СТКБ бар балаларға келесі қызметтерге көп уақыт қажет:
- сөйлеуді қабылдау және түсіну;
- сөйлемдегі сөздерді анық айту және сөздерді келісу;
- ойды еркін және саналы түрде есте сақтау.
СТКБ бар балаларға сөйлеуді қабылдау, түсіну, есте сақтау, оқиғалардың дәйектілігін және мәтіннің сюжеттік сызықтарын ойнату үшін көмек қажет. Жылдам шаршау және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі оқытудың баяу қарқынын талап етеді. СТКБ бар балалар тапсырманы орындауға ұзақ уақытты қажетсінеді, қозғалысында бұзылулары болуы мүмкін. Оларға импульсивті және хаостық қозғалыстарды орындау қалыпты болғандықтан, оқу тапсырмаларын алмастыруын талап етеді.
Сипаттамасы
Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады. Сөйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.
Оқытудағы ұсынымдар
Сөйлеудің жалпы дамымауы бар оқушыны оқыту үшін әрбір нақты оқушы бойынша логопед маманымен кеңесу ұсынылады.
Кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық түзету процесінде педагогикалық, психологиялық және медициналық әсер ету құралдарын үйлестіруі тиіс.
Тапсырманы ұсына отырып, бір сабақтағы тапсырмаларды орындау кезінде әр түрлі болуы тиіс екенін ескеру қажет.
Балалар оларды түсініп, мазмұнына ұғынып, жауаппен асықпауға тырысады, ойлауға уақыт беру үшін сұрақтарды анық, қысқа қою қажет.
Оқытудағы ұсынымдар
Сабақта оқушыларға берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан – жақты білім беру жағы да ескеріледі. Сондықтан, тапсырмалар қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі көзделеді.
Дыбыстарды дұрыс айтылуын қалыптастыру(арнайы логопедиялық әдістерді қолдана отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстардың артикуляциясын анықтау)
Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру (дыбыстарды ажырата білуге, есте сақтауға үйрету, артикуляциялық дағдыларды және фонематикалық қабылдауын дамыту, дыбыстық талдау және жинақтау қабілетін дамыту)