Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет52/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Summary.
 
This article addresses issues related to conciliation procedures in the civil proceedings of the Republic 
of Kazakhstan. The adoption of the new Code of Civil Procedure has made a very tangible change in the legal proceedings, 
where much attention is paid to the pre-trial settlement of the issue, conducting conciliation procedures, participatory, 
mediative and global, as well as resolving issues that could be controversial. In this case, we consider the role of 
conciliation procedures, which is not unimportant when the parties would like, but cannot come to a single decision. 
2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық 
процестік кодексінің 17 тарауына бұрын болмаған татуластыру рәсімдері енгізілді.
Бұл тарауда тараптарды татуластыру мәселелеріне аса маңызды назар аударылған. Татула-
стыру рәсімдері бөлек тарауында татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен рет-
теу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты 
тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, 
дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, да-
уды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер 
тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара 
талаптардың толық көлемінде не бір бөлігін де реттей алады 
[1; 210б].
Өткен ғасырларды елімізде Азаматтық процестік кодексі институты болмаған кезде сол уақыттың 
соттары, яғни билердің негізгі міндеті дауласушыларды дауластыру емес татуластыру болғандығын 
тарих мәлімдейді.
Осындай дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу жөніндегі тарихпен салынған жолдар жаңа 
Азаматтық процестік Кодекстің жаңа тарауы дайындаушылар, қабылдаушы институты жағынан зерт-
теле отырып қабылданған.
106


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
107
Татуластыру рәсімдері жаңа Кодекстің 174-182 баптарымен қамтылған.
Кодекстің нақты талаптарына тоқталатын болсақ: сот тараптардың татуласуы үшін шара-
лар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар та-
туласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды 
партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген 
тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір 
бөлігінде реттей алады. Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер 
осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден 
басқа, талап қою ісін жүргізудің кез -келген ісі бойынша берілуі мүмкін. Татуласу келісімін сот бекітеді.
Сонымен қатар, татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға 
және заңға қайшы келмеуге тиіс.
Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері олар-
да сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қоя алады.
Татуласу келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің 
міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борыш-
ты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу, татуласу келісімін мәжбүрлеп 
орындау туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін.
[2; 10б].
Осы тарауда көзделген тағы бір жағдай татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде 
көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды, егер орындалмаған татуласу келісімін 
жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға 
жатады.
Дауды сот шешімінсіз татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тағы бір түрі – дауды (жанжалды) 
медиация тәртібімен реттеу.
Азаматтық істер бойынша дауды медиация арқылы реттеу қолданыстағы «Медиация туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 
176, 177 баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мұндай реттеуді кәсіби медиатор немесе тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс 
жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу ту-
ралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша 
бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.
Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге 
тоқталсақ, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу 
туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының да-
уды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз 
өткізіледі.
Тараптар татуласу келісімін жасасса немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу тура-
лы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, оны сот бекіткеннен 
кейін, қозғалған iс бойынша іс жүргізу тоқтатылады (қысқартылады).
[3; 21б].
Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім 
тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудың тараптарға тиімділігі, олардың талап беру кезінде 
мемлекеттік бюджетке төлеген мемлекеттік баж сомалары қайтарылады.
Статистикалық мәліметке жүгінетін болсақ, 2016 жылдың қаңтарында Ақтау қаласы № 2 сотын-
да 8 709 іс қаралып, аяқталды, оның ішінде 195 азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен, 79 іс 
бойынша дау татуласу келісімімен шешілген.
Мысалы, Шыскент қаласы сотында И.- деген азаматтың Е.- және Б. – деген азаматтарға берген жол-
көлік оқиғасы бойынша автокөлігіне келтірілген шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді.
Талапкер талап арызында өзіне келген 188 050 теңге шығынды өндіруді сұрап, ол жөнінде тиісті 
дәлелдемелерді сотқа ұсынды. Алайда, сот мәжілісінде тараптар дау медиация тәртібімен реттеу бары-
сында талапкер өзіне келген 188 050 теңге шығын көлемін 150 000 теңгеге дейін азайтып, ол соманы 3 
айдың ішінде бөліп төлеуге жауапкерлерге мүмкіндік берді.
Екінші мысал, М.-деген азаматша Н.-деген азаматқа берген ортақ меншіктегі пәтердің 1/4 үлесін 
өндіру туралы талап арыз істі сот талқылауына әзірлеу жүргізу барысында медиация тәртібімен 
шешілді.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
108
Талапкер сотқа жүгінген талап арызында, ортақ меншіктегі Ақтау қаласы, 27-53-43 пәтердің 1/4 
үлесін 7 019 250 теңге өндіруді сұраған. 
Алайда, сот мәжілісінде тараптар дау медиация тәртібімен реттеу барысында талапкер талабының 
мөлшерін 3 500 000 теңгеге азайтып, ол соманы 28 қаңтар 2017 жылға дейін төлеуге мүмкіндік берді. 
Көрсетілген жағдайлардан дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу кезінде тараптарға 
өздеріне тиімді және ыңғайлы жағдайларды бір -бірімен келісуге мүмкіндік болатындығы көрінеді.
[4; 
2б].
Азаматтық істер бойынша дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу мәселесі Ақтау қаласы 
№2 сотының ұжымында үнемі талқыланып, басты назарда болады және азаматтар, кәсіби медиатор-
лар, адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдерінің қатыуларымен 
семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады.
Қазіргі таңда Еліміздің мақсаты – еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бей-
бiт шiл азаматтық қоғам құру. Бұл жағдайда жеке және заңды тұлғалардың арасында туындаған да-
улар бітімгершілікпен, немесе медиация, партисипативтік тәртібімен келісім арқылы шешіліп жатса, 
дауласқан тараптардың ұтпаса, ұтылмасы анық, сондай-ақ алдағы уақытта араларындағы сыйластықтың 
нығайуына бірден – бір септігін тигізеді. 
Жаңа Азаматтық процестік кодекске 2015 жылғы 31 қазанда ел Президенті Нұрсұлтан Назарба-
ев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында жариялы түрде қол қойған болатын. Сол тари-
хи сәтте заңнаманың маңызына тоқталған Елбасы жаңа заң құқық саласын түбегейлі жақсартатынын 
айтып, бұл Кодексті қабылдау заң үстемдігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім 
білдірді. Шындығында, заңнама аясында барлық негізгі құқықтық институттар қамтылып, осы саланы 
әлемдік озық стандарттарға жеткізетін елеулі өзгерістер енгізілген. 
Әсіресе азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокуратуралардың қатысуын азайту, 
соттардың қарауындағы істерді оңтайландыру, жаңа мән-жайларға байланысты істі қайта қарау тәсілін 
енгізу, дауларды татуластыру жолымен шешу секілді тетіктер жаңа Кодекстің маңызын арттыра түсті. 
Маңғыстау облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты 2015 жылы татуласу 
келісімімен 52 іс, ал дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу арқылы 41 істі аяқтаған болса, 
жаңа Азаматтық процестік кодекс бойынша 2016 жылдың 11 айында татуласу келісімімен 73 іс, меди-
ация тәртібімен 20 азаматтық істі қарады. Осы көрсеткіштерден-ақ сот жүйесінде татуласу рәсімдерін 
қолдану үлесінің артқандығын байқауға болады. 
Татуласу – қолданылуы жағынан құқық саласына жақын болып келетін, басты мақсаты 
адамдардың өзара келісімге келу жолымен дауды немесе жанжалды шешуге мүмкіндік беретін инсти-
тут. Татуластыру рәсімі алғашқы қауым тұсында пайда болған. 
Татуластыру, бір жағынан, ішкі әлемнен өзін-өзі сақтандыру болса, екінші жағынан, өркениетті 
дамудың материалдық және рухани құндылық құралы ретінде қолданылады. Татуласы категори-
ясы гуманитарлық ғылымда әр түрлі көзқараста қарастырылуда, дегенмен, барлық қолданыстағы 
ұстанымдар жан-жалдар мен дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын табуды көздейді.Татуласты-
ру рәсімдері мәні бойынша әр түрлі қарама-қайша көзқарастарды, ұстанымдарды үйлестіріп, даулы 
мәселелерді бейбіт жолмен шешуге бағытталады. 
Құқықтану саласында татуласу дегеніміз – тараптардың дауды сотта және соттан тыс өзара 
келісіммен аяқтауы, екі жақтың арасындағы қақтығысты шешу. Татуласу тәсілі сан алуан құқықтық 
қайшылықтарды шешу үшін пайдаланылады. Азаматтық процестік кодекстің 174-бабына сәйкес сот 
тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданылады, процестің барлық сатыларында дауды реттеу бой-
ынша оларға жәрдемдеседі. 
Тараптар татуласуы келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді 
немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасайды немесе осы Ко-
дексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық 
көлемінде, не бір бөлігінде реттей алады. 
Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе 
заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін 
жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мумкін . Яғни, тараптар өз еріктері бойынша сотта қаралып 
жауды толықтай , не болмаса оның бір бөлігі бойынша татуласуы рәсімдерін қолдануға құқылы. 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
109
Азаматтық процестік кодекстің 176-бабында көзделгендей, келісім жазбаша түрде дайындала-
ды, оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Бұл құжатта келісімді орындау мерзімі мен 
тәртібі міндетті түрде көрсетілуі шарт. Татуласу келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету 
құқығын басқаға беру, борышты толық немес ішінара кешіру, не мойындау, сот шығыстарын бөлу, 
татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзгеде шарттар 
қамтылуы мүмкін. Осы ретте азаматтар өз шарттарын қойып, оған өзара келіскен жағдайда ғана сот 
татуласу келісімін бекітеді. 
Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді. 
Жалпы, тараптардан түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша келісімді бекіту және іс жүргізуді 
тоқтату, не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарымдар шығару соттың құзырына жата-
ды. Татуласу келісімін бекіту турлы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін. 
Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды 
мүдделенін бұзса, сот келісімді бекітпейді. Сот татуласу келісімін бекітуден бас тартқан жағдайда 
ұйғарым шығарады, шығарылған ұйғарымға шағым жасаудың, не наразылық келтірудің мүмкіндігі 
жоқ. 
Татуласудың тағы бір артықшылығы мұнда сот шешімі орындалмай қалмайды. Келісімді өзара 
мақұлдағандықтан, тараптар ондағы шарттарды дер кезінде, белгіленген уақытта орындауға мүдделі. 
Азаматтық процестік кодексте сот бекіткен татуласу келісімінің орындалуы нақты көзделген, атап 
айтқанда, татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіп бойынша және 
белгіленген мерзімдерде ерікті түрде орындайды. 
Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты 
бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады (АПК-нің 178-бабы). 
Демек, татуаласу келісімін жасақан тұлғалардың келісімінде көзделген шарттарды белгіленген тәртіпке 
сәйкес немесе мерзімде орындалмаған жағдайда оған қорқудың қажеті жоқ, себебі келісім ерікті түрде 
орындалмаса, талапкердің өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағы мәжбүрлеп орындатуға жа-
тады. 
Татуластырудың мақсаты билер соты сияқты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, 
оларды бітімге келтіріп, татуластыруға қол жеткізу. Ол үшін өз мудделерін қорғау барысындағы 
қақтығыстың болғандығын шиелініске қатысушыларды анықтау, дауды шешудің жолын іздеу, дау-
ласушы екі тарапқада қолайлы шешімді тауып, татуластыру рәсімін бекіту, осылайша, дауды тоқтату 
қажет. 
Бұл – татуластырудың ең маңызды сәті. Татуласуға тараптардың еріктіліктері үлкен әсер етеді. 
Адамның ішкі көрінісінде жанжалды шешуге ұмтылыс болса, сыртқы көрінісін оны жүзеге асыру үшін 
татуласу жөніндегі жазбаша арыз білдіреді. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы 
келісімнің бір ескерлігі, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым Қазақстан Республикасының «Медиация 
туралы» Заңында және Азаматтық процестік кодексте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
[5; 
10б].
Келісімге келе алмаған екі тарапты бір үстел басына отырғызып, бітімге келтіру мәселесінде 
судьяларға қарағанда адвокаттардың мүмкіндігі кең және зор.Партисипативтік рәсімнің нысаны мен 
мазмұны Кодекстің 176-бабында жан-жақты қамтылған. Құжаттағы татуласу келісіміне қойлатын 
талаптарға сай, қос тарап арасындағы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе 
олардың адвокаттары қол қояды. 
Мұндай жолмен татуласу талап қоюшыны төленген мемлекеттік баждан босататыны да заңдағы 
ынталандыру тетіктерінің бірі. Сонымен қатар, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеудіңтағы бір 
ыңғайлы тұсы сот отырысындағы келісімді бекіту кезінде талап қоюшымен жауапкердің қатысуын 
міндеттемейтінінде болып отыр. 
Яғни, келісімге талап қоюшы немесе жауапкер партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу 
келісімін өздерінің қатысуынсыз қарап бекіту туралы өкінішхатты өткізген жағдайда татуласу рәсімі 
екі тараптың адвокаты болуы міндетті. Партисипативтік рәсімде екі тарап адвокаттарына заң бойынша 
бірдей мүмкіндігін берілгендігін атап өткен жөн. Қорыта айтқанда, Азаматтық процестік кодекстің 
жаңа редокциясына сәйкес дауларды реттеу тәсілдерінің көп болуы бітімгершілік жолмен аяқталатын 
істер санының артуына, осылайша қоғамда келісім мен тұрақтылықтың орнауына септігін тигізуде.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет