ИМАНИ ГҮЛ
айтқандай Оның (с.а.у.) «нәпсіқұмар, әйелқұмар» емес
екенін дәлелдеуіміз қажет. Ол үшін пайғамбарымыздың
өмір сүрген дәуірі мен қоғамын жетік білуіміз ләзім. Иә,
ол дәуірдің «надандық, қараңғылық» дәуірі делініп, та-
рихта қара таңбасымен орын тепкені бәрімізге мәлім.
Надандық пен қараңғылық үстемдік еткен бұл қоғамда
зинақорлық ашықтан-ашық жасалды. Тіпті, зина жа-
саушы осы ұятты ісімен халық алдында мақтанып, атақ-
абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре шатасып, көптеген ба-
лалар өз әкесінен бейхабар-ды. Осыншалықты бұзылған
қоғамда Пайғамбарымыз – өзінің ар-ұятына зәредей кір
жуытпаған абзал тұлға. Ол өзінің алғашқы отауын жиыр-
ма бес жасында тіккен еді. Пайғамбарымыз күш-жігердің
бойда тасып тұрған осы бойдақтық шағында да ұятты
істерге маңайламады. Нәпсісін тежеп, өзінің ерік-жігеріне
ие бола білді. Егер пайғамбарымыз осы жасына дейін
әлдебір әйелмен заңсыз байланыста болған жағдайда,
тырнақ астынан кір іздегіш дін дұшпандары мұны жерден
жеті қоян тапқандай аттан салып күллі әлемге жар салар
еді. Алайда, пайғамбарымыздың пәк өмірі мұндай лас
істерден пәк болғандықтан, дін дұшпандарының діңкесі
құрып, бұл туралы жақ аша алмауда. Демек, Мұхаммед
(с.а.у.) – пайғамбарлық шағына дейін де нәпсіқұмарлық
пен әйелқұмарлықтан аулақ болған, ар-ұятына қылаудай
дақ түсірмеген абыройлы жан
163
.
Жиырма бес жасында өзінен он бес жас үлкен Ха-
диша анамызбен шаңырақ көтерді. Пайғамбарымыз
Мекке қаласындағы, тіпті, дүниедегі ең сымбатты әрі
ең сыйлы жан бола тұра өзінен он бес жас үлкен Хади-
ша анамызбен некелесті. Дін дұшпандары айтқандай,
163
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати
шубуһаатил-мушаккикин, 354-бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла
ли шуунил-Исламия. 2004 ж.
289
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз нәпсіқұмар біреу болғанда, өзінен он
бес жас үлкен әйелге үйленер ме еді? Хадиша анамыз бай
болғандықтан үйленді деген ой тіптім орынсыз. Себебі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша анамызбен үйленгеннен
кейін барлық байлығын дін жолында кедейлерге таратып,
өздері күнкөрісі қарапайым халықтан да төмен жұпыны
өмір сүргенін ұмытпайық. Байлық үшін үйленген адам өзі
әрең жеткен байлықты мұқтаждарға осылай оңды-солды
таратар ма еді?!
Хадиша анамызбен көтерген бұл киелі шаңырақтың
дәм-тұзы жиырма бес жыл жарасты. Хадиша анамыз
о дүниелік болғаннан кейін де пайғамбарымыз (с.а.у.)
бес-алты жылдай бала-шағасымен жалғыз қала берді.
Егер пайғамбарымыз әлгілер айтқандай әйел құмар
болса, осыншама жыл қалай ғана ешбір ұятты істің
көлеңкесіне де маңайламастан бойдақ жүре алды?
Пайғамбарымыздың бұдан кейінгі барлық некелесулері
әйелге деген құмарлық сезімнің азаятын шағында ба-
сталды. Яғни, 53-54 жасында. Бұған қоса, Айша ана-
мыздан өзге некелескен жарларының барлығы да
үлбіреген жас қыздар емес, жастары әжептеуір ұлғайған
жесір әйелдер еді. Тіпті, көбінің бұрынғы күйелерінен
бірнеше баласы да өздерімен ере келген болатын. Ал
енді пайғамбарымыздың барлық некелесулері әйел
құмарлықтан, нәпсіқұмарлықтан туындаған бол-
са, пайғамбарымыз қалыңдыққа жасы ұлғайған жесір
әйелдерді емес, он екі де бір гүлі ашылмаған үлбірген
жас қыздарды таңдар еді ғой.
Күннен-күнге өрістеп кең етек алып бара жатқан
жаңа дінді тоқтату үшін не істерлерін білмей абдыраған
құрайыштықтар Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу
Тәліпке келіп: «Біз оған қалаған байлығын берелік, қала-
са, Меккенің бар билігін қолына ұстатайық, әйел қала-
290
ИМАНИ ГҮЛ
са, ең әдемі қызымызға үйлендірейік, ауруға шалдықса,
дүниенің ең атақты дәрігерін шақыртып емдетейік.
Тек ата-бабамыздың дініне қарсы шықпасын. Мына
жаңа дінін тастасын», – деп ұсыныс тастаған еді.
Әбу Тәліп құрайыштықтардың бұл ұсынысын Алла
елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естір-
естімес: «Алла Тағалаға ант етейін, егер менің оң
қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да мен бұл
дінімді уағыздаудан бас тартпаймын», – деп жауап
берді. Егер нәпсісін тояттату үшін үйленер болса, Мекке
мүшріктерінің бұл ұсыныстарына пайғамбарымыздың
(с.а.у.) берер жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?!
Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көп әйелмен
некелесуінің астарында нәпсіқұмарлық емес, басқа биік
мақсаттар мен ұлы хикметтердің жатқаны есті адамға ай-
дан анық. Бұл хикметтерді қысқаша түсіндірейік:
1. Тәлім-тәрбие және үйретуге байланысты. Ис-
лам діні – ең ақырғы дін. Сондықтан бұл дін күллі
адамзаттың қажеттілігін өтейтіндей ерекшелікке ие бо-
луы ләзім. Міне, сондықтан тіршіліктің қай қырын бол-
са да қамтитындай ереже-қағида, заңдар әкелуге тиісті.
Адамзат көкейіндегі кез-келген сұрақтарына жауап таба
алуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үй тіршілігі, жанұя
өмірі, түнгі өмірі, үй ішіндегі қарым-қатынастары т.б.
бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі
нақты түрде бүге-шігесіне дейін түсіндірілуі керек. Олай
болмаған жағдайда қияметке дейін жалғасатын ақырғы
бұл дін түсініксіз, жабық күйінде қалмақ. Ал ондай діннің
әлемдік дін болуы әсте мүмкін емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көп адамға беймәлім
жанұя тынысының толық білініп, адамзатқа жеткізілуі
үшін Оның отбасында бірнеше жанның болуы ләзім. Міне,
291
ИМАНИ ГҮЛ
осындай ұлы мақсаттың жүзеге асуы үшін Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бірнеше әйелмен некелескен болатын.
Пайғамбарымыздың әрбір сөзі ғана емес, әрбір іс-
әрекеті – үмбетіне темірқазық іспетті жол көрсетер ереже-
қағида. Оның түнде тұрып оқыған намазын, мінәжат,
ғибадаттарын бізге осы пәк жұбайлары жеткізбегенде,
пайғамбарымыздың бұл тұстары үмбетіне мүлде
беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына на-
зар аударар болсақ, Хақ Елшісінің (с.а.у.) түнгі намазы,
үйдегі қарым-қатынасы, басқа да бөгде адамдар көре
бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты
пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша
анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай хадистің
қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білуші еді. Әбу
Муса әл-Әшғари (р.а.): «Бізге (сахабаларға) бір хадис
түсініксіз болса, оны Айшадан сұрап білетін едік»
164
-деп, пайғамбарымыздың пәк жұбайларының исламды
түсіндірудегі ерекше орнын білдірген.
Әйел баласына қатысты сан алуан үкімдерді үйретуде
пайғамбарымыздың ақ некелілері мұсылман әйелдер
мен пайғамбарымыздың арасында дәнекерлік қызметін
атқарды. Пайғамбарымыздың әйелдерінің бірнешеу
болуының арқасында әйел заты өздеріне қатысты ислам
үкімдерімен оңайырақ танысу мүмкіндігі туды. Ислам
дініндегі әйелдерге байланысты хайыз, нифас секілді
кейбір ұятты мәселелерді пайғамбарымыздың әйелдерге
тікелей түсіндіруі дұрыс емес-ті. Міне, сондықтан
пайғамбарымыздың ақ некелілерінің әрқайсысы әйел-
дерге осы мәселелерді емін-еркін түсіндіретін.
Алла елшісінің жұбайларының арасында жас, орта
жастағы және жасы егде тартқан әйелдер бар еді. Себебі,
164
Хадисті имам Тирмизи жеткізді.
292
ИМАНИ ГҮЛ
әр жас мөлшерінің өзіне тән жеке мәселелерінің болаты-
ны да сөзсіз. Міне, осы мәселелер пайғамбарымыздың
ошағын-да іс жүзінде, Алла елшісінің көз алдында
болғандықтан, жауабы мен шешімдері де дер кезінде
беріліп отырды. Пайғамбарымыздың әр жас ерекшелігіне
тән мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін
үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында
жүзеге асты.
Пайғамбарымыздың
шаңырақ
көтерген
ақ
некелілері арабтың түрлі руларынан болатын. Тіпті,
олардың арасында сол аймақтағы еврей сияқты басқа
да ұлт өкілдері де бар еді. Олар пайғамбарымыздың
көзі тірісінде әрі бақилық болғаннан кейін де өз рула-
ры мен қауымдарына ислам дінін үйретуге атсалысты.
Пайғамбарымыздың әр жұбайы өз руларының ортасын-
да ұстаздық қызметін атқарды. Тәпсір, хадис секілді
білім салаларының тарауында үлкен үлес қосты.
2. Қоғамға қатысты хикметтері:
А) Пайғамбарымыздың әйелдерінің басым көпшілігі
пана тұтар ешкімі жоқ әрі жетім балаларымен жалғыз
қалған жесір әйелдер болатын. Пайғамбарымыз жаңа
дінді уағыздай бастағанда мұсылмандар мүшріктерден
қатты жәбір көрді. Оларды сан алуан азаптарға душар
етті. Ислам діні жаңа тарай бастағандықтан бір отбасында
кейбіреулердің әйелдері мұсылмандықты қабылдағанымен
күйеулері қарсы болатын, енді біреулерінің қыздары
мұсылман болып, әкелері исламнан бас тартты. Мұсылман
болған әйелдерге ең алдымен күйеулері, сосын әкелері
қарсы шығып, жаңа діннен қайтуы үшін оларды аяу-
сыз таяқтың астына алып, шырқыратып жан шыдатпас
азаптарға салатын. Бір жолын тауып күйеулерінен қашқан
қорғансыз мұсылман әйелдерді пайғамбарымыз кейде
сахабаларына кей тұстарда Алланың әмірімен, өзіне не-
293
ИМАНИ ГҮЛ
келеп, оларды мүшріктердің азабынан құтқарып, оларға
пана бола білді.
Бір жанұяда кейде әйелі де, күйеуі де мұсылмандықты
бірдей қабылдап жатты. Ерлері түрлі себептермен о
дүниелік болған мұсылман әйелдер әке-шешесінің, ағайын-
туысының жанына барған жағдайда оны дереу өлтіретіні
яки жан шыдатпас азапқа душар ететіндері сөзсіз еді.
Осындай қорғансыз қалған жесір әйелдерді мүшріктерге
қорлатпай аман алып қалу үшін пайғамбарымыз (с.а.у.)
оларды өз ұсыныстары бойынша сахабаларға яки Алла
Тағаланың әмірімен өзіне некелейтін. Міне, осындай
қиын жағдайға тап болған мұсылман әйелдердің жара-
лы көңілдеріне медеу болып, жетімдерінің басын сипау
үшін пайғамбарымыз үйлену сияқты қиын істі кейде өз
жауапкершілігіне де алатын.
Пайғамбарымыздың хазіреті Сәуда, Хафса, Мәймуна
аналарымызбен үйленуінің астарында осындай мақсаттар
жатыр.
б) Алла елшісінің көп әйелмен некелесуінде сол
кездегі қоғамға тән кейбір ерекшеліктер назарға алынған.
Мысалы, сахаба Әбу Бәкір, Омардың қыздарымен үйленуі
арқылы Құрайыш руымен туысқандық байланыс құрды.
Арабтарда туыстық қатынастар өте қуатты еді. Міне, осы
туыстық сезім, байланыс арқылы құрайыш руының жаңа
дінге жақындай түсулеріне себеп болды.
3. Саяси мақсаттар:
Алла елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) некелесуінің
бір қыры саяси мақсатқа да сүйенді. Бұл арқылы
пайғамбарымыз көптеген рулардың ислам дінімен та-
нысуына себеп болды. Бір адам белгілі бір румен яки
ұлтпен қыз алысқанды ол ру яки ұлтпен табиғи түрде
жақындық байланысы күшейе түсетіндігі белгілі. Яғни,
құдалық-құдандалық байланыс арқылы араларындағы
294
ИМАНИ ГҮЛ
ыза-кек, дұшпандық жойылып, сыйластық бой
көтереді. Міне, адам табиғатының осы бір қырын
жақсы білген пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны ислам дінін
жұртқа жеткізуде шебер қолдана білді. Мысалы, Ха-
рис қызы Жубәйра, Хуйай қызы Сафия және Әбу Су-
фиян қызы Рәмләлармен некелесуінде осындай астар
бар. Аталмыш үш анамыз да сол қоғамда әжептеуір
ықпалы бар кісілердің қыздары еді. Жубәйра мен
Сафияның әкелері еврейлердің басшыларының сана-
тында болатын. Бұлармен некелескеннен кейін еврей-
лермен туысқандық қарым-қатынас орнап, көптеген
адамдардың Исламмен танысып, мұсылман болуына
мүмкіншілік туды. Ал, Рәмлә анамыздың әкесі Әбу
Суфиян Мекке басшыларының бірі болумен қатар
мұсылмандардың азулы дұшпаны еді. Мұсылмандарға
көрсетпегені қалмаған Әбу Суфиян қызы Рәмланың
Пайғамбарымызбен үйленуінен кейін әжептеуір
жұмсарып, кейіннен Ислам дініне өз еркімен кірді
165
.
Құдаласу арқылы ара-қатынас, байланысты
жақсарту тәсілі кейінгі ғасырларда да көп қолданылды.
Мысалы, қазақ хандары қалмақтар секілді көршілес
елдермен де қыз алысқан. Мақсат – қарым-қатынасты
күшейту, олардың ішкі саясатынан хабардар болу, елге
төнер қауіптің алдын алу болған. Бір өкініштісі, бұл
тәсіл кейіннен мұсылмандарға қарсы да қолданылған.
Тарихта кейбір үлкен мансапқа қол жеткізген мұсылман
басшылардың жұбайларын зерттеген уақытымызда
олардың да ағылшын, француз, неміс, еврей сияқты өзге
ұлттардан болғандығын көреміз.
165
Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликл -
риндеки хикметлер–1. Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.
295
ИМАНИ ГҮЛ
Алайда пайғамбарымыз бұл тәсілді игі мақсатта
қолданған. Адамзаттың исламмен танысып, екі дүниеде
де бақытты болуын көздеген.
Иә, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған, тарихта бұрын-
соңды болмаған әрі ескірмейтін, тозбайтын рухани,
ғылыми, саяси, мәдени төңкерістерінің ешбірін елемей,
Алланың бұйрығымен жоғарыда айтылған ұлы мақсаттар
мен асыл хикметтер үшін Оның (с.а.у.) көп әйелмен
некелесуін жамандыққа балап, жарықтан қашқан
жарқанат тәрізді иләһи нұрдан, исламнан қашқан жан-
дар үшін Алла Тағаладан тек қана тура жол тілеп,
жүректерінің иман нұрымен нұрлануын қалаймыз!
296
Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың
бүгінгі күні ғылым-білімде артта қалуы
неліктен?
Ислам – адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер
Алла Тағаланың ақырғы діні. Оның дәлелі – Құранның
нұрлы аяттарын өмірлерінің сан саласына шамшырақ
ете білген мұсылмандар. Иә, Құран қағидаларын
берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген алғашқы
мұсылмандар мәдениетте, ғылымда күллі әлемге
ұстаздық етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы
аяты «иқра», яғни «оқы!» деп түскен. Бұл бұйрық тек
Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адам-
ды оқу, жалпы ғаламды зерттеп-зерделеп оқу еді. Құран
аяттары мен Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері
мұсылмандарды әрдайым білімге, ғылымға үндеді. Тіпті,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «ғылым үйрену – әрбір мұсылман
ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз» деп, ғылым
үйренуді әйел-еркек деп бөліп жатпай, әрбір мұсылман
баласына парыз етті. Ғылым іздеуді мектеп, университет
сияқты білім ордаларымен, докторлық, профессорлық
тәрізді ғылыми дәрежемен яки өмірдің белгілі бір
кезеңімен ғана шектемей «ғылымды бесіктен көрге дейін
ізде!» деп, үлкен талап қойып, бүкіл өмірді қамтитын
нысананы меңзеді. Исламда әрбір ғылым саласы Алла
Тағаланың құдіретін, ұлылығын, шеберлігін, шексіз білімін
паш етіп, құлды Жаратушыға бір табан жақындататын
болғандықтан, мұсылмандар ғылымға жай ғана ізденіс,
өзінің атын шығаратын әуестік емес, ғибадат, құлшылық
ретінде қараған. «...Білетіндер мен білмейтіндер тең
297
ИМАНИ ГҮЛ
бе?...»
166
деп келетін Құран аяттары білетіндер мен
білмейтіндердің, сауаттылар мен сауатсыздардың сөз
сөйлеуде, өзгелермен қарым-қатынаста, ел басқаруда,
бала тәрбиелеуде, жалпы қай қырынан болмасын тең
еместігін, тіпті, Алла Тағаланың алдында да бір дәрежеде
болмайтындығын ашық ұқтырды. Құран иман еткен жан-
дарды әрдайым «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойлана-
тын ақыл иелері үшін жаратылыста ғибраттар бар»,
«пікір өрбітпейсіңдер ме?» деген секілді көптеген аятта-
рымен қашан да оймен саралауға, ақылға жүгініп, терең
пайымдауға, салмақты пікірге шақырды. Тіпті, бір сағат
ғылым-білім үйрену исламда бір жылдық нәпіл ғибадаттан
да артық саналды
167
. Ислам әркімге еңбегіне қарай несібесі
берілетіндігін айтып, Құдайға сеніп қам-қарекетсіз қол
қусырып жатудың дұрыс еместігін түсіндіріп, еңбекке,
ізденіске шақырды. Мұсылман әрбір ісін Алла Тағаланың
назарына ұялмай ұсынардай тиянақты, сапалы істеуі тиіс.
Себебі, Құран аяты осыны талап етуде. «Еңбең етіңдер!
Себебі, істеріңді Алла Тағала, оның елшісі, жалпы
мұсылмандар көреді»
168
.
Дініміздің адамзатты ғылымға қызықтырып, еңбек-
ке құлшынтқанын жете түсініп, Құранның әрбір аятын
өмірлеріне шамшырақ ете білген мұсылмандардан әр
түрлі ғылымның негізін қалаған көптеген ғұламалар
шығып, күллі әлемге сара жол қалдырды.
«Жер домалақ па, төрт бұрышты ма, жоқ әлде
мидай жазық па? Жер күнді айнала ма, жоқ күн жерді
айнала ма?» деп аражігін ажырата алмай, батыс ала
шапқын болып жатқан кезде жердің домалақ екендігін
VIII ғасырда-ақ тәпсір ғалымдарымыз анық айтып кет-
166
Зумәр сүресі, 9-аят.
167
Кашфул-хафа, 1-том, 310-бет. Тахриж ахадисил-Ихиа, 9-том,
291-бет.
168
Тәуба сүресі, 105-аят.
298
ИМАНИ ГҮЛ
кен болса, ХІ ғасырда Әл-Бируни сынды мұсылман
ғалымдарымыз ғылыми тұрғыдан дәлелдеген болатын.
Ал батыс елі ХІ ғасыр емес, XVI ғасырдың орта шеңінде
де жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған Ко-
перник, Галилео Галилей сынды ғалымдарын Інжілдің
қағидаларына қайшы деген қатігездікпен шіркеудің
инквизиция сотына салып, өртейміз деп қорқытып,
пікірлерінен айнуға мәжбүр етті. Ал Италияның ғалымы
Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін аяусыз тірідей
өртеп жіберді. Орта ғасырлардағы батыстың ғылымға
деген осындай жабайы көзқарасына қарамастан, соңғы
ғасырларда ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге
жеткендіктерінің арқасында философия мен тарих көбіне
еуроцентристік көзқараста жазылып, бүкіл мәдениет
пен философияның «бастауы» европалықтар болып
шыға келді. Бұл көзқарасты қалыптастырғандықтары
соншалық, қай қоғамда болмасын әлі күнге осы жаңсақ
пікір жетегінде жүргендер баршылық. Мәдениет, білім,
тарих кітаптарында мұсылман ғалымдарының атта-
ры тіптен ескерілмеді. Мұсылман мәдениетінің ең бір
гүлденіп, шарықтау шегіне жеткен алтын дәуірі әдейі
бүркемеленіп, орта ғасырды европалықтар «қараңғылық
дәуірі» деп атады.
Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың
қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда,
батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен техно-
логия саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне
мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор болғандығы анық.
К.В. Бодлейдің айтқанындай: «Қазіргі батыс мәдениеті
ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар».
Тарихқа үңілсек, мұсылмандардың батыс ғалым-
дарынан бұрын көптеген ғылымның негізін қалап, талай-
талай жаңалықтарды ашқанына куә боламыз. Алғашқы
299
ИМАНИ ГҮЛ
күн сағатын ойлап тапқан орта ғасыр астрономия және ма-
тематика ғалымы Жабир ибн Әфлах та мұсылмандардан
еді. Ол Батыста «Geber Filius Afflae» есімімен танымал.
Химия саласының атасы Жабир ибн Хаййан (721-805):
«Материяның ең кішкентай бөлшегі атомда тығыз
энергия бар. Грек ғалымдарының айтқанындай атом
бөлінбейді деу дұрыс емес. Бұл да бөлінеді. Ал, бөлінген
жағдайда Бағдаттың күл-талқанын шығаратындай
күш пайда болады. Бұл – Алланың құдіретінің ныша-
ны» деп, атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген.
Зоология ғылымының алғашқы ұстаздарынан Жаһиз
(негізгі аты Әбу Осман Амр ибн Бахр) және сегіз
ғасыр бұрын автоматтық жүйені ал-ғаш ойлап тапқан
Жәзари (1136-1206), европалықтардан 400 жыл бұрын
«Хайатул-Хайауан» атты зоологиялық энциклопе-
дия кітабын жазған Демири (1349-1405) (негізгі аты
Мұхаммед ибн Муса), европаға математиканы үйреткен
Әбу Камил Шужаъ (?-951), Тригонометрияға тангенс,
котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан
математик Әбул Уәфа (940-998), ең алғаш «мәд жәзір»
(теңіз суының көтеріліп-түсуі) заңын ойлап тапқан ғалым
Әбу Мағшар (785-886) да мұсылман ғалымдардан еді.
Сондай-ақ, алғаш рет жүйелі әрі кең көлемді «Әл-Жабр
уәл-Мұқабала» атты алгебра кітабын жазып, батысқа ал-
гебраны үйреткен ғалым әл-Хорезми (780-850) болған.
Әлі күнге дейін бұл ғылым сол кісінің жазған «әл-жабр»
атты кітабымен аталғандықтан, «Алгебра» делінуде. Ба-
тыста жеті ғасыр бойы кітабы қолдан түспеген астро-
номия ғалымы Ферғани (негізгі аты Әбул-Аббас Ахмед
ибн Мұхаммед) батыста «Alfraganus» делінеді, агроном
саласында орта ғасыр бойы тек мұсылмандар арасында
емес, жалпы дүниеде теңдесі жоқ «Китабул-фәлах» атты
кітапты жазған Ибн Аууам (ХІІ ғасыр), жиырма тоғыз
300
ИМАНИ ГҮЛ
жыл бойы көптеген елдерді, құрлықтарды тынбай аралап
зерттеген саяхатшы Ибн Баттута (1304-1369), он екі ғасыр
бұрын алғашқы қағаз фабрикасын құрған уәзір Ибн Фазыл
(739-805), Wright, Wilbur және Orville атты ағайындылар
европада тұңғыш рет 1903 жылы ұшақ жасап, ұшуға қол
жеткізсе, бұдан шамамен 1000 жыл бұрын, яғни, 880 жылы
ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізген Ибн Фирнас (?-888), та-
рихты ғылыми негіздеп, жүйелеген алғашқы ғалым Ибн
Халдун (1332-1406), туберкулез микробын R. Kochтан 150
жыл бұрын ашқан атақты дәрігер Камбур Уәсим (?-1761),
дүниенің диаметрін алғаш өлшеген үш ағайындының бірі
Мухаммед ибн Муса, алгебрадағы «Бином» формула-
сын тапқан Омар Хайям (?-1123), 400 жыл бұрын қазіргі
дүниежүзі картасына өте жақын кейіпте дүниежүзі карта-
сын сызған Пири Рейс (1465-1554), тұңғыш рет компасты
ойлап тапқан Кабажаки (ХІІІ ғасыр), химия саласында
Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Касым әл-Каши (?-1436),
1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак
ауруына операция жасаған ғалым Али ибн Аббас (?-994)
секілді жүздеген ғалымдар мұсылман еді
169
.
Иман – адамда ең киелі де қастерлі нәрсе болса, ис-
лам дінінде сол иманның жартысы– тазалық. Ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «тазалық – иманның
жартысы» деген. Тазалыққа мұнша көңіл бөлгендіктен
ибн Сина, әр-Рази, Абдулқаһир және Сахир Ибн Насруллаһ
секілді ислам ғалымдары жуынудың адам денсаулығына
пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда жуыну
үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын-
да моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы
деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына
бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инкви-
169
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста -
бул, 1984 ж.
301
Достарыңызбен бөлісу: |