Исмаилов Б. Р. Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу және бағалау пәнінен дәрістер жинағы



бет29/41
Дата25.04.2022
өлшемі1,37 Mb.
#32224
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
лекция

Бастапқы және шекаралық шарттар

Турбуленттік атмосферада белсенді қоспалардың шашырауының негізгі математикалық модельдеріне шолуды бастапқы және шекаралық шарттары берілген турбуленттік диффузияның жартылай эмпирикалық теңдеуінен бастау маңызға ие болып саналады. Осы модель қисынды күрделілік деңгейімен ажыратылады, реагенттің шашырау процесіне әсер ететін үлкен көлемді факторларды есепке алады және атмосфералық құбылыстарды зерттеушілердің сферасында өзін жеткілікті түрде жарнамалай алады. Осы тарауда жартылай эмпирикалық теңдеудің қорытындысы, оған арналған бастапқы және шектік шарттардың сипаттамасы келтіріледі, сонымен қатар қолдану негізінде құрылған, модель құрамына кіретін негізгі параметрлер қарастырылады.

q(t, x, y, z) болсын, мұндағы - бұл функция, оның мәні үш өлшемді евклидтік Е3 кеңістіктегі (x, y, z) нүктеде t уақыт мезетінде осы нүктедегі қандай да бір заттың (қоспаның) концентрациясының мәніне сай келетін функция. Мынадай деп ұйғарайық, q(t, x, y, z) функциясы t, x, y, z бойынша үздіксіз дифференциялданған, Е3-те қоспа негіздері жоқ, ал қоспаның өзі өзгеріске ұшырамаған, яғни басқа заттармен химиялық реакцияға түспейді және радиоактивтік процестер салдарынан ыдырамайды делік. Қоспа атмосферада ОХ осін бойлай Vx жылдамдықпен және OZ осін бойлай Vz жылдамдықпен орын ауыстырады. Қоспаның бұлты диффузиялық процеске ұшырайды, оны сәйкесінше ОХ, ОҮ, OZ координаттық осьтерін бойлай Кх, Ку, Кz турбуленттік диффузияның коэффиценттерімен сипаттауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет