Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата14.02.2017
өлшемі6,42 Mb.
#4107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР 
ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Б. СЕЙСЕНОВ, 
философия ғылымдарының докторы, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңеюі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдер-
де  өмір  сүретін  миллиондаған  адамдардың  тіршілігінің  өзгеруіне  және  оларды  жаңа  экономикалық 
жүйеге  біріктіруге  алып  келді.  Әлемдегі  елдердің  ғылыми  байланыстарының  аясы  кеңейіп,  әлемдік 
ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық бүкіл дүниежүзілік 
экономикалық  бірігудің  алғы  бастамасы  болды.  Бұл  үдерістің  көріністерінің  бірі  ретінде  алдыңғы 
қатарлы  дамыған  елдерде  және  әр  түрлі  континенттердегі  ұлтаралық  бірлестіктерде  бірыңғай 
ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.
Табиғатқа  техногендік  қатынас  рухани  қанағаттану  құралы  ретінде  емес,  қайта  өндірістік 
қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының бас-
ты көрінісі болды.
Ғылымға  озық  технологиялық  табыстары  мен  жетістігіне  сүйенген  дүниежүзілік  өнеркәсіптің 
қарқынды  дамуы,  адамға  әлемді  сезінудің  оптимистік  түрі,  табиғатты  игерудегі  қабілеті  мен 
мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам 
өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ., еуропалық мәдениетке біртіндеп енген 
техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді.
Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер 
қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті 
ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономика-
ның өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі 
ең дұрысы деп есептеледі. Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды 
деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А. Бердяев, Е.Н. Тругецкой, С.Л. Франк, т.б.) айтуынша, 
индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға 
негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен тұтынушы, қажеттіліктің шексіз 
өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп, 
табиғат ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді.
Ал  мәдениеттер  арасындағы  көзқарастың  өзгеруі,  әр  түрлі  сәйкессіздіктің  туындауы,  Ф.  Ницше 
айтқандай, барлық құндылықтарды қайта бағалау қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде 
жүзеге асуда. 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
28
Машиналар  мен  техниканың  қарқынды  дамуы  және  олардың  адамзатқа  билігі  тарихта  екі 
дүниежүзілік  соғыстың  болуын,  әлеуметтік  капитализмнің  ерекше  дамып,  ашаршылық  пен  құлақ 
естімеген  ауруларды,  атомдық  қатерді,  күрделі  экологиялық  және  антропологиялық  дағдарыстарды, 
адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы көптеген ой-
шылдар М. Хайдеггер, К. Ясперс, Л. Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық 
техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады.
Ресейлік ғалым В.А. Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық 
ізбен  сипатталатын  қазіргі  мәдени  ахуалда  толыққанды  гуманитарлы  білімі  жоқ  адам  тұлға  ретінде 
жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал, ең бастысы, ол догматты болады» деп көрсетті.
XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның табиғатқа, 
қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала 
түсті. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, өз заманында қоғамдық дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі 
болып саналған бұл көзқарас біздің заманымызда адамзат әлеміне өзге орынсыз зиянды жағдайларды 
қоса  тудырды  деуге  болады.  Адам  қоғамда  әрі  жасампаз  жасаушы,  әрі  талқандаушы  ролін  атқарып 
отыр.
Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы дағдарыс-
ты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер төнді.
Бұрынғы гуманизм жетістіктерінің дағдарысқа, күйзеліске ұшырағандығын айта келіп Н.А. Бердяев 
адам мен қоршаған орта арасына қарама-қарсылық антропоцентризм көзқарасына адамның табиғатқа 
үстемдік орнатуындағы менменшіл, озбырлық қасиеттеріне алып келгенін атап көрсеткен. Адамдардың 
барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне 
мән береді.
Ал адам мен қоғам арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп, толығырақ анализ жасаған неофрейдизм 
бағытының негізін қалаған Э. Фромм өзінің психоанализ түсініктмесінде қазіргі адамның жағымсыз 
агрессиялық қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін көрсетіп, олардың өз өмірін құрбандыққа 
шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға мінездеме берген. Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге 
қарағанда ХХ ғасырда осы жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте 
көп, айтайық, адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық, руханиятсыздық, кең мас-
штабты әскери қақтығыстар, т.б. жатқызады.
Бұдан құтылу үшін Э. Фромм адам өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормаларына 
сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам 
оны өзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік бағыттағы 
шекті мүмкіндіктерін дамытуға шынайы өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне 
мән береді.
Осы  заманда  қазіргі  адам  табиғи  адамзаттан  айтарлықтай  өзгеріске  ұшырады  деуге  болады.  Бұл 
өзгерістер  оның  тек  әлеуметтік  мінездемесіне  ғана  емес,  биологиялық  сапасына  да  әсер  берді. 
Қазіргі  адамдағы  осындай  өзгерістер  өмірдегі  заңды  процестерге  байланысты,  ол  постиндустриал-
ды өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің 
қалыптасуына әкеп саяды.
Ғылыми-техникалық  прогресстің  адамның  ой-өрісіне  тигізетін  ықпалы  және  әсері  өте  жоғары. 
Техникалық машиналар мен өндіріс технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап 
«табиғи» (биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл 
адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың 
орнына динамикалық әлеуметтік өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға 
шоғырлана  бастады.  Осының  салдарынан  адамның  тұратын  табиғи  ортасы  міндетті  түрде  жасанды 
ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А. Бердяев өзінің «Адам 
және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат адам-
нан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау дегеніміз – ол тіршілікке аяушылық жоқ 
дегенді білдіреді, өйткені ол – адам баласына жат құбылыс. Н.А. Бердяевтың айтуынша, техникалық 
дүние өзінің белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан 
бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әр түрлі тарихи кезеңдерді 
айы рып, бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны 

ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
29
сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және рухани өмірі, көңіл-
күйі зақымданады деп көрсеткен болатын.
Осы  өмірдегі  қазіргі  адамның  болмысын  сипаттай  келе  неміс  философы  К.  Ясперс  жазған 
«индустриалға  дейінгі»  техникалық  дәуірге  дейін  адам  өзін  аспан-көк  және  жермен  біргемін  деген 
сезімде болғандығын айтқан. Бұл – қайталанбас өмір, «табиғи» адамның дүниесі. Ал қазіргі жағдайда 
біртұтас ортаның экологиялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде адам бұрынғы өз табиғи тамырларын 
жоғалтқандай әлсізденеді. Осы жағдайдан қалай шығуға болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі 
жағдайдағы  адамзаттың  негізгі  мәселесі.  Ясперстің  айтуынша,  «табиғи  емес»  адам  дүниесіндегі 
«ноосфералық» адам өз өмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып механизмнің бір бөлшегі бо-
лып табылады. Адам техногендік қоғамның бір бөлшегі ретінде әр түрлі қызметтерге, жаңа техникалық 
мамандықтар қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті бар және ереже бойынша іс-әрекет жасауға 
ұмтылатын жан. Оның өмірін бұқара және құдіретті мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін тап-
тап, оның өмір сүру еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын өзгертуге шамасы болмайды де-
ген қорытындыға келеді.
Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа әкеледі. Ғалымдардың зерттеуі 
барысында қазіргі адамның өзі техникалық құрылым немесе машинаға ұқсастығын айтады. Өзінің іс-
әрекеттерінде, өмір салтындағы әрекетін өзі сезінбей, техногендік ортаның қолдану іс-әрекет аясының 
даму заңдылықтарының қисынын өзінің ойына келтіреді, соның ықпалында болады. Технологиялық 
адам  ең  жоғарғы  махаббат  сезімі,  қайғыру  және  басқа  адам  сезімдерінің  жоқтығымен  белгіленеді, 
олардың орнына робот – техника жасайтындай күнделікті орындайтын жұмыстарға бөлінеді. Роботқа 
ұқсас адам бағдарлама бойынша немесе басқа адамның еркі бойынша жұмыс істейді. Оның рухани 
өмірінің орнына автоматикалық реакция келіп, оның көзқарасы техноцизм, ал мақсаты жасанды ком-
форт,  өмірі  жасанды  организмге  ұқсас  болады.  Техника  өрісі  адамды,  оның  негізгі  табиғи  қызметі 
еркін еңбектен, белсенді әрекет пен адамдар арасындағы өзара рухани қарым-қатынасынан айырады. 
Адамдардың ой-пікірлері біртіндеп техникалық машиналардың ойлау деңгейімен ауысып жатқанын 
байқайды.
Э.  Фромм  өзінің  «Революция  үміті»  атты  кітабында  біздің  уақытымызда  безіп  жүрген  елес  ту-
ралы  жазып  кеткен.  Бұл  –  бүтін  механизацияланған  қоғамның  елесі.  Оның  мақсаты  –  материалдық 
игіліктерді  және  соңғы  ғылыми-техникалық  жаңалыққа  негізделген  өнеркәсіп  өндіріс  жүйесін  ашу 
және оны компьютерлік басқару мен бақылау. «Бұның қалыптасуы мен дамуында, – деп пайымдайды 
ғалым, – адам – материалды, жеткілікті және өзіне өте риза, дегенмен де, ол инертті, өмірсіз (өмірі 
жоқ) және адами сезімнен түпкілікті түгел жұрдай етіп, жаппай біртіндеп машинаға айналатындығына 
көңіл бөледі». Техногендік қоғамның жеңісінен кейін, ойланушы тұлға «қаза» болып, енді ол бастапқы 
табиғи  «биосфералық»  тұлға  бола  алмайды.  Осы  тұста  сана-сезімдері  психологиялық  және  т.б. 
техникалық құралдармен бақылауға алынуы да мүмкін. Қоғамдық пікір болса тармақталған бұқаралық 
ақпарат құралдарының көмегі арқылы манипуляцияға түседі. Болашақ қоғамның ең қауіпті белгілерінің 
бірі  –  адам  сана-сезімінің  бақылауға  алынуы.  Ол  көркем  әдебиеттерде  жазушы-фантасттардың 
пікірінде болашақты болжау ретінде көрініс тапты. Э. Фромм «Бәріміз жігерсізбіз, қазіргі адам өз-өзіне 
бақылауын жоғалтқан, оның орнына ойлау, сана-сезім қызметтерін электронды машиналар жасауда. 
Ондай адамда өндіріс пен тұтынудан басқа мақсаты, мүдде, арманы жоқ» деп көрсетеді. Адамның осын-
дай озық технологиялардың құлы болып қалуы, адам біржолата, бірыңғай материалдық игіліктерді көп 
өндіруге және соған қажетті жаңа техника мен технологияны игеруге кірісті деп пайымдайды ғалым. 
Қорытындылай келе, адам өзімен де, қоршаған өмірмен де байланысын жоғалтқан. Діннің гумандық 
қағидаларынан  да  жұрдай  болып,  өзінің  терең  эмоционалды  сезімдерінен  айрылады.  Өзі  жасаған 
техникалық  машина  құдіретті  күшке  айналып,  адамның  өзін  сана-сезімін  басқара  бастады,  осының 
салдары адамгершіліксіз, гуманизацияланбаған қоғам пайда болды деген писсимистик қорытынды жа-
сайды. Э. Фромм жеке мәселе ретінде техниканың адамның әлеуметтік мінезіне тигізер әсерін де атап 
өткен. Оның ойынша, техника әлемге, адамға, «некрофилия» құбылыстарды жасанды заттарға деген 
құштарлығының артуы (автомобиль, компьютер, ұялы телефон, басқа да соңғы үлгідегі техникалық 
аппараттар) ХХ ғасырда адамдардың жаңа түрін пайда етеді.
Қазіргі адам – бұл нарықтық адам. Бұл адамға, Э. Фроммның ойынша, барша дүние сауда-саттық 
объектісіне айналған. Барлығы саудаға түседі, сатылатын тек қана материалдық заттар емес, адамның 

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
30
өзі  де,  оның  табиғи  күш-жігері,  шымырлығы,  білімі,  іскерлігі,  пікірі,  сезімі  тіпті  күлкісі  де  сауда 
есебінде болады. Өзге адам, басқа адамға байлыққа, билікке жету үшін немесе басқа бір мақсатқа жету 
құралы ретінде қабылданады.
Дүние өзгерісте, сонымен қатар адамның өзі де өзгерген. Қазір ол бұрынғы табиғи ортада емес, 
жасанды орта – техногендік әлемде өмір сүреді. Сондықтан да ол адам табиғи емес, «ноосфералық» 
жасанды адам бұл ортада біртіндеп тоза береді. Бұл – әлеуметтік өмірде әлсіз адам. Ол өзін бұл ортада 
жау ортасына түскендей сезінеді, сондықтан, ол – жалғыз басты адам. Сонымен қатар, ол түсініп сезіне 
ме, оған байланыссыз бәрімізге ортақ планетарлық қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде қалыптасуда, 
ендеше ол – әлем азаматы. Қазіргі адам өзінің іс-әрекеттерінің қисыны арқылы стихиялы, өзі жасаған 
мәнді,  өзекті  проблемалардың  ортасында  жүр.  Бұл  проблема  барлық  әлеуметтік  өмірде  тұратын 
жандарға ортақ. Осы айтқандардың барлығы адамзаттың ғаламдық проблемалары деп айта аламыз.
Осындай зерттеулердің негізінде келешектегі ғаламдық дамудың маңызды бағыттары ретінде мы-
наларды  атап  көрсетуге  болады:  мал  шаруашылығы  мен  егін  шаруашлығын  арттырудың  дәстүрлі 
емес  жолдарын  тауып,  комплексті  жүргізу  арқылы  ауылшаруашылық  өндірісін  қарқынды  дамы-
ту; энергетикалық қуаттың жаңа тиімді көздерін (термоядролық, жел, су, күн сәулесінен алынатын) 
іздестіру мен оны игеру; әлемдік мұхиттың шикізат ресурстық әлеуетін тиімді ысырапсыз меңгеру; 
ғаламдық экологиялық проблемалардың міндетті түрде шешілуін реттеп, адамзат өмір сүруінің табиғи 
жағдайын жақсарту; бүгінгі күнде адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті 
аурулар қатарын жеңу; базасында көптеген құнды заттарды алуға болатын ғарыштың бейбіт индус-
триалды өндірісін меңгеріп, интернет, ғаламтор жүйелі байланыстың сан түрін қарқынды дамыту 
және т.б. қоғамды компьютерлік техниканың, коммуникацияның барлық құралдарының қарқынды да-
муы негізінде электрондық ақпараттандыру, ақпараттарды принципті түрде жаңа тәсілдермен жеткізу, 
сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөлу; қазіргі қоғамның қажеттерін қамтамасыз ету. 
Ол келешек ұрпақтың несібесі есебінен болмауын ескеруіміз қажет.
Осыған орай, ғылыми-техникалық өрлеудің ғаламдық мәселелерді шешудегі күшейіп келе жатқан 
орны мен ролін баса айтуға болады. Ғылым мен техниканың дамуын адам мүддесіне сай бағыттау біздің 
өркениетімізге қауіпі бар жалпы планетарлық сипаттағы шиеленісулерді шешуге деген ұмтылыстың 
ізгіліктік векторын анықтайды және олардың тиімді шешімінің әдіснамалық бағдары болып есептеледі.
Ғаламдық  мәселелерді  шешу  міндетті  түрде  адамзат  дамуының  тұрақты  әрі  тиімді  жолын  іздеп 
табуға байланысты, ал бұл Қазақстан үшін де өте маңызды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 
бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен құрастырылған, футурологиялық мәні 
бар  «Қазақстан  –  2030»  [1]  стратегиясын  ерекше  атап  кеткен  орынды.  Мұнда  адамзат  болашағына 
байланысты  жүргізіліп  жатқан  философиялық,  социологиялық,  саясаттанулық,  экономикалық,  ғы-
лымтанушылық және т.с.с. кешенді зерттеулер тәжіриебесі ескеріліп, еліміз дамуының отыз жылдан 
астам мерзімдік бағдарламасының негізі қамтылып, басты-басты жеті ұзақ мерзімді басымдылықтары 
анықталып, соларды іске асырудың жолдары көрсетілген. Президент өзінің жыл сайынғы жолдауларын-
да осы стратегияның іске асуын қадағалап, оны нақтыландырып, еліміздің алға басуының әр кезіне сай 
мәселелерді көтеріп, нақты мақсаттар мен міндеттерді атап, оларды шешудің озық амалдарын, соның 
ішінде, әсіресе ғылым мен білімнің, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игерудің, халқымыздың 
интеллектуалдық  ұлт  болып  өсуінің,  елу  ең  дамыған  бәсекеге  қабілетті  елдер  қатарына  енудің,  же-
дел  индустриалды-инновациялық  дамудың  қажеттіліктерін  негіздеп  дабыл  қағуда.  Қазақстанның 
тәуелсіздік жағдайындағы 20 жылдық дамуы осы стратегияның дұрыстығын, Президентінің көреген 
саясатының арқасында еліміздің гүлденіп, қарыштап алға басуының, ең өркениетті дамыған елдердің 
қатарына еркін қосылуымыздың айғағы болып отырғаны шындық. Әманда осылай жүзіміз ашық бо-
лып, бейбітшілік пен келісімді өмір салты нығайып, халқымыздың бірлігі артып, рухани жетілу жолын-
да еліміздің биіктен көріне беретіндігіне сенім мол.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның өзара тұтас байла-
ныста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін, 
кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді. Ол үшін жаңа саяси ойлау қажет. Бұл дегеніміз  – барша мемлекет-
тер және халықтар проблемалары ортақ бір планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. 
Адамзаттың техногендік заманда аман-сау әрі қарай өмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда 
зорлық-зомбылықты  болдырмауға,  ядролық  қарусыз  дүниені  құруға  және  жалпыадамзаттық  мәдени 

ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
31
құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші орынға қоюды 
қажет етеді.
Ғаламдық  мәселелерді  шешу  міндетті  түрде  адамзат  дамуының  тұрақты  әрі  тиімді  жолын  іздеп 
табу.  Табиғатты  интенсивті  игерілуі,  экономикалық-әлеуметтік  қызметті  арттыру,  экологиялық, 
демографиялық  процестерге  және  космосты  игеру  мәселелері  адамзаттың  ой-парасатының  қа-
таң  бақылауында  болуы  қажет.  Қазіргі  адамдардың  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  және  оны  қа-
нағаттандыру келешек ұрпақтың несібесінің есебінен болмауы керек.
Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені Қазақстан Республикасы жаңа индустриалды-инновация-
лық қоғамдық қатынастарға және құндылықтар жүйесіне енді қадам жасауда. Ғылыми бағытталған 
нарықты қажет етеді. Өз ұлтын, халқын сақтап қалатын және биосфералық (табиғатты, қоршаған орта-
ны қорғау) қызметін атқара алатын ғылыми жетістікке сүйенген нарықтық, әлеуметтік мемлекет қажет. 
Қоғамның құрып кетпей аман қалуының ең қажетті шарты ғаламдық мәселелердің шешу жолдарын та-
буда әлем мойындаған сапалы жолды «жаңа гуманизм» қалыптастыру, адам санасында төңкеріс жасалу 
қажет. Бұл дегеніміз адамның құндылық жүйесі мен ұстанымдарын, адамдардың психологиясы мен 
көзқарастарын, олардың менменшілдіктен арылып, сыртқы дүниеге және бір-біріне деген гумандық 
қарым-қатынастарын ретке келтіру болып есептеледі. Адамзат қоғамының тұтастығын ескеріп, адамға 
өзінің таусылмайтын келіспеушіліктен тойымсыз тәбетін шектеп, табиғатты ретсіз бұзып, талқандау 
арқылы бағындыру психологиясынан бас тартудың уақыты келді. Оның орнына басқа проблемаларға, 
айтайық, салауатты рухани жағына көңіл бөлген жөн. Барша тіршілік формасындағы өмірді табиғи өз 
қалпында сақтауға тырысу, қамқорлық жасау. 
Дағдарысты құбылыстардан шығу жолы ретінде адам мен табиғаттың ара қатынасының алшақтығын 
жойып, қайта жақындату туралы гумандық және этикалық идеялар ұсынылады. Шындығында, біздің 
ойымызша, біртұтас адамзат қоғамында табиғатпен есептесуіміз, санасуымыз қажет. Жалпы болмыс-
пен, әлемдегі өзге де көршілерімізбен, жермен, ауамен, сумен, ағаштармен олардың болмыстағы ор-
нын, өзінділігі мен субъективтілігін ескере отырып қатынас жасауымыз керек. Қазіргі кездері белең 
алып отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар эзотериялық өмір салты, педагогикалық 
және психологиялық эксперименттер қарапайым тамақтану, мәдени демалу, шынығу, медитацияның әр 
түрлі формалары және т.б. болашақ әлемдік өркениеттің не оның баламасының нышандарына мән беру 
болып табылады. 
Қазір  адамзаттың  аман-сау  қалу  мәдениетін  қалыптастыруға  мүмкіндік  мол.  Осы  өзіндік  ру-
хани  және  практикалық  тәжірибені  табиғи  ортаға  икемдеп,  адам  мен  әлемнің  үндестігін  табу,  жаңа 
өмірге  жаңа  ғасыр  дамуына  сәйкес  адамзат  парасаттылығының  күш-жігерін  тиімді  тіршілік  форма-
ларын жұмсау, жоғары мәдениетті, жаңалыққа құштар, әлемнің тұтастығын, қоғамның даму бағытын 
түсінетін, ғылымды, озық техника мен технологияны игерген, білімді, салауатты өмір салты мен руха-
ни гумандық көзқарасы мол жаңа адам тәрбиелеп шығару.
Ғылыми білімдер өмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні, өмірде маңызы болады. Ғылыми 
теория жаңалығы практикада әбден тексерілген білімнің іске асыру тәсілін, яғни өркениетті қоғамның 
материалдық  және  рухани  қажеттілігін  анықтап,  өндірісте  ғылыми-техникалық  танымды  тиімді 
қолданудың негізін жасайды. Ғылыми-техникалық таным дамуының қайнар көзі адамның өндірістік 
қызметінің өзгерістерінде, қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне байланысты. Осы жағдайды зерттей оты-
рып объектісін, танымдық мақсаттарын анықтап, жаңа терең күрделі теорияларды игеруге мүмкіндік 
жасалады.  Адамзат  қоғамының  ғылыми  теория  мен  практиканың  бұл  диалектикалық  бірлігі  бірін-
бірі толықтырып, ғылыми-техникалық танымның түпкі мақсаты табиғаттың тылсым күштерін ашып, 
қоғамға, адам игілігіне ізгілікті (гуманды) қызмет жасату болып табылады.
Әдебиеттер:
1. «Казахстан – 2030». Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Раритет, 2002.  
2.  Бердяев Н.А. Философия свободного духа. – М.: Республика, 1994.
3. Камю А. Бунтующий человек. – М., 1991. 
4. Маркузе Г. Одномерный человек. – М., 1994.
5. Несбитт Дж., Эбурдин П. Что нас ждет в 90-е годы. Мегатенденция. Год 2000. – М., 1992.
6.  Хайдеггер М. Бытие и время. – М., 1997.

ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
32
7.  Предупреждение  человечеству.  Декларация  ученых  по  глобальным  проблемам  //  Человек.  – 
1993. – № 5.
8. Сейсенов Б. Ғылыми-техникалық таным философиясы. – Алматы, 2011. – 306 б. 
9. Ясперс К. Смысл и назначение истории. Перевод с нем. 2-е изд. – М., 1994.
Резюме
В статье рассматриваются глобальные проблемы цивилизации человечества, их происхождение и 
пути решения. Уделяется внимание современным общепланетарным проблемам всемирного ядерного 
разоружения, международного терроризма, экологической проблеме разрушения биосферы, энергети-
ческой, продовольственной, демографической проблемам и некоторым опасным болезням, от которых 
зависит существование человечества. 
Для преодоления глобальных проблем требуются новое политическое мышление, осознание того, 
что все страны и народы – члены единого экипажа с общими интересами. Освоение природы должно 
быть взято разумно, утверждая общечеловеческие ценности на путях «нового гуманизма», их приори-
теты над социальными и национальными интересами, направляя к гармонии между человеком и миром.
Summary
The article considers human civilization global problems, their origin and ways of solution. Special attention 
is  paid  to  modern  planetary  problems  as  world  nuclear  disarmament,  international  terrorism,  ecological 
problems of biosphere destruction, energy, food, demographical problems including some dangerous diseases 
which influence on humankind existence. 
In order to overcome the global problems, there is a need to create new political thoughts and awareness 
of  the  fact  that  all  countries  and  nations  are  members  of  one  single  crew  with  common  interests.  Nature 
exploration should be done reasonably, confirming universal human values on the way to «new humanism», 
their priorities over social and national interests, directing to harmony between humanity and world. 

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
33
ӘОЖ 894.342

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет