Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
149
ӘОЖ 159.9
Байбекова М.М.
пс.ғ.к.,
аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік
инновациялық университеті,
Шымкент,
Қазақстан
Нұрлыханқызы Е.
магистр, аға оқытушы,
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Оразбекұлы Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Аймақтық
әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМИ
КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Берілген жұмыстың мақсаты–«адамзаттық капитал» атты жетекші категорияға кіретін
білім берудің адами капиталының педагогикалық тұжырымдамасы және осыған байланысты сұрақтарды
қарастырып талқылау,ол сұрақтар:білім беру қызметі, білім беру сапасы, мотивация, құзіреттілік, жеке адам,
денсаулық, әлеуметтік мәдениет және т.б.
Біздер өз жұмысымызда үздіксіз білім беруді адамзаттық капитал теориясының бірден бір негізгі
құрамдас бөлігі ретінде деген пікірді алға ұсынамыз. Адами капитал теориясы–бұл тек қана экономика саласы
бойынша жәй ғана теория емес, белгілі бір дүниетаным тұрғысындағы адамзаттық іс-әрекеттің кең спектрін
талдауға кешенді көзқарас деген сөз. Үздіксіз білім беру орталық орын алады, ол жоғары оқу орындарының
ғана емес, аймақтың, тіпті жалпы алғанда еліміздің ғылыми, экономикалық дамуының қайнар көзі бола-
ды. Мақаланың өзектілігі адами капиталдың тек қана экономикалық емес педагогикалық контекстегі рөлін
қарастыруға байланысты болып отыр. Бұл аталмыш мақалада біздер адами капитал мен үздіксіз білім беру
арасындағы өзара байланысты көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: