Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет50/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Бірінші кезең - 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық 
қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 
жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті 
қабылданды.
Екінші кезең - 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті 
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал 
етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. 
Қосылған құн салығы енгізілді.
Үшінті кезең - 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 
қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді [1; 210б].
Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол 
жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажы-
рата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
2006 жылдың 13 наурызында Астанада Конгресс-хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық 
комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілерімен кездесуі болып өтті. Кез-
десуге Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясының мүшелері, Салық комитетінің қызметкерлері де 
қатысты.
Кездесу салық зандары мен салықтық әкімшіліктендірудің нормаларын қолдануға байланысты 
мәселелерді салық төлеушілерге түсіндіру, салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің арасыңда 
дұрыс түсінік қалыптастыру, салық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз Қазақстан Республикасының салық жүйесінің эко но-
микадағы рөлін салықтың пайда болуымен дамуын, нарықтық экономикадағы рөлін және оның
қызмет ету аясын талдау болып келеді. Еліміздегі салық салу жүйесінің қызметін, яғни салықтың


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
104
міндетімен түрлерін толық және нақты көрсету. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің
даму тенденциясының жетілдіру жолдарын ашу болып табылады.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда бо-
луымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың 
бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы 
жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың 
ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың 
даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай 
бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды [2; 10б].
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен 
түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 күндыз терісі немесе 10 пұт тұз 
және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай 
азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, 
май өткізген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық 
байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, 
Салық кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір 
мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті 
ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін 
міндетті төлем.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден 
(табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі 
болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде не-
месе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайы-
зын құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және 
белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық 
тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде 
беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының 
салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан 
байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, 
бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып та-
былады [3; 10б].
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы 
тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, 
мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты 
пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қаты– настары қысқартылмайды, 
қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде 
де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан 
айырылғанға дейін жалғасын таба береді.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет