Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
180
ӘОЖ 591.4
Каладинов О.И.
а.ш.ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтің
инновациялық университет
Жантеева А.Т.
магистр
аға оқытушы , Аймақтық әлеуметтің инновациялық университет
Есалиева З.
магистр аға оқытушы , Аймақтық әлеуметтің инновациялық университет
Таңатарова М.Б.
магистр аға оқытушы , Аймақтық әлеуметтің инновациялық университет
КОЛОРАДО ҚОҢЫЗЫНЫҢ ТАРАЛУЫН ТЕЖЕУДІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА
ТИІМДІ РАДИКАЛДЫ ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Түйін. Зиянкестермен күресудің әр түрлі тәсілдері бар, оларға химиялық, физикалық және биологиялық
жолдарды жатқызсақ болады. Колорада қоңызымен күресте химиялық жолға басымдық берілген, химиялық
препараттар түрлері көп, оның құрамы әр түрлі өсімдік жемісін жеген адамдарға да зияны болуы мүмкін.
Сондықтан зерттеушілердің біршамасы өнімді пайдаланушы адамға зияны жоқ биологиялық күрес тәсілін пай-
далануды ұсынады.
Бұл зерттеудің мақсаты Түркістан облысы Сайрам ауданының егіс алқаптарының, бақша дақылдарының
паразиттермен (колорадтық қоңыздармен) ластануының жай-күйіне және онымен күрестің халықтық,
биологиялық құралдарына талдау жүргізу Зиянкестермен күрестің негізгі әдістері-табиғи ресурстарды ла-
стайтын, өсірілетін жерлер мен адамға үлкен зиян келтіретін химиялық қосылыстар. Биологиялық әдістерді
қолдану зиянкестерді жою неғұрлым тиімді, зиянсыз және экономикалық тиімді (арзан) әдіс..
Достарыңызбен бөлісу: