Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет108/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Касымов 

Т.Ж. 

Тарих 


сабақтарындағы 

саралап 


оқыту 

əдістемесі.-

http://mdt.idhost.kz/home/2012-09-28-18-37-51/138-2012-10-13-13-55-49 (22.09.2014). 

2. Бондаревская  Е.В.  Теория  и  практика  личностно  ориентированного  образования.

Ростов-на-Дону, 2000. 

3. Осмоловская И.М.  Дифференциация обучения: за и против //Школьные технологии. –

2001, № 6. С.16-18.         

933


ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЕРТЕ ЖАСТАН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ 

ƏДІСТЕМЕСІНЕ ТОЛЫҚТАЙ ƏРЕКЕТПЕН ЖАУАП БЕРУ ƏДІСІН (TOTAL 

PHYSICAL RESPONSE APPROACH) ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ  

Касимова И.Н. 

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 

Атырау қаласы 

 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада  ағылшын  тілін  ерте  жастан  оқыту  тиімділігін  арттыру  үшін  шетел 

тəжірибесінен  толықтай  əрекетпен  жауап  беру  əдісін  енгізу  ұсынылып,  аталмыш  əдістің 

артықшылықтары  сипатталады.  



Аннотация 

В  статье  рассматривается  проблема  внедрения  метода  полного  физического 

реагирования как эффективное средство в обучении английскому языку на раннем этапе. 

Abstract 

The article deals with the ‘Total Physical Response (TPR)’ language teaching method  as an 

effective means in teaching English to young learners.  

Қазіргі таңда үштілділік аясында Қазақстан білім кеңістігі ағылшын тілін ерте жастан 

оқыту мəселесіне түбегейлі бет бұрды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бірінші сынып 

оқушылары  ағылшын  тілін  ана  тілі  сауаттылығымен  қатар  игеруді  бастады.  Осы  үлкен 

қадамға  қаншалықты  даяр  болдық?  Мамандар  білімінің  сапасы  мен  біліктілігі  қандай 

деңгейде? Əдіснамалық қорымыз толық па? Осындай сұрақтар легін  ары қарай жалғастыра 

беруге болады. Бірақ мемлекетіміз бұл салаға арнайы қаржы бөліп, қызу жұмыстар жүргізіп 

жатқаны бəрімізге аян. Біліктілікті арттыру құзырлы мекемелері мектеп мұғалімдерін қайта 

даярлықтан  өткізіп,  алғашқы  жүкті  мойындарына  алатын  мамандар  легін  қалыптастырды. 

Осы науқанға жоғары оқу орындары да шет қалмай, белсене араласуы қажет деп есептеймін. 

Себебі  олар  мектептерге  баратын  болашақ мамандарды  əзірлейді.  Ал  ол  мамандарға  іргелі, 

сапалы білім беру - жоғары мектеп педагогтерінің алдында тұрған міндет.  

Өкінішке орай, қазақ мектептерінің жағдайына бейімделген ағылшын тілін ерте жастан 

меңгертудің əдістерін үйрететін оқу құралдары мүлдем жоқ деп айтуға болады. Бірен-саран 

болып жатса, жаппай қолданысқа енбеген соң нəтижесін көре алмай отырмыз. Негізі том-том 

теория  қордалағаннан  гөрі,  алға  қойған  мақсатты  жүзеге  асыруға  көзделген  практикалық 

шешімдер жинақтарын дүниеге əкелуіміз керек. 

Аталмыш тақырыпқа жұмыстануға бірнеше себептер негіз болды: 

1. Елімізде ағылшын тілі 1-ші сыныптан бастап оқытыла бастады.

2. Жоғары оқу орындарында даярланатын болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің, яғни

студенттердің 1-ші сыныптан ағылшын тілін оқытуға даярлықтары өте төмен немесе мүлдем 

жоқ  деуге  болады,  себебі  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  бастауыш  сыныптарда 

педагогикалық сараманнан өтпейді. 

3. ЖОО студенттеріне арналған ерте жастан ағылшын тілін меңгертудің əдіс-тəсілдерін

үйрететін  оқу  құралдары  жоқ,  Ресейде  шыққан  бірлі-жарымды  оқулықтар  пайдаланылады. 

934


Бірақ  олар  дəстүрлі  оқыту  жүйесінен  алшаққа  кете  алмай  отыр.  Жаңа  заман  жаңа,  тың 

инновациялық əдіс-тəсілдерді талап етеді. 

4. Қазіргі  таңда  АҚШ-тың  Орегон  универститетінде “Teaching English to Young

Learners” немесе «Ағылшын тілін ерте жастан меңгерту»  атты үш айлық біліктілікті арттыру 

курсын E-Learning жүйесінде  аяқтап  шығып,  аталмыш  университеттің  сертификатына  ие 

болдым.  Бұл  курсқа  АҚШ  Департаментінің  грантын  жеңіп  алу  арқылы  қол  жеткіздім. 

Дамыған елдердегі шетелдік əріптестердің ерте жастан тілді меңгерту тəжірибесі өте жоғары. 

Əлемнің    əртүрлі  елдерінен  жиналған  əріптестермен  бірге  АҚШ-тың  жоғары  білікті 

мамандарынан  дəріс  алып,  өзара  тəжрибе  алмастық.  Алған  білімімді  өз  елімнің  пайдасына 

асырып, жинаған тəжірибемді өзгелермен бөліскім келеді.  

Бастаған беттен ерте жастан ағылшын тілін табысты игертеміз деп айту қиын. Өйткені, 

жалпы  шетел  тілін  кез-келген  адамға 100 пайыз  меңгертіп  беретін  əдістер  топтамасы  əлем 

тəжірибесінде  əлі  жасақталған  жоқ.  Сондықтан  Қазақстан  педагогтерін  үлкен  ізденіс  пен 

төзімділікті қажет ететін қажырлы еңбек жолы күтіп тұр.  

Біз ерте жастан ағылшын тілін оқытуды жаңа енгізіп жатқанымызбен, шетел тəжірибесі 

оқ бойы озық екенін мойындауымыз қажет. Технологияның дамыған заманында əлемнің кез-

келген  нүктесіндегі  ақпаратқа  қол  жеткізіп  отырмыз.  Шетелдің  электронды  əдістемелік 

құралдарын  сүзгіден  өткізсек,  тілді  ерте  меңгерту  əдістемесінде  басты  орын  алып  отырған 

арнайы əдістің бар екенін аңғару қиын емес. Ол əдіс Total Physical Response Approach  немесе 

қазақшаға  аударсақ,  толықтай  əрекетпен  жауап  беру  əдісі  (ТƏЖБ  əдісі) (авт.  ауд.)  деген 

мағынаны  білдіреді.  Бұл  əдіс  əлемнің  көптеген  елдерінде  ерте  жастан  шетел  тілін  оқыту 

тəжірибесінде  қолданылатын  ең  танымал  жəне  өте  тиімді  əдістемелік  құрал  болып 

есептеледі.  Мұның  себебі  аталмыш  əдіс  ерте  жас  категориясындағы  балалардың 

психологиясы мен физикалық іс-əрекетіне негізделген.  

Енді  ерте  жас  категориясына  қандай  жас  аралығы  кіретінін  анықтап  алсақ.  Слэттери 

мен Уиллистің анықтамасына сүйенсек, бұл категория екі кезеңді қамтиды. 12-7 жас аралығы 

ерте жас деп көрсетілсе, 7-ден төмен өте ерте жас деп анықталған. Осы категорияға енетін 

тіл  үйренушілеріміздің  басты  ерекшеліктері - зейінін  бір  жерде  ұстап  тұру  қабілетінің 

қысқалығы  мен    қозғалысқа  негізделген  физикалық  энергияның  көптігі.  Скот  пен  Итрберг 

жас  балалардың  танымын: «Олардың  əлемді  тануы  қол,  көз,  құлақ  арқылы  жүзеге  асады. 

Олар  үшін  қашан  да  заттық  əлем  бірінші  орында»,-  деп  сипаттайды.  ТƏЖБ  əдісінің 

артықшылығы көзбен көруге, құлақпен естуге, қол-аяқты пайдаланып іс-əрекетпен көрсетуге 

негізделген.  Балалар  үшін  партаға  шегеленіп  отырғаннан,  табиғи  энергиясына  негізделген 

қозғалыс арқылы тіл меңгерудің артықшылығы əлем тəжрибесінде дəлелденген. Бірақ сабақ 

өн  бойына  тек  осы  əдіске  құрылу  керек  деген  ұғымнан  əсте  аулақ  болу  керек.  Балалардың 

зейін  қою  қабілеті  тұрақсыз  болғандықтан  бір  сарында  жүргізілетін  сабақ  оларды  тез 

жалықтырады.  Сондықтан  сабақ  жоспары  бірнеше  əдістің  жиынтығына  негізделу  керек. 

Мэриленд  университетінің  докторы  Джоан  Канг  Шин 5-7 жас  аралығындағы  балалар  үшін 

əрбір  əрекеттің  ұзақтығы 5-10 минуттан  аспау  керек,  ал 8-10 жас  аралығында  əрекет 

ұзақтығын 10-15 минутқа  шейін  өсіруге  болатынын  айтады.  Жас  көрсеткіші  өскен  сайын, 

зейін қоя білу қабілетінің ұзақтығы да артатынын ескеруіміз қажет. 

Бүгінгі  таңда  дəстүрлі  оқыту  əдістерін  балама  оқыту  əдістерімен ауыстыру  тəжрибеге 

кеңінен  еніп  отыр.  Толықтай  əрекетпен  жауап  беру  əдісі  де  балама  əдіске  жатады.  Əдістің 

мазмұнымен  нақты  танысу  арқылы  Қазақстан  мектептерінде  қолданысқа  батыл  енгізуге 

болатына көз жеткізе аламыз. 

Калифорния  университетінің  профессоры  Сан-Хосе  Джеймс  Эшер  АҚШ  Білім 

министрлігінің қолдауымен толықтай əрекетпен жауап беру əдісін ойлап тапқан болатын. 

935


Бірақ  басында  əдісті  сынға  алғандар  көп  болды.  Оның  барлық  жас  категорияларын  қамти 

алмайтыны басты кемшілік болып көрсетілді. Дегенмен, əлем елдерінің білім министрліктері 

ағылшын тілін оқытудың жасын төмендеткен сайын, бұл əдістің маңыздылығы арта түсуде.  

Адам  баласының  даму  психологиясын  тыңғылықты  зерттеу  арқылы  Дж.Эшер  келесі 

гипотезаны ұсынды:  

Адамға  тіл  үйренуді  жеңілдету  үшін  ана  тілін  игерудің  қандай  сатыларынан  өтсе, 

екінші тілді меңгеруде де сол сатылардан өтуді қамтамасыз ету керек. Ересектер кішкентай 

сəбидің  тілі  шықпай  тұрған  кезде  негізінен  бұйрық  райдағы  сөйлемдерді  жиі  пайдаланады, 

мысалы:  тиме,  ұстама,  биле,  секір  т.б.  Бұл  сөздерге  тілмен  жауап  қата  алмаса  да,  сəбилер 

айтқанды əрекетпен жасап көрсету арқылы жауап қайтарады.  

Дж.Эшердің  пайымдауынша  тілдік  дағдылардың  қалыптасуын  үш  кезеңге  бөліп 

қарастыруға болады. 

1. Балалардың есту қабілеті сөйлеу дағдыларынан бұрын қалыптасады. Ана тілін игеру

кезінде олар алдымен күрделі тіл бірліктерін сөйлеп айта алмаса да, түсіну мүмкіндігіне ие 

болады.  

2. Түсіну  мүмкіндігі  ата-ана  тарапынан  берілетін  бұйрықты  сөйлемдерге  əрекетпен

жауап қату негізінде пайда болады. 

3. Сөйлеу тыңдап - түсіну дағдысы қалыптасқан соң дами бастайды.

Осы пайымдауларға сүйене отырып Эшер тыңдап-түсіну (аудирование) жаттығуларына 

мəн  беруді  ұсынады.  Жəне  ол  жаттығулар  физикалық  əрекетпен  бекітіліп  отыру  керек. 

Профессор  Эшер  əдістің  келесі  тиімді  жақтарын  көрсетеді: 1) тілді  тыңдау  мүмкіндігі, 2) 

еркін ортада болу, 3) ешкімнің сөйлеуге мəжбүрлемеуі. 

Енді бұл əдіске құрылған сабақ жоспарының схемасы қандай болмақшы деген сұраққа 

жауап  берсек.  Сабақ  топтарда  өткізіледі.  Алғашқы  сабақтар  да  мұғалім  ең  алдымен 

етістіктерді,  кейін  етістіктермен  бірге  қолданылатын  зат  есімдерді  біртіндеп  тыңдатып, 

енгізе  бастайды.  Сөздерді  енгізу  үшін  міндетті  түрде  бұйрықты  сөйлем  қолдану  керек. 

Мұғалім команда беріп жəне оны өзі бірнеше рет оқушылармен бірге қайталап орындайды. 

Содан  соң  берілген  командаларды  оқушылар  өздері  бірнеше  рет  орындайды.  Ары  қарай 

мұғалім оқушыларға əрқайсысына жеке командалар беріп орындатуына болады.  

О.П.Чигишева мен Т.М.Гоголкина Дж. Эшер 

 

ұсынған  концепцияның негізінде жатқан 



педагогикалық  қарым-қатынастарды  түсініп,  анықтау  үшін  иммигранттарға  арналған 

сабақты мысалға келтіреді: 



Жаңа командалармен танысу келесі етістіктерді енгізіп, зат есімдермен семантизация 

жасау арқылы жүзеге асады: 

wash

your hands 



your face 

your hair 

look for

a towel 


the soap 

a comb 


hold

the book 

the cup 

the soap 

936


comb

your hair 

Maria's hair 

Shirou's hair 

brush

your teeth 



your pants 

the table 

Ары қарай мынадай лексикалық бірліктер енгізіледі: 

Rectangle 

Draw a rectangle on the chalkboard. 

Pick up a rectangle horn the table and give it to me. 

Put the rectangle next to the square. 



Triangle 

Pick up the triangle from the table and give it to me. 

Catch the triangle and put it next to the rectangle. 

Quickly 

Walk quickly to the door and hit it. 

Quickly, run to the table and touch the square. 

Sit down quickly and laugh. 



Slowly 

Walk slowly to the window and jump. 

Slowly, stand up. 

Slowly walk to me and hit me on the arm. 



Toothpaste 

Look for the toothpaste. 

Throw the toothpaste to Wing. 

Wing, unscrew the top of the toothpaste. 



Toothbrush 

Take out your toothbrush. 

Brush your teeth. 

Put your toothbrush in your book. 



Teeth 

Touch your teeth. 

Show your teeth to Dolores. 

Dolores, point to Eduardo's teeth. 



Soap 

Look for the soap. 

Give the soap to Elaine. 

937


Elaine, put the soap in Ramiro's ear. 

Кейін  оқытушы  оқушыға  əрекетпен  затты  көрсете  алатындай  қарапайым  сұрақтар 

қояды. Мысалы:  

Where is the towel? [Eduardo, point to the towel!] 

Where is the toothbrush? [Miako, point tо the toothbrush!] 

Командаларды  қайталау (imperative drills) – ТƏЖБ  əдісі  арқылы  өткізілетін  сабақтың 

негізгі  компоненті.  Бұл  əрекет  тіл  үйренушілердің  белсенділігін  туғызып,  физикалық  іс-

əрекеттерді орындауға шақыру үшін қолданылады. Оқушының басты міндеті – тыңдау жəне 

орындау.  Оқушылар  əр  команданы  ұқыпты  тыңдап,  əрекетпен  жауап  қатады.  Осылайша 

əрекеттерді  ағылшын  тілінде  берілген  қарапайым  нұсқаулармен  орындау  арқылы  оқушы 

белгілі  бір  тілдік  қорға  ие  болады.  Енді  оқушының  өзі  нұсқау  бере  алатындай  жағдайға 

жетеді. 


Бұл əдіс ағылшын тілін оқыту үшін шетел тəжірибесінде кеңінен қолданылады. Арнайы 

оқулықтар, əдістемелік құралдар да шетелде жарыққа шыққан.  

Əрекеттер  мен  көрнекі  құралдар  арқылы  құрылымы  қарапайым  грамматикалық  жəне 

лексикалық бірліктерді игеру нəтижесінің жоғарылығы жəне шетел тілін үйрену барысында 

оқушыда  пайда  болатын  қорқынышты  жойып,  сөйлеуге  бірден  мəжбүрлемеуі,  стресс 

деңгейін төмендетуі ТƏЖБ əдісінің артықшылықтары екенін мойындау керек.     

Бала-бақша  жасындағы  тіл  үйренушілерге  əрекетпен  жауап  беру  əдісінің  қалай 

қолданылғанын “Total Physical Response (TPR)” видеодəрісінен  бақылауға  болады.  

http://www.youtube.com/watch?v=1Mk6RRf4kKs

  

Видео  фрагменттен  байқағанымыз  ТƏЖБ  əдісі  балаларға  өздерін  еркін,  бос  ұстауға 



мүмкіндік береді. Əрекеттерді орындау оларды көңілдендіреді. Оқу мен ойын қатар жүзеге 

асуда.  Əдістің  басты  компоненті – қайталау.  Бірнеше  рет  қайталау  арқылы  тілдік  бірлікті 

бала  жадында  сақтау  орын  алады.  Алдымен  командаларды  ретпен,  кейін  ретсіз  қайталап 

мұғалім балалардың берілген нұсқауларды қаншалықты түсінгенін тексерді.    

Сөз  жоқ,  ТƏЖБ  əдісі  ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  кезеңінде  өте  қызықты  əрі 

тиімді  əдіс.  Себебі,  жоғарыда  айтқанымыздай,  əдіс  балалардың  психологиялық  жəне 

физикалық  ерекшеліктеріне  негізделген.  Осы  əдістің  біздің  елімізде  кеңінен  танымал 

болуына педагогтер қауымы ықпал етуі керек. Себебі, тіл үйренуде нəтиже беретін əдіс екені 

шетел тəжірибесінде дəлелденген.  

Жалпы,  толықтай  əрекетпен  жауап  беру  əдісін  тиімді  пайдалану  үшін  келесі 

қадамдарды жүзеге асыру керек деп санаймын: 

1. жоғары  оқу  орындарында  ағылшын  тілі  мұғалімін  даярлайтын  мамандықтар  үшін

осы  əдіс  кеңінен,  жан-жақты  зерттелген  шетел  əдебиеттеріне  қолжетімділікті  қамтамасыз 

ету; 


2. осы əдісті танып-үйрететін элективті пəн мамандық бағдарламасына енгізіліп, оның

оқу-əдістемелік кешенін құрастыру; 

3. мектеп мұғалімдері үшін əдісті насихаттайтын семинар-тренингтер ұйымдастыру;

4. біліктілікті  арттыру  мақсатында E-Learning жүйесіне  негізделген  ТƏЖБ  əдісі

қолданылған видеосабақтар топтамасын түсіру жəне Қазақстан мұғалімдері үшін қолжетімді 

ету. 


938

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту əдістемесі қазіргі таңда біз үшін жаңа, тың сала. Бұл 

саланың əдістемелік базасы əлі қалыптасқан жоқ. Ұрпаққа сапалы, тиімді, тыңғылықты білім 

беру  үшін  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейіндегі  педагогтер  бірлесе  жұмыстануымыз 

қажет.  Соның  ішінде  мектеп  пен  жоғары  оқу  орындары  байланысты  нығайтып,  сенімді 

серіктестікке көшу арқылы түйінді мəселелердің шешімін тапқан жөн. 

Əдебиеттер тізімі 

1. Asher J.  Learning Another Language through Actions: The Complete Teacher’s

Guidebook. - Los Gatos-California: Sky Oaks Production, 1982. - P. 54-56. 

2. Joan Kang Shin. Ten Helpful Ideas for Teaching English to Young Learners: English

Teaching Forum, 2006, Number 2. 

3. Scott W. and Ytreberg. 1990. Teaching English to children. London: Longman.

4. Slatterly M. and J.Willis. 2003. English for primary teachers. Oxford: Oxford University

Press.     

5. Чигишева  О.  П.,  Гоголкина  Т.  М.  Концептуальные  основы  метода  полного

физического реагирования в интерпретации Джеймса Эшера. Альманах современной науки и 

образования. Тамбов: Грамота, 2009. № 2 (21): C. 150-153.  

6. Total Physical Response (TPR) 

http://www.youtube.com/watch?v=1Mk6RRf4kKs

(23.09.2014) 

939


БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДƏСТҮРЛЕРДІҢ РӨЛІ 

Керімбекова Р. Ə., Исмайлова Ұ. Қ. 

«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы  

Оңтүстік Қазақстан облысы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл  мақалада  отбасылық  тəрбиеде  ұлттық  салт-дəстүр  мен  əдет-ғұрыптың  бала 

тəрбиесіне ықпалы қарастырылған.

 

Аннотация 

В  данной  статье  рассмотрены  вопросы  воспитания  в  семье  на  основе  казахских 

национальных традиций. 



Abstract 

In this article the questions of education are considered in family on the basis of Kazakh 

national traditions. 

Əрбір қоғамның əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның 

тəрбиелі  жəне  саналы  болып  өсуі  тəрбиеге  байланысты.  Қай  заманда  да  болмасын  адамзат 

алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттердің  ең  бастысы – өзінің  ісін,  өмірін  жалғастырушы 

салауатты,  саналы  ұрпақ  тəрбиелеу.  Ұрпақ  тəрбиесі  келешек  қоғам  қамын  ойлау  болып 

табылады.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мəдени-

ғылыми өресі озық азамат етіп тəрбиелеу біздіңде қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-

пайымды, білімді мəдениетті, іскер, еңбекқор азамат тəрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен 

мəдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бəрін игере отырып жəне оны бүгінгі ұрпақтың 

санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана асыруға болады. 

Ал  жастарды  жан-жақты  қабілетті  азамат  етіп  өсіруде  халықтық  салт-дəстүрлердің 

тəлім-тəрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты, қазақ елініңде бала 

тəрбиесі  жөнінде  атам  заманнан  бергі  жиып-терген  мол  тəжірибесі  бар.  Аға  буын  өз 

бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, əдептілік, елін-жерін Отанын сүюшілік 

секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, жанына сіңіріп 

келеді.  Адамның  жатырқ  дүниеге  келген  күнінен  бастап,  оның  есейіп,  қартайып,  о  дүниеге 

аттанып  кеткенге  дейінгі  өмірі  мен  іс-əрекеті,  басқалармен  қарым-қатынас  атаулының 

барлығы – салт-дəстүрлерден  өзекті  орын  алып,  адамның  дүние  тану  көзқарасын 

қалыптастыратын  тəрбие  мектебі.  Өз  ұрпағының  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»,  өнегелі,  өнерлі 

болып  өсуін  мақсат  еткен  ата-бабамыз  өз  бойындағы  бар  асыл  қасиеттерін  əлденеше 

ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады [1]. 

Əсіресе, «Өнер алды – қызыл тіл», «Жер астында жатқанды – қазбай қарап тіл табар» 

деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тəрбиенің пəрменді құралы, 

ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, 

бесік  жырларында,  ертегі-аңыз  əңгімелерінде,  мақал-мəтел,  нақыл  сөздерінде  ел  тағдыры, 

келер  ұрпақ  қамы,  бас  бостандығы,  адамгершілік,  ар-ождан  мəселелері  жан-жақты  сөз 

болып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту 

940


сияқты дəстүрлер жиындарында марапатталып келеді. Сол арқылы көпшілік қауымға, əсіресе 

жастарға өнеге айту, тəлім-тəрбие беру көзделді. 

Еліміздің ежелден дəріптеп, қастерлеп келген ұрпақ өнерінің тегін тектеу, болмысын 

тану,  оның  асылын  тарихтың  рухани  көш  керуеніне  ілестіріп  отыру  арқылы  бүгінгі  жəне 

болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең талабы болып отыр. 

Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт-дəстүр атаулыны аяқ асты ету, ана тілі мен 

ұлт мəдениетіне менсінбей қарайтын мəңгүрттердің көбеюі, қала берді кісі өлтіріп, үй тонап, 

бас  еркінен  айрылып,  еңбек  түзеу  колонияларында  отырғандардың  көпшілігінің  жастар 

арасынан шығуы ұлттық тəлім-тəрбиенің, мектептер мен арнайы оқу орындарында пəрменді 

түрде жүргізілмеуінен туындаған сорақы, жат көріністер еді. 

Ұрпақ  тəрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халқымыздың  жақсы  дəстүрлері  мен 

тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу 

мүмкін емес. Себебі, Л.Н. Толстой айтқандай: «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар 

шегу айсыз қараңғы сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар» [2]. 

Қоғамның ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Қазақстан президенті                  Н.Ə. 

Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - атты Қазақстан 

халқына жолдауында: «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы бола білеміз», - 

дей  келе  өзге  де  ұлттардың  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлерін  танып-біліп  құрмет  көрсеткен 

жағдайда,  өз  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлерімізді  басқа  ұлттардың  құрметтеуіне  ие 

болатынымызға  баса  назар  аудартып  отыр.  Əр  халық  өзінің  тарихын  жалғастыратын  жас 

ұрпағын  адалдыққа,  еңбексүйгіштікке,  шыншылдыққа  үндеп  отырған.  Тəрбие  жүйесінде, 

жеке  адамның  жақсы  қасиеттерін  қалыптастыруда  қоғамның  алатын  орны  ерекше.  Қоғам 

жəне отбасы үш боуыннан құралады: ата-əже, əке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты 

басынан  кешсе  де  бала  тəрбиесін  назардан  тыс  қалдырған  емес.  Атадан  қалған  ұлағатты 

сөздер, мақал-мəтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, əдептілікке 

батылдыққа баулыған, тəрбиелеген. 

Тəрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық тəжірибесі мен ізгі 

қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын, 

дүние танымын, өмірге деген көзқарасын жəне соған сай мінез-құлқын қалыптастыру [3]. 

Адам  тəрбиелеу,  ұрпақ  өсіру – ең  жауапты  мəселе. «Отан  отбасынан  басталады» 

демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше, бұл дəлелденген. 

Бала  бойына  дарыған  көп  қасиеттердің  бастауы  жанұяда  қалыптасады.  Баланың 

негізгі тəрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі 

немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы жастан.....» деген сөздің 

мазмұны  өте  тереңде  жатыр.  Себебі,  есейіп  кеткен  соң  баланың  теріс  мінезі,  қалыптасқан 

қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Ата-аналар өздері тарапынан кеткен кінəні мойындамай, 

айыптыны іздейді. Жас баланың алғашқыда алдына қойған арман, мақсаты болмайды. Оны 

есіне  салатын,  ойтуғызып  арманға  жетелейтін  біздер - үлкендер.  Ең  дұрысы,  бақылау  мен 

бағыттау,  баламен  қарым-қатынаста  болу.  Барлық  өнеге  отбасынан  тарайды.  Əр  отбасы 

кішкене  тəрбие  мектебі  боуға  тиіс.  Осы  тұрғыда  халқымыздың  ұлттық  тəрбиесі  тағы  ойға 

оралады. Үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлемеу, астарлап айту, қызды сыйлау, ұл-қызын өнерлі, 

ұлағаттылыққа,  ерлікке  шыңдау,  мейірімді  болу.  Отбасы – адам  баласының  дүниеге 

келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тəрбие алатын орны. Аса қажетті 

əрі  қасиетті  алтын  бесігі.  Бала  отбасы  мүшелері  арасындағы  ең  əділетті  қарым-қатынастың 

куəсі болып, үлгі өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар-

намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тəрбиесінің ықпалы. Ата-ана жəне басқа ересектер өскелең 

ұрпаққа тек жеке бастарының өнегесімен, іс-əрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-ана 

941


ұнамсыз  жайларға  тіпті  уақытша  болса  да  бой  алдыруына  жол  бермеуі  тиіс.  Өйткені  күйкі 

көріністің  ықпалы  тез  тамыр  жайып,  баланың  бойына  мінез  болып  қалыптасуына  ықпал 

етеді. 

Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңының 27 бап 2-ші  тармағында: «Балаға 



қамқорлық  жасау  жəне  оларды  тəрбиелеу  ата-ананың  табиғи  құқығы,  əрі  парызы» -  деп 

отбасы тəрбиесінің аса жауапты екендігі айқын көрсетілген. 

Алдымен «дəстүр» сөзінің мағынасы арабтың «дустур» деген сөзінен бізге парсы тілі 

арқылы  келген  сөз,  мағынасына  үңілсек  «орныққан,  тұрақты»  дегенді  білдіреді.  Біз  ұзақ 

жылдар бойына «дəстүр» сөзін латынның «традиция» дегеніне синоним ретінде пайдаланып 

келдік.  Латынның  бұл  сөзін  аударсақ,  оны  «бірден-бірге  өткізу,  бірден-бірге  беру»  болып 

шығады.  Дəстүрді  сыйлаған,  дəстүрге  бай,  мəдениетті  халықтар  алдыңғы  қатардағы 

ұлттардың қатарына еніп, көп шаруа тындырады. Қазақ халқы тамаша əдет-ғұрып, салт-сана 

адамдыққа, именжүзділікке, мəдениеттілікке, дүниетанымды кеңейтуге тəрбиелейді [4]. 

Əрбір  ұлттың  өзінің  психологиялық,  əлеуметтік  жағдайына  байланысты  өзіне 

ыңғайлап  жасап  алған  ережелер  түрінде  қолданылады.  Осы  дəстүр  арқылы  ұлттық  сезім 

қалыптасады. Ұлттық сезім дегеніміз – адамның туған жерге, өз тіліне, салт-дəстүрге деген 

сүйіспеншіліктері. 

Əрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен 

ұлттық  салт-дəстүрлері  тəн  азығы  мен  жан  азығының  тепе-теңдігін  сақтап,  əсіресе  жан 

азығына  басым  көңіл  бөлген  халқымыз  өміртануды  діттеп,  оның  философиялық 

заңдылықтарын терең ұғынған [5].  

Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дəстүрлер сол ұлттың ой-санасының дəрежесін 

көрсетеді.  Ұлттық  сананың  қозғаушы  күші – ұлттық  намыс,  ұлттық  абырой.  Ол  жеке 

тұлғалардың  перзенттік  борышты  өтеу  дəрежесіне  сай  өмірден  өз  көріністерін  байқатады. 

«Ел  болу  үшін  бесігіңді  түзе», - деген  сөзінде  М.О.Əуезов  тəрбие  ұрпақты  дүниеге 

келтіруден  басталады;  сол  тəрбиенің  дəстүрлік,  салт-саналық  бастаулары  мен  бағдарларын 

жан-жақты  пайдаланып,  даналықпен  дамыта  білу  керек  деген  өсиеттің  мəнін  ұғамыз. 

Нəрестелік  шақтан  басталатын  тəрбиенің  қалыптасқан  ұлттық  рəсімдері  мен  тəлімдік 

тəсілдері  нəрестеге  бесік  жыры  арқылы  əуезді  əуенмен  беруден  бастап,  одан  соң  жас 

балдырған жеке сөздерді ұғынғанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып, түсіндіреді [6]. 

Ол  үшін  тақпақ,  санамақ,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  мақал-мəтелдер  үйретіп,  баланың  тілін 

шығарып, ойын дамытады. 

Баланың  жаны  кетік  болмай,  бүтін  болсын  десе,  тəрбиеші  баланы  əннен,  жырдан, 

саздан қашырмасын, - деп М.Жұмабаев айтқан болатын. Баланың тəжірибесі аз, сондықтан 

оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет əрі əсерлі, əрі ойда қалатындай мəнді болуы керек. 

Үлкендер  батасын  беріп,  баланың  ер  жетуіне  тілектестік  білдіреді.  Үлкендер  нəрестеге 

неғұрлым  бар  зейінімен,  мейірімімен  қатынас  жасаса,  ол  соғұрлым  өзін  танып,  іс-əрекеті 

ширай түседі. Үлкендердің өзіне бағытталған іс-əрекеттеріне қарап, бақылай отырып ол өзін 

сезіне  бастайды.  Осылайша  үлкендер  нəресте  үшін  ең  алғаш  өзін  көріп,  танитын  айна 

іспеттес  болады.  Психолог  Л.Выготский: «Бала  дүниеге  келісімен  əлеуметтік,  қоғамдық 

тіршілік  иесі  болып  саналады,  оның  өсіп  жетілуі  үшін  ересектермен  қарым-қатынасқа 

түсуінің  маңызы  зор,  осы  арқылы  бала  білім  мен  əлеуметтік  тəжірибені  меңгереді» - дейді 

[7]. 

Ата дəстүрді ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. Егер жеті 



атасына  дейін  ата  тегін,  тарихын  білмейтін  ұрпақ  болса,  оны  «жеті  атасын  білмейтін 

жетесіз», - деп  халық  баға  берген.  Халық  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатқан  жақсы 

қасиеттерді  келесі  ұрпақтың  бойына  сіңіріп,  ізгілікке  тəрбиелейді. «Шыншыл,  əділетті, 

942


иманды  болу  сонау  арғы  ата-бабамыздан  бері  қалыптасып  келе  жатқан  дəстүріміз», - деп 

кейінгі  ұрпақтың  ата-салтты  бұздауын  талап  етеді.  Ата  тегін  ардақтау  дəстүрі  көбінесе 

отбасында сөз болып, ата-ана балаларын ата-ананы, ата-бабаны сыйлауға тəрбиелейді. 

Б.Момышұлы: «Дəстүрсіздік – халық  үшін  қасірет», - деген.  Жас  ұрпақ  əдепті, 

парасатты  болып  өссін  десек,  ұлттық  тəрбие  түрлерін,  халықтың  мол  қазынасын  бүгінгі 

тіршілігімізде кеңінен пайдалануымыз керек. Дəстүрсіздік имандықтан айырады. Күнделікті 

өмірде  оқушы  мен  мұғалім  сөйлескенде,  мұғалім  мен  мұғалімнің,  ата-ана  мен  мұғалімнің 

арақатынасында бұрынғы салт-дəстүріміз сақталуы керек. Салт-дəстүр, əдет-ғұрып халықтың 

рухани  өзегі,  тілінің  тірегі,  мəдениетінің  арқауы.  Ғасырдан-ғасырға,  ұрпақтан-ұрпаққа 

ауысып келе жатқаната-дəстүрдің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, 

оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет