Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет81/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Іс-әрекеттің тиімді, сәтті өту жағдайлары:
- объективтік мүмкіндіктерді толық пайдалану, іс-әрекет түрткілері мен амалдарының өзара бай-
ланысы, іс-әрекет нәтижелерін пысықтау;
- іс-әрекет мазмұнын, міндеттерін, түрткілерін бірте-бірте күрделендіру;
- баланың іс-әрекет барысындағы белсенділігін, дербестігін дамытып отыру.
Танымдық іс-әрекеттің субъекті – оқушы, сондықтан білімнің түп қазығында оның тұлғасы, са-
насы, көзқарасы, оқушыларға және мұғалімдерге қарым-қатынасы жатады. Оқушының танымдық іс-
әрекетінің басқа бір ерекшелігі – оның өту сипаты. Танымдық іс- әрекеттің мақсаты, мазмұны, амал-


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
170
дары бағдарламаға енгендіктен білім беру процесі әртүрлі сипатта болады. Танымдық іс-әрекетте та-
ным дүниесімен байланыс, бақылау, практикалық әрекет арқылы емес, болмысты топшылап білім алу 
арқылы іске асады.
Б.А.Тұрғынбаеваның пайымдауынша, «шығармашылық әрекет дегеніміз- тұлғаның 
шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда тасымалдай 
алуы,белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің жаңа қызметін байқай алуы, жаңа шешімдер 
қабылдауы. Субъектінің өзінің осы еңбегінің қанағаттануы, жағымды мотивация арқылы даралыққа 
ұмтылуы. Сол үшін шығармашылық әрекет өз кезегінде шығармашыл тұлға дамытудың, оның 
шығармашылық әлеуетін өзін дамытуының маңызды шарты әрі нәтижесі болып табылады»,- деп 
тұжырымдайды.
Т.Ә.Қышқашбаевтің пікірінше, «ән-күй сабағы көркемдік педагогикалық процестің негізі бо-
лып саналатын халық музыкасының өзіне тән импровизация, ұжымдық шығармашылық процестер, 
көркемдік іс-әрекеттер т.б. сүйене отырып, өнер сабағы ретінде өтуі тиіс» [6] Сонымен қатар автор ба-
лаларды халықтық музыка өнерімен таныстырып қана қоймай, оларды шығармашылық іс-әрекеттерге 
құлшынта араластыру, олардың жан-жақты дамыған азамат болып өсуіне көмегін тигізеді дей келе, 
халықтық музыканы игеру барысында балалардың еркіндігін, әндердегі сөз бен әуеннің бірлестігін, 
домбыра ойнау тәсілдерін дамыта отырып, жеке дара шығармашылық ерекшеліктерін ашу, деп 
есептейді. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, шығармашылық іс-әрекеті қалыптастырудың бірден 
бір жолы ән-күй сабағы болып табылады. Өйткені, мцзыка сабағы әр оқушының бойындағы қабілетін 
шығармашылық қабілетке ұштастырып, оны шығармашылық іс-әрекетке түсіреді деп есептейміз.
О.Е.Омарұлы мектептен тыс ұйымдар қосымша білім беруде: баланы шығармашылық 
белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыратын; білім мазмұнын белсенді және 
іскерлікпен меңгеруге үйрететін; баланың өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның 
қалыптасқан құндылық жүйелерімен арақатынасын ажыратуды білдіретін; өз ісіне баға беруге, сөйтіп 
өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін; баланың дамуы мен дербес сана сезімінің даму эволюци-
ясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын, бейімделу 
іс бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алу-
ды ұсынған. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін 
қалыптастыруда мектептен тыс мекемелердің рөлін арттыру қажет деп санаймыз.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. 
Күнделікті тіршілікте шығармашылық іс-әрекет болмаса, онда ешбір жаңа ой, сана, пікір болмай, 
нәтижелі табыстарға жетуге болмайды. Шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың 
негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық тек ақын, жазушы, суретші, т.б. 
іс-әрекеттерінде ғана болмай, ғылым мен техниканың, мәдениеттің, еңбектің барлық саласындағы 
адамның күнделікті тіршілігінде, тіпті күнбе- күнгі оқудың өзінде де елеулі орын алады. Жоғары сы-
нып оқушысының осы қағиданы түсінуі, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындауы ол 
үшін шығармашылық әрекет болып табылады. Шығармашылықтың жемісті, нәтижелі болуы түрлі 
дағдыларды машықтануға байланысты болады.
Жоғары сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекеті сабақтан тыс мектепішілік үйірмелерге, 
секцияларға қатысуында жүзеге асады.
Шығармашылық іс-әрекет – оқушының жеке ізденушілік бағытын таңдау қажеттігін және жаңа 
өнім, яғни нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын іс-әрекет болып табылады.
Шығармашылық қабілетті ерте жастан бастап дамыту қажеттігіне педагогтар, психологтар, 
егерде шығармашылық қызметті жеткілікті ерте жастан бастамаса, онда балаға шығын әкеледі деп 
дәлелдеген. Сондықтан шығармашылыққа баулуды ерте жастан бастау керектігі айтылды. Педагоги-
када шығармашылық қабілетті дамыту жолы балаларды шығармашылық іс-әрекетке қатыстыру болып 
табылады.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде 
дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге 
үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеуге, оның рухани 
күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес жаратушы 
да. Ол өзін жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен өзі жойылуға да қабілетті. Адамның өз болмысын 
тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
171
толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты. Сондықтан, оқушылардың 
шығармашылық іс – әрекетін анықтау, оны дамыту мәселелеріне көңіл аудару керек. Бұл технология 
пәні сабағында және сыныптан тыс жұмыстар барысында технологиялық жүйе негізінде орын алады. 
Осыған байланысты оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке дайындау оқытудың барлық процесінде 
жүзеге асуы қажет.
Шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерін шешу кәсіби білім беру процесін зерттейтін 
құбылыстың мәнді сипаттамасын білуден басталады. Оқушы іс- әрекеттің субъектісі қоршаған дүниені 
шығармашылық көзқараспен жұмыс барысын жоспарлайды, іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін барлық 
мүмкіншілікті пайдалана отырып, алдына қойған мақсатына жетуді жүзеге асыруды ойлайды.
Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде, оның бойындағы барлық рухани күштер 
іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, 
қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді. Демек, шығармашылық іс-
әрекет оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген жаңашыл техникалық нысандарды жасау 
құралы ретінде қарастырылады.
Кез – келген кәсіби іс-әрекетте шығармашылықтың бір көрінісі болады, яғни ғылыми 
шығармашылық табиғи мәнді кемелденудің жемісі, жалпы алғанда құрылымдық деңгейінің 
жоғарылауы. Демек, болмыс заңдылығынан адамзатты шығармашылыққа жетелейтін реттілік пайда 
болады: қозғалыс – даму – орындау – шығармашылық. Шығармашылық нәтижесі іздену барысын-
да пайда болатын затта, іс-әрекетте және ойда орындалады. Олай болса, шығармашылық адам іс-
әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болады.
Шығармашылық жаңаның, бұрынғыны қайталамайтын ойлау қабілетінен туындаған өнімнің 
пайда болуына жеткізеді. Шығармашылықты танып білудің жолдары философияда, психологияда 
және педагогикада қарастырылған.
Психологтардың пайымдауы бойын ша шығармашылық барысын мына компоненттер құрайды:
– дәстүрлі емес жауапты талап ететін сұрақ қоюға қабілет;
– туындаған мәселерді көру ептілігі;
– логикалық және математикалық түрінде құрылған ойды бейнелеу;
– көркем–графикалық, заттық және басқа құрылымда мысалы, сәндік–қолданбалы сипатта 
шығарманың құрылуы, бұйымның қандай болмасын түйіндерін өңдеуде жаңа технологияларды іздестіру;
– туындаған бейнелерді жасауда пайда болған ойларды қорытындылау қабілеті.
Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қажетті ақыл-ой дамуы жүреді. 
Ақыл-ой дамуының жолдарына:
– еңбек іс-әрекетіне байланысты білімдерді игеру;
– логикалық ойлаудың дамуы;
– интелектуалды ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуы;
– оның ішінде өзінің жұмысын жоспарлай білуі;
– оны жүзеге асыру үшін сәйкес құралдарды таңдау (қажетті материал, құрал- саймандарды) 
еңбектік тапсырмалардың орындалуы тәсілдерін дұрыс табу мәселелері қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет