Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет63/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Каиржанов Е.И. Криминология. Общая часть. – Алматы: Өркениет, 2000. – 288 с.;
2. Платонов К.К. Краткий словарь системы педагогических понятий. – М., 1994. – 264 с.;
3. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильственными преступлениями. 
– Алматы, 2002. – 282 с.;
4. Криминология: Учебное пособие / Под ред. С.Е. Вицина и В.А.Уткина. – М., 2001. – 297 с.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
138
ӘОЖ930.85(274)
Сарыкулов К.Р.
з. ғ. к., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Гасанов А.А.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Әлайдар А.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Бекімбетов Т.Б.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫН АЙҚЫНДАУДАҒЫ 
КРИМИНОФАМИЛИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Түйін. Мақалада авторлар криминафамилистикалық қылмыстардың алдын алудағы прокурор ролінің 
өзекті мәселелерін қарастырған. 
Тірексөздер: заң, құқық, қоғам, криминофамилистика, объект,субъект.
Резюме. В статье авторы рассматривают актуальные проблемы роли прокурора при предупреждения 
криминофамилистических преступлении.
Ключевые слова: закон, право, общество, криминофамилистика, объект,субъект.
Summary. In the article, the authors consider the actual problems of the role of the Prosecutor in the prevention 
of criminophamilistic crimes.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап әрбір адамның жеке басы мен бостандығын 
құрметтейтін, еңбекке қабілетсіз жандарды қамқорлыққа бөлейтін, адал еңбекті қадірлейтін, ана мен 
баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен Отан қорғаушыларды ардақ 
тұтатын, еркін, әрі ерікті қоғам құруды мақсат етіп алдына қойды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына 
тура келген нарықтық кезеңде еліміз көптеген қиындықтарды бастан кешті. Алайда алға қойған анық 
та айқын мақсатқа жету жолында, батыл іс-шаралар атқарылып, соның нәтижесінде қиындықтарды да 
бүгінде артқа салды. Осы орайда, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық даму прогресі жөнінде 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай 
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біздің стратегиялық 
міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен 
жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы ке-
рек», – деген тұжырымды пікірі ойға оралады [1; 16 б].
Қылмыстылықтың алдын алудағы мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара сенімді және 
тиімділік негізіндегі әріптестік ретінде криминофамилистика ғылымын ұсынамыз. 
Криминофамилистика ғылымында, яғни отбасылық криминологияда отбасы ішіндегі қыл мыс-
тылықты, қылмыстың көптілік әрекеттерінің себептері жалпы криминология саласымен зерттелетін, 
оның жалпы қылмыстылықпен байланыстылығы, сонымен қатар қылмыстылық ауқымының азаюына 
қоғамның әсерімен түсіндіріледі. 
Криминофамилистиканы, ол ғылымның бір бағыты болып табылатын отбасы ішіндегі қыл мыс-
тылықты зерттеумен шатастырмау керек. 
Криминофамилистика жалпы криминологияның отбасы саласындағы, оның субъектілерінің 
ішкі қылмыстық әрекеттерінің жаппай және қоғамның басқа қылмыстарына итермелейтін себептерін, 
138


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
139
олардың алдын алудағы мәселелерін шешуде нормативтік құқықтық актілерді қолдануда кездесетін 
кедергілерге құқықтық талдау жасалатын тұңғыш еңбектің бірі.
Аталған ғылымда криминофамилистика мәселелерінің ғылыми және құқықтық даму жолдарын 
қарастырады, сондай-ақ оның құқықтық проблемасына криминологиялық мінездеме бере отырып, 
зерттеу факторларын негізге алумен сот-тәжірбиесіне сүйеніп, дамыту жолдарын ұсынады.
Зерделеніп отырған сала XX-ғасырдың 70-жылдарында Ресей ғалымдарымен қарастырылған бо-
латын. Алайда, өз деңгейінде зерттеліп, құқықтық баға берілмеген. 
ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында: «Осы кодекстің міндеттері: адамның және азаматтың 
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан 
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің 
заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзат 
қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады»- 
деп айқындалған. Ал, мұндай міндеттемелер ҚР ҚПК-нің 8-бабы 1-тармағында келесідей мәтінде 
көрсетілген: «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және 
толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа 
тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды мемлекетті 
қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің міндеттері болып табылады». Де-
мек, мемлекет заңшығарушы билік өкілеттігін пайдалана отырып, аталған тұлғалардың конституциялық 
құқықтарын қамтамасыз етудегі, қылмыстылықтың алдын алу, жолын кесудегі міндеттемелерді орын-
дау мақсатында бірінші кезекте қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын айқындауда талап 
қояды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын сотқа дейінгі тергеп тексеруде 
де, соттық тергеуде де қылмыстық процесті жүргізетін органдарымен дәлелденуі тиіс. Бұл мақсатқа 
жетуде аталған уәкілетті орган қызметкерлерімен қылмыстық іс-әрекеттерге(әрекетсіздіктерге) бой ал-
дыру кезеңіндегі мәліметтерге тұлғаның әлеуметтік ортасын, оның жеке басының сипаттамасын және 
оған әсер ете алатын әлеуметтік ортасы мен адамдар арсындағы әрекеттестік үдерістерін жатқызамыз. 
Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын тетіктерінің 
бірі – отбасы мәселелерінің жалпы қылмыстылыққа әсері болып табылады. Аталған институт 
саласындағы мәдени, экономикалық, салықтық қатынастар жөнінде кезінде А.Смит, Д.Ричардо, 
У.Петти, Н.Тургенев, М.Сперанский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, 
Ә.Бөкейханов және Кеңес Одағы тұсындағы, қазіргі егеменді еліміздің ғалымдары қалыптастырған 
маңызы зор теориялар, көзқарастардың қоғам мен мемлекет үшін қажет екендігін дәлелдеген. 
Көрсетіліп отырған саладағы қылмыстарының алдын алу, күресу осы салада мемлекеттік 
мәжбүрлеу шарасын қолдану уәкілетті органдарға жүктеле отырып, қылмыстылықтың себептерін ашу, 
анықтау міндеттері орынды туындайды. Қылмыстың себептері мен шарттары (детерминация, фактор-
лар) мемлекет үшін іс-тәжірибеде де, теорияда да өзекті мәселе болып қала бермек. Қылмыстылықтың 
себебі бір емес, бірнеше адамзат қоғамын ғасырлар бойында толғандырған жайт. Себептілік – себеп 
пен салдар сияқты екі құбылыстың арасындағы объективті, жалпыға бірдей генетикалық байланыс. 
Себептілік, ол жүйелі уақытта дамып отырады, ал себеп әр уақытта салдардан бұрын болады. Демек, 
себептен салдар туындап отырады. 
Себепті салдардан айырып бөлу белгісі, бір әрекеттерді дұрыс анықтау үшін ең негізгі, басты 
болатын себепті білуге жағдай жасайды. Қылмыстылықтың себептілік механизімінде себеп салдарды 
туғызады, ал жағдай оған әсерін тигізеді. Олар өзара байланыста болады. Қылмыстылық тудыратын 
себептер мен жағдайлар кешені криминогендік детерминант деп аталады [2; 5б].
Себепті байланысқа мына белгілер тән:
– біріншіден, себеп нәтиже тудырады. Себептер іске асуы үшін белгілі бір жағдайлар қажет, бірақ 
та жағдайлар өздігінен нәтиже тудырмайды. Себептер іске асқан кезде қылмыстың жасалу мүмкіндігі 
шындыққа айналады. Қылмыстық оқиға куәгерінің пассивтілігі – қылмыс нәтижесіне кедергісіз 
жетуіне жағдай жасайды, бірақ қылмыстың себебі бола алмайды. Себептер – ол ниет пен шешімін 
қабылданудың сатысы, ол ниет пен мақсаттың пайда болып, оған жетудің құралдарын анықтаумен 
байланысты [3; 10б]. 
Жағдай сыртқы ортаның күйін сипаттайтын, сондай-ақ адамның ішкі қасиетін сипаттайтын мән-жай.
– екіншіден, себеп пен нәтиже уақыт аралығында кезектілікті сақтайды, уақыт қысқа болса да, 
себеп нәтижеден бұрын кездеседі.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
140
– үшіншіден, нәтиже сол себептің себебі бола алмайды.
– төртіншіден, себеп пен нәтижені бірыңғай түсінуге болады: бір себеп бірыңғай жағдайларды 
бірдей нәтижеде тұруы мүмкін. Егер бір жағдайда себеп болып табылатын қандай да мән-жай бір мо-
ментте қылмыстық іс әрекет тудырып, басқа жағдайда тудырмаса, онда ол қылмыспен байланысты 
емес.
– бесіншіден, себепті нәтижеге жатыстыруға болмайды. Нәтиже себеп емес, ол қалыптасудың 
нәтижесі, объектінің өзгеруі [4; 8б]. 
Зерттеуші ғалым, маман А.И.Долгова детерминация ұғымын қылмыстылықтың себептерімен, 
жағдайларымен шатастыруға болмайды, ол – диалектикалық заңдылық, бейтарап жай деп есептейді. 
Қылмыстылықпен танып білу, күресу жолында қылмыстылықтың детерминациясы, себептері мен 
қылмысқа жол беретін жағдайларды, шартты анықтау қажет. Бұл аталған ұғымдар жөнінде пікірлер 
көп. Себептер – қылмыстылық пен қылмысты тікелей тудыратын заңды нәтиже ретіндегі әлеуметтік-
психологиялық детерминант. 
Шарттар – қылмыстылықты өздігінен тудыра алмайтын, бірақ та оның пайда болуына және 
тіршілік етуіне нақты мән-жайлармен әсер ететін кешенді құбылыс. Себептер мен шарттардың ара-
сында өзара тығыз байланыс болады. Себеп қылмыстылықты тудырады. Шарт себептердің қылмысқа 
айналуына жағдай жасайды. Кейде өзара бірін-бірі алмастырады. Келесі топтағы ғалымдар «Себептер 
мен шарттар теориясынан бас тартып» «факторлар» теориясын ұсынады. Қылмыстылықтың алдын-
алу шараларын тиімді ұйымдастыру үшін қылмыстылық себептерін жіктеу қажет.
1. Әрекет ету деңгейі бойынша (субординация);
2. Мазмұны бойынша;
3. Табиғаты және басқа да өлшемдері бойынша.
Әрекет ету деңгейі бойынша қылмыстылық себептері мен шарттары былай ажыратылады: а) 
жалпы себеп; б) қылмыстың түрлері бойынша; в)жекелеген қылмыстар бойынша.
Мазмұны бойынша, қылмыстылық себептері мен шарттары, әлеуметтік-экономикалық, саяси, 
әлеуметтік-психологиялық, тәрбиелік, құқықтық, ұйымдық басқарушылық болып бөлінеді.
Өзінің табиғатына, пайда болу тегіне қарай, тарихи өткен емес қазіргі кезеңге жататындай, 
әлеуметтік-психологиялық құбылысты қалыптастыратын көптеген экономикалық, идеялогиялықжәне 
басқа да әлеуметтік құбылыстар осы күнде жалғасын табуда. Қылмыстар адамзат өркениетінің 
бастапқы кезеңдерінен пайда болған, демек олардың себебі де ғасырлық мәселе болмақ. Енді мәселелер 
криминофамилистиканың себептері жөнінде айтылмақ.
Криминофамилистикалық қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамда кездесетін саяси, 
құқықтық, экономикалық, табиғи-психологиялық, техникалық, ұйымдастыру себептері кездеседі. Енді 
сол әлеуметтік ортаның, адамдардың, жалпы қоғам мүшелерінің криминофамилистикалық қылмыстық 
құқық бұзушылықтарға бой алдыру себептерін зерделесек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет