Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет79/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Д.Маккинон шығармашылық процестің бес сатысын атап көрсетеді:
– Проблеманы қою үшін білім, дағды мен шеберлікті жинау;
– Кей кезде проблеманы шешуге, кей кезде шаршау мен түңілуге әкелетін «күш жігерді жинақтау» 
сатысы;
Проблемадан шығып, басқа іске көшіп кету, бұл саты инкубация кезеңі деп аталады.[3] 
Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті 
сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. 
Шығармашылық – адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытатындығы дәлел.
Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті өрістеп, жасампаздық 
мәні ашылады. Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен сипатталады. Өйткені,ол жаңа 
әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер шығармашылықты табиғатпен 
қатар қояды.
С.Л.Франктың пікірінше, кез-келген адам ең төмен дәрежеде де жасаушы. Әрекет мақсаты адам 
рухының тереңінен туындаса, сол жерде шығармашылық орын алады. Кез- келген қолөнерші өз ісін 
аса жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен істесе, жұмысқа өз болмысын салған болса, шабытпен 
жасаушы болып есептелінеді, бұл жерде қолөнерші мен суретші арасында ешқандай да айырмашылық 
жоқ та деген сөз. Оның мына пікірі өте маңызды:
«Өзін қоршаған ортаға өзіндік таңба қосқан кез -келген адам, отбасы өміріне өзінің адамгершілік 
үлгісі мен үй-ішіне өзінің әдемілік үлгісін қосқан кез келген әйел және ана, кез-келген бала тәрбиешісі 
– оларды жасаушы»
Шығармашылықты зерттеудің ең бір қарқынды кезеңі ХХ ғасырдың ортасында, әрекет теориясын 
зерттеу аясында дамиды. Осы тұста адамның еңбегінің нәтижелілігін, өнімділігін зерттеудегі әрекеттік 
тәсіл, шығармашылықты туындататын жағдаяттар, формалар мен кезеңдер, мотивтер мен шарттар 
жайлы теориялар практиканы байыта түсті А.Коршуновтың пайымдауынша, шығармашылықтың 
әр түрлі сипатын атап көрсете отырып, біз олардың байланысын да көре білуіміз керек, өйткені, 
шығармашылық бейнелеусіз болуы мүмкін емес. Шығармашылық белгілері адамда, сезімдік түсініктер 
құрамында,түсініктер бейнесі жүйесінде, пайымдау қараумен эмпирикалық және теориялық түсінуде 
де болады.Адам санасында болашақты меңзейтін идеалды типтегі түсініктер де қызмет етеді. Сезімдік 
бейнелеу болашақта жүзеге асатын практиканың дәрежесімен, болашақпен, жаңа шығармашылық 
ұғымдармен анықталады»
Шығармашылық барлық танымдық процесті қамтиды. Субъектінің шығармашылық белсенділігі 
тиімді ойлау сатысында, теориялық таным деңгейінде анық көрінеді. Бірақ та сезімдік сатыда да 
шығармашылық болады. Бейнелеу ішкі жай ретіндегі, өзіне қарама- қарсылық пен диалектикалық 
жоққа шығару ретіндегі шығармашылықтан тұратындығын есепке алады. Бір- біріне қарама қарсы 
болғаныен, бейнелеу мен шығармашылық бір- бірінсіз өмір сүре алмайды, өзара бір- бірін толықтырып, 
бір- біріне енеді.
Сонымен, шығармашылық пен бейнелеу әр түрлі, бірақ өзара байланысқан құбылыстар. 
Шығармашылықты адам мен адамзаттың мақсаттары мен мұқтаждықтарына сай табиғат пен әлеуметтік 
өмірді шындықтың объективтік заңдарына сәйкес өзгеретін адам әрекеті ретінде түсіндіріледі. Біз 
философиялық әдебиеттерде жиі кездесетін мына анықтамаға назар аудардық: «шығармашылық 
дегеніміз- сапалы жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасайтын адам әрекетінің процесі».
Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі мен әр түрлі негіздер 
бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын атап өткен жөн: өндірістік-техникалық, 
бейнелеу, ғылыми, саяси, қалыптастырушылық, философиялық, көркем сурет, мифологиялық, діни, 
күнделікті тұрмыстық. Проблеманың қажеттігін түсіну,оны қою мен тұжырымдау-бұл проблема-
ны шешуді іздеу процесінің басталуы болып табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны 
зерттеудің мақсатын белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің 
күрделі қозғалысына бағыттайды. Шығармашылық процестің орталық бөлімі ретіндегі идеалды 
проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет