ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тулеуғалиев Ғ. ҚР-ң Азаматтық құқығы.1-том.А.,2007 ж.
2. Жайлин Г.А. «Гражданское право», особенная часть, том III, – Алматы: «Дәнекер», 2005.
3. Тулеугалиев Г.И., Тулеугалиев М.Г. «Международное транспортное право», – Алматы: «Данекер», 2005
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
84
ӘОЖ 343359.(574)
Гасанов А.А.
з. ғ.к.,, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Калканова Ж.С.
з. ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Литвинова Т.А.
з. ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Жаксылыков Н.Н.
з. ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Түйін. Бұл мақалада кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен қылмыстардың алдын
алу мәселелері қарастырылды.
Тірек сөздер: заң, құқық, қылмыс, кәмелет, сана, мәлімет, тұлға, мектеп.
Резюме. В данной статье рассмотрены вопросы уголовной ответственности несовершеннолетних и
профилактики преступлений.
Ключевые слова: закон, право, преступление, сознание, сведение, личсность, школа.
Summary. In this article the questions of criminal responsibility of minors and prevention of crimes are considered.
Keywords: law, law, crime, consciousness, information, personality, school.
Жас балалар мен кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеудің ерекшелігі сол,
бұлардың өмірлік тәжірибелерінің аздығынан, өздеріне басқалардың көңілін аударту мақсаты т.б.
жағдайлармен жасалатындығында. Бұларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер де жеткілікті: бос
уақытының көптілігі, ата анна тарапынан бақылаудың алсіздігі, тарбиесінің нашарлығы, күн көрістің
қиындығы, жүрген ортасында бұзақылардың көп болуы, білімінің, құқықтық санасының төмендігі
[1; 10б.].
Облыстық құқықтық статистика және ақпарат Орталығы мәліметтеріне жүгінсек, жастар мен
кәмелетке толмағандардың қатысуымен үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында 461 құқық бұзушылық
оқиға орын алып, жарты жылдықта облыс бойынша тіркелген жалпы қылмыс санының 12,6 пайызын
құрайды. Осындай қылмыстар мектеп оқытушылары арасында біздан облыста кең қанат жаюда.
Жастар мен кәмелетке толмағандар көбінесе қылмысқа ұйымдасқан түрде қатысады. Былтырғы
жарты жылымен салыстырсақ, облыс бойынша ұйымдасқан қылмыс биыл 9-8 пайызға өскенін
байқаймыз. Қылмыс жасаған 163 жас өспірімнің 79-ы еш жерде оқып, жұмыс істемейтін көше кез-
ген бұзақылар екен. Қылмыскерлер арасында даулетті адамдардың да еркетайлары көп көрінеді. Олар
ұлдарын қандай қылмыс жасаса да темір тордан босатып алады. Ал кедейдан күн-көріс үшін нан, шай
ұрлаған балалары қылмыскерлер санын көбейтіп, аты жамән мекенге «қонақ» болып кете береді.
Статистика бойынша, он төрт-он жеті жастығы балалар көбінесе ұрлық, бұзақылық, тонау,
қарақшылық шабуыл, есірткі заттарға байланысты қылмыстарды жасайды. Кісі олтіру мен зорлауды
сирек жағдайда жасайды екен.
Ұрлықтар көбінесе топпен жасалынады. Топтың басшысы, жетекшісі болады. Ол объектілерді
өзі тауып, жасөспірімдердің әрекеттерін басқарып, егер «операция» сәтсіздікке ұшыраған кезде,
өздерін қалай ұстау керектігін, қылмыс іздерін қалай жою керектігін айтып қояды. Топ басшысы
бұрын сотталып келген қылмыскер немесе жасы үлкен азаматтар немесе өздері қатары жаста болуы
да мүмкін.
84
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
85
Дүкен, киоск, буфет, автомашина, пәтерлерге жасалған ұрлықтар – есіктерді сындырып кіру, не-
месе форточка арқылы кіру жолдарымен жасалады. Қылмыс кезінде жасөспірімнің киімінің бір бөлігі
жыртылып, қалып қояды, тіс іздері қалады.
Қылмыстық топтарды бұрын сотталып, келген қылмыскерлер басқарады. Кәмелетке толмағандар
бұзақылық әрекеттер жасағанда дене жарақаттарын қол аяқтарымен салады. Пышақты өте сирек
қолданады.
Кәмелетке толмағандар тонау мен қарақшылық шабуылға қатысқанда, ақша, заттарды тез беруді
талап етеді. Жәбірленушіге бірден қарақшылық шабуыл жасау өте аз кездеседі. [2; 10б.].
Қылмыс іздерін олар сирек жояды. Ұрлап алған заттарын үйдің немесе шатырлардың астына,
бұзылған не салынып жатқан үйлердін ішіне жасырады. Өзі өлтірген өліктерді қылмыс болған жерден
алыс емес жерге жасырылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеу кезінде қылмысты істі уақытылы қозғау қажет:
– қылмысты істі тез қозғамаса, кәмелетке толмағандар жазаланбаса, бұдан кейін бірнеше
қылмыстар жасауы мүмкін;
– қылмыс жасаған жасөспірімдерде қылмыстары үшін жауапқа тартпайды деген жалған үміт
пайда болды, соның жалған екендігін оларға түсіндіру қажет;
– кәмелетке толмағандарға тезірек тәрбиелік жағынан әсер ету қажет;
Қылмыстық істі тергеуші қозғалғанда қылмыскерлердан жасын біліп алу керек. Тергеуді
жоспарлағанда төмендегілерді ескеру қажет:
– қылмыстың сипаттамасын, қылмыскерлердің жасын анықтау. 14-15 жастағылардың құжаттары
өздерінде болмайды, олар өтірік те айтады;
– жұмыстағы, оқудағы достарының әсері;
– бұрын әкімшіліктік немесе қылмыстық жаза алған ба? Жазаланса не үшін?
– кәмелетке толмағандардың оқуға, жұмысқа көз қарасы қандай? Кітап оқуды жақсы көреді ме?
Қандай кітаптар оқиды? Қандай фильмдерді жақсы көреді?
– есірткі және алкоголь ішімдіктерін пайдаланады ма?
– қылмыстың жасалу себебі, мақсаты;
кәмелетке толмағандардың ұрлайтын объектері: автомобиль, мотоцикл, мопед, велосипед және
қосалқы болшектері, киімдер, тамақтар, магнитофон, компьютер, фотоаппарат, бейнеаппарат, ұялы
телефон, ақша т.б.
оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыстарды жасау әдістеріне қарап, кәмелетке толмағандар
жасаған қылмыстарды бірден білуге болады:
– қол іздері мен аяқ іздерінің кішкентей болуы;
– қылмыс болған жерде қалдырып кеткен жеке заттары, аяқ киім іздері арқылы;
– азық – түлікте қалдырған тіс іздері арқылы күдікті адамның жасын шамалап анықтауға болады;
Кәмелетке толмағандарды тінтігенде ұралған заттарды, қылмыс құралдарын, қылмыскерлердан
киімдерін, күнделіктерін, жазба дәптерлерін табуға әрекет ету керек. Тонау, қарақшылық шабуыл
ұрлық кезінде алынған заттар: авторучка, зажигалка, пышақтарды, үйлерінде ашық ұстайды. [3; 5б.].
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот ісін жүргізуге қатысты заңмен бекітілген та-
лаптар мен ережелерді қатаң сақтау, осы істерді уақытылы және сапалы қарау қажеттілігіне назар
аударылсын. Қылмыстық іс жүргізші органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық
жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара
қолдануы қажет. Адамның жасын растайтын құжат болмаған жағдайда немесе күмән тудыратын бол-
са, ҚР ҚПК-нің 271 бап бірінші тармағына сәйкес сараптама тағайындауы қажет [4; 10б.].
Қылмыстық іс жүргізуде кәмелетке толмаған адамнан жауап алу кезінде:
Кәмелетке толмағанның иланушылығы, ашушаңдығы, тауелдігі сөз ауырлыққа, бастамшылыққа,
қиынға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтап алу қажет. Бұл мақсатта
кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп отырған адамдардан және басқа да адамдардан жауап алып,
оның денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, сондай-ақ оның
жеке басының құжаттарын сұратып, сондай ақ оның жеке басының құжаттарын зерттеген жөн. 10-14
жасқа дейінгі куәдан немесе жабірленушіден жауап алуға қатысуы үшін, ал тергеушінің қалауы 14-18
жас аралығындағы куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақырылады.
Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
86
құқылы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша қорғаушы қатысуға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша қорғаушының қатысуына кәмелетке
толмағаннан сезікті немесе айпталушы ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал айып
тағылғанға дейін ұсталған не қамауға алынған кезден бастап рұқсат етіледі. Егерде кәмелетке толмаған
сезікті, айыпталушы, не олардың заңды өкілдері адвокат пен келісім жасаспаса тергеуші, прокурор сот
іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Алдын ала тергеуден кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының ата анасы немесе басқа да
заңды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті.
Олар болмаған жағдайда қорғаншы мен қамқоршы органның, өкіліне іске қатысуы міндет-
ті. Заңды өкілге ал ол болмаған жағдайда қорғаншы мен қамқоршы органның өкіліне іске қатысуға
тергеушінің қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезікті немесе айыпталушы ретінде алғашқы жауап
алынған кезден бастап рұқсат етіледі. Заңды өкілге ал ол болмаған жағдайда қорғаушы мен қамқоршы
органның өкіліне іске қатысуға рұқсат етілген, ретте, мына құқықтар түсіндірілді.
Заңды өкілден: кәмелетке толмағанға не жонінде күдік келтіріп немесе айып тағылып отырғанын
білуге, айып тағу кезінде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай-ақ тергеушінің
рұқсатымен кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің немесе оның қорғаушының қатысуымен
жүргізілетін өзге де тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға, өзі қатысқан тергеу іс әрекеттерінің жасауға,
өтінгендер мен қарсылықтар мәлімдеуге құқылы. Қазіргі кезде елімізде кәмелетке толмағандардың
қылмыс жасауды көбею үстінде. Сол қылмыстардың алдын алып, санын азайту үшін, жасөспірімдермен
тәрбиелік жұмыс пен қоғамдық жұмыстар жүргізу керек.
“Қауіпті жас”- өздерінде алі мінезді тарбиелемеген жасөспірімдерді кейде осылай атайды. Есей-
ген соң ақыл кіреді. Тек қана уақыттың күшіне сену қиын. Есею ардайым жылмен келмейді. Ол адам-
дар, қоғам, заң алдында жауакершілікті түсінумен келеді.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен кездесе отырып олардың көбінесе шара, қарыз туралы
сезімнің рұқсат етілген, тәртіптілік, тәртіпсіздік туралы ұғымының жоқ екенін туралы көруге болады.
Жас адам өзінің қалауының құлы болады. Осындай жасөспірімдердан өмірлік қажеттіліктері көбіне
материалды жағынан рухани қажеттіліктен асып түседі. Бұндай балдар өз қалауын кез келген бағамен,
құқықты бұзумен де қанағаттандыруға үйренген. Сонымен қатар ұрлық, бұзақылық, тонау жасаумен
сотталған жасөспірімдердан көбі үкім қатал болды, өздерін “оншалықты ешнарсе істеген жоқпыз” деп
ойлайды. Сұралғандардың әрбір үшіншісі “өзінің күш жігерінің жоқтығын, әлсіз” екендерін айтты.
[5; 11б.].
Шындық анық: қылмыс үшін айыптының жазасын беру керек. Әрбір қылмыстық іске Қылмыстық
кодекспен қарастырылған белгілі ықпал сәйкес келеді. Кейде тауекелге бел буайық, мүмкін ұстап ал-
мас деген оймен жасөспірімдер заңды бұзады. Қылмыскер қанша жерден “ізін жасыруға” тырысса да
қылмыс барібір ашылады. Біздан қоғамның талабы төмендегіше бірде бір құқықты бұзушы елеусіз
қалмайды, бірде бір құқықты бұзушы жауапкершіліктен кетпеуі керек.
Жазаланбай қалмаушылық тек қана құқық бұзушылармен күресте ғана емес, сонымен қатар заңға
деген ілтипаттықты тәрбиелеуде, заңды толығымен бекітуде, барлық адамдарда құқықты сақтауды
тәрбиелеуде зор мәнге ие. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен құқық бұзушының өзі жауап береді.
Кәмелетке толмағандар, өкінішке орай қай жастан бастап және қандай қылмыстар үшін
қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмейді. Зерттеу нәтижесі бойынша 30 кәмелетке
толмағандар қылмыстық жауапкершілікке 18-жастан тартылады деп есептейді. Тіпті 16-17 жастағы
жасөспірімдер ұрлық, бұзақылық үшін олардың жасында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды
деп есептейді. Басқа зерттеудан нәтижесі жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының
жартысы 16-жасқа дейін қылмыстық жауапкершілік жоқ, ал әрбір алтыншы ол тек 18-жаста болады
деп есептейтінін көрдік.
Неліктен кәмелетке толмағандар барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан
тартылады, ал жекелеген қылмыстар үшін 14 жастан ?
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа жауап беретін жасының шегін анықтай отырып, заң
шығарушы көптеген жағдайларды есепке алады, бірақ шешуші мәнді кәмелетке толмаған жасқа тан
психологиялық ерекшелікке белгілі түрдегі қылмысты құрайтын, қоғамдық қауіпті іс-әрекетті сезі-
ну қабілеті мен мүмкіндік дәрежесіне ерекше мән беріледі. Сонымен қатар нақты осы жасқа толған
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
87
кәмелетке толмағандардың көпшілігіне тан олардың ойлау қабілеті мен күш-жігерінің ерекшеліктері-
не назар аударылады.
“Қайсыбір топқа жататын кәмелетке толмаған тұлғаның күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқына
кей-кездерде психологиялық дамымау кездеседі. Бірақ соңғысы кәмелетке толмаған тұлға кәдімгі іс-
әрекеті емес, қылмыс болып есептелетін ерекше жаман әрекет жасағанда қылмыстық жауапкершілікті
жоққа шығармайды”.
14 және 16 жасқа толған кәмелетке толмағандар заң жүзінде қылмыс деп танылған, өз істерін
ұғынуға, оның қоғамдық қауіптілігін сезінуге, қабілетті. Егер осыған қарамасатан, кәмелетке толмаған
тұлға басқаша жасау мүмкіндігін иелене тұрып сәйкес түрдегі қылмысты жасаса, олар қылмыстық
жаукапкершілікке негізді түрде тартылуы керек.
Заңда қарастырылған жасқа толу кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің не-
гізгі шарты болғандықтан, әрбір жағдайда олардың жасын қылмыс жасаған уақытқа анықтау керек. [6;
12б.].
Ғалымдардың жалпы танымы бойынша, далелдеу процесі және іс бойынша ақиқатты анықтау,
бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Бұл қызмет кез-келген танымдық қызмет сияқты, нақты
логикалық ережелер мен материалистік деалектика заңдарына бағынады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша далелдеу келесідей мән-жайлармен ерекшеленеді:
– оның өз зерттеу объектісі бар
– тұлға ерекшеліктері
– қылмыс жасауға итермелеген себептер;
Сотқа берілген барлық маліметтерді «Фактілі» деп айту қиын, яғни олардың барлығын далелде-
ме ретінде қолдана алмаймыз. Фактілі маліметтер дегеніміз бұл шынайы, айғақ мәліметтер, істі дұрыс
шешу маңызды мән-жайлар.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша объектісі болып ақиқатты ашу үшін маңызды мән-
жайлар, кәмелетке толмағандардың өзгеруі және дұрысталуы, қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы
маселелерін шешу қылмыстың мән-жайын, айыпталушының кінәлі не кінәсіздігін анықтау, қылмыс
жасау себептерін, жауапкершілік көлемінде әсер ететін жағдайлар негіз болған себептер мен мән-
жайлардан тұрады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ақиқатты анықтаудың қиындығы, дәлелдемелерді
алу көзінің ерекшеліктеріне байланысты:
- куәлар кейбір жағдайларда жабірленушілер, кәмелетке толмағанның жауапкершілігін жұмсарту
мақсатында, ақтаушы, дұрыс емес, ойдан шығарылған мәліметтер береді, ал кейбір жағдайда берген
жауаптарынан бас тартады.
- заңды өкілдер сотталушының жеке басы туралы жалған, объективті емес мінездеме береді
- топта қылмыс жасаған сотталушы, қылмысты бірге жасағандардың берген жауабын ескеріп,
қылмыс оқиғасын өзгертіп көрсетеді.
Сондықтан дәлелдемелер сапасын анықтау, олардың шынайылығымен және дәлелдеу затымен
байланысын анықтау маңызды және қиын болып табылады [7; 9 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |