Использование



бет8/13
Дата23.10.2023
өлшемі7,51 Mb.
#120641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Психофизические особенности и ооп7 КАЗ

Сипаттамасы

  • БСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының кемшілігі байқалады, соның ішінде жиі кездесетін жағдай – тіл күрмелудің (дизартрия) түрлі формалары. Тіл күрмелудің байқалуы әр түрлі: жеңіл 27 (өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін. Дыбыстарды айтудың бұзылуы көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды. Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын төмендетеді және сөйлесу байланысында қиындықтар тудырады.

Оқытудағы ұсынымдар

  • Ұсынылады:
  • - жеке түзету сабақтары мен емдік процедураларды ескере отырып сабақ кестесін құрастыру;
  • -ассистенттен немесе тьютордан (бар болса) көмек алуына;
  • - белгілі бір объектілер мен заттардың әрбір аймағында орналасқан жерін бекіте отырып, демалыс, сабақ және өзге де аймақтар құру;
  • - қозғалыс патологиясына сәйкес санитарлық-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды сақтау.

Оқытудағы ұсынымдар

  • Мектепте арнайы жабдықталған медициналық кабинет және емдік дене шынықтыру үшін жабдықталған зал болғаны жөн. Егер баланың сөзі түсініксіз немесе іс жүзінде қол жетімсіз болған жағдайда, вербалды емес коммуникация технологиялары (карточкалар, заттар) пайдаланылады. Баланың тәжірибелік іс-әрекеттерді меңгеруіне қарай барлық операцияны (іс-әрекеттер тізбегін) жеке іс-әрекеттерге толық сүйемелдеуден көмек көрсету көлемін қысқарту, сондай-ақ сөйлеу (қателіктерге тікелей нұсқау беру, іс-әрекетті бағалау, көтермелеу) арқылы көмек көрсету сипатын өзгерту қажет. Баламен сөйлескен кезде онымен бір деңгейде болуға тырысыңыз, егер арбада отырса, оның жанында айтып тұру керек, басыңды көтеріп, назар салуына қиыншылық тудырмау тиіс.
  • Арнайы педагог: логопед, дефектолог, ортопедагог (ЕДШ).

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар (СТКБ)

Сипаттамасы

  • Бұл дамуындағы ауытқулары бар балалардың ерекше санаты, есту қабілеті бұзылған, бірақ психиканың қалыптасуына әсер ететін елеулі сөйлеу бұзылыстары бар. Сөйлеу бұзылыстары әр түрлі сөйлеу компоненттеріне әсер етуі мүмкін:
  • дыбыс айтылуына (сөйлеу жетімділігінің төмендеуі, дыбыстардың ақаулары),
  • фонематикалық естуіне (сөздің дыбыстық құрамын жеткіліксіз меңгеру),
  • лексика-грамматикалық құрылысына (сөздік қорының кедейлігі, сөйлемдегі сөздерді келісуді білмеуі).
  • Мұндай бұзушылық - сөйлеудің жалпы дамымауы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет