Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата06.03.2017
өлшемі2,95 Mb.
#7958
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
 
ISSN 1607-2782
 
 
 
Республикалық 
 
ғылыми
-
әдістемелік 
 
журнал
 
Республиканский 
 
научно
-
методический
 
журнал
 
 
 
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
 
мемлекеттiк университетiнiң
 
______________________________________________________________________________________ 
 
1999 жылғы наурыздан бастап 
жылына екi рет шығады
 
№ 
1 (33) 2012 
______________________________________________________________________________________ 
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
 
 
Бас редактор
 

БИСЕНОВ
 
Қ.А.

техника
 
ғылымдарының докторы, 
 
профессор
 
 
 
Бас
 
редактордың 
орынбасары
 

ШАЛБОЛОВА Ү.Ж.
 
  
экономика ғылымдарының докторы,   
 
  
профессор
 
 
 
Жауапты редактор
 

ОМАРОВ Қ.Ә.
 
  
география ғылымдарының кандидаты,   
 
  
профессор
 
 
Редакция алқасы

 
Аруова Л.Б.
 
Баканов Ғ.Б.
 
Ибадуллаева С.Ж. 
 
Кәрібозұлы Б.
 
Қарлыханов Т.Қ.
 
Қожамберлиев Б.
 
Қожақұлы Ӛ.
 
Қошқаров С.И.
 
Майгелдиева Ш.М.
 
Нұрахметов Е.Н.
 
Рахатов С.З.
 
Сәдуақасұлы Ж.
 
Сәтбай Т.Я.
 
Тоқтамысов Ә.М.
 
Үдербаев С.С.
 
Шомантаев А.Ә.
 
 
 

техника ғылымдарының докторы, профессор 
 

физика
-
математика
 
ғылымдарының докторы, профессор 
 

биология
 
ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

философия ғылымдарының докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының докторы, профессор 
 

техника ғылымдарының докторы, доцент
 

филология ғылымдарының докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының докторы, доцент
 

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
 
 
 
 

 

ҒЫЛЫМДЫ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУ  
МАМАНДАР ДАЯРЛАУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ 
 
БИСЕНОВ ҚЫЛЫШБАЙ АЛДАБЕРГЕНҦЛЫ,  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры,  
техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы  
Ұлттық инженерлік академиясының академигі 
 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  сарабдал  саясатының  арқасында  Қазақ 
елінің  Тәуелсіздік  жылдары  жеткен  жетістіктері,  бағындырған  белестері  әлемдік  қауымдастық 
мойындаған  ақиқатқа  айналды.  Осындай  мәртебелі  жетістікке  жетуде  ғылымның  қосқан  үлесі 
ерекше.  Ӛйткені  қай  мемлекеттің  болса  да  ғылымы  мен  білімінің  ӛсіп  -  ӛркендеу  деңгейі  оның 
ӛркениеттілігінің басты ӛлшемі.   
Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдаулары,  «Қазақстан-2030»  Стратегиялық 
даму  бағдарламасы  және  т.б.  мемлекетімізді  ӛркениетке  бастаған  құжаттар  еліміздің  қарыштап 
дамуына мүмкіндіктер беріп келеді. Осының арқасында 2000 жылдан бастап ел экономикасында 
тұрақты ӛрлеу үдерісі берік орын алып,  ішкі жалпы ӛнімнің (ІЖӚ) ӛсу қарқыны жыл сайын 9-10 
пайызды құрады. Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан 2008 жылы ішкі жалпы ӛнімнің ӛсімі 3 
пайыз,  2009  жылы  -  1  пайыз  болды.  Елбасының  тікелей  басшылығымен  дағдарыстан  шығудың 
ӛзіндік  моделін  жүзеге  асыру  нәтижесінде  бұл  кӛрсеткіш  2010  жылы  -  7  пайызға  жетсе,  2011 
жылдың қорытындысы бойынша 7,5 пайызды құрап отыр.  
Ғылымды  дамыта  отырып,  біз  тек  еліміздің  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени-рухани 
дамуына  ғана  әсер  етіп  қоймай,  бәсекеге  қабілеттілігіне  қол  жеткізетініміз  анық.  Осы  үдерісте 
еліміздің  үдемелі  индустриалдық-инновациялық  даму  бағдарламасының  нақты  талаптарын 
басшылыққа алып жұмыс жүргізу уақыт талабы.  
Жаңадан  қабылданған  «Ғылым  туралы»  Заң  экономиканың  дамуына  серпін  беретін 
ғылымды  басқарудың  түбегейлі  жаңа  тетіктерін  ӛмірге  енгізді.  Аталған  заңда  ғылымды 
қаржыландырудың  базалық,  гранттық  және  нысаналы-бағдарламалық  үш  бағыты  белгіленген. 
2015  жылы  ғылымға  бӛлінетін  қаржы    ішкі  жалпы  ӛнімнің  1  пайызын  (118  млрд  теңгеге  жуық) 
құрамақ.  2011  жылы  ғылымды  қаржыландыруға  29,2  млрд  теңге  бӛлінсе,  2012  жылға  42,0  млрд 
теңге жоспарлануда.  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Жоғарғы  ғылыми-техникалық  комиссия 
ғылымды  дамытудың  бес  басым  бағытын  айқындағаны  белгілі:  Бірінші  басымдық  энергетика, 
екінші  -шикізат  пен  ӛнімді  терең  қайта  ӛңдеу,  үшінші  -  ақпараттық  және  телекомуникациялық 
технологиялары  бойынша  зерттеулер.  Бұлар  ел  экономикасының  сұранысына  ие  ӛндірістік 
инновацияларға  жол  ашады  деп  күтілуде.  Тӛртінші  басымдық  -  тіршілік  туралы  ғылым.  Ол 
медицина, биотехнология, экология аясындағы зерттеулерді қамтиды. Бесінші басымдық  – елдің 
зияткерлік әлеуеті, яғни іргелі ғылымды қолдауға бағытталған. Ғылым туралы заңға сәйкес бұдан 
былай  ғылыми  жобаларды  жүзеге  асыру  бойынша  шешімдерді  тек  Ұлттық  ғылыми  кеңестер 
қабылдайтын болады.  
Алдымыздағы  басты  міндеттің  бірі  2020  жылға  дейін  инновациялық  қызметті  жүзеге 
асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ӛндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының 
үлесін  ұлғайту.  Бұл  бағытта  әсіресе,  аймақтық  университеттерге  артылар  міндеттер  ауқымды. 
Аймақтағы ғылыми кадрлардың басым кӛпшілігі шоғырланған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 
мемлекеттік  университеті  ғылыми-инновациялық  қызметінің  басты  мақсаты  аймақтың  тұрақты 
әлеуметтік-экономикалық  дамуы  үшін  қажет  мамандар  мен  ғылыми-педагогикалық  кадрларды 
халықаралық  стандарттар  деңгейінде  даярлау  әрі  оларды  зерттеушілік  және  инновациялық 
қызметке  ынталандыруды  қамтамасыз  ету.  Ғылыми  зерттеулер  нәтижелерін  практикалық 
айналымға  ендіру  ісі  де  үлкен  мәнге  ие.  Аталған  үдеріске  ықпал  ету  мақсатында  инновациялық 
жобалар әзірлеу жүйелі қолға алынды. Нәтижесінде 40-тан астам жобадан тұратын университеттің 
инновациялық  жобалар  каталогы  шығарылды.  2011  жылдың  қараша  айында  жарық  кӛрген 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  инженерлік  академиясының  «Инженерлік  ғылым  және 
инновациялар: ESI-2011» атты каталогында университет ғалымдарының 18 инновациялық жобасы 
бар.  Аталған  каталогтардағы  инновациялық  жобалар  коммерцияландыруға  тікелей  бағытталған. 
Сонымен  қатар  биылдың  ӛзінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ғылым 

 

комитеті,  «Ұлттық  инновациялық  қор»  акционерлік  қоғамы  жариялаған  ғылыми  жобалар 
конкурстарына  30-ға  жуық  жоба  ұсынылды.  Бұл  жобалар  қазіргі  күні  отандық  және  шетелдік 
ғалымдардың сараптамасынан ӛтуде.  
Ғылымды қаржыландырудың мемлекеттік емес секторын дамыту күн тәртібіндегі мәселе. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 1 желтоқсанда ӛткен Қазақстан ғалымдарының форумында 
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қорына  «Бизнес және 
ғылым  -  2020»  жол  картасын  жасауды  тапсырғаны  –  отандық  ғылымға  шынайы  қамқорлықтың 
үлгісі. Жер қойнауын пайдаланушы компанияларды аймақтағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға тарту ғылыми-инновациялық қызметті дамытудың 
негізгі жолы.  Аймақтағы компанияларға ғалымдар дайындаған инновациялық жобаларды кӛптеп 
ұсыну уақыт талабы. Индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың барлық негіздерін 
белгілеп,  оны  мемлекеттік  қолдау  шараларын  айқындауда  2012  жылы  9  қаңтарда  бекітілген 
«Индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  жаңа  заңның  рӛлі  ерекше 
болмақ. 
27 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту  –  қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  жолдауын  жариялады.  Бұл  Жолдау  – 
Қазақстанның  кең  кӛлемдегі  инновациялық  серпілістің  жаңа  кезеңіне  қадам  басқандығын 
айшықтайтын  жасампаз  құжат.  Жоғары  оқу  орындары  жаңа  идеяларды  ӛмірге  әкелу  арқылы 
еліміздің барлық инновациялық жүйелерін байланыстыратын тиімді буын болмақ. Ғалымдар мен 
мамандар  жасаған  технологияларды  ендіру  әрі  коммерцияландыру  үшін  бизнес,  ғылым  және 
инженерлік  әлеуетті  біріктіретін  аймақтық  инновациялық  құрылымдарды  қалыптастыру  кезек 
күттірмейтін ӛзекті мәселе. 
Ғылыми  зерттеулердің  тиімділігін  арттыруда,  оларды  әзірлеу  мен  ендіру  мерзімдерін 
қысқартуда,  сонымен  қатар  оқу  үдерісіндегі  кейбір  кӛкейтесті,  практикалық  маңызды 
проблемаларды  шешуде  ғылыми-зерттеу  саласындағы  құрылымдардың  елеулі  рӛл  атқаратыны 
анық.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  инженерлік  бейіндегі  зертхана  университеттің  кафедралары  мен 
ғылыми  құрылымдары,  аймақтың  ӛндіріс  кәсіпорындары  және  мұнай-газ  компанияларымен 
ғылыми  байланыс  орнатып,  қызмет  аясын  одан  әрі  кеңейте  түсуі  қажет.  Зертхананың  базалық 
қаржыландыруға  кӛшуі  «Ғылым  туралы»  заңның  аясында  беріліп  отырған  зор  мүмкіндік. 
Инженерлік зертханамен әріптестік негізінде ӛңіріміздің тарихы мен мәдениетін зерттеуді жүйелі 
ұйымдастыру  және  экологиялық  таза  ӛнім  ӛндіру  жобалары  мен  технологияларын  жасау 
жұмыстарын  бір  ізге  түсіру  мақсатында  құрылған  «Археология  және  этнография»  және 
«Агробиологиялық  және  қолданбалы  зерттеулер»  орталықтарын  да  базалық  қаржыландыруға 
ұсынуды жоспарлап отырмыз.     
Қазақстан бүгін экономиканы орнықты ӛркендетудің ӛзіндік моделін жүзеге асыру арқылы 
серпінді  дамып  келе  жатқан  мемлекет.  Мұндай  белеске  тарихи  қысқа  уақытта  қол  жеткізуге 
инженерлік-техникалық ойдың дамуы да әсер етпей қойған жоқ. Тәуелсіздікпен құрдас Қазақстан 
Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының ғылыми-техникалық прогресті жеделдету ісіне 
қосқан үлесі қомақты. 1998 жылдан Академияны басқарып келе жатқан белгілі саяси және қоғам 
қайраткері,  отандық  ғылым  мен  білімінің  ірі  ұйымдастырушысы,  Қазақстан  Республикасының 
Білім  және  ғылым  министрі,  академик  Бақытжан  Тұрсынұлы  Жұмағұловтың  тікелей 
жетекшілігімен  Қазақстан  Ұлттық  инженерлік  академиясы  Қазақстандағы  ең  ірі  әрі  ықпалды 
қоғамдық ғылыми ұйымға айналды.  
Академия  жоғары  инженерлік  білімді  жетілдіруге  және  бірегей  ғылыми-ӛндірістік  цикл 
жасауға  атсалысып,  маңызды  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  мен  тәжірибе-конструкторлық 
әзірленімдерді  ұйымдастырушы,  үйлестіруші  әрі  ӛткізуші  ретінде  танымал.  Мұндай  маңызды 
міндеттерді  орындауда  аймақтық  университеттерде  ашылған  Академия  филиалдарының  орны 
айтарлықтай.  Олардың  қатарындағы  негізі  1992  жылы  қаланған  Қызылорда  филиалының  қазіргі 
ғылыми  бағыты:  аймақ  экономикасы  салаларының  ӛзекті  проблемаларын,  сондай-ақ  ғылым  мен 
техниканың түрлі салаларын зерттеу.   
Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен ғылыми жұмыстар кешенін жүзеге асыруда ӛндіріске 
тікелей  қатысы  бар  қолданбалы  ғылыми  бағыттың  маңызы  ерекше  екені  түсінікті.  Университет 
базасында  техногенді  және  табиғи  тектегі  шикізаттық  материалдардан  құрылыс  материалдарын 
ӛндірудің  қуат-қорүнемдеуші  технологияларын  әзірлеу  мен  жетілдіру  жӛніндегі  ғылыми  бағыт 
бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.  

 

Қазақстанның  мұнай  және  газ  рыногының  қазіргі  жағдайын  кешенді  экономикалық 
бағалау  мен  талдау  бойынша  ғылыми  бағытта  да  жемісті  жұмыс  атқарылуда.  Сонымен  бірге 
инвестициялық-инновациялық  саясат  мәселелері  мен  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының проблемалары да зерттелуде.   
Жемісті қызмет етіп келе жатқан Арал-Сырдария ӛңірінің ауыл шаруашылығында ресурс 
үнемдеуші  ӛндірістік  үдерістерді  оңтайлы  жобалау;  Су  ресурстарын  ұтымды  бӛлу  мен 
пайдалануға,  сондай-ақ  оларды  суландыру  жүйелері  мен  шаруашылықтарда  үнемдеу  жолдарына 
бағытталған іс-шараларды ғылыми негіздеу жӛнінде; аймақтың гидроэкологиялық тұрақтылығын 
қамтамасыз  етуге,  су  ресурстарының  антропогендік  ӛзгерістерін  анықтауға,  оларды  ұтымды 
пайдалану мен қорғауға бағытталған проблемаларды шешу жӛніндегі ғылыми зерттеулердің негізі 
ширек ғасыр бұрын қаланғанын айту абзал. Университетте басқа да республикаға белгілі ғылыми 
зерттеулер  жүргізілуде.  Олардың  әлеуетін  ғылымның  мемлекет  бекіткен  басымдықтарын  жүзеге 
асыруға  бағыттауымыз  керек.  Осылай  болғанда  ғана  ғылыми  зерттеулердің  деңгейі  кӛтеріліп, 
сұранысқа ие болып, ӛндіріске енгізілетін болады.  
Университет соңғы жылдары Қазақстанды үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуын 
қамтамасыз  ететін  зерттеулердің  маңызды  бағыттарын  табысты  іске  асыру  арқылы  аймақ 
экономикасын    инновациялық  жаңғырту  жұмыстарына  ӛзіндік  үлес  қосып  келеді.  Аталған 
бағдарлама шеңберінде Қызылорда облысында таукен-металлургия саласын, мұнай-газ секторын, 
химия  ӛнеркәсібі  мен  аграрлық  индустрияны  дамыту  жобалары  жүзеге  асырылуда.  Битум, 
асфальт, қиыршық тас пен басқа да құрылыс материалдарын ӛндіру жӛнінде жаңа зауыттар салу 
жобалары  жүзеге  асырылуда,  сондай-ақ  мұнай  ӛңдеу  мен  газды  пайдаға  жарату  кешендерінің 
құрылысы,  аграрлық  сектордың  бірқатар  кәсіпорындары  келешекте  облыстың  барлық 
аумақтарына орналастырылатын болады. 
Бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлауда  халықаралық  ынтымақтастықты  дамытудың 
маңызы  зор.  Бүгінге  дейін  30-дан  аса  шетелдік  жетекші  жоғары  оқу  орындары  және  ғылыми 
орталықтарымен байланыс орнатылған. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ғылымды қолдау, 
магистрлер мен PhD докторларын дайындау, қос дипломды бағдарлама бойынша білім беру.  
Университет  Жоғары  оқу  орындарының  Еуропалық  Ассоциациясының,  Еуразия-
Тынықмұхит  университеттер  желісінің,  университеттердің  Ұлы  Хартиясының  мүшесі.  2011 
жылдың  18  қарашасында  129  университетті  біріктірген  Еуразия  университеттерінің 
ассоциациясына  толыққанды  мүше болды.  Ассоциацияның  президенті М.В.Ломоносов  атындағы 
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик В.А.Садовничий.  
2011-2012 оқу жылында Түркия Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Ресей 
Федерациясының  жоғары  оқу  орындары    магистратураларында  университеттің  30-ға  жуық 
түлектері білім алуда. 2011 жылдың қараша айында 92 магистрант Ресей және Түркияның жоғары 
оқу  орындарында  ғылыми  біліктіліктерін  кӛтеріп  қайтты.  Бүгінгі  профессор-оқытушылар 
құрамында  40-тан  астам  Ресей  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  орталықтарында  оқып, 
диссертация  қорғаған  ғылым  докторлары  мен  кандидаттары,  магистрлер  еңбек  етуде.  Жақында 
ғана Ресей Халықтар достығы университетінің PhD докторантурасына 2 оқытушы қабылданды.  
Бүгінде университет ғалымдары «ТЕМПУС» халықаралық жобасының «Геоинформатика: 
Қуатты,  қорларды  және  қоршаған  ортаны  басқару»  атты  жаңа  бағдарламасын  орындауға  
атсалысуда.  
Университет  базасында  ғалымдардың  кӛп  жылғы  зерттеулерінің  нәтижелерін  ғылыми 
айналымға  ендіру,  ел  экономикасын  дамытудың  ӛзекті  мәселелері  мен  стратегиялық 
басымдықтарын  талқылауға  арналған  және  т.б.  ғылыми  проблемалар  тӛңірегінде  ғылыми  іс-
шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Тәуелсіздік мерекесі аясында 2011 жылдың қыркүйек 
айынан  бері  бірнеше  халықаралық,  республикалық,  облыстық  деңгейдегі  конференциялар, 
форумдар, семинарлар ӛткізуіміз осының дәлелі. Бұл қатардағы мына ғылыми іс-шарларға ерекше 
тоқталғым  келеді.  Біріншісі,  5  желтоқсанда  ӛткізілген  «Қазақстанның  индустриалды-
инновациялық  дамуындағы  ғылымның  рӛлі»  атты  облыстық  ғалымдар  форумы.  Форумның  күн 
тәртібіне  қойылған  ӛзекті  мәселелердің  шешімдерін  табуға  бағытталған  ғалымдардың 
баяндамалары,  ғылыми  ұсыныстары  мен  ой-пікірлерін  еліміздің  индустриалды-инновациялық  
дамуына  қосқан  ӛзіндік  үлес  деуге  толық  негіз  бар.  Келешекте  экономиканы  дамытудың 
инновациялық  жолдарын  іздеуде  әр  елдің  ғалымдарының  ықпалдасуына  жаңа  мүмкіндік  беретін 
бірлескен ғылыми жобалар жүргізу жолдары қарастырылуда. 

 

Екіншісі,  7-8  желтоқсанда  ӛткен  «Білім  және  ғылымның  инновациялық  дамуы:  Бәсекеге 
қабілетті  мамандар  даярлаудың  проблемалары  мен  болашағы»  атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік  конференция.  Оның  жұмысына  Ресейден,  Корея  Республикасынан,  Түрік 
Республикасынан,  Франциядан  және  еліміздің  жоғары  оқу  орындарынан  кӛптеген  ғалымдар, 
облыс  кӛлеміндегі  жоғары  оқу  орындарының  оқытушы-қызметкерлері  қатысты.  Баяндамаларда  
Қазақстандағы  және  халықаралық  білім  кеңістігіндегі  жоғары  оқу  орындарымен  ӛзара  тәжірибе 
алмасу  жолдары,  адам  капиталын  дамытуға  байланысты  ӛзекті  мәселелер  талқыланды.  Жоғары 
оқу  орындарында  мамандар  даярлау  сапасын  жақсарту,  автоматтандырылған  ақпараттық 
жүйелерді  қолдану  тәжірибесі  де  ортаға  салынды.  Секциялар  жұмысы  барысында  жоғары  білім 
беруді ұтымды ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті  мамандарды даярлау және білім мен ғылымның 
инновациялық дамуының басым бағыттарының ӛзекті мәселелері бойынша сындарлы ұсынымдар 
жасалғанын айтқанымыз жӛн. 
Елбасымыз 2020 жылы Қазақстанды инновациялық мазмұндағы мемлекетке айналдыруды 
міндет  етіп  қойғаны  баршамызға  белгілі.  Олай  болса  елімізді  түбегейлі  индустриалдық-
технологиялық  жаңғырту  процесінде  және  мамандар  даярлау  сапасын  арттыруда  ғылым  мен 
инновацияның рӛлі күннен күнге арта түспек.  
 
Резюме 
Статья  посвящена  проблеме  подготовки  конкурентоспособных  кадров.  Излагаются 
основные  моменты  действующего  законодательства  Республики  Казахстан  в  области  науки  и 
индустриально-инновационной  деятельности,  управления  наукой  и  финансирования  научных 
исследований, относительно стимулирования инновационной деятельности. 
Обосновывается  актуальность  и  предлагаются  пути  развития  государственно-частного 
партнерства,  создания  инновационных  инфраструктур  и  научных  центров  для  внедрения, 
коммерциализации научных разработок, решения ряда практических проблем учебного процесса
Освещены  некоторые  аспекты  международного  сотрудничества,  направленные  на 
повышение  качества  подготовки  специалистов  и  научно-педагогических  кадров,  а  также  итоги 
научных  мероприятий  по  данной  проблематике,  проведенных  на  базе  Кызылординского 
государственного  университета  имени  Коркыт  Ата.  Показан  вклад  Национальной  инженерной 
академии Республики Казахстан и КГУ им. Коркыт Ата в дело совершенствования инженерного 
образования,  организации  и  проведения  прикладных  научных  исследований,  инновационной 
модернизации экономики Кызылординской области. 
 
Summary 
The article deals with the problem of competitive training. It outlines main points of the Republic 
of  Kazakhstan  current  legislation  in  the  sphere  of  science  and  industrial  innovation,  referring  to 
management of science and funding the scientific researches, promotion of innovation activities.   
The  article  proves  the  actuality  and  proposes  ways  of  public-private  partnership  development, 
innovative  infrastructure  creation  and  research  centers  for  implementation,  commercialization  of 
scientific developments, for solving a number of the educational process practical problems.  
The author highlights some aspects of international cooperation aimed for increasing the quality 
of  training  specialists  and  scientific-pedagogical  cadres,  as  well  as  the  results  of  researches  on  this 
subject,  conducted  on  the  basis  of  the  Korkyt  Ata  Kyzylorda  State  University. The  article  shows  the 
contribution  of  the  National  Engineering  Academy  of  the  Republic  of    Kazakhstan  and  the  Korkyt  Ata 
Kyzylorda  State  University  in  the  sphere  of  upgrading  the    engineering  education,  organizing  and 
conducting applied researches, innovative economic modernization of the Kyzylorda region.  
 

 

ӘОЖ 355.43(574.54) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІК СТРАТЕГИЯЛАРЫНЫҢ БАСЫМ 
БАҒЫТТАРЫ 
 
Е.М.АБЕНОВ, саяси ғылымдарының кандидаты  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
ХХ  ғасыр  аяғында    бүкіл  халықаралық  жүйеде  қалыптасқан  қауіпсіздік  шаралары  жойыла 
бастады. Кеңес Одағы атты алып империяның күйреуі және осыған орай кӛптеген мемлекеттердің 
егемендік  алып,  жаңа  халықаралық  субьектіге  айналуы  әлемде  жаңа  дипломатиялық  қарым-
қатынастардың  қалыптасуына  итермеледі.  Осы  орайда  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының 
алғашқы  жылдардан  бастап  ӛзін  дамыған  елдер  тарапынан  мойындатуы  және  уақыт  ұттырмай 
бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуінің тарихи маңызы зор болды.  
Қазіргі  таңда  жалпы  дүние  жүзі  елдерінің  экономикалық  және  саяси  мүдделерінің  бір-
бірімен астасып жатуы осы заманғы қауіпсіздік  жүйесінің сақталуына дәнекер болады деп санауға 
болады.  Қауіпсіздік  жүйесі  ұғымының  астарында  мақсатты  экономикалық  мүдде  болмаса,  оның 
мықты  қауқары  болмасы  анық.  Біз  әдетте  лаңкестікті,  есірткі  пайдалануды,  экологиялық 
дағдарысты,  ұлтаралық  шиеленістерді  басты  қауіп-қатер  деп  санаймыз.  Бұл  баршамызға  белгілі 
проблемалар. Соңғы жылдары әлемде қаншама саяси оқиғалар, шиеленістер, келісімдер т.б. толып 
жатқан  форумдардардың  ішкі  астары  бір  ғана  мүддеге  тіреледі.  Бұл  жекелеген  мемлекеттердің 
ғаламдастыру    үдерісінің  ең  маңызды  буындарында  ӛздерінің  стратегиялық  ұлттық  мүдделерін 
ілгерілетуге  мүмкіндік  беретін  ұлтаралық  корпорациялардың  экономикалық  мүдделері  болып 
табылады. «Әлемді мүделлер басқарады», - деп әйгілі ғұлама Спиноза бекерге айтпаған.  
АҚШ-тың  саясаткер-ғалымы  Борис  Румер  жақында  шыққан  «Центральная  Азия: 
надвигающийся  шторм?»  атты  еңбегінде  –  «Орталық  Азиядағы  геосаяси  ахуал  ішкі  екі  ойыншы 
(Қазақстан  және  Ӛзбекстан)  және  сыртқы  үш  ойыншыға  (АҚШ,  Ресей,  Қытай)  байланысты 
болады»  дейді.  Ал  Қытай  мен  Қазақстанның  ара қатынасын  автор  «достастық  артындағы  егесу» 
деп  атапты.  Ресеймен  қатынасына  «бірге  де  емес,  бӛлек  те  емес»  деп  баға  берсе,  ал  АҚШ-пен 
қарым-қатынасын  «бірде  жоғары,  бірде  тӛмен»  деп  бағалайды  екен.  Оның  пікірінше 
И.Каримовтың  басты  мақсаты:  біріншіден,  исламдық  радикалдық  күштерден  болатын  қауіпті 
жою; екіншісі, Орталық Азияда ӛз жетекшілігін орнату. Қазақстанға байланысты айтқанда – Румер 
–  «жақындап  келе  жатқан  террористік  дауылдан  аман»  екендігін  айтады,  алайда  11  қыркүйек 
оқиғасынан соң, әлдеқандай қауіп-қатерлердің пайда болғандығын айтады [1]. 
Таяудағы  болашақта  әлемге  саяси-экономикалық  тұрғыдан  жетекшілік  етуге  ұмтылатын 
«үлкен үштіктің» пайда болуы мүмкін. Олар әрине АҚШ, Ресей және Қытай мемлекеттері. Осыған 
байланысты  аталмыш  елдердің  арасында  елеулі  қарама-қайшылықтардың  да  болатыны  сӛзсіз. 
Бұған  қоса  аталған  үш  елдің  екеуі  Қазақстанның  жақын  кӛршілірі  болып табылатынын  да  естен 
шығармаған  жӛн.  Тепе-теңдік  кенеттен  ӛзгеруін  болдырмауға  және  әлемдік  тұрақтылықты 
сақтауға  «үлкен  үштіктің»  объективті  түрде  мүдделілігіне  байланысты  үш  держава  арасындағы 
бақталастық  ғаламдық  деңгейдегі  ынтымақтастықпен  қатар  жүруі  мүмкін  деп  есептеуге  толық 
негіз бар[2]. 
Ғаламдық  энергетика  дағдарысы  мен  экстремистік  қимылдардың    күрт  ӛршуі  секілді  екі 
фактор  –  бүгінгі  күні  Орталық  Азия  аймағына  халықаралық  назардың  арта  түсуіне  себеп  болып 
отыр.  Американ  геостратегтерінің  тұжырымдамасы  бойынша:  «Барынша  ішкі  тұрақтылығымен, 
соқталы  экономикалық  әлеуетімен  және  орасан  минералдық  қоймасымен,  дәл  осы  секілді 
аймақтағы  айтарлықтай  елеулі  ықпалымен  ерекшеленетін  Қазақстан  Орталық  Азияға  ӛтудің 
ӛзіндік бір
 
кілті рӛлін атқарады» [3].  
Қазақстан пайдаланатын минералды шикізат қорларына бай ел. Дүниежүзінің 170 елі тау-кен 
ӛнеркәсібі  шикізатының  55  түрін  ӛндіретін  болса,  Қазақстанда  оның  39  түрі  бар.  Қазақстан 
шикізат қоры жӛнінен Ресей, Қытай, Австралия, АҚШ және Бразилиядан кейінгі 6 орында. Отын-
энергетикасында  –  мұнай,  газ,  уран;  қара  металдан  –  темір,  марганец,  хром;  түсті  металдан  – 
қорғасын,  мырыш,  мыс,  алюминий;  қымбат  металдан  –  алтын  мен  күміске  бай  мемлекет. 
Каспийдің мұнай қоры шамамен  30 миллиард тонна болса, соның 40%  - Қазақстанға тиесілі. газ 
қоры 2,2 триллион шаршы метр[4].   
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
 
 

 

Біздің ел үшін мұнай мен газ әлемдік экономика мен саясатқа белсене араласуға мүмкіндік 
беретін  табиғи  несібеміз  десе    болғандай.  Сонымен  қатар  Каспий  мұнайы  аймақ  елдерінің  зор 
игілігі ғана емес, бас ауруы да. Сондықтан сыртқы әсер етуші державалардың ара қатынасын тең 
ұстап, кӛпвекторлы ашық саясат жүргізу заман талабы. Интеграция алдымен Орталық Азия елдері 
арасында жүргізілуі керек. Одан кейінгі басты мақсат – Ресеймен стратегиялық серіктес болу. Оны 
ЕурАзЭҚ  кӛлемінде  жүзеге  асырған  тиімді.  Сонымен  бірге  Қытаймен  де  жақсы  қарым-қатынас 
орнату  ұзақ  мерзімді  басымдықтарымыздың  бірі.  Тек  Қытайдың  кері  ықпалы  –  демографияға, 
экономикаға  және  саяси  бағытымызға  ӛз  әсерін  тигізуі  әбден    мүмкін.  Бірақ  Қытай  ықпалын 
жақсы  арнаға  бұруға  да  болады.  Ол  еліміздің  сыртқы  саясатына  байланысты.  Бүгінгі  әлемдік 
экономика  мен саясатқа сӛзсіз ықпал  ете  алатын жалғыз супердержава,  АҚШ  экономикамыздың 
негізгі инвесторларының бірі. Қысқасы ұстанып келе жатқан кӛпвекторлы саясатымыз жалғасын 
таба бермек[5].   
Орталық  Азияны  ӛздерінің  ықпал  аймағына  айналдыруға  мүдделі  елдер  ретінде  бүгінде 
АҚШ, Ресей, Қытай сондай-ақ Туркия, «Ислам әлемі» елдері, Еуро Одақ және Үндістан аталады. 
Және  де  мемлекеттік  емес  ойыншылардың  –  транс  ұлтты  корпорациялар  мен  халықаралық 
лаңкестік  ұйымдардың  да  ӛз  мүддесі  бар.  Орталық  Азияның  басты  ұтымдылығы–  геосаясаттағы 
әлеуетті және транзиттік, энергетикалық магистралдық есебінен «ашық» ӛңірге айналу мүмкіндігі 
болып табылады[6]. 
Қазіргі таңда Қазақстанға ықтималдығы басым қауіп-қатер мыналар: 
 
Халықаралық  экстремистердің,  террористік  ұйымдардың,  есірткі  бизнесінің  Орталық 
Азияға орнығу қаупі. 
 
Орталық  Азияға  жақын  жердегі  бірқатар  ашық  ошақтар  –  Ауғанстан  және  Ирактағы 
тұрақсыздық,  Үнді  –  Пакистан  қарама-қайшылығы  және  ықтималдығы  басым,    қаупі  ашық 
Каспийдегі тұрақсызыдық жағдайының болуы. 
 
Оның  үстіне  дүниежүзілік  және  аймақтық  орталықтардың  геосаяси  мүдделерінің 
қабыспауы,  географиялық  жіктелістердің  мүмкін  екендігі  және  алып  құрылымдар,  аймақтық 
әскери-саяси  одақтарға  қатысушы  елдердің  геосаяси  мүдделердің  үйлеспеуі  мен  дүниежүзілік 
қаруланудың қайта ӛршуі болып отыр. 
БҰҰ-ның  жіктеуі  бойынша  мемлекет  жүйесіндегі  адамның  қауііпсіздігіне  қатысты  негізгі 
факторлар тӛмендегідей: 
-
 
Экономикалық қауіпсіздік; 
-
 
Азық-түлікпен қамтудың қауіпсіздігі; 
-
 
Денсаулықтың қауіпсіздігі; 
-
 
Экологиялық қауіпсіздік; 
-
 
Жеке бастың қауіпсіздігі; 
-
 
Қоғамдық қауіпсіздік; 
-
 
Саяси қауіпсіздік [7]. 
Ұлттық  қауіпсіздіктің  міндеті  елдің  негізгі,  ӛмірлік  аса  маңызды  мүдделері  –  ұлттық 
дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың ӛмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып 
табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің ӛмірін қамтамасыз ететін жүйе 
ретінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің ӛзі де  жоқ.
 
Ұлттық  қауіпсіздікке  қатер  тӛндіретін  терроризм,  экстремизм,  есірткі  саудасы  және  қару-
жарақтың  заңсыз  айналымы  секілді  құбылыстарға  орай  мемлекеттік  шекараны  толық  жауып 
тастауға  тағы  болмайды.  Бұл  кері  кӛріністердің  тамыры  экономикалық  және  әлеуметтік  саяси 
салаларда жасырынып жатыр. Сондықтан олармен күресте әскери күш қолдану әдісі де жеткілікті 
түрде тиімділік бермеуі мүмкін. Аталған қауіпсіздік стратегиясында қауіп-қатердің алдын алудың 
аса маңызды алты бағыты қарастырылған. Олар: сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси, 
экологиялық  және  ақпараттық  қауіпсіздіктерді  қамтиды.  Осыған  байланысты  2000  жылдың 
ақпанында Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы қабылданды. 
2000 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Әскери реформасының Тұжырымдамасы 
бекітілді. Бұл құжат мынадай ӛзгерістер алып келді: 
 
Қазақстандағы  әскери  басқару  жүйесін  ӛзгеріске  түскен,  геосаясаттық,  ішкі  сасаттық 
шарттарға сәйкестендірді. 
 
Еліміздің  әскери  жанжалдарға  кірісе  қалған  жағдайларда  мобилизация  механизмін 
нарықтық қатынастарға үйлестіріп құру. 
ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 1
 (33) 2012 
 

 

 
Мемлекеттің әскери ұйымының негізгі құрылымдарының  – Қарулы Күштердің ұйымдық-
штаттық құрылымын, оларды орналастыру, әскери жабдықтауды және әскери кадрларды даярлау 
принциптерін ӛзгертті. 
 
Әскери  қызмет  абыройының  тӛмендеу  тенденциясын  оңалта  отырып,  әскери 
қызметшілердің әлеуметтік проблемаларын шешуге басты назар аударылды[8]. 
Осылайша,  Қазақстан  Қарулы  Күштерін  сенімді  құралға  айналдыру  кӛзделіп  отыр. 
Президентіміздің  2000  жылы  25  қазандағы  Ел  халқына  жолдауында  ұлттық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету жұмысындағы тӛрт басты бағытты айқындап берді: 
 
Аймақтық  қауіпсіздіктің  нақты  жүйесін  құру.  Онда  ҰҚК  мен  ШЫҰ  арқылы  аймақ 
қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылады. 
 
Қазіргі заманғы мықты армия құруға бағытталған әскери реформа жүргізу. Осы бойынша 
жыл сайын ішкі жалпы ӛнімнің бір пайызынан кем емес қаржы Қорғаныс министрлігінің қажетіне 
жұмсалуда. 
 
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту. 
 
Еліміздің 
экономикалық 
қауіпсіздік 
стратегиясын 
іске 
асыру. 
Президенттің 
тапсырмасымен  Стратегиялық  жоспарлау  агенттігі  мен  Қауіпсіздік  Кеңесі  Қазақстанның 
экономикалық қауіпсіздік стратегиясының жобасын жасады[9]. 
Бұның  бәрі  Қазақстанның  экономикалық  қауіпсіздігінің  тӛрт  негізгі  –  құрылымдық, 
технологиялық,  институционалдық  және  қаржылық  элементтерін  бӛліп  алып  қарастыруға 
мүмкіндік  берді.  Сол  кездегі,  қазіргі  де  сыртқы  қауіпсіздіктің  басымдығы  терроризм  мен 
экстремизмнің  таралуынан  болып  отыр.  Бүтіндей  алғанда  елімізде  осындай  қатерлерге  қарсы 
бағытталған шаралар мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: 
 
Мемлекеттік  шекараны  шұғыл  жабу  жӛніндегі  шаралары  жүзеге  асырылды.  Осылайша, 
шекараның  оңтүстік  учаскесінде  ҰҚК  Шекара  қызметінің  қосымша  бӛлімдері  мен  бӛлімшелері, 
екі  шекара  отряды  орналастырылып,  оннан  астам  жаңа  тексеру-ӛткізу  пункттері,  сондай-ақ 
қосымша блок бекеттер қойылды. 
 
Құқық қорғау органдарының шұғыл іздестіру қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 
экстремизм  мен  терроризмнің  кӛріністеріне  қарсы  күрестегі  алдын-алу  шаралары  күшейтілді. 
Құқық  қорғау  органдары  заңсыз  сақталған  отты  қаруларды  тәркілу,  олардың  жасырын 
айналымдарының  алдын  алу  жӛнінде  операциялар  ӛткізілді.  Оның  сыртында  Қазақстанда 
тіркелмеген діни қауымдастықтардың, секталардың, діни оқу орындарының заңсыз қызметтерінің 
алдын  алу  жӛнінде  кешенді  құқықтық  және  шұғыл  іс-шаралар  жүзеге  асырылды.  Соңғы 
уақыттарда  заңсыз  іс-әрекет  жасаған  бірқатар  діни  әрекеттер  байқалды.  Кейбір  бірлестіктердің 
қызметі белгіленген заңға сәйкес тоқтатылды. Ал 2011 жылығы қазан айындағы «Діни қызмет пен 
діни  бірлестіктер  туралы»  заңның  қабылдануы  діни  экстремизмге  қарсы  күреске  тың  қарқын 
беретіні анық. 
Тӛлқұжаттық  және  визалық  бақылауды,  сондай-ақ  халықаралық  қатынастардағы  кӛліктің 
барлық түрлерін бақылауды күшейту жӛнінде шаралар қабылданды. Жасырын миграция деректері 
бойынша  шетелдің  1500  азаматы  Қазақтаннан  сыртқа  шығарылып  жіберілді.  Туристік  фирмалар 
мен кӛші-қон жүргіндерін реттеу қолға алынды. 
 
Жақын болашақта Қазақстан дамуының басты бағыттары – тиімді экономика, бейтарап қоғам 
және  ұлттық  қауіпсіздік болып  қала  бермек.  Азаматтардың, қоғам  мен  мемлекеттің  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің стратегиялық міндеті шешілмейінше, кез келген экономикалық реформаларын 
жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Қазақстан  жас  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  ӛзінің  тарихи  дамуының 
жауапты  кезеңінде  тұр.  Сондықтан  бүгін  біздер  үшін  уақыттың  барлық  үн  қатуларына,  соның 
ішінде ӛз қауіпсіздігімізге дәл жауап таба білуіміздің маңызы зор [10]. 
Қазіргі  әлемдегі  жанжалдар  –  кӛп  жағдайда  түрлі  ӛркениеттердің  қақтығысы  сипатында 
түсіндіріліп  жүр.  Батыстық  (христиандық)  және  Шығыстық  (мұсылмандық)  ӛркениеттердің 
жарастығының  және  бері  қойғанда,  олардың  ӛзара  үйлесуі  жоғары  деңгейінің  мысалы  болып 
табылатын  Қазақстанның  Шығыс  пен  Батыстың  дәстүрлі  құндылықтарына  тең  құрметпен 
қарайтын қоғамның мысалы ретінде жекелеген мемлекеттер мен аймақтар деңгейінде, сондай-ақ 
ғаламдық деңгейде де кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды кӛтеруге 
толық құқығы бар [11].  
Сондықтан  біз  ғаламдастыру  иіріміне  жұтылып  кетпей,  ӛз  мүмкіндігімізді  пайдалана 

 

отырып, бейімделе білуіміз керек. Бірақ, әлемде ӛмір сүретін және болашағын ойлайтын жалғыз 
біз емес. Айналамыз толған бәсеке, бақталастық. Сондықтан да мемлекетіміздің басты мақсаты – 
саяси  да,  экономикалық  та  тұрақтылықты  сақтау.  Сыртқы  саясаттағы  бедел  –  ішкі  саясаттғы 
тұрақтылыққа  тікелей  байланысты.  Демек,  елдік  пен  бірлікті  сақтау  ең  асыл  мұратымыз  болуы 
қажет. 
Әдебиеттер: 
1. Муташев С. Надвигающийся шторм в Центральной Азии. // Континент.  - 2002. - № 20. - С. 
49. 
2. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А., 2002. - 25 б. 
3.  Джилавян  А.  Казахстанский  ключ  Центральной  Азии.  //  Независимая  газета.  -  2001.  -  14 
апреля 
4.  Құланбай  Ә.  Қазақстан  бұрын  шикізат  қоры  саналып  келді.//Егемен  Қазақстан.  -  2001.  – 
қазан. 
5. Ашимбаев М. С кем и за кого нам надо дружить. // А и Ф Казахстан. - 2003. - №12. 
6. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 188 б. 
7. Қуандықов Е. Ғаламдық гуманитарлық түйіндер және Қазақстандық мүдделер. // Ақиқат. -
2002. - №6. - 29 б.  
8.  Тәжин  М.  Уақыт  талабына  оң  жауап  таба  білу  қажет.  //  Егемен  Қазақстан.  -  2000.  -  24 
қараша. 
9. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 26 қазан. 
10.  Тәжин  М.  Уақыт  талабына  оң  жауап  таба  білу  қажет.  //  Егемен  Қазақстан.  -  2000.  -  24 
қараша. 
11. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А., 2002. - 26 б. 
 
Резюме 
Автор в данной работе характеризует систему международной безопасности на рубеже веков 
и  анализирует  масштабные  мероприятия  в  области  стратегии  безопасности.  Дана  оценка 
геостратегической  роли  Республики  Казахстан  в  Средней  Азии.  В  заключении  отмечается  роль 
стабильности  общества  в  предотвращении  таких  опасных  для  казахского  общества  пагубных 
явлений, как терроризм, наркомания, экологические и межнациональные преступления. 
 
Summary 
In the work the author describes the international safety in boundary of the centuries and analuzes 
grand measures directed to its safety in the Rebublie of Kazakstan. Any relations
 
among the states of the 
world  held,  according  to  economice  requirements  have  been  concluded  and  the  geostrategic  role  of  the 
Rebublie  of  Kazakstan  in  the  Central  Asia  has  been  appraised  in  the  work.  In  the  conclusion  part  the 
author stressed the importance of the society’s stability in preventing our country from terrorismadict, 
ecological and international crime.  
 
 
 
ӘОЖ 951-959(574,5) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет