МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ
БЕРУ НЕГІЗІ
С.Қ.ДӘРІБАЕВА, доцент
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
А.А.НУРЕКЕШОВА
Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институты
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында.Ӛмір ағымына
қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі ӛзгерістерге ұшырап отыр.Сондықтан заман талабына
сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білімге кӛшумен тікелей байланысты.
Ондағы ӛзекті мәселе әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім
моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат-
қарқынды дамып келе жатқан ортада ӛмір сүруге қабілетті,ӛзін-ӛзі дамытуға,ӛз ойын еркін айта
білуге,ӛз қалауы мен қоғам талабына сай ӛзін кӛрсете білуге бейім,жоғары білімді, шығармашыл
дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Ал тұлғаны қалыптастыру-оны ғылым мен мәдениетке үйрету,дүниетанымы ақыл-ой
парасаттылығы қалыптасқан,еңбекқор,мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын
таңдай білетін,жауапкершілігі мол,мінез-құлқы,айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті
жоғары,отанын сүйетін,жаңа әлеуметтік-экономикалық нарықтық қоғамдағы жеке тұлғаның
57
бойында болуға тиіс бірден-бір қасиеттер: белсенділік, жаңа қоғамдағы қатынастар жүйесінде ӛз
орнын таба алатын шығармашылық іс-әрекет, стратегиялық шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге
асыруға қабілеттілік.
Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға мұғалім – тәрбие кӛзі. Жоғарыда
аталып кеткен қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің де кәсіби қасиеттері
икемділіктері жаңаша қырдан сипаталуы керек.
Еліміздің ең басты мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының 50 бәсекелестікке
қабілетті мемлекет қатарына кіру стратегиясы болып табылады. Нұрсұлтан Назарбав басты
міндеттердің бірі ретінде білім саласының реформалық ӛзгеруін талап етті. Ол – жаңа
формациядағы педагог. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ үрдісін үйрену ғана емес, жаңа
технологияларды қолдану ғана емес, ол оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып,
танымдық біліктілігінің дамуын үйрену. Демек, қазіргі таңдағы мұғалім менеджер ретінде болуы
тиісті. 12 жылдық білім жүйесіне кӛшуде мектеп алдында негізгі бағыттарды басшылыққа алады.
Олар: оқушылардың жеке қабілетін есепке ала отырып, жеке даралық бағыта оқыту, оқушылардың
потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш
компонентпен таныс болуы тиіс. Олар; инварианттык компонент – мемлекеттің базалық оқу
стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу
жоспарының бӛлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдык оқу стандарты талаптарының
мазмұнында кӛрсетілгендей, оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердін ӛзара
байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың ӛзіндік зерттеушілік дағдыларын
қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы тандау курстарын, оқу жоспарларын
меңгеру.
Педагогикалық Білім концепциясында: «мұғалім ӛз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті,
бірақ сонымен қатар, оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің ӛз орнын біліп оны уақытында
бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек»
делінген.
Жалпы «құзырет» термині ғылымның әр түрлі салаларында қолданыс табуда.
Құзырет - субъектінің қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды
тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды құзіреттіліктер жатады.
Құзыреттілік біріншіден, білім беру үрдісіндегі білім, білік, дағдылардың түпкі нәтижесін
кӛрсетуі; екіншіден, нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі кӛрінісі; үшіншіден, адам
бойындағы сапалар мен іс-әрекетіндегі үйлесімділік(ақпараттық, құқықтық, басқарушылық,
механикалық т.б)
Құзыреттілік дара тұлғаның ӛзіндік қасиеттері мен статус шеңберінде қоғамда ойдағыдай
жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметік және жеке-дара формасын үйрету
деңгейі.
Құзырет
Білім, білік, дағды,
әрекет
Құзыреттіліктер(игерілген іс-әрекет
тәсілдері)
Ӛзін-ӛзі басқару
Субъектілік
58
Елбасының Жолдауында адамның ӛмір бойы білім алуына жағдай туғызуымыз керек деуі,
яғни, білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жас ұрпақтың бойында ӛзіндік бағдарын
айқындауға мүмкіндік беретін, табысты ӛмір сүруге жол ашатын құзырлылыққа жеткізетін
шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыру қажет екенін айғақтайды.
Құзыреттіліктері нәтижесі мен білім нәтижесі – бір емес. Білім нәтижесі білім беру пәндері
арқылы кӛрінетін болса, құзыреттілік нәтижесі пәнаралық қызмет арқылы кӛрінеді.
Білім беруден күтілетін нәтиже ретінде негізгі құзыреттіліктер болып мыналар есептеледі:
проблеманың шешімін таба білу немесе ӛзіндік менеджмент құзыреттілігі(ӛзіндік
менеджмент);
ақпараттық құзыреттілік;
коммуникативтік құзыреттілік.
Проблеманың шешімін таба білу немесе ӛзіндік менеджмент құзыреттілігі:
түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, ӛзінің шешімін
бағалай білуге;
ӛзінің іс-әрекетіне мақсат қояды, оны іске асыруға қажетті жағдайды анықтайды, оған
жету жолдарын жоспарлайды және ұйымдастырады (яғни технологиялар әзірлейді);
ӛзінің бағасы мен қорытындысын жүзеге асырады, ӛз әрекеті мен оның нәтижелерін
бағалай білуге;
түрлі жағдайларда ӛзі үшін әрекет және әдеп нормасын таңдайды;
қойылған міндеттерге қарай технологияларды бӛліп алады, оны бақылай білуге мүмкіндік
береді. Ақпараттық құзыреттілік:
сыни зерделенген ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдай білуге;
ӛз бетінше мақсат қойып, негіздей білу, жоспарлай білу, осы мақсаттарға жету үшін
танымдық әрекеттерді жүзеге асыра білуге;
ақпаратты ӛз бетінше таба, талдай, бӛліп ала біледі, ӛңдейді, сақтап, жеткізе біледі,
олардың ішінде қазіргі ақпаратық-коммуникативтік технологияларды қолдана білуге;
логикалық ойлау операцияларының кӛмегімен ақпаратты ӛңдей алуға (анализ, синтез,
жалпылау, құрылымдау, тура және жанама дәлелдеу, модельдеу, ойша эксперимент,
материалдарды жүйелеу);
ақпараттарды ӛзінің әрекеін жоспарлауға және жүзеге асыруға қолдана білуге мүмкіндік
береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
нақты ӛмірлік жағдайларда ӛзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде
ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және
қолдануға;
әдеп нормасына сәйкес ӛзіндік пікірін білдіруге;
ӛнімді ӛзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да кӛзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа
ұлт ӛкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге
асыруға;
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас
орнатуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық сӛздіктерде: «құзыреттілік» үш түрлі ұғымда - әлеуметтік құзырет, жалпы-
мәдени, мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі түрінде берілген. Әлеуметтік құзырет адамға қоғамда
ӛмір сүрудің нормалары мен ережелерін орындауға барабар мүмкіндік беретін әлеуметтік
дағдылар түрінде сипатталады. Жалпы мәдени құзыреттілік, сӛздік авторларының пікірінше,
субъектінің ӛзіндік кӛзқарасын анықтауда және танымдық мәселелерді ӛздігінен шешуде, ӛз
бетімен білім алу үшін жеткілікті білімділік деңгейі.
Мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігі оның педагогикалық әрекетінің, педагогикалық қарым-
қатынасының қалыптасуы, педагогикалық сана-сезім, мұрат, құндылықтар идеясын қолданушы
мұғалім тұлғасын анықтайтын мұғалімнің білім, білік және дағдының қажетті жиынтығын игеруі
түрінде түсіндіріледі.
Кәсіби құзыреттілік жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық
әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал, бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігіне
59
мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға ӛз мамандығына байланысты барлық теория мен
практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушылармен жұмыс істеуге
бағытталған қабілеттердің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс
барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік
дағдылары, ӛз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті,
психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас икемі, педагогикалық такт, әдеп т.б.
Мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігіне байланысты зерттеушілер біліктілік ұғымын
«құзыреттілік» аталымымен нақтылайды: біліктіліктің, құзыреттіліктің маңызды белгілері болып
мынадай критерийлердің комбинациясымен белгіленетін деңгей саналады:
- іскерлік пен білімді меңгерту деңгейі (іскерлік пен білім саласы)
- іскерлік пен білімнің кеңдігі және диапазоны;
- ӛз жұмысын ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті;
- тосын жағдайларда ӛз білімін қолдана білуге қабілеттілігі.
Зерттеушілер құзыреттіліктің екі жағын болатының анықтайды да, бірінші жағына
танымдық және практикалық жаналық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен,
екінші жағына – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім
талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы
тұрғысында кӛп мәселелер қарастырылуда. Себебі, Ы. Алтынсарин: «Мұғалім – мектептің жүрегі»
- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түседі. Егер мұғалім ӛз саласы бойынша пәндік
білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта ӛз әрекетін дұрыс
ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп ӛзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай
түседі. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары дәрежеде болып, оқушының тұлғалық
қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті.
Мұғалімнің құзыреттілігі яғни, құзыретті мұғалім дегеніміз: адамның ӛз мамандығы
бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілік
талаптарында: мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын педагогикалық
технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.
Мұғалім:
мемлекеттік стандарты сараптап, ӛз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу
ӛз жұмысын басқару функциясын орындай білу
кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану
педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу
мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында ӛзін кәсіби
деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке
тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді – келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы,
ӛзінің пәнің жетік меңгерген кез келген педагогикалық жағдайды ӛзінің білімділігі, іскерлігі,
шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістін нәтижесін жақсартуға ұмтылатын
мұғалім болуы керек.
Мұғалімін кәсіби құзыреттілігінің құрамына мұғалімге тән қәсіби, даралық қасиеттер болуы
керек:
- ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;
- түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;
- кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша кӛзқараспен қарауы;
- инновациялық технологияларды меңгеруі,
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;
- шығармашылық шеберлігі.
- Ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы – яғни, педагогика, тәрбие
теориясы мен әдістемесі, дидактика, барлық оқытылатын пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер
арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;
- Түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық,
коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, ӛз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен
практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет;
- Кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша кӛзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан
60
«мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат
таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты кӛмекшісі болуы
керек. Оқушының даму деңгейіне қарамастан, оның тұлғасын құрметтеу, оқушының аз да болса
жетістігіне қуана білушілік басын болуы керек.
- Инновациялық технологияларды меңгеруі – мұғалім ӛзінің шығармашылық іс -әрекетінің
арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар
инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибиге еңгізуде ӛз үлесін қосу;
- Педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі – педагогикалық
міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, ӛзінің білім, білік дағдыларын пайдалана
отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде
мұғалімнің жүргізетін диагностикалық іс-әрекеті.
- Шығармашылық шеберлігі – мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды
тәрбиелеумен айналысатын белгілі, мектеп ӛміріндегі кездесетін қыйын жағдайларда ӛзінің
шығармашылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін таныту. Сонымен қатар оқушылармен,
сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларда пайдаланып
қана қоймай, сыныпқа, сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін
мұғалімнің ӛзінің ӛз ісіне қанағаттануы үшін қызықта іс –шара ӛткізе білуі.
Бұл ретте мұғалім шығармашылығы мыналардан кӛрінеді:
1.
Мақсаткерлік.
2.
Мақсатқа жету жолындағы міндеттерді белгілеу және оны жүзеге асыру.
3.
Мақсатқа сай белгілі бір мәселелік тақырыппен айналысу.
4.
Оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін оқып үйрену.
5.
Алынған қорытындыны баспада жариялау, ӛзгелердің назарына ұсыну.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты - әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекетінің
жоспарланған нәтижесіне жету.
Жаңа кӛзқарастағы мұғалім – рухани байлығы мол, ӛз ісінің шеберіне айналу және
жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға. Осындай қасиеттер бойынан табылған мұғалім,
кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейде болады және жетістіктерге жетеді. Мұғалімнің құзыреттілігі
оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Осы қасиеттерге ие мұғалім жетістікке
жетеді.
Мұғалім қызметінде кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетісікке жетудің алғы шарттары:
Сырт келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамассыз ету; мінез-құлқы, пайымдау
мүмкіндіктері оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі: әзіл-қалжыңға мән бере
білуі, оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі: шыдамдылық пен тӛзіімдлік,
басқалардың пікірін сыйлай білу, еркіндік, икемділік, кез-келген жағдаятты оңтайлы бағытта
шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу: балалардың қызығушылығына қарай
әрекет ете білу дағдысы.
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен ӛзін-ӛзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді
дұрыс пайдаланса, онда мұғалім ӛз жұмысының нағыз шебері болады және
қазіргі қоғамға сәйкес әлеуметтік қауымдастық қатарында ӛзіне лайық орнын белгілеген біздің
мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты қоғамға сай ӛзіндік кӛзқарасы, саяси
түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті және құзыретті,
шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де
сай болады.
Күннен күнге ӛсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан ӛзгерістердің
ауқымы мен қарқынының ӛсуі білім беру саласының мемлекет дамуының басты факторына
айналуына себеп болуп отыр. Ұлтымыздың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынов: «Білім біліктілікке
жеткізер баспалдақ, ал біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп білім мен біліктілік
жайлы үлкен ой айтқан. Себебі, ертеңгі келер күнің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал ету, адамзат
қоғамын алға апаратын-білім.
Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы тұлға болатыны белгілі, сондықтан мектептегі
балаларды оқыту, білім беру мазмұның жүзеге асырудағы мұғалім шығармашылығы мен оның
құзыреттілігіне тікелей байланысты болады.
61
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2007. -28 ақпан.
2.
Тӛкен арай «Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі».// «Бастауыш мектеп».
– 2006. -№8, 9.
3.
Қоянбаев Р.М. , Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Алматы, 2000.
4.
12 жылдық білім. – Алматы, 2007. - №1.
Резюме
В данной статье обосновывается точка зрения о том, что вопросы профессиональной
компетенции будущего педагога в условиях перехода к 12-летнему образованию являются сегодня
самыми актуальными. Профессиональная компетенция рассматривается автором в системе
информационной, коммуникативной и методической деятельности учителя 12 летней школы.
Summary
This article were examined Great Teacher`s role and his (her`s) competence. The ways of it`s
development experience. All materials about creative teacher`s work in a Teaching Process. I recommend
to our school teachers for using these materials for their need work.
ӘОЖ 37.026:373.3
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҦЙЫМДАСТЫРУ
М.К.ЖАЙЛАУОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Н.Т.САРТАЕВА, магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазіргі мектептердің саралап оқытуға бағдарлануы оқушының ішкі әлеуетін кӛрсетуге және
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуын талап етеді. Қазіргі қоғамның дамуы
белсенді, ӛз бетінше әрекет ететін, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына жол ашатын
педагогикалық жағдайлардың құрылуын талап ететін ізгілендіру идеясына негізделген білім беру
үдерісіне қойылатын талаптардың ӛзгеруіне де әсер етпей қоймады. Оқу әрекеті оқушының
ӛмірінде маңызды рӛл атқарады. Мектеп – баланың кӛп уақытын ӛткізетін орны. Психологтар мен
мұғалімдердің пікірінше, кӛңілі қалудың, оқудағы қиындықтар мен кедергілердің ішкі себебі
үнемі жолы болмаушы адамның қалыптасуына әкеліп соғатын және тұлғаның дамуын тежейтін
оқушының ӛзін-ӛзі кӛрсетуіне мүмкіндіктің болмауы болып табылады. Әсіресе, кӛптеген
оқушылардың оқуға деген түрткісінің болмауы - ӛзекті мәселе. Оқу уақытының шектелуі мен оқу
бағдарламаларының қатаң талаптары оқушылардың белсенділігінің, ӛз бетінше ізденуі мен
шығармашылығының тӛмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі уақыттағы оқу тәжірибелерін зерттеу
тӛмендегілер арасындағы қарама-қайшылықтар қатарын анықтауға мүмкіндік берді:
-
баланың жеке тұлға болып қалыптасуы басты назарға алынатын қазіргі білім беруге
қойылатын талаптар мен оқыту үдерісінің оқушылардың белгілі бір білім қорын игеріне
бағытталуы;
-
оқушылардың ӛз бетінше жасайтын шығармашылық әрекетінің қажеттілігі мен оқытудың
репродуктивті әдістерін игеруі;
-
оқушылар мен мұғалімдер тарапынан ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі жүзеге асыру үдерістерінің
маңыздылығын, қажеттілігін түсіну және тәжірибеде ол үшін қажетті педагогикалық
жағдайлардың жасалынбауы;
-
оқушылардың шығармашылығының дамуына мүмкіндік беретін белсенді жұмыс
формаларын қолданудың қажеттілігі мен мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерінің стереотиптері [1].
62
Бұл қарама-қайшылықтардың шешілуі бала дамуының ішкі шарттары мен оқыту үдерісі
барысында оқушылардың белсенді ӛз бетінше әрекет етуіне сүйенетін дамыта оқыту жүйесіндегі
шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Баланың дамуы оның белгілі бір
әрекет түрі мен тұлғааралық қатынас жүйесіне енуімен анықталады. Сондықтан бүгінгі күні
ӛзін-ӛзі жүзеге асыру үдерісіне мүмкіндік беретін оқу әрекетінің түрлерін анықтау мен белсенді
түрде қолдану қажет. Қоғамдағы болып жатқан ӛзгерістер тұлғаның дамуы, шығармашылық
ізденіс, ақпараттар алаңында ӛз бетінше әрекет ету дағдысы, оқушыларда ӛмірдегі кәсіби әрекет
барысында туындаған мәселелерді шешу үшін міндеттер қою мен орындау білігін қалыптастыру,
педагогикалық технологиялардың жаңа жолдарының дамуын талап етеді. Мұнда басты назар
оқушылардың ӛз бетінше ойлау, әрекеттерін нақты жоспарлау, түрлі құрамдағы топтармен тиімді
жұмыс жасай алу қабілеттерін қалыптастыруға аударылады. Бұл оқыту үдерісіне оқу әрекетінің
баламалы формалары мен тәсілдерін кеңінен ендіруді талап етеді. Аталған мәселені шешуге
отбасы да, мектеп те қатысады. Отбасының міндеті – баланың қабілеттерін уақытында анықтау, ол
қабілетті дамыту қажеттілігін ұғыну. Мектептің міндеті – отбасы бастамасын қолдау, баланың
қабілеттерін дамыту, бұл қабілеттердің оқушының тек сабақта немесе сабақтан тыс әрекеттерінде
ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби әрекетінде де жүзеге асуына жағдай жасау. Америкалық
психологтар жасаған шығармашылық қабілеттерді анықтау тестілерінің нәтижелері бойынша
ересектер арасында стандартты емес ойлаушылар кӛрсеткіші небәрі 2% -ды құраған. Егер мектеп
оқушыларының шығармашылық ізденісін кӛрсетуге барынша жағдай жасалса, егер оқушының
шығармашылығы, қабілеті мен қалауы барлық қолжетімді құралдар кӛмегімен оқушылар
тарапынан қолдау тапса, олардың қатары кӛбейе түспек [2].
Мұғалімдер арасында мектепте жұмыс жасаудың қиындай түскендігін айтушылар кӛп.
Мұғалімдердің пікірінше, басты қиындықтардың бірі – оқушының ӛзінің ӛзгеруі, оның
бұрынғыдан гӛрі кӛп нәрседен хабары бар, кӛп сұрақтар қоятын, талап қойғыш болуы. Бұл
қоршаған ортаның, отбасындағы бала тәрбиесіне қойылатын талаптардың ӛзгеруімен байланысты.
Қазіргі отбасылар балаға міндетті түрде ӛзін-ӛзі кӛрсете алатындай шарттар қоюы қажет. Бұл
барлық уақытта орындала ма? Шығармашыл бала қандай болады? Ол ӛз құрбыларынан қалай
ерекшеленеді? Бастауыш мектепте шығармашыл балалар ақыл-ой дамуын кӛрсететін есеп-қисап,
оқу сияқты күрделі дағдыларды игеруге қабілетті болады. Бастауыш сынып оқушыларына
ақылға салып ойлану, ой қорытындыларын жасау қабілеті тән, олардың әлемге деген кӛзқарасы
ойын сипатына ие, олар ӛмірге, адамдарға бей-жай қарайды, қиындықтарды байқамайды.
Бастауыш сынып оқушыларының басты ерекшелігі – олар ой толғаныс (рефлексия) жасай
алмайды, ӛз білімін бағалай алмайды. Олар үшін жазу, оқу, сурет салу маңызды емес, оны ӛздері
жақсы жасап жатқандай болулары аса маңызды. Бұл арқылы түсінетініміз: оларға оқып жатқан пән
мазмұны мен оны оқыту тәсілдері емес, осы пәнді игерудегі ӛзінің жеке нәтижесі: алған бағасы,
мұғалімнің мадақтауы, еңбегін ата-анасының бағалауы маңызды.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің кӛрінуіне қиялдау қабілетінің
болуы, оны кӛрсетуге жағдай жасалынуы, бұл қабілеттерді мадақталатын сабақ жағдаяттарында
тудыру әсер етеді. Баланың ересектерге ұқсауға ұмтылу сапасын мұғалім шығармашылық
қабілеттерін дамытуда қолдана алады. Адамның шығармашылық қабілеттерін демонстрациялау
оқушылардың шығармашылық әрекетке қатысуға қызығушылығын қалыптастырады. Алғашында
байқап кӛру арқылы бастауыш сынып оқушылары біртіндеп зерттеу, бақылау, қолдану әрекеттерін
дағдыға айналдыра бастайды.
Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық
мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған тӛмендегідей
шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:
● интеллектуалдық марафон
● оқу олимпиадалары
● интеллектуалды олимпиадалық ойындар
● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар
● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер
● «Мен сиқыршы болып жұмыс істеймін» атты интеллектуалдық жобалар
● «Қонаққа шақырамыз» тақырыбындағы ашық есік күні
● интеллектуалдық клубтар
● оқушылардың қызығушыықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер [3].
63
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларында тек кӛп нәрсені білуге ғана емес, сонымен
бірге шығармашылық әрекетке қажеттілікті қалыптастыруға да мүмкіндік туғызатын түрлі
бағыттағы сынып сағаттары жүйесін жасауға болады.
Бастауыш сыныптарда әр алуан бағыттағы ақпараттық сағаттарды да сәтті жүргізуге болады:
● Менің елімнің және әлемнің әйгілі адамдары
● Әйгілі коллекционерлер мен олардың әлем тарихындағы рӛлі
● Әйгілі жазушылар, ақындар, біз оқитын кітаптар
● Президенттер мен олардың елдері жайлы
● Тарихты жазушылар жайлы
● Саяхатшылар мен олардың жаңалықтары жайлы [4].
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой
әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш
мектепте қалыптаспаса, жасӛспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау ӛте қиынға
соғады.
Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:
● Ойын әрекеті,
● Шығармашылық құрастыру
● Шығармалар мен диктанттар
● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар
● Интеллектуалдық ойындар
1-бағыт – ойын. Қарапайым сӛздік шығармашылық ойын әрекетінде жылдам байқалады,
ӛйткені бұл тілдік қимылдарды талап ететін табиғи әрекет.
1-сыныпта біз кӛріністер, сатиралық миниатюралар, белгілі бір адамгершілік тұрғысындағы
жағдаяттарды талдауға арналған қойылымдар кӛрсетеміз. Мысалы, «Егінші мен қасқыр» ертегісі.
Шығарманы оқып шыққанған кейін талдау жасалады: балалар ӛз ойларын, пікірлерін, сезімдерін
айтады, қоғамдық пікір қалыптаса бастайды. Мінез-құлық эталонын, оны бағалаудың
адамгершілік критерийлерін жасаймыз. Содан соң неғұрлым мәнерлі интонацияны, мимиканы,
ым-ишараны іздеу басталады. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында әрбір
оқушының қандай да бір қызықты және керекті іспен айналысуына кӛмектесу қажет. Қызықты,
шығармашылық және қиын жұмыс барысында қарым-қатынас, эмоция және ӛз-ӛзіне деген
сенімділік пайда болады.
Ӛзін, ӛзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін тану, олармен жұмыс істеу үшін кӛп уақыт
қажет. Бұл қиын істе ойын бізге кӛмекке келеді. Ойын үлгілері:
«Шеңбер бойынша әңгіме». Мұғалім (оқушы) сӛздік жағдаятты анықтайды. Мысалы, «Бір нәрсе
жайлы (динозавр) біл және ол жайлы әңгімеле».
«Эстафета – әңгіме»
Екі-үш команданың эстафетасы түрінде ӛткізуге болады: командалардың әрқайсысы белгілі бір
уақыт ішінде ұжымдық әңгіме жазады. Әрбір қатысушы кезек бойынша бір-екі сӛйлемнен қосып
отырады.
2-бағыт – шығармашылық құрастыру.
Бастауыш сынып оқушылары үшін шығарма – ең алдымен, ӛз сезімдерін, ойларын білдіру,
олардың белгілі бір ӛмірлік мәні болуы қажет [5]. Мектепке жаңа келген оқушыларды зерттеу
олардың кӛбінің монологтық сӛйлеу тәжірибесі болмайтынын, қарым-қатынас жасауда сӛздік
қорының аздығын, қоршаған орта жайлы түсініктерінің жұтаңдығын кӛрсетті. Осы ерекшеліктерді
ескере отырып, оқушы үшін оның шығармашылық бастамасының кӛрінуіне қажетті жағдайлар
жасап қана қоймай, оның шығармашылыққа деген ұмтылысын үнемі қолдап отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |