ИМАНИ ГҮЛ
Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға-
тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып,
жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алды-
на салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушы-
мыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы – жалпы адам
баласының «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің
тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны
жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып таста-
сын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын?
Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп,
Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай
ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге
құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік
өмірін бермеуі – Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс
болмақ.
Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан
Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән-
мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат
дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам
бұл дүниенің пәни ләззаттарымен, өткінші рахатымен,
Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша
махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды,
шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.
Айналамызда болып жатқан қайта
тірілудің үлгілері
Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің
сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта
тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат
алмақ ниетпен пікір етсек, әрбір көктем қайта тірілудің
дәлелі емес пе? Көктем қайта тірілудің сансыз үлгісіне
толы. Жазда жап-жасыл болып жайқалып, күзде жеміс-
150
ИМАНИ ГҮЛ
жидегін шашу етіп шашқаннан кейін барлық өсімдік
әлемі адамның қартайған шағындағы шаштарының
ағарғанындай жапырақтары солып, сары алтынға боя-
лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай бастайды. Қыс кел-
генде, бейне бір өлімге ұшырап, аппақ қардың астында
қалады. Тіршіліктерінің тынысы байқалмайды. Міне,
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды
көктемде көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған
шақта күллі өсімдік әлемі әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін
ашып, жап-жасыл болып жайқала түседі. Қысқы өлік
көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» – деп жырлағандай
көктемде айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген-
дей сезінесің. Өйткені айналаңдағы табиғат жаппай қайта
тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген құстардың тамылжыта
сайраған әсем әніне тұнып тұр. Қыста ызыңы жоғалып,
аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып,
үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен
саған қайта тірілетініңді меңзеп тұрғандай. Иә, қысқы
өлімнен кейін өсімдік әлемін, адамнан қанша есе көп жал-
пы жәндіктерді қайта жер бетіне шығарған Ұлы Жарату-
шымыз адам баласын өлім қысынан кейін қайта тірілтеді.
Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей, жәндіктерден
де маңызды әрі мағыналы.
151
ИМАНИ ГҮЛ
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Күзде «Өмірімнің соңына таядым» дегендей,
сарғайып тұрған егінді орып аламыз. Бұл – жайқалып өсіп
тұрған бидай үшін бірінші өлім. Сосын диірменге тартып
ұн жасаймыз. Бұл – ол үшін екінші өлім. Сосын илеп ашы-
тып, қып-қызыл қызып тұрған тандырға салып пісіреміз.
Бұл – бидай үшін тағы бір өлім. Дастарханға келген нан-
ды аузымызға салып, тісімізбен үгітіп, асқазанымызға
жібереміз. Ол жерде әр түрлі сөлдермен араласып, басқа
бір өлімге душар болады. Міне, осылайша нан асқазан
қабірінде көмілген болды. Нан осыншама өлімнен кейін
асқазаннан он екі елі ішегімізге өтеді. Сол жерде асқазанда
өлген нан бұрынғысынан да керемет түрде қайта тіріліп,
денеміздегі қанымызға, клеткаларымызға, витаминдерге
айналып, тәнімізде тіршілігін жалғастырады.
Ал енді Алла Тағала адам баласын өлгеннен кейін
жан беріп, қайта тірілтпейді дейтіндей, бірнеше өлімге
куә болып, адамның тәнінде қайта тірілген бидайдан да
төмен, мағынасыз болғаны ма?
Күзде топыраққа түсіп көмілген әр түрлі дәндер мен
дақылдарды шіріді, бітті, өлді деп ойламаймыз. Себебі
ол көктемде алғашқы кейпінен де керемет түрде қайта
тіріліп, қара жерді қақ жарып шығып, жайқала өсіп, жер
бетін жасыл реңімен бояп тастайды. Тіпті біреу болып
өледі, бірнеше болып тіріледі.
Алла Тағала Құранда: «Оның (құдіретін көрсететін)
дәлелдерден бір дәлел мынау:
Сен жерді құрғап, (Алладан медет сұрап тұрған
адамдай) басын иген күйде көресің. Бірақ Біз жаңбыр
жауғызған сәтте жер беті құлпырып, көпси түседі.
Міне, құрғақ жерді осылай кім тірілтсе, өлілерді де
Сол тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге құдіреті толық
152
ИМАНИ ГҮЛ
жетеді»
68
– деп өлілерді тірілтетін шексіз құдіретіне наза-
рымызды аударады.
Топырақ астында шіріген дән-дақылды көктемде
қайта тірілткен Алла Тағала, өзінің жер бетіндегі хали-
фасы – адам баласын да қабірде шірігеннен кейін көктем
тәріздес Хашыр күні қайта тірілтеді.
Ұлы Патшаның әділдігі ақыретті талап етеді
«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе,
жақсылығының қарымын сөзсіз алады.
Ал кімде-кім тозаңдай
жаманшылық жасаса, оның
жазасын тартады».
«Зилзала» сүресі
Алла Тағала – күллі әлем мен жалпы жаратылыс
атауына салтанатты патшалығын құрып, әр нәрсеге
өзінің үкімін қабылдатып, билігін жүргізуші Ұлы Патша.
Жаратылыстағы әр нәрсе Оның ілімінен тыс қалмайды.
Әрбір іс Оның рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Күллі әлем
Осы Ұлы Патшаның мейірімінен алған нәрмен тыныс
алып, тіршілік бетінде қалуда. Оның осы шексіз мейірім
нұрынан өзінің нәсібін алған ақылсыз тауық та өз бала-
панын қорғау үшін жыртқыштардың аузына түсіп, жанын
пида етуде. Осындай мейірімнің негізгі қайнар-бұлағы,
құдіреті шексіз Ұлы Патша, өзінің бұйрықтарына қарсы
шығып, ел ішіндегі әлсіздердің ақысын жеп, зұлымдыққа
белшесінен батып, тайраңдап жүргендердің тиісті жаза-
сын беріп, олардан әлсіздердің ақысын алып, иелеріне
қайтармауы, әлсіз құлдарының мүддесін қорғамауы
мүмкін бе? Залымдардың істеген істерінен есеп алмас-
68
Фуссилат сүресі/39
153
ИМАНИ ГҮЛ
тан, оларды жауапқа тартпастан жібере салса, бұл ісі
Оның салтанатты патшалығы мен әділетті билігіне әрі
шексіз құдіретіне жарасар ма еді? Ал зұлымдық, әлсіздік
сияқты нұқсан сипат – мейірімі шексіз Ұлы Жаратушыға
жат сипат. Осылай бола тұра, мына жалған дүниеде
залымдардың тиісті жазасы мен жақсылардың ізгі
істерінің қарымы лайық дәрежеде беріле бермейді. Демек,
сынақ үшін жаратылған мына уақытша дүниеден кейін
ақыретте үлкен сот болмақ. Бұл соттың әділетті төрешісі
Ұлы Жаратушымыздың өзі болып, сол жерде бәріне тиісті
бағасы берілмек. Ендеше, барлық кемелдіктің шынайы
иесі, патшалардың патшасы – Алла Тағала жақсыларға
сауабын сыйлап, жамандарға азабын беріп, әділеттілігі
мен шексіз құдіретін паш етуі үшін ақыретті жаратып,
үлкен сот құруға тиіс. Иә, Алланың шексіз құдіреті
мен қара қылды қақ жарар әділеті ақыретті, үлкен есеп
күнінің жаратылуын қалайды.
Ұлы Жаратушымыз Құран Кәрімде: «Қиямет күні
әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан
әділетсіздікке ұшырамайды. Істелінген іс бір қыша
дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп
тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз»
69
, –
деп бұл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте әділ тара-
зымен тартылатындығын білдіреді.
Иә, ақырет сияқты екінші бір дүние жаратылмаса,
мына дүниедегі көптеген түйіні қиын сауалдар жауап-
сыз қалмақ. Мына дүниеде сезіліп, байқалған көптеген
әсем мағына баянсыз кетіп, күллі жаратылыс бейне бір
мағынасы аяқсыз қалған түсініксіз кітап болмақ.
69
Әнбия сүресі/47
154
ИМАНИ ГҮЛ
Алланың көркем есімдері
ақыретті талап етеді
Алланың барша көркем есімдері ақыреттің болуын
талап етеді. Мысалы, Алла Тағаланың «Аса жомарт»
деген сипатын негізге алып түсіндіріп көрелік. Жалпы
әлем Ұлы Жаратушының терең мейірім-шарапаты мен
шексіз жомарттығына тұнып тұр. Жер бетіндегі ең әлсіз
саналатын құрт-құмырысқа сияқты жәндіктердің оп-
оңай қоректенулеріне куә болудамыз. Дүниедегі ең әлсіз
жаратылыстарға да уақыт-уақытымен күтпеген жер-
ден жәрдем келуде. Ананың құрсағындағы әлсіз сәби
сол қараңғы, тар жерде тұншұқпастан тамаша тәсілмен
қоректенеді. Сәби дүниеге келер-келмес оның нәзік бол-
мысына арналған арнайы тамағы әзір тұрады. Ананың
омырауындағы сүт басқа уақытта емес, сәбидің дүниеге
қадам басуына орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі
балықтардың, жеміс-жидектің ішіндегі құрттардың,
тұрған жерінен қозғала алмайтын ағаштардың, жалпы
өсімдік әлемінің тамаша түрде қоректенуі – Оның ерек-
ше жомарттығы мен теңдессіз мейірімділігінің айқын
белгі-нышаны. Жер бетіндегі ырыс-береке, нығметтің
молдығы, асып-тасуы – Ұлы Жаратушының түгесілмейтін
қазынасын меңзеп тұр. Демек, Алла Тағала – теңдессіз
дархандық пен аса жомарттықтың нағыз иесі. Ал Ондағы
бұл дархандық пен жомарттық мәңгі бақи беруді, төгуді,
рызықтандыруды қалайды. Міне, сондықтан Оның
дархандығы мен жомараттығынан жаңбырдай құйыла
төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мәңгі бақи
рызықтанатын жаратылыс керек. Ол еш шүбәсіз мына
дүниенің халифасы, ең мағыналы жаратылысы – адамның
қайта тірілуі арқылы болмақ. Егер мына дүниеден кейін
155
ИМАНИ ГҮЛ
Ұлы Жаратушының осы аса жомарттық пен дархандық
сияқты сипаттарының көрініс табатын басқа екінші мәңгі
өмір болмаған жағдайда, бұл сипаттары осы дүниемен
шектеулі қалмақ. Ал шектеулілік Ұлы Жаратушымызға
тән емес. Өйткені Ұлы Жаратушымыз Алланың өзі қандай
шексіз, мәңгі болса, барлық көркем сипаттары да сондай
шексіз, мәңгі. Сондықтан Алланың барлық көркем сипат-
тары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде айтылған
Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем си-
паттарын салыстырып ойлан!
Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым»
деп ойлай ма?
Әлемдегі кез келген нәрсе белгілі бір мақсатпен,
арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың
өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы
Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен
кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын,
оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айт-
сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған.
Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі,
қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып
кітаптағы әр нәрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті
бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты
адамның игілігіне, қызметіне берген. Жерден неше есе
үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те, жан-жануар
да бәрі-бәрі «ләббайк» деп адам баласына қызмет етуде.
Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы
әлемнің ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені
жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі – адам. Ал енді
Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жа-
ратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып,
156
ИМАНИ ГҮЛ
мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да
мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким
Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып,
мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде
мүмкін емес. Құранда «Әл-Мүминун» сүресінде: «Біз
сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге
кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе,
«Қиямәт» сүресінде: «Адам баласы (еш сұрақ алын-
бастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?» -
делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген нәрсенің бар екендігіне сену үшін ол
нәрсені, алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт
емес. Ешбір адам анасының құрсағында жатып, мына
дүниені көріп, сосын бұл дүниеге аяқ басқан жоқ қой.
Ананың құрсағындағы сәби өзінің жатқан тар, қараңғы
мекенінен тыс басқа әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық
қателескен болар еді. Тура сол сияқты біздер де осы дүниені
барлық болмыс әлемі деп танып, бұдан басқа әлем жоқ
деп пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық.
Өйткені мына әлем де ақырет әлемімен салыстырғанда
ананың құрсағындай ғана.
Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам
баласын бір уақытта қайта тірілту
қалай жүзеге асады?
Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті
күллі жаратылыс атаулыны қайта тірілту – бір адам-
ды тірілтумен бірдей. Оның шексіз құдіреті үшін шы-
бын сияқты кішкентай жаратылысты жарату мен аспан
әлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы сан-
157
ИМАНИ ГҮЛ
сыз жұлдыздарды жарату – оңайлық жағынан парапар.
Негізінде, Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол
үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы
барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін
ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші
рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте
мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін
шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды,
сансыз гүл-бәйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш
жаңылыспастан әп-сәтте, бір мезгілде оп-оңай тірілткен
құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері
жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде,
көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес. Әр
нәрсесімен шектеулі әлсіз адам баласы бір ғана нүктеге
басу арқылы көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға
жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ
Тағала үшін барлық өлілерге бір мезгілде жан беріп,
әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!
«Лұқман» сүресінде: «Сендердің жаратылуларың
да, қайтадан тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып,
тірілтілуіндей-ақ (оңай). Күмәнсіз Алла Тағала барлық
нәрсені толық естуші әрі көруші»
70
, - делінген.
Ибраһимнің қиссасы
Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан
бір жануардың өлексесін көрді. Жағаға ұрған теңіз
толқынымен ілесе келген балықтар бұл өлексені жұлып-
жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар
келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің
бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың
құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған
70
Лұқман сүресі/28
158
ИМАНИ ГҮЛ
Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік
боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жа-
нуарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Уа,
Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші»,
- деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің
(а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының
құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы
Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп,
шеберлігіне таң қалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі
жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі
келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан
Ол: «Раббым өлілерді тірілте аласың ба?» деп сұраған
жоқ, «Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді
көрсетші», – деді.
Алла Тағала Ибраһимге (а.с.): «Жоқ, әлде сенбедің
бе?», – деді. Негізінде Алла Тағала оның ақыретке
күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп
сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін адамдардың ол ту-
ралы қате түсінікке бармаулары үшін еді.
Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп
түсіндірді: «Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе)
сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені
көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім».
Осыдан кейін Алла Тағала Ибраһим құлына: «Төрт
тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет.
(Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып)
оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп-
бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап
шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Алланың
(әр нәрсеге күші жететін) Азиз әрі (әр нәрсені орын-
орынды істейтін) Хаким екендігін біл деді».
Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады.
Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Со-
159
ИМАНИ ГҮЛ
сын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен
араластырды. Араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың
басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының
атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда
жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне
таң-тамаша болып, жүрегі жай тапты.
160
ӨЛГЕННЕН КЕйІН ҚАйТА ТІРІЛУГЕ
ИМАННЫҢ ПАйДАЛАРЫ
1. Өлімнен кейін қайта тірілуге толық иланған кез
келген адамның қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары
сөзсіз. Себебі оның сенімі бойынша, Ұлы жаратушы-
сы өзінің істеген әрбір ісін көріп тұр. Бұған қоса барлық
қимыл-әрекеттері екі жағындағы періштелер тарапынан
үнемі жазылып, есепке алынуда. «Зилзала» сүресінде
айтылғандай: «Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе,
жақсылығының қарымын сөзсіз алады. Ал кімде-кім
тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын тарта-
ды».
Істеген әрбір ісінің, басқан әрбір қадамының,
сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін
ойлап, жүрегімен бек сенген адам жаманшылық атау-
лыдан, жалпы күнәдан алыс жүреді. Өйткені иманды
адам істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде
құтылғанымен, ана дүниеде құтылмайтынын ойлап,
күнәларының есеп күні алдынан «қайдасың» деп аттан
салып, жағасынан алып, масқара ететініне кәміл сенеді.
Бұған қоса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел-
ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің ризашылығын алып,
жәннатында сый-сыяпатқа кенелуі үшін барлық өмірін
ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты-
рысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан
да, қоғамнан да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке
тұлғаның, отбасының, кез келген қоғамның, тіпті жалпы
дүниенің бейбітшілікті ту етіп, бақытты ғұмыр кешуінің
жалғыз жолы – ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге
161
ИМАНИ ГҮЛ
деген шынайы сенім. Жалпы әлемдегі істелініп жатқан
зұлымдыққа, бейкүнә жандардың бостан-босқа төгілген
қанына, әділетсіздікке, барлық жаманшылық атаулыға
«Жетер енді, тоқта!» деп, тосқауыл бола алатын
жалғыз күш – қайта тірілуге деген осы сенім. Өйткені
бұл сенім әр тұлғаның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір
ісін қадағалап тұратын ең әділ күзетші іспетті. Ақиқат
тек күште деп саналатын және әділетсіздікке, ұрлық-
қарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына
дүниеде бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса
да түсінікті. Қазақ атамның «Құдайдан қорықпағаннан
қорық» деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кәміл сенген адам ешқашан өлімнен
қорықпайды. Өлім – ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке
айналып, мәңгілікке көз жұму емес. Керісінше, екінші бір
мәңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден бақи негізгі дүние-
ге қоныс аудару. Өлім құбылысы – ақырет сенімін толық
қабылдаған адам үшін мәңгілік өмірдің, шексіз бақыт-
тың басы болмақ. Кезіндегі ең күшті мемлекеттердің бірі
Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд ибн Әби Уаққас өзінің
жетістігінің себебін былай деп түсіндіреді: «Мұсылман
әскерлер шейіт болып, мәңгілік бақытқа қауышу үшін
ешнәрседен қорықпастан өлімге жүгіреді. Ал жаудың
әскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып, әрбір қадамын
өлімге деген үреймен басады».
Иә, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен
қорқынышты еш нәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім –
жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген сөз.
Мұндай жандар өлімді ойлап кетсе, ұйқылары қашып,
өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіресе, өмірлерінің
соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен
айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте
қорқынышты. Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін
162
ИМАНИ ГҮЛ
бейне бір тас қараңғы зындандай көрініп, тіршіліктен
түңіліп, үмітсіз күй кешеді. Оларды осы қараңғы зын-
даннан жарық нұрға, үміт толы өмірге алып шығатын
жалғыз күш, дара медет – ақыретке, қайта тірілуге деген
берік сенім.
3. Ақыретке сенген адам өзінің қу қара басын
ғана ойлайтын өзімшілдіктен құтылады. Ақыретте
жүзінің жарқын болып, Ұлы Жаратушы алдында сүйікті
құлдарының қатарынан табылу үшін әрқашан басқаларға
жақсылық жасап, көмектеседі. Жалпы айтқанда, Алланың
құлдарына пайдалы болуға тырысады. Мұндай жақсылық
жасауды өмірлерінің түп мақсаты еткен адал жандардан
құралған қоғам – жер бетіндегі ең бақытты қоғам.
4. Ақыретке деген сенім – бұл дүниеде
залымдардың зұлымдығына ұшырап, адам бейнесіндегі
жыртқыштардың қанды аузында ақысы кеткен әлсіз
жандар үшін үлкен жұбаныш. Бұл сенімге ие әрбір
жан ертең есеп күні Ұлы Жаратушының алдында осы
дүниеде залымдарға қолды болған ақысын, мүддесін
қайтарып алатынына кәміл сенгендіктен, өз-өзін жеп,
уайым-қайғыға салынып, ішкі дүниесін ызаға, кек-
ке, дұшпандыққа булықтырмайды. Керісінше, сабыр
сақтап, «ертең-ақ залымдар Алланың алдында сазайын
тартады» деп, бойындағы иманның сиқырлы күшінің
арқасында ештеңе болмағандай өмірдің нұрлы жолында
бағытын өзгертіп, қадамын бәсеңдетпестен жүре береді.
5. Жазылмайтын ауруларға, сал сияқты дерттерге
шалдығып, әр түрлі себептермен мүгедектікке тап болған
жандарға жұбаныш болатын жалғыз нәрсе – осы ақыретке
деген сенім. Ұлы Жаратушыларынан келген қиын сынаққа
сабыр етіп, сүрінбей өткен жағдайда мәңгілік ғұмырда
бақытты болатындарын ойлап, жандары жай тауып,
163
Достарыңызбен бөлісу: |