жоқ  әлде,  бұл  пайғамбарлық  мұғжиза 
болғаны ма?    
Мәйіт пен жеке сүйектерді зерттеу арқылы буындар-
ды анықтай алмайтындығының дәлелі мынау:
Адамның бас сүйегінде 90 қимылсыз буын болады. 
Алайда,  бұл  буындар  санын  қаңқадан  болмаса,  өліктен 
анықтау мүмкін емес. Ал, қаңқа кезінде анықтау үшін ол 
адам  медицина  ғылымын  жақсы  білетін  әрі  тәжірибелі 
болуы тиіс. Өйткені, медицинадан хабары жоқ жай адам 
бастағы  бір-бірімен  астасып,  ию-қию  боп  жатқан  буын-
дарды  буын  деп  те  ойламайды.  Құйымшақ  сүйегіндегі 
буындар  шорланған  буындарға  жатады.  Мейлі  өлік, 
мейлі  қаңқа  күйінде  қолға  алған  күннің  өзінде  медици-
наны жақсы меңгермеген адамның бұл буындарды тануы 
мүмкін емес. 
Кеуде  сүйегі  (sternum)  3  бөлек  сүйектен  құралады. 
Бұлардың  бір  буыны  шеміршек,  бір  буыны  сүйекке 
айналған  буын  пішінін  құрайды.  Сүйекке  айналған  бу-
ынды білу үшін де медицинаның маманы болу міндетті. 

105
ИМАНИ ГҮЛ
Бұл екі буынды да өлік я болмаса қаңқа күйінде ажырату 
мүмкін емес.  
Бас  сүйектің  орталығында  орналасқан  «Сфенойд» 
(Sfenoid)  деп  аталатын  сүйек,  бөлек-бөлек  10  жұп  бас 
сүйегімен  буынды  құрайды.  Бұл  буындар  өте  күрделі, 
бейнелері шым-шытырық, ретсіз пішінде келген. 
Қуыстарында  «Дискас»  (discus)  деп  аталатын 
шеміршек томпақтары бар кейбір буындар да кездеседі. 
Беті  жай  ғана  сүйек  секілді.  Адам  қайтыс  болып, 
денесіндегі  жұмсақ  тіндер  шіріп,  қаңқаға  айналғанда, 
бұлар буын емес секілді көрінеді. Оларды қаңқа күйінде 
анықтау да сол сала мамандарының қырағылығын қажет 
етеді.  (Кеуде  сүйегі  –  бұғана  сүйегі  буыны,  мойын 
омыртқаның артқы жағындағы буын секілді). 
Баста  орналасқан  кішігірім  аралдар  секілді  «Ос  су-
турарум»  (os  suturarum)  деп  аталатын  сүйектерді  өлік 
күйінде  анықтау  қиын.  Оны  тек  қаңқа  кезінде  ғана 
анықтап, санауға болады. Жіліншіктегі «Талус» (talus) деп 
аталатын сүйек пен тобық сүйегінен (calcaneus) пайда бо-
латын буын үш түрлі болса да, сырттай бір-ақ буын секілді 
көрінеді.  Бұны  тек  қаңқа  күйінде  болмаса,  өлік  күйінде 
анықтау өте қиын. 
Өздеріңіз  де  куә  болып  отырғандай,  буындардың 
тобын анықтау үшін аса шебер маман болу қажет. Енде-
ше, түрлері мен топтарына қарай Хазіреті Мұхаммедтің 
(с.а.у.) адам денесіндегі буындар санын 360 деп айтуы – 
оның пайғамбарлығының дәлелі. 

106

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет