Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет90/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Жұмыстың мақсаты: Шымкент қаласы маңындағы ауылдық жерлердің бақша дақылдарындағы 
Колорада қоңызының популяциясы,және онымен биологиялық күресу жолдары
Жұмыстың міндеттері:
Ауылшаруашылық дақылдарына (картоп, баклажан, болгар бұрышы т.с.с) зиянды Колорадо 
қоңызының оңтүстік өңірінде таралу деңгейін, тіршілігін анықтау.
Колорадо қоңыздармен биологиялық күресу тәсілдерін шаруашылықта пайдалану.
Зерттеу нысаны: Түркістан облысы Сайрам ауданының картоп егіс алқаптарындағы Колорадо 
қоңызы популяциясы және оны жою жолдары.
Зерттеу нәтижесі: Сайрам ауданы Түркістан облысының тауға жақын, биіктеу белдеулерінде 
орналасқан. Ауданның негізгі егістік жерлері оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбеу жатқан тауетектік 
жазық; кей жерлері төбелі, сайлы-жыралы келеді. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы 
ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 3 – 4 °С, шамасында болса шілдеде 
24 – 26 °С. Сирек болса да 10- 15°С тақ аяздар мен 35-42°С аптап ыстықтар болып тұрады. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен Арыс, Ақсу, Сайрамсу, 
Бадам өзендері ағып өтеді. Жерінің басым бөлігі сұр, сұр-қоңыр топырақты. Аудан жерінің көп бөлігі 
ауыл шаруашылығына, егістікке қолайлы, жыртылған суармалы жерлер. Шаруалардың көбісі егістікпен 
оның ішінде картоп егумен айналысады. Соңғы жылдары картоп зиянкесі Колорадо қоңызының 
мөлшері артып кеткендігі белгілі сондықтан онымен күресудің әр түрлі жолдары қарастырылуда. 
Химиялық препараттар зиянкес қоңыздарға ғана емес адамға да зиянды екендігі белгілі. Сондықтан 
диқандар басқа да табиғи инсектицидтерді қолдану арқылы күресу жолдарын пайдаланып жүр. Жиі 
пайдаланылатыны және тиімділігі белгілісі дала жусанының тұнбасын себу. Оны майдалап турап, 10 л. 
ыдысқа 3/1 дейін салып, ыстық сумен толтырамыз да жылы жерге 3-4 күнге қойып қоямыз. Сонан соң 
картоп жүйектеріне себелеп шығу керек. Осы сияқты бақбақ гүлінің, жаңғақтың жас жапырағының 
тұнбасын, ашшы қызыл бұрыштың сабын көбігіне араластырылған тұнбасын, сумен араластырылған 
сірке қышқылы ерітіндісін т.с.с. қолданылатыны туралы мәіметтер жеткілікті. Осы сияқты арзан және 
тиімді тәсілдер картоп жапырақтарына кәдімгі цемент ұнтағын немесе күл шашу арқылы зиянкестер-
ден қорғану туралы да айтылған. Барлығы да табылуы оңай арзан тәсілдер.
Осы сияқты табылуы, жасалуы, дайындалуы оңай, қоданылуы қолайлы, арзан және тиімді жо-
лын ұсынғалы отырмын. Ол кәдімгі темекі (насыбай) тұнбасын пайдалану. Насыбай (темекі) оңтүстік 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
182
өңірінде көптеп өсірілетін, өсімдік. Оны құрғатып, құрамына әр түрлі заттар қосып езу арқылы на-
сыбай алынады. Осындай насыбайдың 200 г. ыдысқа салып үстінен 10 л. жылы су құйылады. Ыдыс 
жақсы жабылатын болғаны жақсы. Тұнба жылы жерде тікелей күн түспейтін жер болғаны абзал, 3-4 күн 
тұрады. Дайын болғанын тұнбаның сарғыш жасыл түске енгенінен білуге болады. Дайын болған тұнба 
иісі ашқылтым, жағымсыз, қарапайым сүзгіден (дәке, елгезер т.с.с) өткізіп, арнайы шашыратқыштар 
арқылы картоп жүйектеріне шашып шығуға болады. Әдетте 10 л тұнба 1га алқапқа жеткілікті. Егістік 
күн ашық, таңғы немесе кешкі желсіз кездерде өңделгені жақсы. Біз тұнба дайындауға сыйымдылығы 
10 л. ауызы жақсы бітелетін, пластмасса канистра пайдаландық. Сүзгі ретінде екі қабатталған дәке 
пайдаланылды.
Осындай тәсілмен өңделген аймақта колорад қоңызымен қатар басқа да насекомдар, кенелер, 
өсімдік биттері, құмырсқалар да жоғалады. Тәсіл қарапайым, бірақ әсері де қысқа 5-6 күннен кейін 
қоңыздар қайта пайда бола бастайды. Сондықтан тұнбаны жиі жасап, аптасына сеуіп тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет