Использование


Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқушылар



бет10/13
Дата23.10.2023
өлшемі7,51 Mb.
#120641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Психофизические особенности и ооп7 КАЗ

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқушылар

Сипаттамасы

  • «Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.

Сипаттамасы

  • Балалар ойында жалықпайды, бірақ зияткерлік әрекетте тез шаршайды. Зейіннің алаңдауы, шаршағыштық, ерік күшінің әлсіздігінің жоғарылығы байқалады. Эмоционалды-еріктік жетілмеушілік сонымен қатар, дербессіздік, сенгіштік, ойынға қызығушылығынан, негізгі уәждеме ретінде ойынға қанағаттануынан көрінеді. Қимыл-қозғалыс өрісінің жетілмеуі де орын алады. Ол қарқынды қимыл, қозғалыс үйлесімінің жеткіліксіздігі, артық қозғалыстардың болуы, қол саусақтарының нәзік қозғалыстарының жеткіліксіздігі түрінде пайда болады.

Сипаттамасы

ПДТ балаларда мынадай ерекшеліктері бар:

  • - зейіннің тұрақсыздығы;
  • -танымдық белсенділіктің және жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі;
  • -абстрактілі-логикалықтан көрнекілік-әрекеттік, нақты-бейнелік ойлаудың басымдығы;
  • - сөздік-мағыналық есте сақтаудың жеткіліксіздігі;
  • -қажудың жоғары болуы және белсенді зейіннің әлсіздігі.

Сипаттамасы

  • Кіші мектеп жасында оқу әрекетінің тұлғалық компоненттерінің жетілмегендік белгілері байқалады:
  • - оқудағы жетістіктері мен өзінің мінез-құлқына жауапкершіліктің болмауы;
  • - оқуға немқұрайлы қарау;
  • - сыни қарудың жеткіліксіздігі;
  • - өзін-өзі жоғары бағалау;
  • - өзін-өзі реттеудің болмауы (іс әрекетінің ішкі жоспары, мақсатты бағытталушылық, өзін-өзі бақылау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет