Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет61/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Summary. This article deals with the problems of legislative analysis of the composition of criminal offenses 
privacy the article deals with the problems of legislative analysis of the composition of criminal offenses privacy.
Keywords: law, crime, person, life, mechanism, norm, law, freedom.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы адамның және азаматтың құқықтарын, 
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды барынша тиімді қамтамасыз етуге бағытталған. 
Адамның құқықтары мен бостандықтары басымдылығының, оларды жоғары мемлекеттік құндылық 
деп танудың адамгершілік идеясы құқықтық нормалардың мазмұнын адамның құқықтық қатынастарға 
түсуінің кез келген жағдайларында оған деген тиісті қатынаспен толықтыруы тиіс. Гуманизм идеясы 
әрбір мемлекеттік органның, кез келген лауазымды тұлғаның нақты қызметінде өзекті болуы тиіс. Бұл 
жерде құқықтың этикамен және моральмен байланысы туралы мәселе туындайды. Әділеттілік те, гума-
низм де егер олар құқықпен ғана қабылданып қоймай, мемлекеттің, оның органдары мен қызметшілері 
жұмысының ажырамас түрткі болатын себептері болған кезде де нақты жұмыс істейтін фактор бола 
алады [1; 28 б. ].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында қылмыстық заңнаманың мiндеттерi: 
«адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың 
құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан 
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің 
заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат 
қауiпсiздiгiн сақтау, сондай- ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады» 
деп бекітілген.
Әрбір жеке адам үшін оның жеке өмірінің аясы жеке бостандығының көрсеткіші болып табы-
лады. Бұл мағынада азаматтардың жеке өміріне қолсұғушылық осы сөздің кең мағынасында адамның 
бостандығының көріністерінің біріне қолсұғушылық болып табылады. Сондықтан азаматтардың жеке 
өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды құрудың, құқық 
қорғау органдарының тиісті қызметінің маңызды құрамдас бөлігінің және басты мәселелерінің бірі 
128


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
129
болып табылады. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған 
құқықтық саясат тұжырымдамасында «Отандық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыра 
түсу үшін қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны 
ескірген және қосарлас нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, 
қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларды азайту және 
Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер аясында тікелей қолданылатын 
заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет» деп көрсетілген [2; 
19 б.].
Сәйкесінше, отандық құқықты жаңғырту және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру 
мақсатында қылмыстық-құқықтық қатынастарды заңды түрде реттеудегі өзгешеліктердің түрлерін, 
қандай да бір құқықтық санаттардың ерекшелігін, дефинициялардың ерекшеліктерін анықтау қажет.
Заңнамада заманауи талаптарға сай нақты бекітілген және қолданыстағы шаралар болмауына бай-
ланысты осындай шараларды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та бекітіле алмайды. Сондықтан 
тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қоғамдық өмірдің барлық саласында болып жатқан өзгерістер мемле-
кет пен жеке адамның қатынастарында түбегейлі өзгерістерге әкеп соқты.
Біз атап өткендей, заң шығарушы «жеке өмір» ұғымына анықтама бермейді және оны анықтау 
үшін нақты өлшемдер белгілемейді. Әрине, заңда анықтаманың болмауы азаматтардың жеке өміріне 
қолсұғылмаушылық құқығын құқықтық реттеуден бас тарту дегенді білдірмейді. Алайда реттеу – 
бұл «тәртіпке келтіру, түзеу», «тәртіпке, жүйеге келтіру мақсатында бірдеңені дамытуға, қозғауға 
бағыттау», «қалыпты және дұрыс жұмысты қамтамасыз ететін жағдайға келтіру (механизмдер және 
олардың бөлшектері)». Сондықтан практикада қылмыстық қолсұғушылық объектісінің осындай 
белгісіздігі оны еркін түсіндіруге, оның мағынасын заңсыз шектеуге немесе кеңейтуге әкеп соқтыруы 
мүмкін, бұл қылмыстық-құқықтық реттеу шегінде қабылданбайды.
Қазақстанның қылмыстық саясаты мәселелеріне арналған жұмысында С.М. Рахметов әділ атап 
өткендей «Қылмыстылықпен күрес саласын реттейтін заңнаманың кемшіліктері қылмыстылықпен 
күрестің тиімділігіне жағымсыз әсер етеді, қылмыстылыққа қарсы әрекетте құқық қорғау орган да-
рының күш- жігерін барынша төмендетеді». Осы жағдайда азаматтардың жеке өмірін қылмыстық-
құқықтық қорғау проблемаларын құқықтық реттеудегі кемшіліктерді толықтыруға мүмкіндік беретін 
қолданыстағы заңнаманы жетілдіретін шараға және, осы шараның құрамдас бөлігі ретінде, заңнаманы 
біріздендіру шегінде «азаматтардың жеке өміріне қолсұғылмаушылық» ұғымына қатысты қолданылатын 
терминдердің бірыңғай тізбесін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Ең алдымен, азаматтардың 
жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау ұғымы мен мазмұнын талқылауға тікелей көшпестен бұрын 
осы ұғымға кіретін терминдердің анықтамаларын айқындап алу қажет деп есептейміз, себебі заңның тілі 
кез келген құқық қолданушыға түсінікті болу үшін бір мағыналы, нақты және анық болуы тиіс, теорияның 
тілі заң тіліне сәйкес болу керек және осы ұғымға кіретін сөздердің біреуінің болса да анықтамасының 
белгісіз болуы толықтай бір ұғымның соңғы мағынасын өзгертуі мүмкін. «Қорғау» терминінен бастайық, 
себебі «сақтау» термині де бар және олар синоним ретінде қолданылады. Мысалы, В.Д. Филимоновтың 
пікірі бойынша, «қылмыстық құқықтың негізгі бағыты – бұл қоғамды оған зиян келтіретін әрекеттерден 
қорғау. Оның әлеуметтік функциясы, міне, осында». Тілдік түсіндірмелерге сәйкес «сақтау» «қорғау, 
ұқыпты қарау, бағу» дегенді білдіреді, ал «қорғау» «күзете отырып, қолсұғушылықтардан, қастық 
әрекеттерден, қауіп-қатерден қорғау» дегенді білдіреді. Қазақстандық ғалым М. Кемали, «қорғау» 
ұғымы бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шараларды болжайды, ал «сақтау» субъективті 
құқықтар мен бостандықтарды дұрыс жүзеге асыруды қамтамасыз ету қызметін білдіреді» деп 
түсіндіреді. Бұл жайында Н.И. Матузов «құқықтар мен мүдделер үнемі сақталады, ал бұзылған жағдайда 
қорғалады. Сақтаудың өзі қорғау кезеңі» деп санайды. Осы терминдерді талдай келе, «қорғау» құқықтар 
мен бостандықтардың заңсыз бұзылуына қарсы қарсы тұру, осы бұзушылықтардың жолын кесу, сонымен 
қатар залалдың орын толтыруды білдірсе, ал «сақтау» – бұл жалпы құқықтық режимнің бекітілуін, яғни 
құқықтар мен бостандықтар бұзылғанға дейінгі жүзеге асырылатын қызметі. Заң шығарушы «қорғау» 
терминін қолдана отырып, құқықтар мен бостандықтардың бұзылуын жою мен оған қарсы тұруға 
бағытталған, сондай-ақ олардың бұзылуына кепілдікті бекітуді қамтитын бұл бұзушылықтардың алдын 
алу бойынша қызметін түсіндіреді [3; 45 б.].
Қылмыстық заңның өзінде «қорғау» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің міндеті 
ретінде орын алып отыр. Егер «тағайындау» – бұл «бір нәрсені қолдану аясы, саласы; мақсат, бағыт» 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
130
деп түсіндірілсе, ал «міндет» – бұл «орындауды, рұқсатты талап ететін жағдай», яғни аса нақты жағдай, 
деп анықталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасының міндеттері «адамның және азаматтың 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды 
мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын 
мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, 
сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады» (Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық кодексінің 2-бабының бірінші бөлігі). Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық кодексінің нормасы қылмыстық заңнаманың жалпы міндеттерін анықтаған кезде 
«бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн» сөздерінің алдында және одан кейін «қорғау» терминін де, 
«сақтау» терминін де қолданады.
С.М. Рахметов пен С.А. Кременцов дәл атап өткендей, «Адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі 
заманауи өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылығы, жалпы қоғамның және әрбір жеке адамның 
одан әрі табысты дамуының міндетті және өте қажет шарты болып табылатыны» сөзсіз. Алайда заң 
шығарушы неліктен жоғарыда көрсетілген бірқатар құбылыстарды қорғау, ал кейбіреулерін сақтау деп 
есептейді. Мұны былай ғана түсіндіруге болады, заң шығарушы «сақтау» және «қорғау» ұғымдарын 
толық синонимдер ретінде қолданады. Адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатысты қылмыстық 
заңның функциясы қылмыстық-құқықтық қорғаудың басқа объектілеріне деген қатынастардан еш ажы-
ратылмайды, себебі адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар басқалары сияқты 
тәсілдермен реттеледі. Сондықтан «қылмыстық-құқықтық қорғау» ұғымын «мемлекеттің қорғау 
функциясының нақты көрінісі ретінде әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір топтарын қылмыстық 
қолсұғушылықтардан шектеуді» білдіреді деп болжауға болады.
Заң мен тәртіпті «қорғай отырып, қолсұғушылықтардан шектеуге» бағытталған құқық қорғау 
органдары жеке және мемлекеттік игілікті ажыратуы, заңның жоғарғы билігін тануы тиіс. Басқа 
жағдайда, олардың билігі заңсыз болады, себебі кәдімгі сот төрелігінің барлық заңдарынан өзін 
жоғары қоятын билік заңды бола алмайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның 
мүдделерін қорғайтын заңдар қатаң сақталмаса, қоғамдық дамудың қалыпты барысы мүмкін бол-
майды. Құқық дегеніміз – жеке адамның мұқтаждықтары мен мүдделерін оң немесе теріс бағалау, 
оған сәйкес қауым мүшелерінің тиісті мінез-құлқы туралы билік ұйғарымдары заң дәрежесіне 
көтеріледі. Қоғамдық қатынастарды құрайтын жеке адамдардың әрекеттері мен қылықтары қауымның 
құндылықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды ұйымдастыратын мемлекеттің күткен нәтижелері 
мен мұқтаждықтарына сәйкес бағаланады. Жеке адамның қоғамның және мемлекеттің өмір сүру 
негіздеріне қауіп төндіретін әрекеттері мен қылықтары қылмыстар ретінде барынша теріс бағаланады. 
Қауымның мүдделерін қорғау демократия негіздерінің бірі болып табылады. Алайда демократиялық 
нормалар мен заңдар іспен бекітілуі тиіс, ал мәні нысанымен ауыстырылмауы керек. Бұл үдеріс 
өздігінен немесе біреудің еркімен жүргізілмейді. Ол қоғамның материалдық мүмкіндіктеріне де, 
азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейіне де байланысты болады. Азамат бұл нақты 
білім тасымалдаушы ғана емес, ең алдымен, ол оған тән идеялық мақсаттары, моралі мен мүдделері, 
жоғары құқықтық мәдениеті бар мемлекеттік құрылыстың белсенді қатысушысы.
Қазіргі дүниеде заңдарда дәйектеліп, қолданылып жүрген құқықтар мен бостандықтар 
толықтылығына қол бірден жеткен жоқ. Толықтылық дәрежесі әрдайым қозғалыста болады, қоғаммен, 
адамның өзімен және мемлекетпен бірге дамиды. Адамзат қоғамының даму тарихы, бұл жағынан 
алғанда, – адамның өз құқықтарын өздігінен тану тарихы, мемлекеттің оларды құқықтық актілерде 
толықтыра отырып, мұндай үрдістен елеулі бұра тартушылықтар мен ауытқушылықтардың болғанына 
қарамастан, ұдайы дәйектеп отыруының тарихы. Қоғам мен мемлекеттің дамуына қарай барған сайын 
адамның жаңа құқықтары мен бостандықтары пайда бола бастайды. Өткенді, халықаралық тәжірибені 
және Қазақстанның өз болмысын зерделеу арқылы жаңа жағдайларда адам мен азаматтың құқықтары 
мен бостандықтарын кеңейтуге мүмкіндік бар.
Жаһанданудың әлемдік үрдістері, оны біз қалаймыз ба жоқ па, әлемдік стандарттарға, ең алдымен, 
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес 
келуге міндеттейді. Батыс практикасы, әсіресе, АҚШ мысалы кез келген қылмысты азаматтың жеке 
өміріне қатыстыруға болатынын көрсетеді. Бір қарағанда, азаматтың жеке өмірін қорғау саласындағы 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
131
батыс мақсаттары кейде қисынсыз жағдайға дейін барады. Мысалы, Питтсбургтық ерлі-зайыпты Б. 
Google-ға олардың үйінің фотосуреттерін Google Maps сервисіне орналастырғаны үшін сотқа берді. 
Сот талап арызында Интернеттегі жарияланым ерлі- зайыптылардың жеке өміріне басып кіру болғаны, 
олардың меншігінің құнына теріс әсер еткендігі және оларға моральдық зиян келтірілгені айтылған. 
Ерлі- зайыптылар келтірілген зиянды 25 000 доллар деп бағалады. Google компаниясы үйлерді фото-
суретке түсіру үшін көшеде жүріп, карта үшін суретке түсіріп жүретін камерасы төбесінде орнатылған 
автомобильді қолданады. Алайда жәбір шеккен ерлі-зайыптылардың пікірінше, фотосурет көшеден 
емес, олардың жеке жер теліміндегі подъездік жолдан түсірілген, бұл жеке өмірге қолсұғылмаушылық 
құқығын бұзу болып табылады. Google Б.-ның талап арызы негізсіз деп жариялады, себебі сайтта 
жылжымайтын мүлік иелері себебін түсіндіріп, олар үйдің меншік иесі болып табылатынын растап, 
фотосуреттерді жоюға өтініш білдіре алады. Алайда ерлі-зайыптылардың адвокаты оның клиенттерінің 
құқықтары Google автомобилі олардың меншігінің аумағына кірген уақытта бұзылған және суретті 
сайттан алып тастап, зиянды өтеуге болмайды деп сендіреді. Яғни батыстың құқықтық практикасында 
азаматтардың жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау болмашы өзгешеліктердің өзін ескеретіндей 
деңгейде реттелген, бұл, өз кезегінде, өз құқықтарынан ешбір жағдайда бас тартпайтын азаматтардың 
діліне әсер етеді.
«Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық» ұғымы кеңірек таралған – бұл жерде азаматтар кейінгі 
жылдары мемлекет қорғауына белсендірек жүгінетін болды. Мысалы, Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің деректері бойынша 
кейінгі жылдары тіркелген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149- бабында көзделген 
қылмыстардың саны: 2011 – 805, 2012 – 1265, 2013 – 1316,
2014 – 1392 жоғарлау байқалады, ал 2015 – 953-ке төмендеген. А.А. Тыныбаев дұрыс атап 
өткендей бүгінгі күнде де, мұндай динамика құқық қорғау органдарының бұл құқықты қорғау 
қабілетіне сенімсіздікке байланысты латенттілік туралы, сол сияқты осындай қылмыстардың нақты 
төмендеуін білдіреді.
Алайда, ең бастысы, кейінгі жылдары азаматтар тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты мемлекет 
қорғайтын құқық ретінде сезінеді, бірақ біз ол жеке өмірдің аспектісі ретінде сезінеді деп айта алмай-
мыз. Объективті себептерге қарай ғасырлар бойы қалыптасқан діліміз жиырма жылдың ішінде өзгере 
алмайды. Бізде рулық ойлау ғана емес, сонымен қатар түптеп келгенде
«жеке өмір» ұғымы болмаған кеңестік идеология мұрасы да мықты орныққан.
Осындай көрініс хат алмасу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де 
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу; дәрігерлік құпияны жария ету; бала асырап алу құпиясын жария 
ету; коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету; зиян 
келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе та-
рату; ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру 
құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын 
өзгерту үшін бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату, қол жетімділігі шектелген электрондық 
ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату, яғни азаматтардың жеке өміріне қолсұғушылыққа 
тікелей жатқызуға болатын қылмыстардың динамикасынан байқалады (азаматтардың жеке өміріне 
қол сұғатын қылмыстардың кеңейтілген тізімін төменде қарастыратын боламыз). Мысалы, зерттеліп 
отырған кезең ішінде (бес жыл көлемінде) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 138-ба-
бында көзделген – 8 қылмыс; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 148-бабында көзделген 
– 146 қылмыс; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 321-бабында көзделген – 1 қылмыс; 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 210 – бабында – 44; Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінің 211 – 27 қылмыс; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабын-
да – 6 қылмыс; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 223-бабында көзделген – 14 қылмыс 
тіркелген.
Алайда барлығын азаматтардың құқықтық сауатсыздығына жаба беруге болмайды. Азамат-
тардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін мемлекеттік шаралар қолдану қажет екенін айтпағанда, 
қылмыстық заңның өзін кез келген құқық қолданушыға, ол азаматтар болсын, құқық қорғау 
органдарының қызметкерлері немесе судьялар болсын, барлығына түсінікті, қол жетімді және қолдануға 
ыңғайлы болатындай, яғни шынымен жұмыс істейтіндей, азаматтардың жеке өмірін қолсұғушылықтан 
қорғайтындай түрге келтіру қажет [4; 48 б.].


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
132
Біздің азаматтарымыздың өз құқықтарын қорғауға дайын болмауы олардың заңгерлік 
сауатсыздықтарынан ғана емес, біздің (біздің ғана емес) елімізде осындай бастамалар көбіне сәтсіздікке 
ұшырайтындықтан, өз құқықтарын қорғауға қандай да болмасын уәждеменің жоқтығынан болады. 
Мұндағы парадокс осындай жағдай жалпы барлығының күшімен құрылатынында, яғни қандай да бір 
өзгерістер тек мемлекеттің және құқық қорғау органдарының күш салуына ғана емес, барлығына, сана-
сезімнің және құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыруға байланысты болады. Дегенмен мем-
лекет бастама жасау керек: нақты заңнамалық база және оны іске асыруды мемлекеттік қамтамасыз 
ету, осы жағдайда, азаматтардың жеке өмірін нақты қылмыстық-құқықтық қорғау, қалай да болсын, 
жағдайды жағымды жаққа өзгертеді, азаматтардың құқықтық салғырттықты жеңуіне әкеледі. Құқықты, 
заңды құрметтеу құқықтық мемлекет атануға үмітті мемлекеттің әр азаматының жеке сеніміне айна-
луы тиіс. Осыған байланысты құқықтың және оларды зерттеу азаматтардың құқықты, құқық тәртібін, 
әлеуметтік құндылықтарды, яғни азаматтық қоғамға себепші болатын барлық детерминанттар кешенін 
құрметтеуінің идеологиялық түп-тамырын көрсетуі тиіс басқа пәндердің өзара әрекет ету мәселелер 
кешені құқық ғылымының алдында тұрады. Сенім ретінде құқықты құрметтеуге тәрбиелеу – нақты 
идеология ретінде қылмыстық-құқықтық жұмыстың маңызды саласы. Бұл мағынада азаматтардың 
жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғауды зерттеу теориялық міндет қана емес, сонымен қатар 
мемлекеттің азаматтарды құқықты және заңдылықты құрметтеу бағытында тәрбиелеу жөніндегі 
идеологиялық қызметіне нақты көмек көрсету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет