Использование инновационных технологий для повышения качества образования в дошкольной организации



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі139,34 Kb.
#20113
1   2   3   4   5
Литература 

1. Концепция развития образования Республики Казахстан на 2016-2019 гг. - А., 2016. 

2. Обращение к народу Казахстана «Стратегия« Казахстан-2050 »: новый политический курс 

сложившегося государства». - Астана, Акорда. – 2012. 

3. Бузаубакова К.Ж. Формирование инновационной подготовки учителя. - Алматы: Писатель, 

2010. 


4. Типичная учебная программа для дошкольного образования и обучения. - А., 2016. 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

Метербаева К.М. 

Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

 

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында: 

«Жоғарғы  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар  даярлаудың  сапасын  арттыру,  қарқынды 

ғылыми-зерттеу  қызметімен  ықпалдастырылған  инновациялық  білімді  дамыту,  ...  білім  беру  мен 

ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген [1]. 

Бұл міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі ұйым ұжымдарының, әр тәрбиешінің күнделікті 

ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол  ашарлық  жаңа 

тәжірибеге,  жаңа  қарым-қатынасқа  өту  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  да  әр  тәрбиеші  өз  іс-

әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді 

дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек, еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына 

үлес  қосатын,  әлеуметтік  өркениетке  көтерілетін,  парасатты,  жан-жақты  азаматты  тәрбиелеу  – 

педагог қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.  

Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақстан  Республикасының  халқына  жолдауындағы  алтыншы  міндетте  – 

осы  заманғы  білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау,  «парасатты  экономиканың»  негіздерін 

қалыптастыру,  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  көзқарасты  пайдалану,  инновациялық 

экспериментті дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған 

еліміздің  кез  келген  азаматы  әлемнің  кез  келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман  болтындай 

деңгейге көтерілуі болып табылады» - деген [2]. 

Жаңа  ғасырдың  білікті,  білімді,  ақыл-ойы  дамыған  азаматын  даярлау  –  бүгінгі  күн  талабы. 

Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде ерекше назар аударып отыруы оқыту мазмұнына жаңа бағыт 

әкеледі.  Білім  беру  үрдісінде  қолданыс  тапқан  педагогикалық  технологиялар  жаңаша  сипат  алды. 

Жаңашыл  педагог  ғалымдар:  Ш.А.Амонашвили  білім  беруді  ізгілендіру  технологиясында  баланың 

жаны  мен  жүрегіне  жылылық  ұялату,  танымдық  күшін  қалыптастыру,  дамыту,  білімін  кеңейтуге, 

тереңдетуге  жағдай  жасау  мақсатын  көздейді.  В.Ф.Шаталовтың  белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде 

қарқынды  оқыту  технологиясының  ерекшелігі:  материалдар  ірілендіріліп,  блоктық  түрде  тірек 

сызбалар  арқылы  беріледі.  С.Н.Лысенкованың  тірек  сигналдарын  пайдалана  отырып,  қарқынды 

жеделдете  оқыту  технологиясында  оқу  материалдарының  әр  балаға  жеткізілуі  талап  етіледі. 

П.М.Эрдниевтің  «Ірі  блокпен  оқыту»  технологиясы,  Л.В.Занковтың,  Д.Б.Эльконин,  П.В.Давыдовтың 

«Дамыта  отырып  оқыту»  технологиясы.  Бұл  еңбектер  1980  жылдан  бері  оқу  үрдісінде  қолданумен 



102 

 

бірге  әлі  күнге  дейін  маңызын  жойған  жоқ.  Керісінше,  заман  талабына  сай  қайта  түрленіп, 



жаңданып,  жарқырай  түскенің  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Білікті,  білімді  мамандар  жаңалықты 

теориялық жағынан меңгерумен қатар, тұлғаны дамытуға бағытталған әдістерді білім беру үрдісіне 

енгізе отрып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. 

Ал Қазақстандық Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, К.Ж.Бұзаубақова т.б. ғалымдардың 

зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. 

Қазіргі  кезде  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 

деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту 

болып  отыр.  Ал  бұл  міндет  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  беру  жүйесіне  тікелей  қатысты  да 

маңызды. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып 

отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және 

оларды  қолдануға  бағытталған.  Мұнда,  негізінен,  оқытуды  ізгілендіруге  негізделеді:  ол  оқытудың 

жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін, оның 

әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуының құралы қызметтерін қамтамасыз етеді. 

Қазақтың  ойшыл  ағартушыларының  қайсысын  алсақ  та,  олар  табиғатқа  еліктемей,  оның 

сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қойған емес. Табиғат әрқашанда өзінің ерекшелігі, 

сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл-күйге әсер етеді. Сондықтан ойшыл 

ағартушыларымыздың  бірі  табиғат  тамашасын  өлеңмен  жеткізсе,  енді  бірі  сөзбен  өрнектеген. 

Қазақстан 

ағартушылары 

Ш.Уалиханов, 

Ы.Алтынсарин, 

А.Құнанбаев, 

М.Жұмабаев, 

А.Байтұрсынов,М.Дулатұлы  т.б.  Олар  табиғатты,  қоғамды,  адамды  жан-жақты  зерттеген.  Адам 

құбылысының  жақсы  жақтарын  халыққа,  жастарға  үлгі  етіп,  қолайсыз  жақтарынан  жастарды 

сақтандырған. 

Республикамыздың балабақшаларында жаңа педагогикалық технологиялар бүгінде құбылыс 

қана емес, сонымен бірге оның дамуының, негізгі себебі, көзі болып табылады.  

 Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық  өмірінде  жүріп  жатқан  демократиялық 

өзгерістерге  байланысты  белгілі  әлеуметтік  шарттарды  ескере  отырып,  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруда көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың 

бірі – баланың дүниетанымын қалыптастыру, елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім 

дүниетанымның  кәусар  бұлағы.  Білім  неғұрлым  тереңдеген  сайын  дүниетаным  да  қалыптасып 

тұрақтанады.  

Мәселен, балабақшада «әлеумет» білім беру саласы бойынша қоршаған ортамен таныстыру 

арқылы баланың өз орнын ұғынуына көмек, негізгі және орта мектептерде оқылатын жаратылыстану 

пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәнді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау. 

Олай дейтініміз, жаратылыстану негіздері мен қоршаған ортамен таныстырудан балабақшада 

ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  баланың  таным  процесі  дамиды.  Танымына  көмегін 

тигізетін  сезім  мүшесі  сыртқы  дүниені  қабылдайды.  Дүниені  тұтас  бірлікте  сезініп,  қабылдау 

нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді. 

Жаратылыстану негіздері – «Адам», «Қоғам», «Табиғат» блоктарын біріктіреді. Бүгінгі заман 

талабы,  қоршаған  ортамызда,  табиғатта  болып  жатқан  табиғи  құбылыстар,  олардың  адам  өміріне 

зияны  мен  пайдасын  ажырата  алуы  үшін  балабақша  балаларымен  «Қоршаған  ортамен  таныстыру» 

оқу қызметін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.  

Ал,  оқу  қызметінің  өз  дәрежесінде  өтуі  үшін  тәрбиеші  көп  ізденіп,  барынша  балалардың 

ойлау  қабілеттерін  дамытатындай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  тапсырмалар  ұйымдастыруы  керек. 

Қазіргі  кезде  балабақша  өмірінде  қолданып  жүрген  көптеген  жаңа  технологиялардың  түрлері  бар. 

Тәрбиеші  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдаланып,  қоршаған  ортамен  таныстыруда 

ұйымдастырылған  оқу  қызметі  арқылы  балалардың  қызығушылықтарын  оятады,  әрі  түсінікті 

меңгертеді. Ал екінші жағынан өзінің ұстаздық шеберлігін көрсетеді. Тәрбиеші оқу қызметінде жаңа 

технологияларды  тиімді  қолданса:  бүгінгі  балабақша  баласы  ертең  өз  жолында  кездескен 

қиыншылықтарды  жеңуге,  өз  мәселелерін  өздері  шешуге,  саналы  шешім  қабылдауға  дайын  болар 

еді. 


Қоршаған  ортамен  таныстыру  оқу  қызметінде  инновациялық  технологияларды  қолдану 

арқылы  біз  балаларға  еліміздің  табиғаты,  табиғи  байлығы,  экономикасы,  ғылымы  мен  мәдениеті, 

этика,  әдеп,  эстетика,  құқық  пен  өнері,  адам-адам,  адам-қоғам,  адам-табиғат  арасындағы  қарым-

қатынас  түрлері  жайында  ғылыми  ұғымдар  беріледі.  Қоршаған  ортамен  таныстыру  барысында 

балалар  дүниенің  үш  құрамдас  бөлігі:  адам,  қоғам,  табиғат  саласынан  білім  алады.  Атап  айтсақ, 

қоршаған  дүние  заттары,  құбылыстары,  табиғат,  экология  туралы  ғылыми  түсінік  қалыптасады. 

Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-

тіршілігі,  табиғат  байлығы,  мәдени-әдеби,  көркем-қолөнер  шығармашылығы  арасындағы 

байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Қоршаған ортамен таныстыруда алған ұғымдарын 

басқа  оқу  қызметтерімен  кіріктіре  оқыту  арқылы  дүниенің  тұтастығы  жайында  жүйелі  білім  негізі 

қалыптасады.  

Қоршаған  ортамен  таныстыруда  инновациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  дұрыс 

пайдалану  тәрбиешінің  шеберлігіне  байланысты.  Шебер  тәрбиеші  жаңа  технологиялардың 

мүмкіндіктерін  бірден  байқап,  өзінің  оқу  қызметінде  жүйелі  қолданып  отырады.  Бұл  әрекеттер 

арқылы балалары да, өзін де оқу қызметінде жалықтырмай керісінше ынталандыра түседі. 

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-

жақты  және  өз  орнында  дұрыс  қолданылса,  өтілетін  әрбір  тақырыптың  мазмұны  да  ойдағыдай 

ашылып,  балалардың  меңгеруіне  жеңіл  тиеді.  Әдетте  әдістеме  өз-өздігінен  келе  қоймайды.  Ол  көп 

жылдар  бойғы  ұстаз  қызметінің  іс-тәжірибесімен,  күнделікті  оқу  қызметімен  тығыз  байланысып 



103 

 

жатады.  Осылардың  негізінде  әр  тәрбиешінің  бойында,  ойында  әдістеменің  озық  үлгілері 



жинақталады.  Сонымен  қатар  олар  күнделікті  жұмыс  тәжірибесінде  озат  тәрбиешілердің 

шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі 

бір жүйелікті қалыптастырады. 

Жаңашыл  тәрбиешілер  практикум,  конференция,  іскер  ойын  сияқты  әдістерді  енгізіп  отыр. 

Мұның  өзі  тәрбиешінің  бірыңғай  мақсатын  -  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  тәрбиелеудегі  еңбегін  ортақ 

арнаға тоғыстырады. Сондықтан да балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-

сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің 

ендірілуі  үлкен  жетістіктерге  жетелеуде.  Жаңа  технологияны  меңгеруде  тәрбиешінің  жан-жақты 

білімі  қажет.  Тәрбиеші  жаңа  педагогикалық  технологияны  біріншіден  –  оқып  үйренеді,  екіншіден – 

меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде колданады, төртіншіден – 

оны дамытып, нәтижесін тексереді. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдардың  өміріне  еніп  отырған  жаңа  технологиялардың 

ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы бала тек қана тыңдаушы, 

орындаушы болып келсе, ал қазіргі бала өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән 

береміз.  Яғни,  бұрынғы  кезде  тәрбиеші  мен  бала  қарым-қатынасы  «субъект-объект»  бағытында 

болса,  қазіргі  кезде  бала  тұлғасын  дамыту  қарым-қатынасында  «субъект-субъект»,  «тұлға-тұлға» 

бағытын  ұстану  керек.  Өйткені,  қазіргі  бала  дүниетанымдық  қабілеті  жоғары;  дарынды, 

өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс. 

Осындай  қасиеттерді  баланың  бойында  қалыптастыратын  қазіргі  тәрбиешінің  бойында 

мынандай  қасиеттер  болуы  тиіс:  педагогикалық  өзгерістерге  тез  төселе  алатын;  педагогикалық 

үрдісте  жұмыс  істей  алатын;  жаңаша  ойлау  жүйесін  меңгере  алатын;  балалармен  тез  тіл  табыса 

алатын; білімді, шебер, іскер болуы тиіс. 

Қорыта  келгенде,  біз  қоршаған  ортамен  таныстыруда  инновациялық  технологияларды 

қолдану  арқылы  балалардың  дүниетанымының  қалыптасуына,  олардың  ой-өрісінің  дамуына  , 

шығармашылық жұмыстармен айналасуына, білім сапасын арттыруға, өздерінің өй-пікірлерін жеткізе 

білетіндей  жұмыстарын  жүргізуіміз  қажет.  Бұл  арқылы  біз  балалардың  өз  бетінше  іс  атқаруын 

қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Инновациялық технологияларды тиімді, әрі дұрыс қолданса, білім 

сапасын арттыруға болатынына толық көзіміз жетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет