ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2007 ж.
2. ҚР Қылмыстық Кодексі 2014 ж 3 шілде.
3. Бас әскери прокуратура туралы ереже Қазақстан Республикасы Бас пркурорының 2017 жылғы 3 қараша
№126 бұйрығына 17-қосымша.
4. Прокуратура туралы Заңы 2017 30-маусым №81 –VI ҚРЗ
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
93
ӘОЖ930.85(274)
Литвинова Т.А.
з. ғ. к., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Дайрабаева Г.М.
п. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Шеримкулова Г.Д.
з. ғ. к., аға оқытушы ,Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Акчабаев Ш.
Доктор Phd, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
КРИМИНАФАМИЛИСТИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
АЛДЫН АЛУДАҒЫ ПРОКУРОР РОЛІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Мақалада авторлар криминафамилистикалық қылмыстардың алдын алудағы прокурор ролінің
өзекті мәселелерін қарастырған.
Тірек сөздер: заң, құқық, қоғам, криминофамилистика, объект,субъект.
Резюме. В статье авторы рассматривают актуальные проблемы роли прокурора при предупреждения
криминофамилистических преступлении.
Ключевые слова: закон, право, общество, криминофамилистика, объект,субъект.
Summary.. In the article, the authors consider the actual problems of the role of the Prosecutor in the prevention
of criminophamilistic crimes.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының
ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кенже емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар
мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет
жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың
б.з.б. ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен
соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыйым салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалағаны
мәлім.
Ежелгі Латынның белгілі нақылы былай дейді : «Do ut facies» – «Істету үшін беремін». Сыбайлас
жемқорлық – әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың
пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі
сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазым басшыда қоғам, мемлекеттік мүддесі
үшін емес, жеке басы үшін ресурстардыпайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі болады. Соны-
мен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күніде бар күрделі әлеуметтік-саяси
құбылыс ретінде көрінеді – сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеру барысында
оның ауқымы тарылмайды.
Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті
жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Гегель бы-
лай деп жазды: «Мемлекеттік биліктің жеке индивидум иеленген үлесі – жалпыға ортақ биліктің
жоғалтқаны деген сөз». Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің өздері ие-
ленген бөлігіне сүйене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институттарына, оның құндылықтарына
шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешпей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін
сәтті орындау мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік ыңғай-бағыттар бар.
Оны ежелден-ақ түрлі – әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерде қарастырған.
Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды.
Н.Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын жалпы сырқатының белгісі санады,
93
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
94
Ш.Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп немесе жүйе жарамсызға айналатын дис функ-
циональдық ретінде сипаттады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-сессиясы құжатарында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама
берілген: «Лауазымды басшының өз қызмет өкілеттігі саласындағы қызметтік ережені бұзатын
да, бұзбайтында түрде сыйлық берушілердің мүддесі үшін кез келген формадағы әрекеті немесе
әрекетсіздігі».
Сыбайлас жемқорлық туралы Азаматтық құқықтық жауапкершілік конвенцияның 2-бабындағы
(1999ж) анықтаға сәйкес «сыбайлас жемқорлықты – пара, жөнсіз артықшылық немесе соның
мүмкіндігіне ие болған адамның талап етілетін, оның негізгі міндеттерін немесе мінез-құлқын
бұзуға әкеп соқтыратын тікелей немесе жанама талап; пара немесе кез келген басқа да тиесілі емес
артышылықпен соның мүмкіндігін ұсыну және оның қабылдануы».
Бас прокуратураның жанынан қаржылық мониторингтің мемлекеттік орган уәкілдігін
құруды қажет етеді. Сонымен аталған заңды қабылдау және қаржылық мониторинг органын құру
Қазақстанның сыбайластыққа қарсы БҰҰ конвенциясы мен қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді
тәркілеу және алу, анықтау, қайтару жөніндегі Еуропа конвенциясына қосылу үшін аса қажет. Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық және құзыретті органдар мен
шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтерінің өзара қарым-қатынасы тиімді тәсіл болып табылады.
2005 жылы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етудің Ыстамбұл жоспарына сәйкес Париж қаласында
Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы әрекет ету төңірегінде қолданылып жүрген құқықтық-заңдылық
базасын талқылауға, оны халықаралық стандарттарға жақындату бойынша ұсыныстар әзірлеуге
арналған Кеңестік топтың төртінші кездесуі болып өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
“Жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік” (Страсбург, 1999 жылы 27 қаңтар), Жемқорлыққа қарсы
БҰҰ конвенциясы (2003 жыл 31 қазан), “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді тәркілеу, айналдыру
туралы” (Страсбург, 1990 жыл 8 қараша) халықаралық Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмыс одан
әрі жүргізілуде. Жоғарыдағы халықаралық нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруда еліміздегі
заңнамалармен бағдарламардың арасындағы байланысты табу қажеттігі туындауда. Елбасының
жемқорлыққа қарсы күресте алға қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық құқық
қорғау және мемлекеттік органдардың, сонымен қатар барлық қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік
емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз қарым-қатынасы мен кешенді әдістері
қажет.
Ендігі жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыруда республика заңнамаларына
келтірілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылай өтсек [1; 12б.].
ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының бірінші бөлігіндегі, жалпы парақорлыққа байланы-
сты жоғарыда аталған үш бап бойынша субъектілеріне қатысты олардың атқаратын қызметі мен
құзіреттілігіне қатысты саралануын ұсынысымыз. Яғни, құзіреттілігі ұлттық заңмен реттелген
қатардағы мемлекеттік қызметкер мен конституциялық заңмен реттелінетін судьяны, депутаттың,
Премерь министрдің ж.т.б қылмыстық құқық бұзушылығы мен олардан туындайтын зардаптар
мөлшерлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, соңғы субъектілерді жауапкершілікке тартуды баптың
басқа жаңа бөлігіне енгізу керек.
Сонымен қатар, аталған бап бойынша ірі мөлшерде пара алудың түсінігі Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық кодексінің 311-бабының ескертуінде 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша
соммасы (1 060 500теңге) бағалы қағаздың, өзге де мүліктің не мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі
мөлшердегі пара деп танылаған болатын. Алайда, қазіргі таңдағы қолданыстағы Қылмыстық кодек-
сте бұл 3 000-нан асатын, 10 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (яғни, 6 363 000-нан 21 210 000
теңгеге дейінгі) сомманы құрап отыр. (ҚР ҚК-нің 3-бабы 1-бөлігі 38-тармағы). Заңшығарушымен не
себепті аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаларға мұндай жеңілдіктің жасалғаны
белгісіз. Оны мемлекеттегі нарықтық талаптардың өзгеруімен, не қылмыстық құқық бұзушылықтарға
бой алдырған субъектілердің әлеуметтік жағдайының нашарлаумен екенін түсіндіру қиын [2; 15б.].
Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл заңын тиімді де ұтымды қолдану, оның халық арасын-
да дұрыс қабылданып, өз еріктерімен, мүлтіксіз орындалуына, қазіргі таңдағы заңнамалардың орын-
далмауы лауазымды тұлғалар актілеріндегі заңдылықтың әділеттілік қағидатымен ұштаспауында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарында «Әділеттілік» қағидатының
жоқтығы онымен күресу жолдарын тежейтіндігінде. Заңның негізінде және әділ шешім қабылдау ба-
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
95
рысында ғана, қоғамның негізгі мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына әкеп соғады. Сонымен
қатар, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру» жүргізіліп жатқан күрсетің
мақсаты, міндетті емес, қағидаты болуы керек. Себебі, ол қоғамның алдына қойған межесі, алар белесі
емес, ол – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою. Ал, сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалы мақсатқа
жеткенге дейінгі күрестегі қағидаттарының бірі болуы тиіс.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 680-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс қимыл жөніндегі шараларды қабылдамау бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш соммасында
айыппұл қарастырған. Ал, ҚР Қылмыстық кодексінің 244 пен 245-ші баптарында салық және (не-
месе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік
болғанмен, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүліктері
туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларды толық емес, анық емес мәліметтерді
ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Демек, мемлекет тарапынан бұл сыбай-
лас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығы үшін ешқандай шара қолданылмайтыны, қылмыстық
заңнамамыздағы кінәліні міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидатының орындалмауына әкеп
соқтырады [3; 2б.].
Сондай-ақ, аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының 11-бабы 4-ші тармағында
есепті күнтүзбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті
сатып алған жағдайда, бұл заңның субъектісі болып табылатын жоғарыда аталған адамдарға кірістері
мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсаған шығыстарды жабу көздері
туралы мәліметтерді көрсету міндеттелген. Алайда, бұл жерде міндеттемені объектісі тек сатып
алынған мүліктері ғана емес, барлық мүліктері, яғни барлық табыстары (сыйға тартылған, мұраға
қалдырылған, құрылыс жүргізілген ж.т.б) болуы тиіс. Себебі, бұл табыс көздері құқық бұзушылардың
заңсыз таптан табыстарын, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаларын немесе өзге де
мүліктерін заңдастыруға (жылыстыруға) мүмкіндік болып таыблады. Ал, ол үшін ҚР ҚК-нің 218-ба-
бында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Келтірілетін зиян (зардап) көлемінің ауқымдылығын ескере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің
368-бабына 3-бөлігіне: жауапты мемлекеттік лауазымды адамның, параның ірі мөлшерінде делдал
болу енгізіп, осы баптағы 2-бөлігінен «қылмыстық топпен» жасалатын іс-әрекеттерді де осы жаңа
бөлігіне ауыстыру қажет.
ҚР Қылмыстық кодексінің 369-баптың 3-бөлігін саралаушы белгілері ретінде «адамдар тобының
алдын ала сөз байланысуымен», «ірі мөлшерінде», «бірнеше рет»-деп, ал 4-бөлігіне: «жауапты
мемлекеттік лауазымды адамның», «аса ірі мөлшерінде» және «оларды қылмыстық топпен жасаса»-
деп өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет [4; 11б.].
Мeмлeкeттiк нe жeргiлiктi өзiн-өзi бaсқaру oргaндaрындa бoлып тaбылмaйтын кoммeрциялық
жәнe өзгe дe ұйымдaрдaғы қызмeттiк өкiлeттi тeрiс пaйдaлaнғaн тұлғaлaр Қазақстан Республикасының
1997-жылғы 16-шілдедегі Қылмыстық кодексінің 228-бaбы сaй oсындaй iс – әрeкeттeрi үшiн
қылмыстық қудaлaу тәртiбi бойынша oсы бaпқa eскeртпeлeрдi eскeрe oтырып жaуaп бeругe жaтaтын.
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамада бұл қылмыстық құқық бұзушылықты 250-баппен сара-
ланып, оны Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтар, яғни 9-тарауға енгізілген.Сонымен қатар, бұл қылмыстық құқық бұзушылықты сы-
байлас жемқорлық құқық бұзушылықтары қатарынан алынып тасталынған. Дұрыс емес, қайта қосу
керек. Себебі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санын азайту арқылы емес, оны туындататын
барлық іс әрекеттерге халықтың төзбеушілік қағидатымен тәрбиелеу арқылы сыбалас жемқорлықпен
күресу керек.
ҚР Қылмыстық кодексіндегі құқық бұзушылықтарының басқа да түрлерін сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар қатарына енгізу қажеттігі қазіргі күннің талабы болып отыр. Атап айтқанда олар
келесілер: ҚР Қылмыстық кодексінің 17-тараудағы (Сот төрелігіне және жазалардың орындау тәртібіне
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар) 412-бап (Көрнеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа
тарту), 413-бап (Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату), 414-бапты (Көрінеу заңсыз
ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау), 415-бап (Айғақ беруге мәжбүрлеу), 416-
бап (Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау), 418-бап (Көрінеу әділетсіз сот
үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару), 422-бап (Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар
беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
96
мәжбүрлеу), 432-бап (Қылмысты жасырып қалу), сонымен қатар 16-тараудағы (Әскери қылмыстық
құқық бұзушылықтар) 453-бап (Қызметке салғырт қарау).
1997-жылдың 2-шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қабылдаған кезде аталған
қылмыстардың басым көпшілігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жатқызылған болатын және
де бұлардың барлығы лауазымды тұлғалардың өздерінің қызметтік бабын, нормативтік құқықтық
актілерімен берілген құзіреттіліктерін заң шеңберінен шыға, бұза отырып, жасалатындығында.
Сондай-ақ, Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардағы қызметтік жалғандық жасау іс-
әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы жаңа бап енгізіп, жаза тағайындалуы керек деп
есептейміз.
ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабына (Қылмысты жасырып қалу) 2-бөлігін адамдар тобының
алдын ала сөз байласуымен, ірі мөлшерде зиян келтіргені, бірнеше рет жасағаны; 3-бөлігін аса ірі
мөлшерде зиян келтіргені, қылмыстық топпен жасағаны; 4-бөлігін жауапты мемлекеттік лауазымды
атқарған адамның жасаған іс-әрекетін енгізіп, жаза тағайындау қажет.
Келтірілетін зиян-зардаптарына байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық
бұзушылықтары туралы айыптаумен ұласқан жала жабу мен көрнеу жалған сөз жеткізген тұлғаға
жауапкершілікті ҚР ҚК-нің 130-бабының 3-бөлігі мен 419-бабының 3-бөлігінен бөлек бап ретінде
қарастырып және де сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қатарына жатқызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |