Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ

107
ИМАНИ ГҮЛ
Бұхари  мен  Мүслимде  риуаят  етілген  хадистер 
бір  жағынан  мұғжизалықты  білдірсе,  бір  жағынан 

108
ИМАНИ ГҮЛ
құлшылықпен  қоса  елге  жақсылық  жасаудың  мәнін 
ұқтыруда. 
Жоғарыдағы  хадистерде  келтірілген  әр  буын  үшін 
садақа  боп  есептелген  іс-әрекеттер  мыналар:  Алла 
Тағаланы  пәктеу,  шүкіршілік  етіп,  Оған  мадақ  айту, 
ұлықтау,  жамандықтан  тыйып,  жақсылыққа  бұру,  сәске 
уақытында  оқылатын  екі  бас  намаз,  лә  иләһа  иллаллаһ 
деу, Құдайдан кешірім тілеу, ел жүретін жолда жатқан тас, 
тікен,  сүйек  сияқты  зиянды  нәрселерді  алып  тастау,  екі 
адам дауласса, әділ төрелік айту, бір адам атына мінерде 
демеп жіберу немесе қоржынын артысу, жақсы, ұнамды 
сөз айту, намаз үшін мешітке бару. 
Бұл  аталған  жақсылықтардың  әрбірі  бір-бір 
буынның  өтеуі,  шүкірі,  садақасы  ретінде  қабыл  бола-
ды. 
Буындар  қалайша  адам  денесіндегі  сүйектерді 
бітістіріп,  тұтастай  бір  ағза  ретінде  қимылдауын 
қамтамасыз  етсе,  хадистерде  айтылған  жақсылық  жа-
сай  жүру  де  ел  арасындағы  өзара  бауырмалдықты, 
ағайындықты, сүйіспеншілікті арттыратын байланыстарға 
жатады. 
Хадис  астарынан  ғылыми  шындықпен  қатар 
қоғамдық  өмірдің  тыныштығы  мен  бейбітшілігін 
нығайтатын  әрі  мол  сауапқа  кенелтетін  іс-шаралар 
жатқанын көреміз
30
.  
•  Ішіп-жеу  өлшемі.  Салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру  медицинаға  қатысты.  Алла  елшісі: 
«Тамақтанған  шақта  асқазанның  үштен  бірін  – 
тамаққа,  үштен  бірін  –  суға,  үштен  бірін  –  ауаға 
қалдырыңдар.  Алланың  қатты  ашуланған  ыдысы  – 
толы асқазан», - дейді.
30
  «Аңсар» журналы.  №2. Б.27, 2006 ж.

109
ИМАНИ ГҮЛ
Басқа  хадистер  де  бар.  Алла  елшісінен:
  «Үмбетім 
жайында ең қорыққан нәрселерім: үлкен қарын мен көп 
ұйқы. Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі».
Өмірін  бақылаусыз,  есепсіз,  аңғалдықпен  өткізіп, 
ғұмырының  соңына  дейін  алаңсыз  ұйықтап  өткен  адам-
ның семіріп май жинауы, май жинаған адамның семіз бола-
тыны даусыз. Адам толған сайын көп жейді. Жеген сайын 
өзін салғырттыққа салады. Өте көп жеген адам, әлбетте, 
көп  ұйықтайды,  көп  ұйықтаған  адамда  сөзсіз  «яқин»  
яғни  терең  түсінік  немесе  берік  иман  пайда  болмайды. 
Қай жағынан алып қарасаңыз да, барлығы Алла елшісін 
қобалжытқан.  Бұл  туралы  медицина  ғалымдарының 
ғылыми  қорытындыларын  оқып  қарасаңыз,  Алла 
сүйіктісінің (с.а.у.) сан ғасырлар бұрын айтқан сөздерінің 
кәміл шындық пен ақиқат екеніне көзіңіз жетеді.
• Шыбынға қатысты шындық. Бұхаридің жеткіз-
ген  хадисіне  сүйене  отырып,  Алла  елшісін  (с.а.у.) 
тыңдайық:
  «Кей  адамның  (су  немесе  тамақ)  ыдысына 
шыбын түссе, батырып жіберіп, қайта алып таста-
сын. Өйткені қанаттарының бірінде ауру, енді бірінде 
шипа бар».
Әуелі, шыбынның микроб тасуы, сол кездегі адамдар 
үшін беймәлім нәрсе еді. Шыбын бір сұйық затқа түскенде, 
қанаттарының бірін сақтықпен, жоғарыда ұстауға тыры-
сады.  Екі  қанатын  бірдей  батырмайды.  Өйткені  қонған 
жерінен қайта ұшқанда, құрғақ қанаты оның ұшып кетуіне 
жеңілдік  жасайды.  Осылайша  ұшып  кетеді,  бірақ  ішкен 
астарымызға  қалдырған  микробтарымен  бізге  де  ауру 
жұқтырады.
Екіншіден,  (мұндай  жағдайда  ескертілген  нәрсе) 
шыбын түгелдей ыдысқа батырылып, қайта шығарылып 
тасталады. Өйткені оның бір қанатында микроб, екінші 

110
ИМАНИ ГҮЛ
қанатында  сол  микробты  жоятын  антимикроб  бар. 
Өліммен  арпалысқан  шыбынның  арқасынан  нұқып  кеп 
жібергенде,  сақталған  антимикроб  құтысы  жарылып 
кетеді. Осылайша шыбын алғашқы қанатымен жұқтыр-
ған  микробты  дезинфекциялайды.  Бұлай  жасау  діни 
міндет  болмаса  да,  қажет  жағдайда  қолдануға  болатын 
ғылыми ақиқат.
Бұл  мәселенің  ғылыми  тұжырымын  ғалымдар 
шыбынның  арқасынан  басқан  кезде  микроскоп  арқылы 
кейбір микробтардың кәдімгідей қимылдап жүргендерін 
растайды.  Бүгінде  олардың  стерилизация  қызметшілері 
екеніне ғалымдар толық көз жеткізіп отыр
31
.  
•  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадисінде:  «Кімде  кім 
май (крем) жаққысы келсе, ең алдымен қастарынан ба-
стасын. Өйткені бұл бас ауыруын қайтарады. Адамның 
қасы – денесінде ең алғаш пайда болған түктер» деген.
Бұл хадистен адамның қасы мен бас ауруының ара-
сында  байланыс  бар  екенін  әрі  қастың  адам  баласының 
денесінде пайда болған ең алғашқы түк екенін түсінеміз.
Бұл жайлы проф. Увейс Маскордың «Эмбриология» 
атты дәріс кітабында былай делінеді:
«Ең алғашқы түктер эмбриондық төртінші кезеңде 
пайда болады. Ол түк – қастар».
Бүгінгі таңда дамыған медицина ғылымы дәлелдеп 
отырған  бұл  ғылыми  шындық  та  пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  шынайы  елші  екендігін  дәлелдеуде.  Өйткені 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) 
дәуірінде 
ананың 
жатырындағы  эмбрионды  (ұрықты)  толық  зерттеп 
білетіндей  қазіргі  таңдағы  микроскоп,  рентген  сияқты 
құралдар жоқ еді.
31
  Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.

111
ИМАНИ ГҮЛ
Мұғжизалар – пайғамбар дәлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген әрбір пайғамбарына 
шынайы  елші  екендігін  дәлелдеу  үшін  мұғжизалар  бер-
ген. Мұғжизаның ерекшелігі – әдеттегі табиғат заңдарына 
қарама-қайшы  және  пайғамбарлардан  басқа  ешкімнің 
еншісіне  бұйырмаған  ғажайып  таң  қаларлық  істер.  Мы-
салы, Айдың Пайғамбарымыздың ишараты арқылы екіге 
бөлінуі секілді. Барлық мұғжизаны жарататын Алла Тағала 
екенін ескерсек, «мүмкін емес» деп күмән келтірудің өзі 
бекер. Себебі Алланың әр нәрсеге билігін жүргізген шек-
сіз құдіреті үшін «Болмайды, болуы мүмкін емес» деген 
нәрсе жоқ. Ешбір мұғжиза Алланың қалауынсыз жүзеге 
аспайды.  Пайғамбарымыздың  пайғамбарлығына  дәлел 
ретінде самсаған мұғжизаларынан бірнешеуін келтірейік.
•  Пайғамбарымызға  берілген  ең  үлкен  мұғжиза 
– Құран. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) қияметке дейін 
үкімі  жалғасатын  ақырғы  пайғамбар  болғандықтан, 
оған  түскен  Құран  да  мәңгілік  мұғжиза  болмақ.  Басқа 
мұғжизаларды  сенімді  тұлғалар  тарапынан  естіп  білсек, 
Құранның  мұғжизалығын  қияметке  дейін  келіп-кетер 
барлық  адамзат  өз  көзімен  көруде.  Құран  Кәрімнің  за-
ман ескірген сайын қазір түсіп жатқандай жаңара түсуі, 
күннен-күнге  артына  еріп,  әр  аятын  шамшырақ  еткен 
жамағат санының көбеюі, технология дамып, білім озған 
сайын  ғылым  дүниесінің  биік  шыңынан  көрініп,  ны-
сананы  14  ғасыр  бұрын  нұсқауы  –  Оның  хақ  екендігін 
білдірсе,  Пайғамбарымыздың  хақ  елші  екендігін  паш 
етеді. Құранның мұғжизалығына «Кітаптарға иман» атты 
арнайы бөлімде кеңінен тоқталамыз.
•  Айдың  екіге  жарылу  мұғжизасы.  Бір  күні  Әбу 
Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ мүшрік 
Пайғамбарымызға келіп:

112
ИМАНИ ГҮЛ
«Егер  сен,  шынында  да  Аллаh  Тағаланың  тара-
пынан  міндет  жүктелген  пайғамбар  болсаң,  бізге 
аспандағы  айды  екіге  бөліп  көрсет…  Айдың  жар-
тысы  Әбу  Құбайыс  тауының,  екінші  бөлігі  Құайқан 
жотасының үстінен көрінсін» - деп талап қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан:
–  Осы  тілектеріңді  орындасам,  иман  келтіресіңдер 
ме?- деп сұрады.
Олар:
– Әрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер  сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммедке 
(с.а.у.) келген тұста айдың дөңгеленіп толған сәті еді, яғни 
он төртінші түні. Алла елшісі (с.а.у.) Жарылқаушысының 
бұйрығымен  Айға  қарай  қолын  созып,  сұқ  саусағымен 
ортасынан  бөлгендей  ишара  жасады.  Пайғамбардың 
осы әрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дәл ортасынан екіге 
бөлініп,  мүшріктердің  сұрағанындай,  жартысы  Әбу 
Құбайыстың,  жартысы  Құайқанның  төбесінен  көрінді. 
Ардақты Пайғамбарымыз айналасындағыларға:
«Куә  болыңыздар!  Куә  болыңыздар!  Әнекей, 
төбелеріңізге қараңыздар!» – деп дауыстады
32
.
Мүшріктер  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  бұл  айқын 
мұғжизасына  сиқыр  деп  қарсы  шығып,  сырттан  келген-
дерге: «Айдың екіге бөлінгенін көрдіңдер ме?» деп сұраған 
уақытта көрдік деген көңілдеріне ұнамайтын жауапқа тап 
болып, амалсыз «Мұның сиқыры айға да әсер етіпті», - 
деп тот басқан жүректері міз бақпады. 
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизасы арқылы бір 
уыс  тамақтың  берекесі  артып,  мың  адамға  дейін  жетіп 
асқандығы
33
,    су  тапшы  кезде  саусақтарының  арасынан 
32
  Бухари,  манақиб/3636.  (ауд:  Дамира  Өмірзаққызы,  Адамзаттың 
асыл тәжі, 1-том, 237.)
33
 Бухари, манақиб/3578.

113
ИМАНИ ГҮЛ
атқылап аққан судан үш жүздей сахабаның сусындап әрі 
дәрет алғаны 
34
 жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.
• Аурулардың емделіп, жазылу мұғжизасы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар шайқасында:
– Әли ибн Әби Тәліп қайда?-деп сұрады. Сахабалар:
– Уа, Расулаллаһ! Оның көзі ауырып жатыр,   деді.
– Дереу оған хабар беріңдер, - деді. Сахабалар дереу 
Әлиді алып келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) киелі түкірігін 
Әлидің көзіне жағып, оған дұға жасағаны сол екен Әли 
жазылып шыға келді...
Міне,  Пайғамбарымыздың  осы  секілді  көптеген 
мұғжизалары  Оның  хақ  пайғамбар  екендігіне  куәлік 
етеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке  
байланысты хабарлары
Алла  елшісінің  (с.а.у.)  кейіннен  болатын  көптеген 
оқиғаларды  бейне  бір  теледидар  экранынан  көріп 
тұрғандай  айна-қатесіз  хабар  беруі  де  –  Оның 
пайғамбарлығының  дәлелі.  Пайғамбарымыздың  берген 
хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла елшісінің (с.а.у.) Бәдір шайқасының алдында 
Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас 
дұшпандарының  осы  соғыста  қаза  табатындықтарын, 
тіпті  әрқайсысының  қайда  жер  жастанатындықтарына 
дейін  дөп  басып  сахабаларына  хабар  беруі
35
  және 
айтқандарының  айна-қатесіз  келуі  –  Оның  (с.а.у.)  тек 
Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
34
 Бухари, манақиб/3576.
35
 Муслим, Жәннат.

114
ИМАНИ ГҮЛ
• «Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады. 
Сосын  патшалық  болады» 
36
  –  деген  Алла  елшісінің 
сөздері кейіннен дәл айтқанындай болды.
1. Әбу Бәкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2. Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3. Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
4. Әли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
5. Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн.
Барлығын қосқанда 30 жыл 
37
.
•  «Омар  тірі  кезде  бүлік  болмайды.  Омар  барлық 
бүлік  –  фитна  есіктерін  жабады»,  «Осман  Құран 
оқып  отырғанда  өлтіріледі»,  «Хайбар  қамалы  Әлидің 
қолымен  алынады»,  «Әбу  Зәрр  жалғыз  өмір  сүріп, 
жалғыз  өледі»,  «Менен  (с.а.у.)  кейін  әһли  бәйт  ішінен 
алғаш  қайтыс  болып,  маған  қауышатын  Фатима» 
секілді  Пайғамбарымыздың  пәк  сөздері  кейіннен  «Сен 
еш күмәнсіз Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің» де-
гендей дәлме-дәл болып жатты.
Тәурат пен Інжіл де ақырғы  
пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.)  
келетінін сүйіншілеген
Жер  бетіне  келіп-кеткен  көптеген  пайғамбарлар 
өздеріне түскен кітаптарда соңғы пайғамбар Мұхаммед-
тің  (с.а.у.)  келетіні  жайлы  үмбеттеріне  білдіріп,  айтып 
кеткен. Алайда бұл кітаптардың заман өте келе адамдар 
тарапынан  әр  түрлі  бұрмалануына  байланысты  бұл  ха-
барлар  да  өзгеріске  ұшыраған.  Сан  мәрте  адамдар  тара-
пынан  әдейі  бұрмаланып,  өзгеруге  ұшыраса  да,  ішінде 
әлі де Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) келетіні жай-
лы  ишарат  пен  сүйінші  хабарларға  толы  Тәурат,  Інжіл 
36
 Тирмизи, Әбу Дәәуд.
37
 Абдуллаһ Аймаз, Кадер илми исбаты, 10-бет.

115
ИМАНИ ГҮЛ
кітаптарының  тек  бір-екі  жеріне  тоқтала  кетуді  жөн 
көрдік.
Тәурат сүйіншілері:
 
Ысмайл нәсілі
Алла  Тағала  Тәуратта  Хазіреті  Мұсаға  бы-
лай  дейді:  «Олар  (Израйл  ұрпақтары)  үшін 
бауырларының  арасынан  сен  секілді  бір  пайғамбар 
шығарамын  да,  сөздерімді  Оның  аузына  саламын. 
Ол әмірлерімнің барлығын оларға айтып жеткізеді» 
(Сифр:Тәсния,18:18).
Тәураттағы  «Израйл  ұрпақтарының  бауыры»  де-
ген  сөз  тіркесі  Хазіреті  Ысмайлдың  нәсілінен  келетін 
пайғамбарға ишарат етілген. Себебі Израйыл ұрпақтары 
Ибраһимнің  баласы  Исхақтан  тарағандықтан,  олардың 
(израйл  ұрпақтарының)  бауыры  Ибраһимнің  екінші  ба-
ласы Исмайлдан тараған ұрпақ болуға тиіс. Ал Хазіреті 
Исмайлдың  нәсілінен  келгені  анық  жалғыз  пайғамбар 
–  Пайғамбарымыз  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.).  Алла 
елшісі  де  (с.а.у.)  Хазіреті  Мұса  (а.с.)  секілді  жаңа 
шариғатпен  келген.  Аяттың  соңындағы  «Сөздерімді 
Оның аузына саламын» сөзі – Пайғамбарымыздың оқу-
жазу білмейтіндігіне және Құранды ауызша жатқа оқып 
адамдарға  жеткізетіндігіне  ишарат.  Тәуратта  айтылған 
пайғамбардың Хазіреті Иса мен Хазіреті Юша (а.с.) болу 
ықтималына келсек, бұл ақылға қонбайды. Өйткені сөз 
етіліп отырған пайғамбарлар Израйл ұрпақтарынан кел-
ген.
Інжіл сүйіншілері: Фарақлит
Иоганна Інжілінде: «Мәсих (Иса): «Рабб сендермен 
әрқашан  бірге  болуы  үшін  сендерге  басқа  Фарақлит 
береді» – деді.» (Иоганна, баб: 14, аят: 15.)

116
ИМАНИ ГҮЛ
«Фарақлит келген кезде мен үшін куәгер болады. 
Сендер де маған куәлік етіңдер» (Иоганна, Баб: 14, 26).
«...Мен  кетпесем  Фарақлит  келмейді»  (Иоганна, 
Баб:14, аят: 7-8)
«Фарақлит»  сөзі  грек  тілінде  «Приклитос»  деп 
өтеді.  Ал  «Приклитос»  сөзі  араб  тіліндегі  «Ахмет» 
деген  сөздің  мағынасымен  бірдей.  Бәрімізге  белгілі 
Пайғамбарымыздың  бір  аты  «Ахмет»  болған.  Тіпті 
Құранда пайғамбарымыздың Інжілдегі есімінің «Ахмет» 
екендігі айтылады
38

Жоғарыда  ескерткеніміздей,  бұларды  адамдарға 
оймақтай  ой  салу  үшін  айттық.  Қосымша  мынаған 
тоқталсақ  дейміз.  Күншілдік  пен  кекшілдігі  шырмауық-
тай шырмасқан яһуди мен христиандар бар күшін салып 
бұрмалауға қанша тырысса да, әлі де Тәурат пен Інжілден 
Алла  елшісінің  пайғамбарлығына  тән  көптеген  ишарат 
пен сүйінші табылуы мүмкін. Тәурат, Інжіл және Зәбур-
дан ең аз өзгеріске түскен нұсқалары табылса, сол кезде 
шамасы ешқандай жорамалды да, тәпсірді де қажет етпей, 
Алла  елшісіне  (с.а.у.)  байланысты көптеген  ашық белгі-
лер бар екенін қарапайым адам да анық аңғарады
39
.
 
38
  Иенер Өзтүрік, Иені бір иорумла Ислам инанч есаслары. Ышык 
иайынлары.
39
  Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.

КІТАПТАРҒА ИМАН
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, 
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет 
күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»
«Ниса» сүресі
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас»
Абай

118
КІТАПТАРҒА ИМАН
Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам  баласы-
на Ұлы Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратыл-
са, пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар 
мен  кітаптар  да  Ұлы  Құдіретті  қатесіз  тануымыз  үшін 
жіберілген.  Сондай  ақ  адамзатқа  мына  дүниедегі  негізгі 
міндетін  түсіндіріп,  ақ-қараның  ара-жігін  айқындап,  екі 
дүниенің  бақытын  сыйлау  үшін  түсірілген.  Міне,  Алла 
Тағала  тарапынан  келген  барлық  осы  кітаптарға  сену  – 
Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Құранда:
«Кімде-кім  Аллаға  және  Оның  періштелеріне, 
кітаптарына,  пайғамбарларына  және  ақырет  күніне 
иман келтірмесе, қатты адасады...»
40
 – делінген.
Ұлы Жаратушымыз әр түрлі мекендер мен уақыттар-
да  түрлі-түрлі  қауымдарға  өзінің  бұйрықтары  мен  тый-
ымдарын  қамтыған  және  сол  қоғамның  сана  дегейіне 
сай  керекті  мәліметтерді  жеткізетін,  жеке  тұлғалық, 
қоғамдық  проблемаларының  шешімдерін  баяндап,  өз 
араларында  әділдікті  орнататын  парақтар  мен  кітаптар 
жіберген.  Парақтардың  нақты  саны  бізге  беймәлім.  Ал, 
Құран Кәрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу: 
Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт 
кітаптың  барлығының  Алла  тарапынан  адам  баласына 
тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз. 
Алайда соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман 
өте келе адамдар тарапынан әр түрлі әдейі өзгертулер мен 
бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып  амал 
40
   Ниса сүресі/136.

119
ИМАНИ ГҮЛ
етпейміз.  Құран  түскеннен  кейін  өзге  кітаптар  негізге 
алынбайды.
1.  зәбур.  Бұл  кітапты  Алла  Тағала  Дәуітке  (а.с.) 
түсірген. Зәбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді. 
Құран Кәрімде: «Біз Дәуітке зәбурді бердік
41
» делінген. 
Құранда  Зәбур  жайлы  Тәурат  және  Інжілге  қарағанда 
өте  аз  мағлұмат  білдірілген.  Еврейлердің  Дәуіттің  (а.с.) 
пайғамбарлық  қасиетіне  көлеңке  түсіріп,  ар-намысын 
кірлететін  әйелдерге  байланысты  айтылған  әр  түрлі 
әңгімелері  дұрыс  емес.  Себебі,  барлық  пайғамбарлар 
күнәнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы тара-
пынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дәуітке (а.с.) патша 
ретінде қарайды. Ал, мұсылмандар патша әрі пайғамбар 
ретінде иман келтіреді.
2.  Тәурат.  Мұса  пайғамбарға  түскен  кітап.  Тәурат 
иврит  тілінде  «заң,  ереже-қағида,  шариғат»  деген 
мағыналарды  білдіреді.  Құранда:  «Ішінде  адамдарға 
тура  жол  және  нұрды  қамтыған  Тәуратты  біз 
жібердік
42
»  – делінген. Тәураттың қазіргі таңда танымал 
үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған көптеген 
ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сәйкес келмеуі – 
Тәураттың  адамдар  тарапынан  қатты  өзгертілгендігінің 
айғағы.
3.  Інжіл. Исаға (а.с.) түскен кітап. Інжіл «сүйінші, 
тағылым»  деген  мағыналарды  білдіреді.  Құранда:  «Біз 
пайғамбарлардың артынан Мәриям ұлы Исаны өзінен 
бұрын түскен Тәуратты растаушы етіп жібердік. Оған 
(Исаға):  Өзінен  бұрын  Түскен  Тәуратты  растаушы 
ретінде әрі тақуаларға тура жол мен насихат болсын 
деп  ішінде  тура  жол  және  нұрды  қамтыған  Інжілді 
бердік»
43
, - делінеді.
41
  Исра сүресі/55.
42
  Майда сүресі/44.
43 
Маида сүресі/46.

120
ИМАНИ ГҮЛ
Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен 
түпнұсқасы  жоқ.  Христиандардың  қолында  «Жаңа  ха-
бар»  атты  кейіннен  адамдар  тарапынан  құрастырылып 
жазылған  әр  түрлі  кітаптар  бар.  Бұлардың  төртеуіне 
«Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (а.с.) дүниеге келген 
соң  325  жылдан  кейін  халық  арасында  кеңінен  тараған, 
бір-біріне  қарама-қайшы  пікірлерге  толы  Інжілдің 
көптеген  нұсқасынан  таңдалып,  құрастырылған.  «Мат-
та», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген адамдардың 
атымен  аталатын  бұл  төрт  Інжілдің  ішіндегі  баяндала-
тын оқиғалар көбінесе бір-бірімен сәйкес келе бермейді. 
Бірінде  харам  делінген  нәрсе  екінші  бірінде  адал  бо-
лып жатады. Бұған қоса інжілдің бізге дейін келіп жету 
жолдарының  дұрыстығы  мен  сенімділігі  тұрғысынан 
да  қасиетті  Құранмен,  тіпті  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) 
хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.
Ұлы  Жаратушыға  байланысты  және  әр  түрлі 
мәселелер  мен  тарихи  оқиғаларды  баяндайтын 
мағлұматтардың  бұл  төрт  Інжілде  әр  түрлі,  тіпті  бір-
біріне  қарама-қайшы  берілуінен  түпнұсқаның  кейіннен 
адамдар  тарапынан  қатты  өзгеріске  ұшырап,  адами 
пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.
4.  Құран. Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Құран  –  Ұлы  Жаратушының 
ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды 
көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи 
арқылы  түсірілген,  оқылуының  өзі  ғибадат  саналатын 
мәңгілік иләһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық 
парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтыған. Құран – 
санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі 
адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жа-
уап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық 
проблемаларына  қатесіз  толық  шешім  беретін,  адамның 

121
ИМАНИ ГҮЛ
санасы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім 
сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен 
қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан 
жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жарату-
шы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.
Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан 
жіберілгендігінің кейбір дәлелдері
44
.
•  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  дәуірінде  арабтардың 
ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына 
жеткені  соншалық  –  ақындар  бір  шумақ  өлеңдерімен 
бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын 
қындарынан  шығарып,  соғысуға  шақ  қалған  екі  елді 
татуластыратындай  дәрежеде  болған.  Жыл  сайын  сөз 
өнерінен арналған сайыстар ұйымдастырылып, алғашқы 
жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін  
алтынмен әшекейлеп қағбаға іліп қоятын. Ақындарды бы-
лай қойғанда, жалпы халықтың өзі бір-бірімен өлеңдесіп 
сөйлескен.  Міне,  сөз  өнерінің  осындай  шыңына  жеткен 
уақытта Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
Қазіргі  дін  дұшпандары  сияқты  сол  дәуірдің  кәпір 
шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) «Құранды өзің 
ойдан жазып жатырсың» деген жалаларына қарсы Алла 
Тағала: «Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адам-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет