GOOGLE-ДІҢ БҰЛТТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
М.Ж. АЙТИМОВ, Б.К. ЖУСИПБЕК,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі уақытта кең қолданылатын бұлтты қызметтерге Googleдің бұлтты қызметтері – Google Apps
пен Google App Engineді жатқызуға болады.
Google Apps – келесі өнімдерде жұмысты ұсынуды беретін орта: мысалы, танымал GMail почталық
сервисі, Google Talk хабарлама алмасу элементтері, Google Calendar календары, Google Docs және
Spread Sheets электрондық таблицалары мен документтермен жұмыс істеу ортасы, Google бетінің
96
редакторы, яғни керекті ақпаратты тез құрып және көрсетуге болады. Google Apps жүйесінің барлық
қолданушылары үшін рұқсат етілуіндегі барлық қызметтерді көрсетеді. Алдымен, Google Apps өте
икемді, әр тұтынушының көңілінен шығатын жүйе болып табылатынын айта кетейік, бұл жүйе бірнеше
пакеттен тұрады, яғни әр пакет өз тұтынушысы болуымен, өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Барлық
пакеттер қызметтің толық тобын ұсынады (электронды пошта, календарь, құжатпен жұмыс, бет құру
және т.б). Енді келесі ерекшелігін айтайық. Google Apps екі түрлі қызмет пакетін ұсынады. Олар:
– Стандарттық пакет (Standard Edition) – тегін, поштада 2 гбайттық бос орын бар, онлайнресурс
арқылы көмек беру қызметі бар (бірақ телефондық көмек емес);
– Премьер пакет (Premier Edition) – поштада 10 гбайттық орын, 99,9% пошталық жұмысының
кепілдендірілген қызметі, ресурстарды басқару мүмкіндігі, 24/7 режимінде онлайнкөмек. Барлық
пакеттерден ерекшелігі тегін емес. Бұл пакеттің бағасы есептік жазбадағы қолданушылардың санына
байланысты. Барлық қолданушылар жаңа функциялар және қызметтер шыққан жағдайда рұқсат ала
алады.
Google Apps администраторы жүйеге қолданушы қосады (Google Apps домені), қолданушы жүйе де
қосылған барлық сервистермен жұмыс істей алады. Google Appsтың негізгі идеясы – барлық қыз
меттерді ауқымды интеграциялау. Бұл уақытты үнемдейді.
Google Apps интеграциясы үлкен дәрежеде, яғни почтаға келген құжатты, келген уақытта біреуден
пошталық жәшіктен Google Docs & Spreadsheets жұмысы үшін ашуға болады. Сонымен, Google Apps
бірнеше адамдардың жұмысы үшін ыңғайлы болатын орта құрады, олар әр түрлі жерден ортақ құжат
құруына болады. Google Apps үйлесімділік жұмыс үшін ыңғайлы орта болып табылады.
Google App Engine Google инфрақұрылымындағы вебқосымшаларын орындауға көмектеседі. App
Engine қосымшасымен жұмыс істеу барысында сервердің қажеті болмайды, тек қосымшаны жүк теу
керек және қолданушылар осы қосымшамен жұмыс істей алады. Қосымшаны өз доменіне шығарып
көрсетуге болады немесе доменде тегін атты қолдануға болады. Appspot.com. қосымшаны барлығы
үшін рұқсат етуге болады немесе топтық қатысушылар үшін ғана рұқсат алуға болады.
Google App Engine әр түрлі программалық тілде жазылған қосымшаларды қолдайды. Java App
Engine орындалу ортасының арқасында Java стандарттық технологиясының көмегімен қосымша
құруға болады. Оның ішінде JVM, Java программалау тілдерін немесе басқа тілдерді қосуға болады.
Java және Python орындалу ортасы арнайы өңделген, яғни қосымша жүйедегі басқа қосымшалармен
тез және қауіпсіз орындалуы үшін қажетті барлық қызметтер бар. App Engineде тек қолданғанға ғана
төленеді. Орнатқанға ақша төлеуді талап етпейді. Google App Engine қосымшаны оңай құруға рұқсат
береді, мәліметтердің көлемі үлкен болса да жақсы жұмыс істей береді. App Engine мына қызметтерді
қосады:
– негізгі вебтехнологияларды толық қолдау және интернетте динамикалық жұмыс істеу;
– транзакциялары және сұраныстары үнемі сақталатын орта;
– жүктеуді автоматты түрде реттеу және масштабтау;
– қолданушылар аутентификациясы үшін API және оны Google аккаунты көмегімен электрондық
почтаға жіберу;
– Google App Engine ортасын беретін толыққанды жұмыс ортасы.
Қосымша екі ортаның бірінде орындалуы мүмкін – Java және Python. Әр орта өзіндік стандарт хатта
маларын және вебқосымшаларды өңдеу үшін негізгі технологияларды ұсынады. Қосымша қауіпсіз
ортада жұмыс істейді. Қосымша басқа компьютерлерге API ұсынысы арқылы ғана интернетке рұқсат
ала алады. Ал қалған компьютерлер HTTPсұраныс жолымен ғана қосымшаға қосыла алады.
Қосымша файлдық жүйеге жазба орындай алмайды. Қосымша жүктелген кодымен жазылған қо
сымшаны ғана оқи алады. Қосымша App Engine мәліметтер сақтаушыны пайдаланып, сұраныстар
арасындағы сақталған мәліметтер үшін кэш жадыны немесе басқа жұмысты пайдалана алады.
Қосымша коды вебсұранысқа жауап бергенді ғана немесе Cron тапсырмасы және кез келген жағдайда
мәлімет жауабы 30 секунд ішінде қайтарылып орындалуы тиіс сұраныс құрушы жауапты жібергеннен
кейін процесс құруға немесе код орындауға болмайды. Қосымша Java Servlet стандарты көмегінің
ортасымен әрекет етеді және вебқосымша стандарттық технологиясын қолдануға болады. Java
орындалу ортасы Java 6 қолданады. SDK Java App Engine Java 5 және 6 көмегімен қосымшаны өңдей
алады. Бұл ортаға Java SE Runtime Environment платформасы және кітапхана қосылады. Текстілік
97
орта JVMде іске асырылады. Қосымша JVMның байттық коды Java қолдана алады. App Engine SDK
мәліметтердің сақталуы үшін Java Persistence API және Java мәліметтер обьектісінің интерфейсі іске
асырылуын құрайды. Mail App Engine көмегімен электрондық поштадан хабарлама жіберу үшін
API Java Mailды қолдануға болады. URL App Engine арқылы мәліметтерді алуға API HTTP java.
net рұқсаты бар. Сонымен бірге App Engine өзінің қызметі үшін төменгі деңгейлі APIді қосады,
яғни қосымша адаптерлерді іске асырады және қосымшадан тікелей қызметті қолдана алады. JVM
үшін вебқосымшаны өңдеу үшін Java өңдеушілер Java және API программалау тілдерін қолданады.
JVM компиляторы мен интерпретаторын қолдана отырып, вебқосымшаларды басқа тілде де жазуға
болады. Мысалы, Java Script, Ruby және API. Python App Engine орындалу ортасының көмегімен
Python программалау тілін қолдана отырып қосымша құруға болады және Python интерпретатор
оптимизациялау көмегімен орындауға болады. Python вебқосымшасын өңдеу үшін инфрақұрылым
және кітапханаларды қолдануға болады. Мысалы, Django Python орындалу ортасы Pythonның 2.5.2
нұсқаларын қолданады. Алдағы уақытта Python 3 қолдау мүмкіндігі қаралып жатыр. Python ортасы
Python стандарттық кітапханасынан құрылады. Бірақ, барлық кітапханалар функциясын тестілік ортаға
қолдану мүмкін емес. Қосымша коды, Python ортасы үшін құрылған тек Pythonда жазылуы тиіс. Си
тілінде жазылған кеңейтілімі қолданылмайды. Python ортасы мәліметтерді сақтау қызметі үшін API
Pythonды ұсынады, URL және электрондық почтадан алынған Google аккаунттары, App Engine Webapp
атты Python вебқосымшасының инфрақұрылымын ұсынады, яғни қосымша құруды жеңілдетеді.
Қосымшалармен бірге басқа кітапханаларды жүктеуге болады, бірақ олар Python арқылы жасалған
болуы тиіс және стандартты кітапханалардың модульдерін талап етуі тиіс.
App Engine сұраныстар механизмін құра отырып, мәліметтер сақталу қызметін ұсынады.
App Engine мәлімет сақтаушысы басқа мәліметтер базасына ұқсамайды. Мәліметтер обьектісі
немесе Записи қасиеттер тобын және түрін көрсетеді. Сұраныстың көмегімен жазбаны анықталған
түрде ала алады, яғни қасиеттер мәні фильтрленген және сортталған жағдайда. Қасиеттер мәні ол
қасиеттер мәнін қолдайтындардың бірі болуы мүмкін. Мәліметтерді сақтау обьектісі үшін ешқандай
схема қажет емес. Мәліметтер обьектісінің құрылымы қосымшалар кодымен анықталады. Java JPA/
JOO интерфейстері және Python мәліметтер қоры өзіне қосымшада қолданылатын құрылымдар үшін
функциялар қосады. Қосымша мәліметтер қорына тікелей рұқсат ала алады, яғни құрылымның
керекті бөлімін іске асыру үшін. Мәліметтер қоры келісілген және параллельді транзакцияны
тиімді басқаруды қолданады. Қосымша бір транзакцияда мәліметтер қорымен бірнеше операция
орындауға болады. Мәліметтер қоры Группа записей көмегімен өзінің желісінде транзакцияны іске
асырады. Транзакция бір топтағы жазбаның әрекетімен іске асады. Әр топтағы жазба транзакцияның
орындалуы үшін бірге сақталады. Жазба құру барысында қосымша оларды топқа біріктіруге алады.
App Engine Google аккаунты бар қосымшаның интеграцияларын қолдайды, қолданушылар аутенти
фикациясы үшін cіздің қосымшаңыз қолданушыға Google аккаунтына кіруге және электрондық
поштаның адресіне рұқсат ала отырып жүзеге асады. Google аккаунтын қолданғанда қолданушыға
қосымшаңызды тез бастауға мүмкіндік береді. Егер қосымша Google қызметінде жұмыс істейтін
болса, ол Google қызметі аккаунттарының және ұйымның қатысушылары үшін керекті функцияны
қолдана ды. API қолданушылары қосымшаға жәй қолданушы қосымша администраторының тір
келген қолданушысы бола ма деп сұрай алады. Бұл административті сайт шекарасын іске асы
руды жеңілдетеді. Қосымша интернеттегі ресурстарға рұқсат ала алады. Мысалы, URL App Engine
қызметінің көмегімен веб қызметтерге немесе басқа мәліметтерге. URL арқылы алынған мәліметтер
қызметі вебресурстарды алуды қамтамасыз етеді, яғни Googleдың көптеген басқа өнімдері үшін веб
беттер алады.
– Электрондық пошта. Қосымша App Engine қызметі арқылы электрондық поштадан хабарлама
жібере алады. Электрондық хабарламаны жіберу үшін бұл қызмет Google инфрақұрылымын қолданады;
– Суреттермен жұмыс. Сурет қызметі қосымшаға суретпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. API
көмегімен көлемін өзгертуге, айналдыруға және суретті JPEG және PNG форматында көрсетуге болады;
– Ұйымдастырылған тапсырма. Cron қызметі анықталған интервал арқылы орындалу үшін
тапсырма ұйымдастыруға болады. Кеңінен білу үшін Cron Python және Java қызметінің құжаттарынан
білуге болады;
98
– Өңдеу процесі. App Engine өңдеу инструментариясы Java және Python үшін вебсерверге
қосымша қосады, яғни локальді компьютерде App Engine қызметін имитациялау әрбір SDK бар
лық APIді өзіне қосады және кітапханаларын, сонымен бірге вебсервер тестілік қауіпсіз ортасын
имитациялайды.
Әрбір SDK App Engine қосымшаның қосылуы үшін арнайы құрал қосады. Қосымша кодын құрған
нан кейін мәліметтерді жүктеу үшін статистикалық файл және файл конфигурациясына осы құралды
жіберу керек. Бұл құрал Google аккуантында электрондық поштаның адресін және оның паролін сұ
райды. Қосымшаның жаңа шығарылымын құру кезінде оны жаңа нұсқа ретінде жүктеуге болады, ал
жаңа нұсқасына ауысқанша ескі нұсқасы қолданушылар үшін жұмыс істей береді. App Engineда ескі
нұсқасы жұмыс істеп тұрғанда, жаңа нұсқаны тестілеуге болады. SDK Java кез келген платформада
орындалады.
Әдебиеттер:
1. Клементьев И.П., Устинов В. А. Введение в Облачные вычисления. – Изд. УГУ, 2009 .
2. Eric A. Marks, Bob Lozano. // Executive’s Guide to Cloud Computing. – 2010.
3. http://www.google.com/apps.
Резюме
В статье рассмотрены ряд облачных сервисов, предоставляемых компанией Google и преимущества
применения облачных сервисов в развитии бизнеса. Определены основные решения облачных сервисов,
представлены принципы предоставления и использования облачных услуг.
Summary
In the article the several cloud services offered by Google, the main advantages of using cloud services for
business. The main solutions cloud services, considered the principles of the provision and use cloud services.
УДК 681.335.2:004
ВИРТУАЛИЗАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРI
М.Ж. АЙТИМОВ,
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Бизнес қажеттiктерi жұмыс процессiнiң ұйымдастырулары туралы бiздiң ұғымымызды өзгертедi.
Соңғы онжылдықта кеңсенiң ажырамас атрибуты және кеңсе жұмыстарының көпшiлiгін орындайтын
құрал болып табылатын дербес компьютер бизнестің өсіп келе жатқан қажеттiктерiн өтеуге үлгермеу
де. Сонымен бiрге, кәсіпорындардың масштабтарының өсуі, жаңа ITинфрақұрылымдарды қолдану қа
жеттігі көптеген қаржылық қиындықтар туындатуы мүмкін.
Бұл қиындықтардан өту және шығындарды қысқарту, қызметкерлердiң жұмыс орындарын виртуа
лизацияның технологияларын пайдалана отырып құрылған инфрақұрылым базасында қайта құру не
гізінде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазіргі уақытта бірнеше виртуальды машиналарды бір физикалық нұсқада іске қосу мамандар
арасында қызығушылық туғызуда. Бұл тек ІТинфрақұрылымының өзгерістерге сәйкес бейімделуін
жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, виртуализация негізінде қаржыны да үнемдеуге мүмкіндік береді.
Виртуализация технологиясының даму тарихы қырық жылдан астам уақыт деуге болады. Әр түрлі
қолданбалы есептер, сонымен қоса мейнфреймдер үшін ең бірінші виртуалді машиналарды құруды
ойлаған IBM компаниясы болатын. Өткен ғасырдың 60 жылдарында виртуализация таза ғылыми мүд
денi ұсынды және бір физикалық компьютерлер шеңберінде компьютерлік жүйелерді оқшаулау үшін
арналған тиімді шешім болып табылды. Дербес компьютер пайда болғаннан кейін виртуализацияға
99
деген қызығушылық азая бастады. Өткен ғасырдың 90 жылдарының аяғы компьютерлердiң аппаратты
қуаттарының қарқынды өсуi және оларды тиімді пайдалану қажеттілігі туындағанда, әлемдік IТ
бiрлестiктер программалық платформалардың виртуализация технологиялары туралы қайта есiне
түсiрді. Жалпы виртуализацияның мынадай негiзгi түрлерiн атап көрсетуге болады [1]:
• серверлердiң виртуализациясы (толық виртуализация және паравиртуализация);
• операциялық жүйелер деңгейiндегі виртуализация;
• қосымшалардың виртуализациясы;
• жұмыс орындарының виртуализациясы.
Серверлердiң виртуализациясы. Қазір виртуализация технологиялары туралы айтсақ, әдеттегiдей,
серверлердiң виртуализациялары түсiніледi, өйткенi соңғысы IT нарығында өте танымал шешiм
болып қалыптасуда. Серверлердiң виртуализациясы бiрнеше виртуальды серверлердiң бiр физикалық
сервердегi iске қосылуын білдіреді. Виртуальды машиналар немесе серверлер операциялық жүйенің
түйінінде жүктелген сервердiң физикалық құрылымдарын шығаратын қосымшаларды білдіреді. Әрбiр
виртуальды машинада қосымша және қызметтер орнатылған операциялық жүйелер орнатылуы мүм
кін. Бұл типті өкілдер – VmWare (ESX, Server, Workstation) және Microsoft (HyperV, Virtual Server,
Virtual PC) компаниялар өнімдері.
Берілгендерді өңдеу орталықтары олардың инфрақұрылымы мен салқындату жүйелерін қосқанда
үлкен кеңістікті қажет етеді және үлкен көлемдегі ток қуатын тұтынады. Виртуализация технологияла
ры құралдарының көмегімен бiр жоғары өнiмдi серверде көптеген физикалық серверлердiң үлкен кө
лем дегі жұмысын атқаруға мүмкіндік беретін виртуальды машиналар түрiнде орналасқан серверлердiң
жиынтығы орналасады.
Маңызды фактор ретінде қаржы үнемдеуді айтуға болады. Виртуализация үнемдеудiң маңызды құ
ралы болып табылады. Виртуализация қосымша физикалық серверлердi қолдануға деген қажеттiлікті
азайтып қана қоймай, сонымен бірге олардың орналастыру талаптарын азайтады. Виртуальды серверді
қолдану басқару және пайдалану, ендіру жылдамдығы бойынша артықшылықтарын ұсынады, ол қан
дай да бір жобаны жасаудағы тосу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Жақында Intel және AMD корпорацияларының x86 архитектурасындағы процессорлардың соң
ғы буындағы модельдері пайда болды, онда өндiрушiлер тұңғыш рет виртуализацияның аппаратты
қолдауындағы технологияларды қосқан. Мұның алдында виртуализация программалық түрде орын
далатын, ол өнiмдiлiктiң үлкен қосымша шығындарына алып келетін. Жиырмасыншы ғасыр дың
сексенiншi жылдары пайда болған дербес компьютерлердің аппаратты ресурстарының виртуа лиза
циясының мәселесi болмаған болып көрінеді, өйткені әрбір пайдаланушы өзінің операциялық жүйе
сімен бүкіл компьютерді өз иелігінде қолданды. Бірақ компьютердің қуатының жоғарылауы және өзге
факторлар x86жүйесінің қолданылу аясының жағдайын жылдам өзгертті
Серверлiк инфрақұрылым үшiн виртуализация аздап кешiрек қолданыла бастады және бұл, ең
алдымен, есептеуiш ресурстардың біріктіру есептерiн шешумен байланысты болды. Бiрақ мұнда бірден
екi тәуелсiз бағыттар қалыптасты:
– Бiртектi емес операциялық орталарды қолдау (соның iшiнде, мұра етiлген қосымшалардың жұмы
сы үшiн). Бұл жағдай бiрлескен ақпараттық жүйелер шеңберiнде өте жиi кездеседi. Техникалық мәселе
бiр уақытта бiр компьютерде бiрнеше виртуальды машиналардың жұмыс істеуімен шешіледі, оның
әрқайсысы операциялық жүйенің данасын құрайды. Бірақ бұл тәртiптiң iске асыруы әр түрлi жолдардан
тұратын екi принциптiң көмегiмен орындалды: толық виртуализация және паравиртуализациялар;
– Бiртектi есептеуiш орталарды қолдау қызметтер провайдерлерiнiң қосымшаларының хостингiне
тән, операциялық жүйенің (операциялық жүйе деңгейінде виртуализация) ядросының бiр данасы шең
берiнде қызметтердiң бөлектелінуі түсiніледі. Әрине, мұнда виртуальды машиналардың вариантын
да қолдануға болады, бiрақ бiр операциялық жүйенің бiр ядросының базасында шеттетiлген кон
тейнерлердiң құрылуы тиiмдiрек. х86виртуализация технологияларының келесi даму кезеңi 2004
2006 жылдары басталды және олардың бiрлескен жүйелерде жаппай қолданыла бастауымен бай
ланысты болды. Сәйкесiнше, егер бұрын негізінде өңдеушiлер виртуальды орталарды орындайтын
технологияларды жасаумен шұғылданса, онда енді алдыңғы қатарға осы шешiмдерiмен басқару есептері
және олардың үлкен бiрлескен ITинфрақұрылымды біріктірілуі шыға бастады. Бiр уақытта дербес
пайдаланушылардың виртуализацияға сұраныстың айқын жоғарылауы байқалды (бiрақ 90 жылдары
100
бұл өңдеушiлер және тексерушiлер болса, ал қазір сөз кәсіби және күнделікті ақырғы пайдаланушылар
туралы).
Виртуализацияның технологияның дамытуының көптеген қиындықтары мен мәселелері x86
архитектурасының туындаған бағдарламалыаппаратты ерекшелiктерiн жеңуiмен байланысты. Ол
үшiн бiрнеше негiзгі базалық әдiстер бар.
Толық виртуализация (Full, Native Virtualization). Сырттан қосылған (қонақтық) операциялық жүйе
лердің өзгертілмеген данасына қолданылады, ал осы операциялық жүйелер жұмыстарын қолдау үшін
қарапайым операциялық жүйе ретінде қолданылатын, олардың операциялық жүйелер түйінінің үстiнен
орындаудың эмуляцияларының жалпы қабаты қызмет етеді. Мұндай технология, көбінесе VMware
Workstation, VMware Server (бұрынғы GSX Server), Parallels Desktop, Parallels Server, MS Virtual PC, MS
Virtual Server, Virtual Iron орталарында қолданылады. Осы әдістің жақсы қасиеттеріне iске асырудың
салыстырмалы оңайлығын, шешiмнiң әмбебаптылығын және сенiмдiлiгiн тізіп айтуға болады, бар
лық басқару функцияларын операциялық жүйетүйін (хостОС) өз мойнына алады. Кемшiлiктері –
қолданылатын аппаратты ресурстардың қосымша шығындары, сырттан қосылған (қонақтық) опе ра
циялық жүйелердің ерекшелiктерiн есепке алуының жоқтығы, әлдеқайда кіші, аппаратты құралдарды
қолданудағы қиыншылықтар.
Паравиртуализация (paravirtualization). Cырттан қосылған ОЖ ядросының өзгерісі, басқа вир
туальды машиналармен шиеленіске түспей, аппаратура арқылы тiкелей жұмыс iстей алатын APIдің
жаңа жиынын қосу арқылы орындалады. Бұл жағдайда гипервизор (hypervisor) деп аталатын ар
найы жүйе барлық қызметтерді атқарады, бұнда толық операциялық жүйені іске қосудың қажеті
жоқ. Қазіргі кезде осы нұсқа виртуализацияның серверлiк технологияларының дамытуының өзекті
бағыты болып табылады және VMware ESX Server, Xen (және осы технологияның базасында басқа
жабдықтаушылардың шешiмдерiнде), Microsoft HyperVке қолданылады. Осы технологияның артық
шылығы – операциялық жүйе – түйінге қажеттiліктiң болмауында, iс жүзiнде қонақтық операциялық
жүйе лер аппаратты жабдықтарға тікелей орнатылады, ал аппаратты ресурстар тиiмдi қолданылады.
Кем шiлiктері – жолдың iске асыруының күрделiлiгiнде және мамандандырылған операциялық жүйе
ні – гипервизорды құру қажеттiлiгiнде.
ОЖ ядросы деңгейдегі виртуализация (operating systemlevel virtualization ). Бұл вариант тәуелсiз
параллель жұмыс iстейтiн операциялық орталарды құру үшiн ОЖ түйінінің бiр ядросын қолдануды
білдіреді. Сырттан қосылған (қонақтық) бағдарламалық қамтамасыз ету үшiн тек қана өзіндік желі
лік және аппаратты орта құрылады. Мұндай вариант Virtuozzo (Linux және Windows үшiн), OpenVZ
(Virtuozzoның тегiн варианты) және Solaris Containersте қолданылады. Артықшылықтары – аппаратты
ресурстарды қолданудың жоғары тиімділігі, төмен қосымша техникалық шығындар, өте жақсы бас
қарылу, лицензияларды алудағы шығындардың аздығы. Кемшiлiктері – тек қана бiртектi есептеуiш
орта лардың iске асыруы.
Қосымшалардың виртуализациясы. Компьютерде орындалатын қосымшалардың әрбiр данасының
өзгертілуі, операциялық жүйе өзара әрекеттесе басқарылатын қолданбалы бағдарламалардың күштi
бөлектелінген моделін қолдануды білдіреді, оның барлық негiзгi компоненттерi: файлдар (жүйелiк
файлдарды қоса), реестр, шрифтер, INIфайлдар, COMобъектілер, қызметтер. Бағдарламалар, қосымша
процедурасыз орындалады және сыртқы тасымалдаушылардан тiкелей iске қосыла алады (мысалы,
флэшкарталар немесе желілік папкалардан). IT, бөлiм тұрғысынан қарағанда, мұндай жолдың анық
артықшылықтары бар: баспалық жүйелердi жазудың жылдамдылығы және оларды басқару мүмкіндігі,
қосымшалардың арасындағы қайшылықтар болмауы, сонымен қатар қосымшаларды үйлесiмдiкке
тестілеу қажеттiктері. Бұл технология бiр компьютерде, яғни анығырақ сол бір операциялық жүйеде
бірнеше өзара үйлесiмсiз қосымшаларды бір уақытта қолдануға мүмкiндiк бередi. Қосымшалар
дың виртуализациясы пайдаланушыларға сол біреуін алдын ала кескiнделген қосымшаны немесе
серверден қосымшалардың тобын iске қосуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар операциялық жүйеге
ешқандай да өзгерiстерi енгізбей, қосымшалар бiрбiрiнен тәуелсіз жұмыс iстейдi. Іс жүзiнде мұндай
виртуализацияның нұсқалары Sun Java Virtual Machine, Microsoft Application Virtualization (бұрын
Softgrid деп аталды), Thinstall (2008 жылдың басында VMware құрамына ендi), Symantec/Altirisте қол
данылады.
101
Жұмыс орындарының виртуализациясы. Жұмыс орындарының виртуализациясы қолданушы
интерфейсiнiң эмуляциясын білдіреді. Пайдаланушы қосымшаны көреді, алайда шын мәнінде қосымша
жойылған серверде орындалса да, өз терминалында олармен жұмыс iстейді, ал пайдаланушыға
жойылған сервердің тек суреті ғана беріледі. Жұмыс тәртiптерiне байланысты қолданушы жойылған
жұмыс столын және ондағы іске қосылған қосымшаны немесе тек қосымшаның терезесiнің өзiн ғана
көре алады.
Әдебиеттер:
1. Клементьев И. П., Устинов В. А. Введение в Облачные вычисления. – Изд. УГУ, 2009 .
2. Eric A. Marks, Bob Lozano. Executive’s Guide to Cloud Computing. – 2010.
Резюме
В статье показаны основные преимущества применения технологии виртуализации в облачных
вы числениях и сферы применении технологии виртуализации в развитии бизнеса. Определены осо
бенности развития технологии виртуализации, рассмотрены основные категории использования
технологии виртуализации.
Summary
In article are considered main advantage of the using to technologies to virtualization in cloudy calculations
and spheres using to technologies to virtualization in development of the business. The certain particularities
of the development to technologies to virtualization, are considered main categories of the use to technologies
to virtualization.
ӘОЖ 521.1
Достарыңызбен бөлісу: |