Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9388
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

ISSN 1607-2782
Республикалық 
ғылыми-әдістемелік 
журнал
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттiк университетiнiң
________________________________________
1999 жылғы наурыздан 
бастап шығады
№ 3 (35) 2012
Арнайы басылым
______________________________________________________________________________________
ХАБАРШЫСЫ
Бас редактор
– БИСЕНОВ Қ.А.
техника ғылымдарының докторы, 
профессор
Бас редактордың 
орынбасары
– ШАЛБОЛОВА Ү.Ж.
 экономика ғылымдарының докторы, 
 профессор
Жауапты редактор
– ОМАРОВ Қ.Ә.
 география ғылымдарының кандидаты, 
 профессор
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Аруова Л.Б.
Баканов Ғ.Б.
Досжанов М.Ж.
Ибадуллаева С.Ж. 
Кәрібозұлы Б.
Қарлыханов Т.Қ.
Қожақұлы Ө.
Қошқаров С.И.
Майгелдиева Ш.М.
Сәдуақасұлы Ж.
Сәтбай Т.Я.
Сейсенов Б.
Тоқтамысов Ә.М.
Үдербаев С.С.
Шомантаев А.Ә.
Майгелдиева Ж.М. 
Тұяқбаев Ғ.Ә.
– техника ғылымдарының докторы, профессор 
– физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
– техника ғылымдарының докторы, профессор 
– биология ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының докторы, профессор
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– тарих ғылымдарының докторы, профессор
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– педагогика ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының докторы, профессор
– тарих ғылымдарының докторы, доцент
– философия ғылымдарының докторы, профессор
– ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент
– техника ғылымдарының докторы, профессор
– ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
– филология ғылымдарының кандидаты, доцент
– филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Республиканский 
научно-методический
журнал

2012  жылы  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  негізі  қалан­
ғанына 75 жыл толды.
Университет 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қызылордаға қоныс аударған Корей педагогика­
лық институтының негізінде қалыптасты. Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мем ле­
кеттік университеті – ғылыми­педагогикалық әлеуеті жоғары, заман талабына сай мате риал­
дық­техникалық базасы бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап келе жатқан Арал өңі рі нің 
жетекші білім, ғылым және мәдениет орталығы. 
Университеттің мерейтойына арналған іс­шаралар бағдарламасы аясында 2012 жылғы 
18­19 қазанда Қызылорда қаласында «Жоғары кәсіптік білімнің инновациялық дамуы: тәжіри­
бесі, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми­тәжірибелік конференция өткізілді. 
Журналдың осы шығарылымы конференцияның пленарлық мәжілісі және «Жоғары кәсіптік 
білім  жүйесіндегі  инновациялық  үдерістер»  секциясы  материалдары  бойынша  дайындалып 
отыр.
В 2012 году Кызылординскому государственному университету имени Коркыт Ата испол­
нилось 75 лет со дня основания. 
Кызылординский педагогический институт, стоявший у истоков университета, был открыт 
в 1937 году на базе переведенного в Кызылорду Дальневосточного Корейского педагогического 
института. Сегодня Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата – веду­
щий центр образования, науки и культуры Приаральского региона со значительным научно­
педагогическим потенциалом, располагающий современной материально­технической базой, 
осуществляющий подготовку конкурентоспособных специалистов.
В  рамках  программы  мероприятий,  посвященных  Юбилею  университета,  18­19  октября 
2012 года в городе Кызылорда состоялась Международная научно­практическая конференция 
«Инновационное развитие высшего профессионального образования: опыт, проблемы и перс­
пективы». 
Данный выпуск журнала подготовлен по материалам пленарного заседания конференции 
и секции «Инновационные процессы в системе высшего профессионального образования».

3
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, 
ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ 
ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ 
ҚЫЛЫШБАЙ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ БИСЕНОВТІҢ УНИВЕРСИТЕТТІҢ 
75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫСТА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
2012 жылғы 19 қазан
Құрметті қауым, қадірменді қонақтар, 
оқытушы-қызметкерлер және студенттер!
Сіздерді университеттің құрылғанына 75 жыл толған мерейлі мерекесімен шын жүректен құт тық­
таймын! 
Университеттің өз тарихында мемлекеттік деңгейде атап өтіп отырған бүгінгі мерейтой еліміздің 
білім беру жүйесіндегі елеулі тарихи оқиға, біздің әрқайсысымыз үшін ұмытылмас сәт.
Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның ордасы, рухани орталық – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 
мемлекеттік университетінің бүгінгі мерейлі мерекесіне Қызылорда облысының әкімі Болатбек Баян­
ұлы Қуандықов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев, 
Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов, Алмас Тұртаев, алыс­жақын шетелдерден келген әріптестеріміз, 
белгілі ғалымдар, сондай­ақ, университетті әр жылдары басқарған ректорлар, республикадағы жоғары 
оқу орындарының басшылары мен университет түлектері, тағы басқа шақырылған құрметті қонақтар 
қатысып отыр. Біздің қуанышымызды бөлісуге келген барлық қонақтарға, әріптестер мен университет 
түлектеріне қош келдіңіздер дей отырып, алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер!
Құрметті әріптестер!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына ай­
налдыру міндетін қойғаны баршамызға белгілі. Еліміздің болашақ зияткерлік элитасын қалыптастыру 
мақсатында құрылған «Назарбаев университеті» қазірдің өзінде халықаралық деңгейдегі білім ордасы­
на айналып отыр. 
ХХІ ғасыр – терең білімге негізделген жаңа экономиканың ғасыры. Әлемнің өркениетті мемлекетте­
рі елдің өсуі мен өркендеуінің, бәсекеге қабілеттілігінің ең басты көрсеткіші білім мен ғылым екендігін 
сезінуде. Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» 
атты интерактивтік лекциясында «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын 
постиндустриялдық әлемге қарай бет алып барамыз» деп, еліміздің білім беру саласына аса жоғары 
міндет жүктеген болатын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, академик Бақытжан 
Тұрсынұлы  Жұмағұловтың  тікелей  басшылығымен  білім  беру  мен  ғылымды  дамытуға  бағыттал­
ған  тың  жобалар  жүзеге  асырылып  жатыр.  Бұл  қатарда  жаңа  мазмұндағы  «Ғылым  туралы»  заңның 
қабылдануын, «Білім туралы» заңға заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін, бә­
секеге қабілетті маман, парасатты тұлға даярлаудағы басты бағдарымыз – Қазақстан Республикасын­
да  білім  беруді  дамытудың  2011­2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  бекітіліп,  осы 
стратегиялық құжат жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 
Өзінің бастау бұлағын осыдан мыңдаған жылдар бұрын Платон академиясы, Аристотель лицейі, 
Александрия  мұражайы  сияқты  Еуропа  жоғары  оқу  орындарының  құрылуынан  бастайтын  уни­
вер ситеттік  білім  берудің  іргетасы  Қазақстанда  ХХ  ғасырдың  20  жылдары  қалана  бастады.  Өткен 
ғасырдың 40 жылдары Қазақстанда 12 жоғары оқу орны болса, соның бірі Қызылорда қаласындағы 
педагогикалық институт болатын.

4
Құрметті қауым!
Корей  халқын  Қиыр  Шығыстан  жер  аудару  туралы  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы 
Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 21 тамыздағы аса құпия қаулысы бойынша корей ұлтымен 
бірге Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде бүгінгі Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің іргетасы қаланды. Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, 
Ақтөбе  облыстарында  жоғары  білімді  мұғалімдер  даярлайтын  оқу  орындары  болмағандықтан,  Қы­
зылорда педагогикалық институтының ашылуы сол кезеңде тарихи маңызы зор оқиға болды. 
1941  жылға  дейін  педагогикалық  институт  қаладағы  мұғалімдер  даярлайтын  институтпен  қатар 
жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысы жылдары Қызылордаға Мәскеу ауыл шаруашылығын механизациялау 
және электрлендіру институты, Симферополь медициналық институты, Киев, Харьков университетте­
рі көшірілді. Бұл институттың ғылыми әлеуетінің жоғары білікті педагог­ғалымдармен толығуына се­
бепкер болды. Сол жылдары педагогикалық институттағы 52 оқытушының 9­ы профессор, 10­ы до­
цент болды. 
1952 жылдың наурыз айында Қазақ Кеңес Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің қаулысы­
мен  педагогикалық  институтқа  Н.В.  Гогольдің  есімі,  ал  1992  жылы  түркі  халықтарына  ортақ  тұлға 
Қор қыт Ата есімі берілді. Сыр бойындағы білім ордасына Қорқыт Ата есімін беруде сол кездегі уни­
верситет ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досмамбетовтің 
еңбегі ерекше. 
Қызылорда  педагогика  институты  республикамыздағы  педагог  мамандарды  даярлауда  алдыңғы 
қатарлы  жоғары  оқу  орындарының  біріне  айналды.  Институтта  елімізге  танымал  ғалымдар  қызмет 
етті. Бүгінгі мерейтой үстінде білім ордасының қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген оқу 
орны басшыларының есімдерін атау орынды деп ойлаймын. Әділ Ермеков, Базарбек Өсербаев, Орал­
хан  Камардинов,  Абай  Айтмұхамедов,  Бақберген  Досмамбетов,  Болатбек  Абдрасиловтер  ғалымдық, 
ұстаздық,  басшылық­ұйымдастырушылық  қызметтерін  институттың  өсуі  мен  өркендеуіне  арнады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысының негізінде институт 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 
Құрметті әріптестер!
ХХ  ғасырдың  60  жылдарының  ортасында  Кеңес  Одағында  қабылданған  ұзақ  мерзімді  халықты 
азық­түлікпен қамтамасыз етуге арналған бағдарламасы аясында Қызылорда облысы көлемінде суар­
малы  жерлер  қарқынды  игеріле  бастады.  Бұл  өз  кезегінде  білікті  инженер  мамандарды  қажет  етті. 
Осыған байланысты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
1976 жылғы 13 шілдедегі № 136 бұйрығымен Жамбыл гидромелиоративтік­құрылыс институтының 
Қызылорда  филиалы  ашылды.  Жамбыл  гидромелиоративтік­құрылыс  институтының  сол  кездегі 
ректоры,  көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  профессор  Марс  Фазылұлы  Үркімбаев  филиал 
директорлығына жас ғалым Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевты тағайындады. 
1990  жылы  филиал  Қызылорда  агроөнеркәсіп  өндірісі  инженерлері  институты  болып  дербес 
шаңырақ көтерді. 1992 жылы институтқа екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі 
берілді. Филиалдан дербес институтқа дейінгі оқу орнының дамуы мен қалыптасуында ғалым­ұстаз, 
білікті  басшы,  шебер  ұйымдастырушы  Уәлихан  Қозыкеұлы  Бишімбаевтың  еңбегі  ерекше.  Бүгінде 
мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  академик  Уәлихан  Қозыкеұлы  Бишімбаев  есімін  Сыр  өңірі  халқы 
әрдайым мақтанышпен атайды. Ұстазымыздың білім, ғылым саласындағы, сондай­ақ Сыр өңірінің ру­
хани өміріндегі еңбегін ерекше бағалаймыз. 
Институт 1996 жылы ҚР Үкіметінің 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Ыбырай Жақаев атындағы 
Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.

5
Уақыт көшімен бірге жоғары оқу орнының заман талабына сай өзгерістерге түсіп, жаңарып, жаң­
ғырып  отыруы  заңды  құбылыс.  Тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасудың  алғашқы  жылдарында  ел 
іргесін бекемдеп, экономика мен ішкі, сыртқы саясатты бағамдап, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз 
ету кезінде түрлі жаңашыл қадамдардың жасалуы уақыт пен заман сұранысынан туған қажеттілік. Ал 
отандық білім беру жүйесін реформалау біздің жас мемлекетіміз үшін ең маңызды, өзекті мәселенің 
бірі. Өйткені әлемдік білім, ғылым кеңістігіне ену арқылы ғана біз өз еліміздегі білім, ғылым сала­
сын  жетілдіріп,  дамыта  алатынымыз  өмір  шындығы.  Аймақтық  жоғары  оқу  орындарын  ірілендіру 
арқылы  университеттердің  материалдық­техникалық  базасын  нығайту,  ғылыми  әлеуетін  көтеру,  со­
ның  нәтижесінде  сапалы  білім беруге  қол  жеткізу  қоғам,  заман  сұранысынан  туған  қажеттілік бол­
ды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехника­
лық  институтының  бірігуі  негізінде  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 
құрылуы білім шаңырағындағы жаңа тарихи белес еді. 
Бүгін ойлап отырсақ, оған да он бес жылға жуық уақыт болыпты. Жаңадан құрылып, мемлекеттік 
мәртебе алған университет ұжымының алдында шешімі табылуы тиіс қаншама жұмыстар тұрды. Қа­
ламыздағы  гуманитарлық­педагогикалық  және  инженерлік­техникалық  бағыттағы  екі  жоғары  оқу 
орнының бірігуі оны оңтайландыруға негіз болғанымен, мемлекеттік мәртебе алған жоғары оқу ор нының 
алғашқы қалыптасу кезеңінде өзіндік қиындықтарының болғандығын да айта кетуіміз керек. Әр жо­
ғары оқу орнының өзінің қалыптасқан дәстүрі, ішкі тәртіп­ережелері, тіптен моральдық­психологиялық 
жағдайы  әр  түрлі  болатыны  заңдылық.  Осының  барлығын  бір  жүйеге  келтіріп,  бір  арна ға  түсіру 
арқылы ғана біз алға қойған мақсатқа қол жеткізе алатын едік. Ұйымдастыру жұмыстарынан бастап,  
классикалық типтегі көпсалалы университетті құрып, қалыптастыруға, оның уақыт талабына сай да­
мып, өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген алдыңғы буын ағаларға ерекше құрметпен ризашылығымды 
жеткізуге рұқсат етіңіздер. 
Әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  мақсатында  университет  1998  жылдан  бастап  Ұлыбританияның, 
Италияның, Америка Құрама Штаттарының, Канаданың, Түркияның, Австрияның жоғары оқу орын­
дарымен және ғылыми орталықтарымен әріптестік қатынастар орнатты. 
Мамандарды шетелдерде даярлау, халықаралық стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын жетіл­
діру мақсатында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, И.М. Губкин атында­
ғы  Ресей  мемлекеттік  мұнай  және  газ  университеті,  В.К.  Горячкин  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 
агроинженерлік университеті, РҒА Н.Н. Миклуко­Маклай атындағы этнология және антропология ин­
ституты сияқты шетелдік жоғары оқу орындарында мақсатты түрде мамандар даярлау қолға алынды. 
Соның нәтижесінде 1999­2000 оқу жылында ғылыми атағы бар оқытушы­профессорлар саны 204­ке, 
ал 2006­2007 оқу жылында 330­ға жетті. 
Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінде  2000­2001  оқу  жылынан  бастап 
аймақтағы алғашқы әскери кафедра ашылды. Осы ретте әскери кафедраның және құқықтану, дәстүрлі 
музыкалық өнер, жыр мамандықтарының ашылуына көмек қолын созған сол кездегі Қазақстан Рес­
публикасы Білім және ғылым министрі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа алғысымызды айта кеткені­
міз орынды.
Университет 2005 жылы Еуразия­Тынық мұхит университеттері халықаралық жүйесіне, жоғары 
оқу орындарының Еуропалық Ассоциациясына мүше болды. Осы жылы қыркүйек айында Италияның 
Болонья университетінде Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойдық. Осының барлығы мемлекет­
тік мәртебе алған университеттің алғашқы жетістіктері еді.
Құрметті қонақтар!
Аймақтық жоғары оқу орнының өсіп­өркендеуі сол аймақтың экономикалық­әлеуметтік, рухани да­
муымен тікелей байланысты. Осы ретте бүгін 75 жылдық мерейлі мерекесін атап, бедерлі белестің бірін 

6
бағындырып отырған университеттің қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті мемлекет 
және қоғам қайраткерлері Исатай Әбдікәрімов, Тәкей Есетов, Еркін Әуелбеков, Сейілбек Шаухаманов, 
Оңалбек Сәпиев, Виталий Алексеевич Брынкин, Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Мұхтар 
Құл­Мұхаммед, Серікбай Нұрғисаев, Икрам Адырбеков, Әбдіжәлел Бәкіров, Қожахмет Баймаханов, 
Сейітсұлтан Әйімбетов, т.б. ел ағаларына құрмет сезіміміз ерекше. 
Қазіргі уақытта білім мен ғылымды өндіріс пен бизнес саласына қызмет жасауға жағдай жасап, ұстаз­
ғалымдарға, жас мамандарға қолдау жасап отырған Облыс Әкімі Болатбек Баянұлы Қуандықовқа уни­
верситет ұжымы атынан шынайы алғысымызды жеткізуді біздің азаматтық парызымыз деп есептейміз. 
Бүгінгі мерейтой үстінде білім ордасының тарихы мен жүріп өткен жолына шолу жасай отырып, 
75 жылда қандай жетістіктерге қол жеткіздік, қандай белестерді бағындыра алдық, алда қандай асулар 
бар деген сұрақ төңірегінде де айтып өтуіміз орынды болар деп ойлаймын. 
Біріншіден, білім ордасы осы уақыт аралығында мамандар даярлауда өзіндік дәстүр қалыптастыр­
ған еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының біріне айналды. Білім ордасында елімізге танымал ұс­
таздар, ғалымдар, инженерлер, өнер, мәдениет қайраткерлері, спорт саңлақтары білім нәрімен сусын­
дап, үлкен өмірге жолдама алды. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академиктері  және  көрнекті  ғалым­
дар  Нәдір  Кәрімұлы  Нәдіров,  Рахманқұл  Бердібай,  Досмұхаммед  Кішібеков,  Әбдімәлік  Нысанбаев, 
Амангелді Саданов, Лесбек Тәшімов сынды түлектеріміз тек Тәуелсіз Қазақстанның ғана емес, алыс­
жақын шетелдердің ғылыми ортасы құрмет тұтатын ғалымдар. 
Сондай­ақ, университет қабырғасынан тәуелсіз еліміздің баянды болашағы үшін қызмет атқарып 
келе жатқан бірнеше мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты.
Екіншіден, университет ғалымдары бірнеше салада ғылыми мектептер қалыптастыра алды. Осын­
дай ғылыми мектептерден шыққан ғалымдарымыздың есімі қазіргі кезде алыс­жақын шетелдерге та­
нымал.
Үшіншіден, университет білім, ғылым ордасы ғана емес, Сыр өңіріндегі рухани­мәдени орталық­
қа айналды. Халқымыздың рухани құндылықтарын өңір тарихымен байланыстыра, бірлікте зерттеу 
арқылы  түркі  халықтары  өркениетіндегі  Сыр  бойы  руханиятының  орнын  анықтауда  ғылыми  тұжы­
рымдар жасалды.
Бүгінгі күні университеттен түлеп ұшқан өнер, әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ұлт руханиятын 
өркендетуге үлестерін қосып келеді. Ал ауыр атлетикадан үш дүркін әлем, екі дүркін олимпиада чем­
пионы Илья Ильин – Қазақстан Республикасының мақтанышы. 
Ең бастысы, университет Сыр өңіріндегі ақыл мен парасаттың, адамгершілік пен ізгіліктің ұясы 
ретінде жұртшылық қауым қадір тұтатын киелі, қасиетті шаңыраққа айналды. 
Құрметті әріптестер! 
Қадірлі қауым!
 
«Университет»  ұғымы  латын  тілінен  аударғанда  «ынтымақ»,  «бірлік»  деген  мағынаны  білдіреді. 
Ойлап қарасақ, университет шын мәнінде оқытушы­ұстаздар мен студенттердің, білім, ғылым және 
мәдениеттің, ғылыми мектептер мен дәстүрлердің бірлігі, солардың ынтымағы. Осындай ынтымақ пен 
бірлік 75 жыл ішінде оқу орнын білім мен ғылымның ордасына, мәдениет пен тәрбиенің орталығына, 
киелі шаңыраққа айналдырды. 
Университеттің  бүгінгі  қол  жеткізген  табыстарының  барлығы  Сіздердің  білім  мен  ғылым,  ұр пақ 
тәрбиесі  жолындағы  еселі  еңбектеріңіздің,  ұжым  ішіндегі  ауызбіршілік  пен  түсіністіктің,  өз  уни­
верситетімізге деген ыстық ықылас пен сыйластық сезімнің нәтижесі. Бізді алда әлі алынбаған асу­
лар, бағындырылмаған белестер күтіп тұр. Үшінші онжылдыққа қадам басқан Тәуелсіз Қазақстанның 
болашағы – ұрпақ тәрбиелеуде, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет жасайтын мамандар даярлау­
да әрқашан биік белестерден көріне бермек!

7
Құрметті университет түлектері!
Кез келген жоғары оқу орны өз түлектерін мақтаныш етеді. Сондай­ақ, түлектердің өз білім орда­
ларын құрмет тұтуы да өмір заңы. Мерейлі мереке қарсаңында Сіздер өз бастамаларыңызбен Қорқыт 
Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті  түлектерінің  ассоциациясын  құрдыңыздар.  Бұл  – 
Сіздердің  өз  университеттеріңізге  деген  құрметтеріңіз.  Біз  үшін  мәртебе.  Бүгінгі  мерейлі  мерекеге 
де жанашырлықпен атсалысып, қуанышты бірге бөлісіп отырсыздар. Қашанда, қай жерде, қай сала­
да жүрсеңіздер де тек абырой биігінен көріне беріңіздер! Туған университеттеріңіз Сіздерді әрқашан 
мақтан тұтады. 
Құрметті студент жастар!
Бүгін  Сіздердің  өмірлеріңіздегі  ең  бір  есте  қалар  сәт,  тарихи  күн.  Өйткені  Сіздердің  студенттік 
шақтарыңыз өз университеттеріңіздің 75 жылдық мерейтойын атап өтумен тұспа­тұс келіп отыр. 
Қандай мемлекет болмасын оның болашағы жастар тағдырымен байланысты. Егеменді еліміздің 
ертеңі – білімі мен парасаты терең, бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімі ұялаған жігерлі жас­
тар.  Сондықтан  да  Алаштың  ұлы  ақыны  Мағжан  Жұмабаев  «Мен  жастарға  сенемін!»  деп  келешек 
ұрпаққа үміт артып, сенім білдіргені баршамызға белгілі. ХХІ ғасыр басында Сіздерге еліміз бен Елба­
сымыз үлкен сенім жүгін артып отыр. Сіздер осы сенім үдесінен шығады деп ойлаймын. 

8
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
ДОКЛАДЫ ПЛЕНАРНОГО ЗАСЕДАНИЯ
УДК 331.101.26:37:00,1:316.453 
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ 
ВЫСШЕГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ПРОБЛЕМЫ И ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ 
К.А. БИСЕНОВ
доктор технических наук, профессор, академик НИА РК,
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, 
Республика Казахстан
Основная цель системы отечественного образования – подготовка интеллектуальных, высококва­
лифицированных кадров, способных достойно представлять независимый Казахстан в мировом сооб­
ществе. Поэтому очевидно, что необходимо создать все возможные условия для получения молодежью 
качественного образования, привлечения ее к научной деятельности, искусству, спорту. 
В связи с этим сегодня перед высшими учебными заведениями стоят следующие основные задачи:
Во­первых,  особое  значение  придается  эффективному  внедрению  современных  образовательных 
технологий. Для решения этой проблемы казахстанские высшие учебные заведения, осваивая мировой 
опыт в организации учебного процесса, ведут целенаправленную работу по интеграции в мировое об­
разовательное пространство. Основным показателем организации учебного процесса в вузах является 
реализация основных принципов Болонского процесса.
Во­вторых, региональные университеты, являясь научными и культурными центрами новой форма­
ции, должны готовить кадры в инновационном направлении, реализовывать проект коммерциализации 
результатов научных достижений и внедрять их в производство.
В­третьих, преобразование вузов в универсальные учебные, научно­методические комплексы, фор­
мирующие общественное мировоззрение обучающихся и определяющие их жизненную позицию.
Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев в интерактивной лекции «Казахстан на пути 
к обществу знаний» 5 сентября 2012 г. в Назарбаев Университете отмечал [1], что «в мире мощь страны 
определяется в первую очередь уровнем образованности его граждан», поэтому предстоящая миссия 
университетов перед сегодняшним обществом заключается в поиске эффективных передовых методик 
обучения с последующим их внедрением в процесс подготовки высококвалифицированных специалис­
тов, отвечающих новым социально­экономическим требованиям. 
В связи с этим возникает необходимость разработки методологии формирования инновационного 
компонента профессиональной деятельности будущего специалиста в условиях высшей школы 
в соответствии с объективными потребностями практики. В содержании профессиональной подготов­
ки особое внимание следует уделять отражению динамики социально­экономического развития страны 
и достижений научно­технического прогресса. Перед высшей школой стоит все еще актуальная зада­
ча – сформировать готовность специалистов к инновационной деятельности в условиях конкурентной 
среды. В свою очередь, профессиональная среда должна создавать все необходимые условия для реа­
лизации инновационного потенциала специалиста.
В Обращении Главы государства «Социальная модернизация Казахстана: двадцать шагов к Общест­
ву Всеобщего Труда» из двадцати поручений одна треть имеет отношение к отрасли образования и 

9
науки, ввиду того что наша страна движется к постиндустриальному миру, в котором правит триада 
«образование – наука – инновации» [2].
Исследование зарубежного опыта в области инновационного развития вузов показало, что именно 
благодаря успешной инновационной политике США, Великобритания, ФРГ и Франция сохраняют свои 
ведущие позиции, а Япония и Южная Корея совершили технологический прорыв и твердо стали на ин­
новационный путь развития. В этих странах уже давно приняты законы, стимулирующие инновацион­
ную деятельность в высшей школе. 
Известно,  что  Глава  государства  Нурсултан  Абишевич  Назарбаев  поставил  задачу  превратить 
Ка з ахстан в центр образования мирового уровня. В этом плане под непосредственным руководством 
ми нист ра образования и науки РК академика Бакытжана Турсыновича Жумагулова в сфере обра­
зования и науки предприняты поворотные шаги. К ним можно отнести: принятие Зако на РК «О науке» 
нового содержания, внесение изменений и дополнений в Закон РК «Об образовании» в соответствии с 
требованиями времени, утверждение Государственной программы развития образования в Республике 
Казахстан на 2011­2020 годы, являющейся основным ориентиром в подготовке конкурентоспособных 
кадров, интеллектуальных личностей, принятие на ее основе плана мероприятий Министерства обра­
зования и науки, направленного на последовательную реализацию данного стратегического документа. 
В названной программе четко определены главные цели – развитие человеческого капитала посредст­
вом обеспечения доступности качественного образования для устойчивого развития экономики, по­
вышение  конкурентоспособности  образования.  Это  возлагает  большую  ответственность  на  высшие 
учебные заведения. 
В составе большинства успешных зарубежных вузов имеются структуры, отвечающие за коммер­
циализацию результатов инновационного развития. Практика развития вузов США, ведущих европей­
ских и азиатских университетов показала, что подобные структуры необходимы для успешного инно­
вационного развития, коммерциализации вузовских технологий и разработок.
В  целях  решения  этих  задач  в  Казахстане  также  предпринимаются  определенные  шаги,  идет 
целенаправленная работа по объединению центров образования и науки. Например, на базе Назарбаев 
Университета в Астане созданы три новых научных центра. Центр науки о жизни будет вести 
сов местно с ведущими мировыми научными центрами разработки в области трансплантации органов, 
искусственного  сердца,  легких,  стволовых  клеток,  а  также  медицины  долголетия.  Центр  энергети­
ческих  исследований  займется  вопросами  возобновляемой  энергетики,  физики,  техники,  высоких 
энергий. И третий – междисциплинарный инструментальный центр – станет инжиниринговым ядром, 
лабораторной базой и конструкторским бюро. 
В этих центрах будут работать ведущие специалисты мира. И это только один частный пример [4].
В связи с этим актуализировалась проблема критериев отбора тех вузов, которые, с одной стороны, спо­
собны подготовить «элитных специалистов», а с другой стороны, могут стимулировать развитие иннова­
ционной деятельности отраслей экономики.
Эффективность работы университета обеспечивает множество факторов. Одним из таких факторов 
является структура университета, представляющая все фиксированные взаимосвязи,  существующие 
между подразделениями и работниками организации. 
В  настоящее  время  существует  проблема  не  только  структурной  реорганизации,  но  и  уточнения 
методологических  и  теоретических  подходов  к  совершенствованию  организационных  структур  ка­
захстанских  вузов.  Организационная  структура  направлена,  прежде  всего,  на  установление  четких 
взаимо связей между отдельными подразделениями, распределение между ними прав и ответственнос­
ти.  В  ней  реализуются  различные  требования  к  совершенствованию  систем  управления,  выражаю­
щиеся в тех или иных принципах.
Главное требование времени в связи с поставленными перед обществом задачами: выпускники ву­
зов должны обладать необходимой для инновационной экономики компетенцией. Сегодня нет необхо­
2-0124

10
димости в подготовке большого количества специалистов с высшим образованием. Рынку труда требуются 
инновационно активные специалисты – так называемые элитные кадры, которые способны ориентировать 
экономику страны на инновационный путь развития [5].
Для  углубления  интеграции  науки  и  производства  каждая  выпускающая  кафедра  университета 
должна иметь свои филиалы на предприятиях. Именно для того, чтобы сбор материалов для курсовых 
и дипломных работ был максимально приближен к реалиям, эта работа проходит под руководством 
представителя предприятия. 
Усиление  конкурентной  борьбы  между  образовательными  учреждениями  различных  форм  соб­
ственности и необходимость предоставления качественного современного образования ведут к орга­
низационным и управленческим изменениям на основе формирования и развития новых систем и тех­
нологий  управления.  Вышеизложенное  определяет  основные  цели  деятельности  Кызылординского 
государственного университета имени Коркыт Ата как крупнейшего центра образования – обеспече­
ние подготовки кадров, необходимых для устойчивого социально­экономического развития региона и 
со ответствующих международным стандартам, стимулирование их интересов к исследовательской и 
инновационной деятельности. 
Всем известно, что интеграция образования и науки, развивая инновацию, поднимает качество под­
готовки кадров на новый  уровень. Открытые при университете лаборатория инженерного профиля, 
центр агробиологических и прикладных исследований, научно­исследовательский институт «Коркыт­
тану», наряду с современными научными исследованиями, решают ряд актуальных, практически зна­
чимых для учебного процесса проблем. Опубликован специальный каталог, включающий свыше 
40 инновационных проектов, рекомендованных к реализации учеными университета.
Кызылординский филиал Национальной инженерной академии Республики Казахстан также вносит 
свой вклад в развитие региональной науки, в процесс внедрения инноваций и подготовку квалифици­
рованных специалистов.
Профессиональная  практика  как  неотъемлемая  составляющая  учебного  процесса  является  важ­
ной частью подготовки квалифицированных специалистов. В связи с этим уместно отметить, что для 
проведения практики обучающихся заключены долгосрочные и краткосрочные договоры с более чем 
двумястами предприятиями и организациями. В рамках программы форсированного индустриально­
инновационного развития студенты проходят производственную практику на крупных предприятиях 
региона.  Продолжается  работа  по  привлечению  будущих  работодателей  к  формированию  образова­
тельных программ. На сегодняшний день свыше 50 учреждений и организаций участвуют в разработке 
образовательных программ. Ректорат университета совместно с работодателями ежегодно формирует 
каталог элективных дисциплин, перечень профессиональных компетенций, а также проводит работу по 
организации целевой подготовки обучающихся, переподготовки кадров и повышению их квалифика­
ции. Оценка качества подготовки специалистов (посредством тестирования, собеседования, анкетиро­
вания) – важная часть партнерства.
Основной  задачей  повышения  качества  подготовки  специалистов,  их  конкурентоспособности  на 
рынке труда является обеспечение высокого уровня научного потенциала преподавателей университе­
та. Один из путей достижения этого – установление партнерских отношений с зарубежными высшими 
учебными заведениями и научными центрами. 
В этом плане ведется целенаправленная работа: подписано свыше 60 договоров и меморандумов 
о сотрудничестве в сфере образования и науки с ведущими зарубежными вузами и научными центра­
ми. Основные направления сотрудничества – обмен преподавателями и студентами, реализация дву­
дипломной программы, повышение квалификации преподавателей, участие в международных про­
ектах, конференциях и семинарах, подготовка докторов и магистров наук. Более 40 молодых ученых 
университета, принимающих активное участие в обеспечении качества образования и воспитании 
квалифицированных  кадров,  –  это  выпускники  магистратуры,  аспирантуры,  докторантуры  вузов­
партнеров. 

11
Одно  из  приоритетных  направлений  –  обеспечение  академической  мобильности  обучающихся. 
В настоящее время два студента нашего университета продолжают обучение в университете Каннам 
(Южная Корея) по двудипломной программе. В 2011­2012 учебном году свыше 30 наших выпускников 
были приняты на обучение по программе магистратуры в Ухтинский государственный технический 
университет, Новосибирский государственный университет, Омский государственный аграрный уни­
верситет Российской Федерации и Китайский университет нефти и газа. Магистранты нашего уни­
верситета проходят научную стажировку в ведущих вузах Российской Федерации, таких как: Поволж­
ская государственная социально­гуманитарная академия, Оренбургский государственный университет, 
Московский  государственный  педагогический  университет,  Росссийский  государственный  аграрный 
университет, Российский государственный аграрный университет – Московская сельскохозяйственная 
академия имени К.А.Тимирязева, Московский государственный агроинженерный университет имени 
В.П. Горячкина, Московский государственный университет природообустройства, Московский госу­
дарственный областной университет, Московский государственнный строительный университет, Рос­
сийский государственный университет нефти и газа имени И.М. Губкина. 
Одним из требований нового времени – это подготовка специалистов на иностранном языке, форми­
рование профессорско­преподавательского состава, способного вести занятия на иностранном языке. 
Закладывание основ этого процесса – новая задача современного образования. Прохождение специа­
лизированной аккредитации учебных программ по международным стандартам, являющееся основной 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет