Issn 2073-333x международный научный журнал


ОҚУЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРАСТЫРЫП ОНЫ ҚАШЫҚТЫҚТА



Pdf көрінісі
бет92/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ОҚУЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРАСТЫРЫП ОНЫ ҚАШЫҚТЫҚТА
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Түйін. Бұл мақалада химия пәнің ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытудың 
мәселелері,виртуальды лабораториялар негізінде жасалған және әртүрлі бағдарламалар негізінде құрылған 
электронды оқулықтың ролі мен маңыздылығы қарастырылған. 
Кілт сөздер: электронды оқулық, қашықтықтан оқыту, ақпараттық коммуникациялық технология, бей-
нелаборатория.
Резюме. В данной статье рассматриваются проблемы использования информационно-коммуникативной 
технологии в обучении химии, роль и значимость электронных учебников, выполненных на основе виртуальных 
лабораторных работ и виды программ для их составления. 
Ключевые слова: электронный учебник, дистанционное обучение, информационно-коммуникационные 
технологии, видеолаборатория.
Summary. This article discusses the problems of using information and communication technology in teaching 
chemistry, the role and importance of electronic textbooks, made on the basis of virtual labs and types of programs for 
their preparation.
Keywords: electronic textbook, distance learning, information and communication technologies, video laboratory.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» тақырыбындағы Қазақстан халқына 
жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуы-
мыз керек», ол үшін біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтықтан оқытуды және онлайн режимінде 
оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды 
қарқынды енгізуге тиіспіз деп атап көрсетті. Сол себепті Қазақстандық оқу орындарының барлығы алдағы 
уақытта қашықтықтан оқыту мәселесін шешу керек болды. Сол себепті мемлекеттік тілде жазылған оқу- 
әдістемелік құралдардың электронды түрлерінің және электронды оқулықтардың көптеген түрлерін сау-
атты түрде жазу шығару алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі болып табылады [1].
Технологияның мультимедиасы электронды оқулықтарда, оқыту-әдістемелік комплекстерде, 
виртуалды лабораториялық жұмыстарда және тағы басқаларда қолданылады, олар соңғы уақытта 
танымалдыққа ие болып, дәстүрлік оқулықтармен қатар оқыту процестерінде кеңінен қолданыла 
бастады. Талапқа сай электронды басылымдарды жасау көптеген жаңарту мәселелерін шешуге 
және оқыту материалын маңыздауға, сонымен қатар, уақытында білім алушыларды керекті оқыту 
құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еді. Одан басқа, электронды оқу құралдарын жа-
сауда қолданылатын компьютерлік технологиялар дәстүрлік оқулықтарда жүзеге аспайтын көптеген 
дидактикалық мүмкіндіктерді үлестіріп беруге мүмкіндік береді[2].
183


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
184
Бұл жайттарға келесідей мәселелер себеп болды: ғылым, техника мен мәдениеттің қарқынды 
дамуы информацияның тез ескіруіне әкеледі, әсіресе, информатика сияқты аймақтарда оқытушы 
оқытуды типографиялық шарттарда басылымдарға дайындау көп уақытты талап етеді, ол оқытушы 
оқулықтарда уақытында қамтамасыз етілуін, әсіресе, арнайы оқыту әдебиеттерін қамтамасыз етуді 
қиындатады.
Қазіргі заманға сай электронды оқулықтарды дайындау, жасау және құру – Қазақстандық білім 
беру деңгейінің сапалылығын артырудың және жоғарылатудың негізгі мәселелерінің бірі. Электрон-
ды оқулық құрудың технологиясы – педагогикалық информатиканың және ақпараттық жүйенің 
ең күрделілерінің бірі, өйткені сапалы электронды оқулықты құру көптеген соңғы инновациялық 
бағдарламаларды білуді талап етеді.
Көпшілікке белгілі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қата- рына 
қосылуға ұмтылуы, ең алдымен ғылым мен білімнің өркендеу, өсу және жас ұрпақтың біліктілік 
деңгейіне тығыз байланысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. 
Қазақстан Республикасыда ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру 
болатын жаңа кезеңіне енді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша қашықтықтан оқыту – студенттердің үздіксіз және өз 
бетімен білім алуына бағытталған білім берудің жаңа мекемесі. Бұл талаптардың максималды өзгеріс 
бере орындалуына білім беру ісінде компьютерлік қорлар мен технологияларды қолдануға негізделген 
дидактика-лық жүйе құру арқылы қол жеткізуге болады. Оларға электронды пошта, телеконференци-
ялар, электронды кітапханалар, мәліметтер базасы, электронды оқулықтар, видео және аудио матери-
алдар және тағы басқалар жатады.
Қашықтықтан оқытудың автоматтандыру жүйесін жобалауда ағымдағы желі әрдайым жұмыс 
қабілеттілігін ұзақ уақыт сақтап кез-келген жерде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Дәл осы ашық жүйе әлемдік стандарттарға сай кадрларды дайындауға мүмкіндік береді. Жеке элементтер 
жұмыс жасау қабілетінен шыққан күннің өзінде желінің жоғарғы сенімділік арқасында желі жұмысын 
тоқтатпайды. Қашықтықтан оқытудың автоматтандыру жүйесінің иілгіштігі арқасында кез-келген 
университеттің талаптары мен мүмкін өзгертулеріне бейімдеуге болады. Бұл жүйенің тағы бір тиімділігі 
ол болашақта жаңа технологиялар пайда болса сол жүйеге сәйкестендіріп өзгерту енгізуге болады [3].
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім 
алу үшін беру процесі. Жаңа ақпараттық технологияларда қазіргі кезде электронды оқулықтарды 
қолдануда. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа 
түрі – эксипери-менттік қашықтықтан оқыту түрлі мамандықтар бағыты бойынша кеңінен қолданыла 
бастады. Қашықтықтан оқытуда электронды оқулықты қолдану өте тиімді.
Қашықтан оқыту білім беру процесіндегі оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық 
технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен 
құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.
Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны, яғни, электронды оқулық құру күрделі дидактикалық 
тапсырманы жүктейді. Заманауи компьютерлік технологиялар оны шешуге үлкен мүмкіндіктер ұсынып 
отыр, сонымен қатар келесі талаптар сақталуы тиіс:
– курстың таралу жиынтығы ретінде көрсетілуі;
– мазмұнына еркін кіру және модульдік;
– оқыту іс-әрекетіне қосу;
– түрлі ақпараттарды пайдалану;
– оқу материалының мазмұнын білім алушының ерекшеліктеріне сәйкес-тендіру.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде университет серверлері арқылы студент-тердің тәжірибелік 
жұмыстарын электрондық әдіс арқылы бақылау жасауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Білім берудің күндізгі жүйесіндегі оқытудың пәндік үлгісінде білімді таратушы болып мұғалім 
табылады. Қашықтықтан оқыту формасында білім нәрі болып, көп жағдайда студенттің өзі табылады. 
Сондықтан білім беру ақпараттарының сапасы мен оларды жеткізу жолдарына жоғарғы дәрежедегі 
талаптар қойылуы тиіс.
Қазіргі кезде кез-келген пәнді қашықтықтан оқытудың бірден-бір әдісі электронды оқулықтармен, 
презентациялармен оқыту болып табылады. Жалпы химия пәнің қашықтықтан оқытуға дайындалған 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
185
электронды оқулықта әрбір элементке жеке мәзір құрылып, ішкі беттерін HTML немесе Microsoft 
Front Page ортасында гипермәтіндер мен гиперсілтемелер жасалынды.
Электронды оқулықтың құрылысын толық жасап болған соң тестілеу, кестелер, есептер, 
анимациялық қимылдары Adobe Flash программасы арқылы дайындалды. Видеолабораторияны Movie 
Maker программасында жасап, электронды оқулықтың компьютерде автоматты түрде жүктелуі Autorun 
программасы арқылы ұйымдастырылды. Электронды оқулық дербес компью-терге жүктегенде, 
экранға 1-суреттегі оқулықтың басты терезесі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет