Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет38/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113

Использованная литература 

1. Послание  Президента  РК    Н.  Назарбаева  народу  Казахстана,  Астана, 29

января 2010 

2. Программы курсов повышения квалификации педагогов, 2013. С.119

3.Система  критериального  оценивания  учебных  достижений  учащихся. 

Методическое  пособие. – Астана:  Национальная  академия  образования  им.  И. 

Алтынсарина, 2013. С.2 

4.Методические  рекомендации  для  учителя  по  критериальному  оцениванию 

учебных достижений учащихся, 2014.С.5 

321


КƏСІБИ  ҚОҒАМДАСТЫҚ – ӨЗАРА ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУ ОРТАЛЫҒЫ 

Базарбаева А. Қ. 

Жаңатас қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектеп  

Жамбыл облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінде орын алған кемшіліктерді жойып, дүниежүзілік 

өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдың  үлесіне тиіп отыр. Мектепте  мүддесі бір, мақсаты бір  

мұғалімдер  өзара  бірігіп,  өзінің  кəсіби  дамуына  бастау  болар    педагогикалық  қоғамдастық 

құрып,  оқыту  үдерісінде  жауапкершілік  пен  ізденісті  көздеуі  тиіс.  Қоғамдастық 

ынтамақтастықты арттыра отырып, жаңа идеялар мен тəжірибелерді шоғырландыру арқылы 

кəсіби  дағдыларды  дамыту  мақсатында  жұмыс  жасайды.  Ұстаздар  арасында  шынайы 

қатынасты орнату – көшбасшылықтың   міндеті. 



Аннотация 

Искоренив    недочеты    в  современной  системе  образования,  в  ХХІ  веке  должны 

добиться достижения всемирной цивилизации. Объединив учителей с общими интересами, с 

одной целью в школе необходимо создать педагогическое сообщество, в процессе обучения 

проявить  ответственность  и  исследовательский    подход.  Сообщество  развивает  взаимную  

солидарность  учителей,  работает  для  развития  профессиональных  навыков,  нужно 

объединить    новые  идеи  и  опыты.  Главной  задачей  лидерства  является    установка 

благоприятного общения между  учителями. 



Abstract 

 Having eradicated defects in a modern education system, in ХХІ an eyelid achievement of 

the world civilization have to achieve. Having united teachers with common interests, with one 

purpose in school it is necessary to create pedagogical community, in the course of training to show 

responsibility and research approach. The community develops mutual solidarity of teachers, works 

for development of professional skills, it is necessary to unite new ideas and experiences. The main 

task of leadership is installation of favorable communication between teachers. 

Жаңа  заманның  тарихын  жазатын,  кезінде  бұрмаланған  тұстарына    əділ  баға  беретін, 

оның  кемшін  тұстарын  толықтыратын  бүгінгі  жас  ұрпақ.  Сондықтан  да  елімізде  жүріп 

жатқан  ауқымды  өзгерістердің  мəнін  адал  пайымдау  бəрінен  бұрын  жастарды  тəрбиелеп 

жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұлы ғұламамыз Ахмет 

Байтұрсынұлы  ХХ  ғасырдың  басында  «Ең  əуелі  мектепке  керегі – білімді,  педагогика  мен 



методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Осы орайда атақты педагог В. 

Сухомлинскийдің «Оқытушы жұмысының  жемісті болуы – балаға жүрек жылуын  ұсына 



отырып, оқыту мəселесін бірінші орынға қойғаны» деген  сөзі бүгінгі күні өз құнын жоймай, 

өз  мəнін  жоғалтпай,  қазіргі  таңдағы  білім  беру  қағидасымен  астасып  жатыр.  Мектеп 



жұмыcы 

мен 

oқушы 

жетіcтіктерін 

өрістетудегі 

негізгі 

тұлға–мұғалім, 

(Strong.Ward&Grant. 2011)  дейтін  бoлсақ, oндa  мектепке  өзгеріc  енгізу  үшін  бірінші 

мұғaлімдерді  өзгерту  керектігі  дaуcыз.  Мұғалімнің  біліктілігін  aрттырудa  жaңaшылдықтың 

322


ең  басты  міндеті – хaлықaрaлық    ынтымaқтаcтық  пен  əлемдік  үздік  деген  тəжірибелерді 

енгізіп, oсы зaмaн тaлaбынa caй білім беру жүйесін құру.  

ХХ  ғасыр  артта  қалды.  Сапалы  білім  мен  тəрбие  беруде  орын  алған  кемшіліктерді 

жойып,  дүниежүзілік  өркениеттілікке  жету  ХХІ  ғасырдың    үлесіне  тиіп  отыр.  Ондай 

азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен  тəрбие мəселесін нағыз гуманистік  

дəрежеге келтіру, бүкіл ғаламдық мəдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Оны атқаратын, 

сөз жоқ, мұғалім. 

Əр  жүректі  білім  шуағымен  нұрландырудың  жолын  тапқан  ұстаз – нағыз  сабақтың 

жасампазы.  Терең  білімі,  толассыз  ізденімпаздығы,  əр    жүрекке  жол  таба  білетін 

сезімталдығымен шəкірттер сүйіспеншілігіне бөленген сондай мұғалімді балалар шөлдегенде 

сусынды керексінгендей қажетсінетіні сөзсіз. Олай болса, мұғалім мына сұрақтарды ретпен 

қою  арқылы  құрылымдап,  кəсіби  дамуға  негіздеуі  тиіс:  Неліктен  біз  біздің    оқыту  



тəсілдерімізді өзгертуге  тиіспіз, содан кейін мəселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай 

істейміз,  тек  содан  кейін  ғана – біз  сыныпта  не  істеуіміз  керек?[1]  деген  сұрақты  алға 

тартады. Сұрақ – əрекетке, əрекет – ізденіске, ізденіс – еңбекке, еңбек – нəтижеге бастайды. 

Бұрын  өткізіп  келген  сабақтарын    ұстаздар  қауымы  ой  елегінен  өткізіп,  рефлексиялап,  өз 

ісіне    бір  нəрсенің  жетпей  жатқандығын    мойындауға  тиіс.  Сабақ  оқушылардан    өткен 

тақырыпты  сұрап,  жаңа  тақырыпты  сөйлеп-сөйлеп  шығып  кетуден  ғана    тұрмайтынын,  өзі 

ойлағаннан  күрделі  құрылым  екенін  сезінуі    тиіс.  Оқушы  кемшілігін  өз  кемшілігім  деп 

қабылдаған  ұстаз  ізденістің  иірім  жолдарына  түсуге  тəуекел  етпек.  Мұғалімдер  арасында   

проблемаларды  ұсынып,  оның  шешу  жолдарын  қарастыру  жəне  олардың    кəсіби  дамуы, 

оқушылардың  білімдегі  жеке  қажеттіліктерін  түсіну  жəне    шешу  арқылы  оқуды  алға 

жылжыту  мəселелерін  басшылыққа  ала  отырып    мектеп  көшбасшысы  мектеп  аясында 

педагогикалық қоғамдастық құруы бүгінгі  күні өзекті əрекет болып отыр. Оқушыларының 

білім  алуына  басты  назар  аударуды  басымдық  ететін    көшбасшы  мұғалімдер  өздерінің 

əріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.[1]    

Майкл  Барбер  дөңгелек  үстелге қатысушыларға  жақсы  білімді  анықтауға  арналған 

формуланы ұсынды: 

     Жақсы білім = Э (Б+О+Л) 

«Б»  əрпі – білім, «О» - ойлау, «Л» - лидерлік  (өзіне  жəне  басқаға  қатысты  көшбасшылық 

дағдылар мен ұстанымдар), ал «Э» - этикалық негіздер дегенді білдіреді. [2] 

Мектепте  көшбасшы  ретінде    алдыма  қойған  мақсатым  Майкл  Барбер 

формуласындағыдай  білім,  ойлау,  лидерлікті  бірлікте  ұстай  отырып,  ұстаздар  жұмысына, 

oлаpдың oқушылаpмен қaрым-қaтынасынa жəнe oқыту пpoцесінің нəтижeсіне бoлып жатқaн 

өзгеpістеp  ықпaлы  қaлaй  жəнe  нeнің  көмeгімeн  aнықталуы  мүмкін  eкeндігін  сaрaлай  кeле, 

қaлыптаcқaн  дəстүpлі  сaбақтaрға  өзгеpіс  eнгізу  бaрысында  oқыту  мeн  oқу  үдeрісіне  қoзғау 

сaлу  бoлса, oсы  мaқсатқа  жeту  жoлында  мұғалімдердің    кəсіби  дамуын  дұрыс  жолға  қою 

үшін мектеп  аясында «Жеті қазына» кəсіби  қоғамдастығы құрдым. Қоғамдастыққа əр түрлі 

пəндердің  мұғалімдері  өзгеріс  туралы  білгілері  келіп,  тəжірибесінің  ауқымын  тың 

педагогикалық  білімдермен  толықтырғысы  келген  ұстаздар  өз  қызығушылықтарымен  енді. 

Қоғамдастық  өзара  ынтамақтастықты  арттыра  отырып,  жаңа  идеялар  мен  тəжірибелерді 

323


шоғырландыру  арқылы  кəсіби  дағдыларды  дамыту  мақсатында  жұмыс  жасайды.  "Жердің 

жүзін  мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ  жеті  санында  сиқырлық  күш  бар  деп 

санаса,  менің  қоғамдастығымдағы    мұғалімдер  де  жеті  модульдің  ықпалдасуы  арқылы 

жүргізілген  əр  сабақ  мұғалім  үшін  табыс,  оқушы  үшін қазына  болып  табылады,  сондықтан 

біз  жеті  модульді  жеті  қазынаға  балап,  қазақ  халқы  үшін  қасиетті  саналатын  ғажайып 

жетіліктің  жетістігі  жеткілікті,  табыстылығы  толағай  болады",-  дейді  қоғамдастық  

мүшелері. Жұмыс жоспарымызға өзара ынтамақтастықты арттыра отырып, жаңа идеялар мен 

тəжірибелерді шоғырландыру арқылы кəсіби дағдыларды дамыту деген мақсат  қойдық. Бұл 

мақсаттан шығатын табыс критерйилері:  

-

  қоғамдастықта бір-біріне қолдау көрсететін тұлға пайда болады;  



-

  өзекті мəселені бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырады;  

-

  мұғалімдер бір-бірімен кəсіби байланыс орнатады;  



-

  мұғалімдердің бірлескен іс-əрекетте белсенділіктері артады;  

-

  мектеп  мұғалімдеріне  тəжірибеде  қолдау  көрсететін  түрлі  қоғамдастықтармен 



байланыс орнайды.  

Бұл  тұста    менің  ұстанымым  «мұғaлімдердің  кəсіби  дaмуына  ықпaл  ете  отырып, 

мұғалімдер мен оқушы арасындағы бірлік, ынтымақ мəдениетін қалыптастыру жəне сабақты 

ұйымдастыру  əдістемесіне  оқытудың  жаңа  тəсілдерін  енгізу  арқылы  оқушылардың  пəнге 

деген қызығушылығын арттыру» болды.  Əріптестеріммен бірлесе  жұмыс жасау барысында 

алдыма мынадай міндеттер қойдым:  

 Кəсіби  қоғамдастықтағы  мұғалімдердің  білім  беру  тəжірибесіне  оқыту  мен  оқудағы

жаңа тəсілдерді енгізуіне ықпал ету; 

 Қоғамдастықтағы барлық мұғалімдердің сабақ өту тəжірибесіне жаңа тəсілдерді орта

мерзімдік жоспар жасау арқылы енгізу; 

 Сабақ беретін барлық сыныптарда бірлескен оқуды қалыптастыру  арқылы оқушы мен

мұғалім арасындағы жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас үдерісін дамыту; 

 Белсенді көшбасшылық үдерісін оқушылардың  арасында да жақсарту;

 Ұстаздардың  сабақ  беру  тəжірибесі  мен  оқушылардың  оқу  үдерісіндегі

белсенділіктерін арттыру; 

 Оқушы мен мұғалім арасында  кері байланыс қалыптастыру.

Осы  міндеттердің  оң  нəтижесіне  жету  барысында  əріптестеріммен  тығыз  қарым – 

қатынас  жасай  отырып,  мектептегі  қалыптасқан  дəстүрлі  сабақтар  жүйесін  түбегейлі 

өзгертуге болатынына сенімім мол. 

Мектепті  дамыту  жұмысына  бағытталған  мектептегі  педагогикалық  кəсіби 

қоғамдастық жұмысы мына сызба арқылы жүзеге асырылып келеді: 

 

 



Кəсіби педагогикалық 

қоғамдастық пен 

көшбасшылық 

Жұмыс мазмұны 

Жұмыс түрлері 

Қоғамдастықтың мақсаты – өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту 

тəжірибесін жүргізуге мүмкіндік  алу мақсатында 

педагогиканың жаңа нысандарын игеру. 

Оқыту мен оқу үдерісінің  күрделілігіне жəне оқыту мен 

оқудағы жаңа тəсілдерді қолдануға  қатысты түсінігін дамыту, 

нəтижелі əрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында 

əріптестерге қолдау көрсету. 

Тəлімгерлік  ету жұмыстары, тізбектелген сабақтар топтамасы, 

коучинг үдерісі, Lesson Study əдісі жəне  іс-əрекеттегі бірлескен 

зерттеулер

324


Өзгеріс  енгізу  барысында  қоғамдастық  мүшелері  Майкл  Барбер  формуласындағы 

білім, ойлау, лидерлік қағидаларының этикалық негіздерге байланыстылығын ескере отырып 

жұмыс  жасаймыз.  Қоғамдастық  мүшелері 7 модуль  аясындағы  атқарылатын  жұмыстардың 

қаншалықты тиімді екендігіне көз жеткізіп, өз жұмыстарына  рефлексия жасай  алуды  жетік 

меңгеріп  келеді.  Рефлексия – өте  күрделі  шығармашылық  жұмыс,  ал    өз  жұмысына 

рефлексия  жасауды  шебер меңгеру – педагогтің даму  жолындағы  маңызды сатының бірі.  

Кері  байланыссыз  мұғалімнің  белгілі  бір  табыстарға  қол  жеткізіп,  оның  шығармашылық 

биіктерге  көтерілуі  қиын.  Педагог  жаңаша  жұмыс  істеу  жəне  тұлға  ретінде  өзгеру 

қажеттілігін  түсінген  жағдайда,  кəсіби  даму  ешқандай  кедергілерсіз  алға  жылжи  алады. 

Рефлексия – мұғалімнің өзіндік дамуын ілгері жылжытатын ең тиімді, əмбебап тəсіл.  

Балаға  əсер  ету  жолдары  түрліше.  Ізденісті  мұғалім  əр  баланың  ішіне  үңілуден 

бастайды.  Əркімнің  жан-дүниесінің  есігін  ашатын  кілтті  қолға  түсіруі – сезімталдық, 

көрегендік,  сергектік.  Оқытып  жүрген  оқушыларының  өзіндік  ерекшеліктерін  жете  зерттеп 

біліп  алған  соң,  əдіс-тəсілдерді  солардың  қабылдау  деңгейіне  орай  іріктеп,  талдап  қолдауы 

тиіс.  Пайдалыларын  жетілдіре  түседі.  «Жақсы  дерлік  те,  жаман  дерлік  те  бір  əдіс  жоқ.  

Олақтықтың белгісі – бір ғана əдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі əдісті болу. Мұғалім 

орнында  жоқ  əдісті  табу  керек,  оларды  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нəрсе  есебінде  қолдау 

керек»  деген  ғалымдардың  сөзі  өткен  ғасырда  айтылса  да,  қазіргі  ұстаздарға  арналғандай 

жəне ол мұғалімдерге  ой салуымен де қымбат. 

Білім – теңіз,  оның  тереңіне  сыр-сипатын  жетік  білетін,  құпиясына  қанық  адамдар 

ғана  бойлай  алмақ.  Ондай  адамдарды  дайындайтын  мұғалімнің  бірі  екіншісіне  ұқсамайтын 

жан-жақты  өткізген  сабақтары.  Сондықтан  болар  В.Сухомлинский  «Сабақ  жас 

өспірімдердің  интеллектуалды  өмірінде    құр  ғана  сабақ  болып  қоймас  үшін,  ол  қызықты 

болуы керек. Егер осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер    үшін рухани өмірдің 

тілеген  ошағына,  мұғалім  осы  ошақтың  құрметті  иесі  мен  сақтаушысына,  кітап – 

мəдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» деп айтқан. Шынында да, жай ғана сабақ 

құнарсыз  тағам  секілді  адам  бойына  жұқпайды.  Сапалы  сабақтар – мұғалімнің  ашқан 

жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, əдістемелік еңбегі, көтерілген белесі.  Олай болса, мұғалімнің 

өз  пəнін  терең  меңгеруі  оның  алғашқы  қыры  десек,  шəкірттерге    ғылым  негіздерін  үйрету

 

барысында  келесі  қырын  –  кəсіби  шеберлігін  ұштай  түсуге    тура  келеді.  Қоғамдастық 



мүшелері  7  модульге  ықпалдастырылып  жасалған  дұрыс  сабақ  жоспары  оқушының  бар 

мүмкіндігін  ашуға  бағытталатындығын    меңгерген.  Диалогтік  оқыту    оқушы  мұғалімімен 

жəне  құрдастарымен  сөйлесе  отырып  білім  алуға  бағыттаса,  оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  оқушы  құзырлығын  арттыруға  бағыттайды, 

жас ерекшелігіне сəйкес оқыту мен оқу əртүрлі жастағыларды табысты оқытудың  маңызды 

құралы болып есептеледі, дарынды балаларды оқыту оқушылардың қабілеттерін, біліктілігін, 

əлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін тиімділігін көрсетсе, оқушылар өздерінің оқудың қай 

сатысында  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  жəне  қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек 

екендігін  анықтау  үшін  оқыту  үшін  бағалаудың,  сондай-ақ  оқыту  қорытындысын  шығару 

үшін оқуды бағалаудың маңызы өте зор.  

325


 

Мұғалімдердің  кəсіби  дамуын  арттыратын,  оқушының  сабаққа  ынтасын  оятатын, 

бірлесе отырып жұмыс жасап үйренетін Lesson Study-дің табысты нəтиже берері сөзсіз. Білім 

алушыларға нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған коучингті, тəлім алушының кəсіби 

дамуына бағытталған тəлімгерлік мектепті дамыту жұмысының бастау көзі болып табылады. 

Оқушылар  жоғары  нəтижеге  жету  үшін  мектептер  арасындағы  оқыту  мен  оқу  үдерістерін 

жетілдіруге  бағытталған  желілік  қоғамдастықтың  орны  бөлек.  Мұғалімнің  жеке  дамуына 

бағытталмаған,  əріптестеріне  жаңа  идеяларды  игеруге  көмектесетін,  ынтымақтастықты 

"жүрегім"  деп  ұстанатын  көшбасшылық  қызметтің  қазіргі  таңда  оқу  бағдарламасына 

тигізетін  пайдасы  өте  зор.  Кəсіби  қоғамдастықтың    тəжірибе  алмасу  барысында  үлкен 

жетістіктерге  қол  жеткізу  əсерінің  мол  екендігін  ескере  келе,  кəсіби  қоғамдастық     

жұмысын  алдағы  уақытта  жандандыру  керек.  Мектеп  қызметінің  тиімділігін  арттыруға 

бағытталған кəсіби қоғамдастықтың əр білім ошағына берері мол деп ойлаймын. 

Əдебиеттер тізімі 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей

2. Құсайынов А. Қ. Əлемдегі жəне Қазақстандағы білім берудің сапасы  Алматы, 2013.

326


КІРІКТІРІЛГЕН ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ КƏСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ 

ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ 

Байбусинова Н.М. 

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа

 

Мақалада 

кіріктірілген  жаңа  эксперименттік  оқу  бағдарламасының  тиімділігі 

көрсетіледі. Қазіргі таңда осы жаңа бағдарлама бойынша 7-12-сыныптарда жұмыс жүргізіліп, 

бағдарлама өз нəтижесін беруде. Білім беру саласындағы оң өзгерістер Назарбаев Зияткерлік 

мектебінің  ұстаздар  қауымы  мен  оқушыларын  жаңа  бағыт  пен  жаңа  серпінге  бастады. 

Кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасының тілдегі маңыздылығы- оқушының тіл сауаттылығы 

мен  сөз  байлығының  нəтижесінде  басқалармен  еркін  қарым-қатынасқа  түсуді  жəне  сыни 

тұрғыда ойлау қабілеттері мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді мақсат етеді. 

Аннотация 

В данной статье рассматриваются особенности интегрированной программы, которая на 

сегодня  внедрена  в 7-12 классах.  Учителя  и  учащиеся  Назарбаев  Интеллектуальных  школ 

являются  участниками  инновационного  проекта,  внедряют  данные  программы  в  школах. 

Интегрированные  программы  позволяют  формировать  и  развивать  устную  и  письменную 

речь,  умение  общаться  в  различных  речевых  ситуациях,  навыки  критического  мышления, 

функциональную грамотность учащихся

Abctrakt 

This article discusses the features of the integrated program, which has now been implemented 

in grades 7-12. Teachers and students of Nazarbayev Intellectual Schools are participants of the 

innovation project, implementing these programs in schools. Integrated programs let you create and 

developporal and written language, the ability to communicate in a variety of speech situations, 

critical thinking skills, functional literacy of students. 

Бүгінгі күні əлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы - 

білім  беру  саласын  толықтай  ақпараттандыру  болып  табылады. «Қазақстан-2030» 

стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуы жəне Қазақстанның 

білім беру жүйесін əлемнің ең үздік білім беру жүйесіне кіріктірумен сипатталады. ХХІ ғасыр 

табалдырығын  еркін  аттаған  ұрпаққа  тəлім-тəрбие  жəне  білім  беруді  жетілдірудің, 

мемлекеттік  тілді  терең  оқытудың  басым  бағыттарын  айқындау  педагогика  тəжірибесінің 

өзекті  мəселелерінің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Осыған  орай  жаңа  экономикалық  жəне 

əлеуметтік-  мəдени  жағдайларда  Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған  білім 

беру  сапаларын  арттыруға,  стратегиялық  міндеттерді  шешуге  бағытталған  түбегейлі  қайта 

өзгертулер заман талабына сай жаңа талаптар жүктеуде. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев бекіткен 

елімізді 

индустриялық-инновациялық 

дамытудың 2003-2015 жылдарға 

арналған 

бағдарламасы  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  ақпараттық  теңсіздікті  төмендетудің 

жəне  білім  деңгейін  арттырудың  шешуші  тұтқасы  болып  табылады.  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында  еліміздің  білім  беру  жүйесінің  басты 

327


міндеттері атап көрсетілгені бəрімізге аян. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, 

оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу» 

делінген. Бұл міндеттерді шешуде нəтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу 

үшін əр мұғалім, жеке тұлға күнделікті шығармашылық ізденістің нəтижесінде барлық тың 

жаңалықтар  мен  өзгерістерге  батыл  жол  ашарлық  тəжірибеге,  жаңа  ақпараттық 

технологияларға,  əлеуметтік,  тұлғалық  жəне  жеке  құзыреттіліктерге  ие  болуы  тиіс  деп 

ойлаймын. Осындай жаңашыл бастаманың негізінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2012 

жылдың  оқу  жылынан  бастап 7-12- сыныптарда  барлық  пəндер  бағдарламасы  əлемдік 

деңгейдегі жаңа білім беру жүйесіне өзгерді. Осы мақсатта 2011 жылдың сəуір айынан бастап 

кіріктірілген  жаңа  эксперименттік  оқу  бағдарламасы  бойынша  жұмыс  бастадық. 07.-

11.05.2012  ж.  аралығында  Астана  қаласында  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  ДББҰ 

ұйымдастыруымен 

Кембридж 

Университетінің 

халықаралық 

емтихан 


кеңесінің 

консультанттары жəне Жобалық топтың мүшелерінің семинарына қатысып, профессор Анис 

Уолджидің  лекциясын  қызғушылықпен  тыңдап,  бағдарлама  негізінде  жұмыстар  сəтті 

жүргізілді.  Əр  семинардан  қызықты  ақпараттар  негізінде  пікір  алмасып,  өзара  тəжірибе 

бөлістік. Өзім кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасын қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша 

7-12-  сыныптардың  оқу  бағдарламасын  құрастыруға  қатыстым.  Осы  бағдарлама  негізінде 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары белсене қатысып,ұйымшылдықпен жұмыс істедік. 

Жұмысты орындау кезең-кезеңдерге бөлініп,электронды нұсқасы Кембридж университетінің 

мамандарына  жіберіліп  отырды.  Қазіргі  таңда  осы  жаңа  бағдарлама  бойынша 7-12-

сыныптарда  жұмыс  жүргізіліп,  бағдарлама  өз  нəтижесін  беруде.  Кіріктірілген  жаңа  оқу 

бағдарламасы  бойынша  бағдарламамен  жұмыс  жүргізіп  жатқан  бес  мұғалім  Кембридж 

университетінде  болып  қайттық.  Кембридж  университетіне  барудағы  мақсатымыз- 7-12-

сыныптар бойынша ұзақ, орта жəне қысқа мерзімді оқу жоспарларымен жұмыс жүргіздік. Осы 

мақсатта  Кембридж  университетінің  Кеели,  Саманта,  Карл,  Расул  эксперт - мамандарымен 

белсене  жұмыс  жүргіздік.  Жұмысымыз  нəтижелі  аяқталып,  Назарбаев  Зияткерлік 

мектептерінде 2012 жылдың 1-қыркүйегінде  кіріктірілген  жаңа  оқу бағдарламасы  бойынша 

жаңа жүйеге қадам бастық. Осындай білім беру саласындағы оң өзгерістер ұстаздар қауымы 

мен оқушыларды жаңа бағыт пен жаңа серпінге бастады. Ұстаздар қауымы игілікті істердің 

арқасында  жылдан-жылға  іс-тəжірибеміз  молайып,  шыңдалу  үстіндеміз.  Қазіргі  заман 

талабына  сай  білім  беру  жүйесінде  белсенді  оқу  əдістерін  тиімді  қолдану,  өзара  тəжірибе 

алмасу,  оқушыларды  күнделікті  ақпараттандыру,  жан-жақты  шығармашылықпен  ізденуіміз 

іс- тəжірибемізде жаңа өзгерістер əкелуде. Бұл өзімізді де ата-аналар қауымын да қуантуда. 

Білім саласы бойынша енгізіліп жатқан жаңа өзгерістерді Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 

ұстаздары  мен  оқушылары  да  ерекше  серпінмен  қабылдауда.  Еліміздің  бəсекеге  қабілетті 

дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін жас ұрпақтың бойына алған білімімізді сіңіру біз үшін, 

ұстаздар қауымы үшін үлкен жауапкершілік. Кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасындағы қазақ 

тілі  мен  əдебиеті  пəнінің  маңыздылығы - тілді  үйрену  арқылы  əрбір  жеке  тұлға  өзінің 

қоғамдағы құзыреттілігін арттырып, əр сабақ сайын тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым 

дағдыларын  кеңінен  қалыптастырып,  коммуникативті  қабілеттері  дамиды.  Осы  тілдік 

дағдылардың  қалыптасуы  оқушының  басқа  пəндерді  жан-жақты  игеруіне  жол  ашады. 

Оқушының бойында қалыптасқан əр дағды жеке тұлғаның əлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге 

бейім,  жаңашыл,  ұлттық  құндылықтарды  бағалайтын,  шығармашыл,  жан-жақты  дамыған 

білімді  тұлға  болуына  жол  ашады.  Қазақ  тілі  мен  əдебиетін  оқытудағы  мақсат-əрбір  жеке 

тұлғаны шығармашлықпен жұмыс жүргізуге, сыни тұрғыдан креативті ойлауға үйретіп, ана 

тілін  қадірлейтін,  тілдік  нормаларды  сақтап,  орынды  қолдануға,  еркін  сөйлеуге,  сауатты 

жазуға  үйрету  арқылы  тілдік  қабілетін  дамыту  болмақ.  Кіріктірілген  жаңа  оқу 

328


бағдарламасының  тілдегі  маңыздылығы-оқушының  тіл  сауаттылығы  мен  сөз  байлығының 

нəтижесінде басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсуді жəне сыни тұрғыда ойлау қабілеттері 

мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді мақсат етеді. Үштұғрлы тіл саясатын жүзеге асыру 

мақсатында  қазақ  тілі  негізгі  тіл  болып  саналады.  Үштұғырлы  тіл - еліміздің  бəсекеге, 

қабілеттілікке ұмтылуының бірінші сатысы болмақ. Өйткені бірнеше тілде еркін сөйлейтін, 

сауатты  жаза  білетін  жəне  іскерлік  ортада  тілдік  қатынастарды  жүзеге  асыра  алатын  əрбір 

саналы  да  білімді  тұлға  өз  елінде  де,  өзге  елде  де  өмірге  бейім,  бəсекеге  қабілетті  тұлғаға 

айналуы  тиіс.  Пəндердің  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдеріне  оқытылуына  қарамастан,  бірінші 

тілдегі тиімді қарым-қатнас жəне сыни тұрғыда ойлау дағдылары өзге пəндерді тереңдетуге 

үлкен үлес қосуда. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бірінші тіл мұғалімдері үш тілділік 

саясаттың  жүзеге  асырылуын  жеке  тұлғалық,  əлеуметтік  жəне  білімділік  мақсаттарына  сай 

қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Қазақ тілі пəнін оқыту арқылы 

оқушылардың  коммуникативтік  дағдылары  дамиды.  Назарбаев  Зияткерлік  мектептеріндегі 

кіріктірілген  жаңа  оқу  бағдарламасы  түрлі  əлеуметтік  топтармен  қарым-қатынасқа  түсе 

алатын жеке тұлғаны тəрбиелеуді мақсат етеді. Бұл мақсатқа жету үшін қажет дағдылардың 

дамуы  түрлі  деңгейдегі  қарым-қатынасты  бағалайтын  əрі  қолдайтын  ортаның  көмегі  мен 

ынталандыруы  арқылы  жүзеге  асып,  өз  нəтижесін  беруі  тиіс,  ол кез  келген ортада  өз  ойын 

еркін  де  жүйелі  жеткізуде  сенімділік  таныта  білуі  керек.  Бұл  талаптар  күнделікті  іс-

тəжірибенің  жүйелі  түрде  ұйымдастырылуы  негізінде  жүзеге  асырылады.  Назарбаев 

Зияткерлік  мектептері  үшін  үш  тілді  меңгеру  əр  тұлғаның  жеке  дамуының  міндетті  шарты 

болып табылады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы үштұғырлы тіл саясатын 

кеңейту барысында тілді жеке, əлеуметтік, қоғамдық жəне білімділік мақсатта пайдаланады. 

Сондықтан  кіріктірілген  жаңа  оқу  бағдарламасы  бүгінгі  күннің  қажеттілігіне  негізделген. 

Бағдарлама оқушылардың лингвистикалық құзыреттілігін дамытуға, тілді күнделікті өмірде 

тиімді қолдануға, тіл арқылы ұлттық сананы дамытуға бағытталған. Осы мақсаттарға жетуде 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  оқушылардың  үш  тілде  еркін  сөлеу  дағдылары 

қалыптасып, əрбір жеке тұлғаның бойында өзіне деген сенімділік қалыптасып, əр оқушының 

жарқын болашағы үшін үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асырылуда. Ал мұның бəрі тыңдалым, 

оқылым, айтылым, жазылым дағдылары барысында қалыптасып, оқушылар белсенді қызмет 

етуге  ұмтылады.  Қазақ  тілі  арқылы  басқа  пəндердегі  тілдік  дағдылардың  аясын  кеңейтуге 

болады. Бұл əр оқушының жаңа білім алуына, танымдық іс-əрекетін дамытуына жол ашып, 

оқушының  танымын,  тілдік  құзыреттілігін  қалыптастырады.  Тыңдалым,  оқылым,  айтылым, 

жазылым  дағдылары  бойынша  сынып  оқушыларының  қазақ  тілі  сабағында  оқу  əрекеті 

қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Сабақ процесінде шынайы өмірлік жағдайлар 

келтіріліп,  оны  бірігіп  шешу  мəселелері  ұсынылады,  рөлдік  ойындар  ойналады  жəне 

белсенділігін 

қалыптастыруға 

жағдай 


туғызады, 

қарым-қатынас 

дағдыларын 

орнықтырады,сыни  тұрғыдан  ойлауға  бейімделеді.  Күнделікті  сабақ  барсында  жаңа 

ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара 

тұлғаға  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тəрбие  үрдісінің  барлық 

деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары деңгейге көтеру - бүгінгі күннің басты талабы. 

Білім жүйесіне енген жаңа өзгеріс мұғалімге де, оқушыға да жаңа бағыт ұсынуда. Назарбаев 

Зияткерлік  мектебіндегі  əр  ұстаз  өзін  шығармашылыққа,  ізденіске  жетелеп  отырады. 

Күнделікті оқу үрдісінде оқушыға өзін қоғамда жеке тұлға екенін сезіндіріп, үлкен сенім мен 

жауапкершілік  артады.  Қазіргі  таңда  шығармашыл  тұлға  тəрбиелеу,  оқу  жəне  танымдық 

əрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі мақсат болып табылады. Жаңа технологиялар 

осы мəселені шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыны жекелей саралауына 

мүмкіндік  туады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  əдістері  оқушы  мен  ұстаз 

329


біртұтастығын  қажет  етіп,  тынымсыз  ізденімпаздыққа  жетелейді.Баланың  терең,  еркін 

ойлауына жол ашады. Ұстаз тарапынан жасалатын бағыт - балаға дұрыс бағдар беру болып 

табылады.  Оқушылар – өздері  ниет  білдіріп,  өз  еркімен  сөйлеуі  үшін  олардың  өз 

көзқарастарына,  қызығушылығына  сай  ситуациялық  жаттығулар  мен  белсенді  оқыту  əдіс-

тəсілдерінің оқушылар ынтасы мен зейінін арттыруға тиімділігі мол. Сабақта белсенді оқыту 

əдіс-тəсілдерін  тиімді  қолдану-оқыту  əдістемесінің  белсенділігін  арттырып,  еркін 

сөйлесулеріне қосымша мүмкіндік тудыратын тəсіл деуге болады. Мəселен, рөлдік ойындар 

барысында  оқушылар  əлеуметтік  тұлғаларды  əлеуметтік  қарым-қатынас  негізінде  меңгеріп 

ойнайды.  Жұптық,  топтық,  өзара  пікір  алмасу,  белсенді  оқыту  түрлері  тағы  басқа  əдістер 

оқушылардың  коммуникативтік  қабілеттерін  дамыту  үшін  өте  тиімді.  Ақпараттық 

технологияның артықшылығы жеке тұлғаның шығармашыл қабілеті, танымдық белсенділігі, 

өзіне  сенім  артуы,  қосымша  материалдарды  молынан  ала  алады,  өз  бетімен  білім  алуға 

бейімделіпдағдыланады.  Білім  алуды  жеңілдетеді,  өз  білімін  өзі  тексеріп,  алған  білімін 

жинақтай  алады,  бағалайды,білік  дағдысын  үнемі  үздіксіз  жетілдіруіне  жол  ашылады.Осы 

бағытта  мектебімізде  ұстаздарға  да  оқушыларға  да  барлық  жағдай  жасалған.  Жаңа 

технологияны  ұтымды  пайдалану  сабақ  сапасын  арттырудың  тиімді  жол  екенін  өмірдің  өзі 

дəлелдеп отыр. Сондықтан үнемі жетілдіру, дамыту, толықтыру, сабақ сапасын арттырады, 

оқушыны да ұстазды да шығармашылыққа жетелейді. Жаңа технология элементтерін тиімді 

пайдалана отырып өткізген əрбір сабақ оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін 

арттырады.  Сондықтан  жаңа  технология  элементтерін  пайдаланғанда  ғана  оқушылардың 

білімге деген қызығушылығы артып, əрбір оқушының іскерлігі мен танымдық белсенділгін 

арттырары сөзсіз. Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де 

заңы» дегендей, кез-келген ұстаз жас ұрпақ үшін шығармашылықпен еңбек ете білуі қажет. 

Сонда ғана жас ұрпақты сапалы біліммен қаруландыра аламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет