«Ешкім ешкімнің күнәсін арқаламайды. Ақырында
барлықтарыңның қайтар жері – Раббыларың бола-
ды. Сөйтіп, Ол сендерге не істегендерің жайлы толық
177
Аднан Бүлент Балаоглу, Ислама гөре текрар догуш Реенкарнас -
он. 190-198 бет. Китабиат баспасы, Анкара, 2001 ж.
314
ИМАНИ ГҮЛ
хабар береді. Шүбәсіз, ол жүректеріңдегіні толық
білуші»
178
делінген.
12. Реенкорнация сенімі бойынша, рухтардың
барлығы әзәли, яғни, бастауы жоқ, жаратылмаған. Ал
ислам діні бойынша әзәли – барлығының бастауы жоқ,
жаратылмаған, ол тек қана – Ұлы Жаратушы Алла Тағала.
Оның әзәлилігінің жанында екінші бір әзәли болмыс жоқ
әрі бола да алмайды.
Түйін:
Бұл сенім ислам сеніміне, тіпті, басқа да бұрынғы
Құдайлық діндердегі жәнннат-тозақ сеніміне түбегейлі
қайшы. Өйткені, исламда әрбір адамға жеке рух берілген.
Әрбір кісі бұл дүниеде атқарған жақсы-жаман ісіне қарай
ақыретте Хақ алдында есепке тартылып, жәннатта сый-
сыяпатын яки тозақта жазасын тартады. Көз жұмған адам
екінші рет мына дүниеге сынақ үшін қайта келе алмайды.
Құранда: «Олардың әрбіріне өлім келген сәтте:
«Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен дүниеге
барып жақсы іс істермін» - (деп жалынады) Әсте
олай емес. Рас, бұл олардың айтқан бос сөздері ғана.
Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге
дейін бөгет бар»
179
- делінсе, басқа бір аятта: «Олар
(кәпірлер) сол жерде (тозақта) жәрдем сұрап былай деп
шыңғырады: «Ей, ұлы Раббымыз! Бізді мына жерден
дүниеге қайтадан шығара гөр! Біз бұрыңғы істеген
істерімізден басқа салих, ізгі амалдар істейік». (Алла
Тағала оларға былай деп жауап береді:) Біз сендер-
ге түсініп, ғибрат алатын адамның өміріндей мерзім
бермедік пе? Әрі сендерге пайғамбар да келіп ескертті.
Олай болса, азаптарыңды татыңдар! залымдарға
ешқандай көмекші жоқ»
180
.
178
Зүмар сүресі, 7-аят.
179
Мүминун сүресі, 99-100-ші аят.
180
Фатир сүресі, 37-аят.
315
ИМАНИ ГҮЛ
Реенкорнация пікірі көне қауымдарда қате, жаңсақ
сенім күйінде жалғаса келді. Қазіргі таңда бұл сенім кейбір
адамдардың денесіне енген жын-шайтандардың олардың
жүрек пен ақылдарына тікелей әсер етіп, өктемдік етуінің
салдарынан болуы бек мүмкін. Пайғамбарымыздың
хадисінде: «шайтан адам баласының қан тамырында
жүреді» делінеді емес пе? Ендеше, жын-шайтан адам
баласының жүрегі мен ақылына тікелей әсер етуі арқылы
реенкорнация сияқты еш негізі жоқ нәрсені бардай етіп
көрсетуде.
316
Алла Тағала құранда: «Маған дұға етіңдер,
сендерге жауап беремін» деп, құлдарының
дұғаларын қабыл ететіндігін айтқан. Алай-
да біздің жасаған дұға, тілектеріміз көбінесе
қабыл болмайды. Мұны қалай түсінуге
болады?
Иә, Құранның «Ғафир» сүресінің 60-аятында
Алла Тағаланың «Маған дұға етіңдер, сендерге жау-
ап беремін» деген уәдесі бар. Алла Тағала құлдарының
жасаған барлық дұғаларына жауап беруші. Алайда,
дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа.
Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге
жауап беретінін айтуда. Ал дұғада сұралған нәрсенің
беріліп-берілмеуі яғни тілектің қабыл болып-болмауы
Алла Тағаланың хикметі мен қалауына қарай жүзеге аса-
ды. Қарапайым бір мысал келтіре кетейік, бір сырқат адам
дәрігерді көмекке шақырса, дәрігер оған «иә, не болды, не
сұрайсың?» деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп жау-
ап береді. Бірақ, дәрігер сырқаттың өзі сұраған барлық
дәрі-дәрмегін дереу бере салмайды. Ауруын қарағаннан
кейін, оның сұраған дәрісі шынымен-ақ ауруына шипа-
лы болса ғана береді. Сұраған дәрісі ауруына, яки басқа
бір ағзасына кері әсерін тигізер болса, ол дәрінің орнына
басқа бір шипалы дәрі беруі мүмкін.
Міне, дәл осы тәрізді Ұлы Жаратушымыз да
құлдарының барлық жасаған мінәжат, дұға-тілектеріне жа-
уап береді. Бірақ сұралғанның бәрін қабыл ала бермейді.
Себебі, біз көбіне мына пәни дүниенің өткінші пайдасын
ғана күйттеп, мәңгілік дүниемізге кері әсері тиер нәрсені
сұраймыз. Сұраған нәрсеміз кейбір жалған сезімдеріміз-
дің яки асығыс қабылдаған шешіміміздің нәтижесі болуы
317
ИМАНИ ГҮЛ
ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нәрселеріміз
біз үшін аяғында жамандық болуы мүмкін.
Құранда: «Жек көрген нәрселерің сендер үшін
қайырлы болуы мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің
сендер үшін жаман болуы мүмкін. Алла біледі, сендер
білмейсіңдер»
181
, - делінеді. Сондықтан кейбір сұраған
нәрселеріміз берілмеген жағдайда дұғам қабыл болмады
дегеннен гөрі, тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы
шығар деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.
Кейде асығыстық жасап, әлі пісіп жетілмеген
нәрселерді уақыты келмей жатып шикілей жинап алуды
қалаймыз. Алла Тағала осындай көңілі мен сезімдеріне
ұнамды әр нәрсені сұрай беретін құлына ненің керекті,
ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нәрсенің пайда-
лы, қайсысының зиянды екенінін жақсы білгендіктен, оның
тілегін Өзінің хикметіне қарай береді яки сұрағанынан
да абзалын нәсіп етеді. Мысалы, біреу Алла Тағаладан
ер бала тілеуі мүмкін. Ал Алла Тағала оған қатардағы
қарапайым ер баладан да қайырлы қыз бала нәсіп етуі
мүмкін. Имранның әйелі Жаратушыдан ұл бала тілейді.
Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз
сыйлайды. Олай дейтініміз, ол болашақ Иса пайғамбарды
дүниеге әкелетін Мәриям анамызды босанған болатын.
Дұғаның негізгі мақсаты – ғибадат пен құлшылық.
Сондықтан кейде оның қарымы ақыретте сауап ретінде
беріледі. Дұға жасаған құл өзінің әлсіздігін, мұқтаждығын
мойындап, Жаратушысының өзінің сол мұқтаждығын
көріп, дұғасын естіп тұрғандығына кәміл сенгендіктен,
иман дәрежесі арта түседі. Әрі бүкіл әлемді құдірет
қолында ұстаған Ұлы Сүйенішті паналағандықтан,
құлазыған көңілі байыз табады. Құл дұға жасаған уақытта
өзінің әлсіздігін, әлжуаздығын, ал Жаратушысының
181
Бақара сүресі, 216-аят.
318
ИМАНИ ГҮЛ
құдіреттілігін түсінгендіктен, оның өзі бір ғибадат. Кез-
келген ғибадатта осы мағыналар көрініс береді емес пе?
Мысалы, құл басын сәждеге қойған уақытта өзінің төмен,
әлсіз екенін іс жүзінде көрсетіп, ал Алла Тағаланың
құдіретті, ұлы екенін паш етеді. Пайғамбарымыз
хадисінде: «Дұға – ғибадаттың мәйегі» деген
182
. Енде-
ше, дұға жеке басына құлшылық саналғандықтан, оның
негізгі жемісі мен қарымы ақыретте берілмек.
Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік
заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет.
Дұғаның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі «фиғли дұға». Яғни,
өзіміздің ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы,
жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суғарып, оның өсіп-
жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай
дұға Алла Тағаланың қойған заңдары мен себептерін
орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл бо-
лады. Ал екінші дұға «қаули дұға» – сөзбен не жүрекпен
тілеу арқылы болатын дұға. Қаули дұға мен қатар фиғли
дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып жасаған барлық
дұғаларды Алла Тағала қабыл ала беретін болса, елдің
бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал Алла Тағала
құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды.
Сондай-ақ, жасаған әрбір дұғамызды Алла Тағала
қабыл ала беретін болса, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар
еді. Мысалы, жұрттың көпшілігі бай болуды, бастық бо-
лып, мөр басуды қалағандықтан, олардың осы тілектерінің
бәрі қабыл болар болса, жұмысты кім істеп, кім-кімге бас-
шы болмақ?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
«Алла Тағала өзінен тілек тілеген барлық адамның
дұғасына жауап береді. Оның құлдарының дұғаларына
182
Сунән әт-Тирмизи.
319
ИМАНИ ГҮЛ
жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі
арқылы, яки дұғасының сауабын ақыретке жинауы
немесе тілеген тілегінің көлемінде күнәсінің кешіруі
арқылы жүзеге асады
183
. Бірақ кісі күнә нәрсені тілемесе
немесе туысқандық қатынастың бұзылуын сұрамаса әрі
жасаған дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса
болғаны
184
.
Дұғалардың қабыл болуының басқа да шарттары бар.
Мысалы, дұғаны ықыласпен жасау, ешбір харам аспен
қоректенбеу сияқты.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Адамдар
дұғам қабыл болмайды деп шағым жасайды. Алайда,
оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы
қалай қабыл болсын?» десе, басқа бір хадисінде: «Біліп
қойыңдар! Алла Тағала құлықсыз жүрекпен жасалған
дұғаны қабыл етпейді»
185
деген.
183
Тирмизидегі басқа бір риуаятта: «Тілеген тілегінің көлемінде
күнәсін кешіруі арқылы» дегеннің орнына «жасаған дұғасының
көлемінде жаманшылықтан сақтау арқылы» делінген.
184
Тухфатул-ахуази Шарху Жамуғут-тирмизи, 2-том, 2426-бет.
«Дәрул байтул афкария» баспасы.
185
әл-Хаким, әл-мүстадрак алассахихайн, 1-том, 670-бет.
«Дәрулкутубил илмия» баспасы, Бәйрут, 1990 ж.
320
Жалпы пайғамбарлардың саны қанша?
Әйел затынан неге пайғамбар келмеген?
Жер
жүзіне
көптеген
пайғамбарлар
кел-
ген. Пайғамбарымыздың бір хадисінде жалпы
пайғамбарлардың саны жайлы 124 мың делінсе, басқа
бір хадисте 224 мың делінуде. Бірақ, бұл хадистердің
әлсіз хадистердің қатарына жататынын да естен
шығармағанымыз жөн. Сондықтан жалпы жер бетіне
жіберілген пайғамбарлардың нақты саны бізге беймәлім.
Құранда жиырма сегіз пайғамбардың аты аталғанымен,
үшеуінің пайғамбар болып-болмауына қатысты ғалымдар
арасында әр түрлі пікірлер бар. Пайғамбарлар тек қана
араб түбегіне келмеген. Барлық жерге, әр түрлі қауымдар-
ға арнайы пайғамбарлар жіберілген. Адамзаттың жараты-
лу мақсаты «Ұлы Жаратушыны тану, оған ғибадат етіп,
өзіне жүктелген төл міндетін түсіну» сияқты күрделі
тақырыптар болғандықтан, бұларды түсіндіру үшін
адамзатқа пайғамбардың жіберілуі үлкен қажеттілік. Себе-
бі, жаратылыстағы осы ұлы мақсатты адам баласының
жалаң ақылымен қатесіз тауып, хақ пен нахақты уахидің
көмегінсіз ажыратып түсінуі әсте мүмкін емес. Адамның
бүгін тура дегені ертең қате шығып жататындығы да, міне,
сондықтан.
«Исра» сүресінде былай делінеді: «Біз пайғамбар
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
186
.
Яғни, пайғамбар жіберілмеген қауымдарды азаптау –
186
Исра сүресі, 15-аят.
321
ИМАНИ ГҮЛ
Ұлы жаратушының шексіз рақымдылығына қайшы.
Алла Тағала арғы дүниеде әрбір жаманшылықтың есебін
алып, күллі ізгіліктің сый-сыяпат, қарымын беретін
болғандықтан, барша адамзатқа арнайы пайғамбар
жіберген. Құранда: «Ескертуші пайғамбар келме-
ген ешбір үмбет жоқ»
187
-делінеді. Демек, Адам ата-
дан бастап көптеген елшілер пайғамбарлық міндетімен
жер бетін нұрландырып, адамзатқа ақиқаттың пердесін
ашып отырған. Кейбір зерттеушілердің сөзіне құлақ
салсақ, Африканың мәдениеттен, білімнен бейхабар,
тіпті араларындағы кәрі кісілердің етін жеуді әдетке
айналдырған кейбір қараңғы тайпаларының сенімдерінде
« Алла жалғыз, Оның серігі жоқ. Егер екі Құдай болса,
алып жүйе бұзылады», «Жаратушы тумады да туыл-
майды» сияқты, Құран білдірген ақиқаттарға сайма-сай
ережелердің бар екенін айтуда. Демек, мұндай жалаң
ақылмен біліне бермейтін ұлы ақиқаттарды бір уақыттарда
сол тайпаларға жіберілген пайғамбарлар жеткізген болса
керек.
Әйелден пайғамбар келіп-келмеу мәселесіне тоқта-
лар болсақ, «әһлі-сүннет уәл-жәмағат» ғалымдарының
көпшілігі әйел затынан пайғамбар келмегендігі жайлы
бір көзқараста
188
.
Құранда: «Сенен бұрын да біз уахи етілген тек
еркектерді пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер
білім иелерінен сұраңдар» - делінеді
189
.
Себебі, әйел тегінен пайғамбардың келгендігін
білдіретін шариғи нақты дәлел жоқ. Негізінде, әйел заты-
нан пайғамбардың келмеуі оларды кемсіткендік емес. Хақ
187
Фатир сүресі, 24-аят.
188
Әһлу сунниттік кәләм ғалымы Әшғари бойынша, әйелдерден де
пайғамбар жіберілген.
189
Әнбия сүресі, 7-аят.
322
ИМАНИ ГҮЛ
Тағала жаратылыстағы барлық нәрсені бір-бірін тәмамдап,
толықтыратындай кейіпте жаратқан. Тең күштер әрдайым
бір-бірін теуіп, итеретіндігі де заңдылық. Сондықтан
әйелдің мейірімділігі мен нәзіктігі еркектің күштілігі мен
қуаттылығы әрдайым бір-бірін толықтырып, оң және теріс
зарядтар тәрізді бір жерде бірігулеріне жағдай жасауда.
Соңғы ғасырларда қолдан әйел болмысын еркекке
айналдыру – оның өз еріне бағынбай, қарсы шығуына
әкеп соқты. Сөйтіп, басшысыз қалған отбасында бақыт
байрағы жерге құлап, жанұя мүшелерінің сансырауына
себеп болды.
Шынтуайтында, жанұямен қатар қоғамда әйел
затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де
киелі орны бар. Дүниеге сәби әкелу – еркектің қолынан ке-
лер іс емес. Ол – тек әйелдің еншісіне бұйырған қастерлі
міндет. Ұрпаққа керекті тәлім-тәрбиені беріп, қоғамға
пайдалы азамат өсіруден артық та абзал міндет жоқ. Міне,
осы міндет те – тікелей ананың мойнынадағы қасиетті
борыш. Әйел заты өз болмысына жарасымды міндетін
ұмытып, еркекке ұқсауға тырысқан күннен бері ұрпақ
саны азайып, тіпті сол аз ғана ұрпақтың өзі тәрбиеден
алшақтап, қоғамда келеңсіз жайттар көптеп орын ала
бастады.
Ендеше, әйел затына пайғамбарлық міндеттің
жүктелмеуі – оның адами деңгейінің төмендігінен емес,
керісінше, ерекше жаратылысы мен нәзік табиғатына
тікелей байланысты.
Иә, әйел баласы әр ай сайын хайыз
190
мерзімінің
келуіне байланысты оншақты күн пайғамбарлық міндетін
атқара алмайды. Мұндай кезде әйел адам Хақ Тағаладан
уахи алып, хабарласу былай тұрсын, жай мұсылманның
атқаратын ораза, намаз сияқты ғибадаттарды да атқара
190
Етеккір.
323
ИМАНИ ГҮЛ
алмайды. Бұған қоса, оның жүкті болу жағдайы, сәбиді
дүниеге әкелгеннен кейін қырық күндей нифас мерзімі
тағы бар. Жаңа туған нәрестеге қарау сияқты әйел
ғана атқара алатын маңызды істер оның пайғамбарлық
міндетіне ақау келтіреді.
Пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Пайғамбарлық
жүктелген жан қашанда қауіп-қатер мен небір
қиыншылықтардың бел ортасында жүреді. Ол – соңынан
ергендерге әр істе өнеге болып, жол көрсететін көшбасшы
көсем тұлға. Ол – керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы
шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда стратегиялық
шұғыл шешім қабылдап ел қорғайтын дана қолбасшы.
Мұның бәрі үйде отырып атқаратын шаруа емес.
Пайғамбарлық бір ғана отбасындағы балаларды тәрбиелеу
емес, жалпы адамзатты тәрбиелеу болғандықтан әйел
тегінен пайғамбар келмеген.
Сөз түйіні, әйел тегінен пайғамбар келмегенімен
барша пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге
әкелгендердің әйелдер екені даусыз.
324
Мұсылман емес мемлекеттерде туып-
өскен адамдардың ақыреттегі жағдайы қалай
болмақ?
Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген
ең ақырғы діні. Ақырғы дін келгеннен кейін бұрын
келген барша діндердің үкімі жойылды. Алла Тағала
Құранда: «Кімде кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл
болмайды...»
191
деген.
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелме-
ген жандардың бәрі жаппай тозаққа барады деп кесіп
айтылған нақты үкім жоқ. «Әһлус-суннет» ғалымдары бұл
мәселеде әр түрлі көз қараста. Мысалы, Әшғари бойынша
ешбір дін, ешбір құдайылық баян жетпеген адамдардың
барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте сұраққа тартыл-
майды. Алла Тағала «Исра» сүресінде дін жетпеген ешбір
қауымды азаптамайтынын білдірген: «...Біз пайғамбар
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
192
.
Алла Тағала мұндай жандарды өзінің жәннат нығметінен
белгілі бір дәрежеде құр алақан қалдырылмайды.
Ал Матурудилер бойынша, барлық адамдар
пайғамбар келсін-келмесін, дін жетсін-жетпесін
Ұлы Жараушының аты мен есімін, кітаптары мен
пайғамбарларын білмесе де, Оған иман етулері керек.
Мұндай жандар ақыретте ғибадат тұрғысынан сұралмаса
да, иман тұрғысынан сұраққа алынады. Себебі, адамның
ақылы ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата
191
Әли Имран сүресі, 85-аят.
192
Исра сүресі, 15-аят.
325
ИМАНИ ГҮЛ
алатындай кейіпте жаратылған. Табиғаты да Ұлы Жа-
ратушыны табуға әрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған
қоса, әлемдегі әрбір жаратылыс бойындағы ғажайып
нақыштарымен Ұлы Жаратушының бар екендігін паш
етуде. Аспан әлеміндегі жымыңдаған жарық жұлдыздар,
жер бетіндегі құлпырған тамаша өсімдік әлемі, жараты-
лыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен
шопанның өзі Ұлы Құдіретті тапқандығы хадисте риуа-
ят етілген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына кел-
ген бәдауиден Ұлы Жаратушыны қалай тапқаны жайлы
сұраған уақытта, ол былай деп жауап берген: «Бір жердегі
түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де
сол жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе?
Ендеше, мына таңғажайып жүйемен жаратылған аспан
әлемі, мына ғажап әдемілікке толы жер беті – шексіз білім
иесі һәм барлық нәрседен толық хабардар Ұлы Құдіретті
қалайша меңземесін?!». Демек, қарапайым түйешінің өзі
әлемдегі барлық нәрсені жаратып, оны керемет жүйемен
еш ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген.
Олай болса, иман мәселесінде ақыл-ойдың рөлін толықтай
жоққа шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда,
ғалым Матуруди «адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жарату-
шыны таба алады» деген
193
.
Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген
яки жетсе де, өзінің шынайы келбетінде емес, бұрмаланған
түрде жеткен әрі оны дұрыс тану мүмкіншілігі мүлде
жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан жандарды Алла Тағала
өзінің рақымына бөлейді деп үміттенеміз. Ал ислам діні
толық жеткен әрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра
оған салғырт қарап, қырсықтық пен тәкаппарлықтың
193
М, Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том,
57-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.
326
ИМАНИ ГҮЛ
шырмауынан шыға алмай, ақиқатқа көз жұмған ақ пен
қараны ажырата алатындай ақыл-есі бар жандар ақыретте
азапқа душар болады. Тек шет мемлекеттегі адамдар
ғана емес, исламның қайнап тұрған жеріндегі адам-
дар да пайғамбарымыздың әкелген ақырғы дініне құлақ
аспай, Жаратқанның жіберген соңғы нұрына жарықтан
қашқан жарқанат тәрізді көз жұмып, иманнан адасып,
күпірлікке жүгірер болса, тозаққа барады. Бұл мәселеде
Алланың рақымынан артық рақымшылық ойлау өзіміздің
шамамызды білмеу әрі Ұлы Жаратқанды қатігезге теңеу
болғандықтан өте сақ болғанымыз жөн.
Алла Тағала әр пендесін өзіне берілген мүмкіндік-
теріне қарай сұраққа тартатыны ақиқат. Сондықтан
мұсылман емес мемлекеттердегі адамдардың жеке
жағдайы мен мүмкіншіліктеріне қарай бұл сұрақтың
жауабы да әр түрлі болмақ. Олай дейтініміз, мүлде
дін жетпеген, қараңғы қоғамда өмір сүрген адам мен
хақ діннің ортасында туып-өскен адамның ақыреттегі
жауапкершілігі бірдей болмасы анық. Бәлкім, ешбір дін
жетпеген жапан даладағы бір адамның жан жүрегімен
«Уа, Жаратқан!» деп бір рет айтуы – ақыретте исламның
қайнаған жерінде туып өскен адамдардың мың рәкат на-
мазынан асып түсуі әбден мүмкін.
Міне, сондықтан біз мұсылман емес мемлекеттер-
де туып-өскен жандардың бәрін бірдей дереу кәпір деп,
«олардың барар жері тозақ» дей алмаймыз
194
. Үлкен
ақида ғалымдарының жоғарыдағыдай көзқарасынан кей-
ін, біздер бұл тақырыпта өте абай болғанымыз жөн.
Мәселенің бізге қатысты жағын қозғар болсақ, біз ис-
ламды сахабалар тәрізді әлемнің түкпір-түкпіріне дұрыс
194
Себебі, «кәпір» деп: ислам толық түсіндіріліп, оны
қабылдамаған адамға айтылады. Мустафа Зарқа, Фәтәәуа.
«Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.
327
ИМАНИ ГҮЛ
жеткізе алдық па? Исламды өзінің шынайы келбетінде
насихаттап, нағыз мұсылманшылықты тазалығымен,
білімімен, экономикасымен, бірлігімен, тірлігімен,
қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде көрсете
білдік пе? Бұл сұрақтарға «иә» деп жауап бере алма-
сымыз айдан анық. Ендеше, ғылымнан артта қалып,
сауатсыздық жайлаған, экономикада басқаларға тәуелді,
саясатта тізгінді басқаға ұстатқан, өз арасындағы бірлігі
бұзылған қазіргі ислам әлемін қай батыс елі үлгі алып,
«мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет» деп
исламға жүгірсін? Әрине, біз бұл жерде ислам әлемінің
қазіргі жағдайы олардың хақ дінді іздемеулеріне толық-
тай сылтау бола алады деуден де аулақпыз.
Дей тұрғанмен, өз жағдайымыз осындай
болғандықтан, мұсылман емес мемлекеттердегілер-
дің бәрін тозаққа толтыру сияқты тар түсініктен
аулақ болғанымыз жөн. Басқа мемлекеттерде шала-
шарпы, тиіп-қашып жүйесіз жасаған мардымсыз
насихаттарымызға иек артып, олардың исламға жаппай
бет бұруын күтуіміздің жөні жоқ.
Олай болса, ақыретте өзгелерден бұрын біз
мұсылмандар «сендер неге жеткізбедіңдер» деген сұраққа
тап боларымыз ақиқат. Сондықтан бар мүмкіншілігімізді
әлемге хақ діннің жайылуы үшін, мұсылманшылықты
шынайы келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп етуіміз
ләзім.
Бір күні, иншалла, ислам әлемі дүниедегі өзінің
бұрынғы тұғырына қайта оралады. Алла Тағала Құранда
өзінің соңғы дінін тәмамдайтынын уәде еткен. «Сөзсіз,
Достарыңызбен бөлісу: |