Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет96/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

1-суретЭлектронды оқулықтың бас терезесі Оқулықтың негізгі мәзірі 3 фреймнен:
– периодтық жүйе, калькулятор, авторлар, баспаға беру және оқулықтан шығу түймелерін 
қамтитын жоғарғы фреймнен;
– жалпы химия және бейорганикалық химия бойынша әрбірінен 15 лабораториялық жұмысты 
бейнелейтін мәзірлерден, мазмұны, автор, әдебиеттер түймелерін қамтитын сол жақ фреймнен;
– әрбір түймені шерткенде онын мазмұны ашылатын негізгі фреймнен тұрады.
Оқулықтың Жалпы химия бөлімі бойынша негізгі мәзір терезесінде (2-суретте) Жалпы химия пәні 
бойынша лабораториялық жұмыстар тізімі ретімен, жалпы химиядан көрнекіліктер, есептер, тестілеу, 
әдебиеттер, авторлар, кіріспе, мазмұны және шығу батырмалар орналастырылған. Батырмаларды 1 рет 
шерту арқылы қажетті мәліметтерді оқи аласыздар. Лабораториялық жұмыстарды ретімен батырма-
ны реттік нөмерге қойып шерту арқылы кіреміз. Оның ішінде лабораториялық жұмыстың тақырыбы, 
жұмыстың мақсаты, қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер, тәжірибелердің тақырыптары мен 
істелу реті, тәжірибелердің есептеу жолдары және тағы басқада мүмкіндіктері көрсетіледі.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
193
2-сурет. Оқулықтың Жалпы химия бөлімі бойынша негізгі мәзірі.
3-сурет. Оқулықтың Бейорганикалық химия бөлімі бойынша негізгі мәзірі.
Оқулықтың Бейорганикалық химия бөлімі бойынша негізгі мәзір терезесінде (3- суретте) 
Бейорганикалық химия пәні бойынша лабораториялық жұмыстар тізімі ретімен, бейорганикалық хими-
ядан көрнекіліктер, есептер, тестілеу, әдебиеттер, мазмұны және шығу батырмалар орналастырылған. 
Батырмаларды 1 рет шерту арқылы қажетті мәліметтерді оқи және ақ параққа шығара аласыздар. 
Лабораториялық жұмыстарды ретімен батырманы реттік нөмерге қойып шерту арқылы кіреміз. Оның 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
194
ішінде лабораториялық жұмыстың тақырыбы, жұмыстың мақсаты, қажетті құрал жабдықтар мен ре-
активтер, тәжірибелердің тақырыптары мен істелу реті, тәжірибелердің есептеу жолдары және тағы 
басқада мүмкіндіктері көрсетіледі. Әр тәжірибелерді жасағаннан кейін химиялық реакциялардың 
теңдеуін құрастырып талдау жүргізуге болады.
Қазіргі кезде білім беруді инновациялау оқыту процесіне компьютерлік технологияларды 
ендіруді болжайды. Жаңа технология электронды оқулықты ендіріп, ол оқыту – әдістемелік комплек-
стерде, виртуалдық лабораториялық жұмыстарда, қашықтан оқытуда қолданыс тауып келеді. Соңғы 
уақытта жоғары танымалдылыққа ие болып, дәстүрлі оқулықтармен қатар қолданылып жүр.
Электронды оқулықтарды жасау және құру – Қазақстандық білім беру деңгейін жоғарылатудың 
негізгі мәселелерінің бірі. Сапалы электронды оқулық құрудың технологиясы педагогикалық 
информатиканың күрделі инновациялық бағдарламаларды білуді талап етеді.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі бойынша қашықтықтан оқыту жүйесінде электронды оқулықты 
қолдану, электронды оқулық туралы түсінік және құрылымы, электронды оқулықты дайындаудың 
қазіргі таңдағы мәселелері мен мақсаты, электронды оқулықты құруға қойылатын талаптары, 
тиімділігі, артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы толықтеориялық мәліметтер қарастырылды. Со-
нымен қатар электронды оқулық жасауда ақпараттық технологиялар мен программалау орталарының 
маңыздығы келтірілді.
Зерттеу жұмыстың нәтижесінде Жалпы және бейорганикалық химия пәнінін лабораториялық 
жұмыстары бойынша қашықтықтан оқыту электронды оқулығы жасалынып, теориялық мәліметтермен 
қатар, тестілеу, кестелер, есептер, дыбысты видеолабораториялар дайындалып, оқулық құрамына 
енгізілді.
Қорыта келгенде, электронды оқулықтар студенттердің:
– білім деңгейін тереңдетуге;
– өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыруға;
– ойлау жүйесі мен ойын дамытуға;
– химия пәнін үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
– сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;
– өз ісіне талдау жасай алуына көптен-көп көмегін тигізеді;
– қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
– студент (білімгер) жұмысты орындау барысында ғылыми – зерттеу жұмысына тартылады, оның 
бойында зерттеушілік қабілет пен ғылымға деген ынта қалыптаса бастайды.
Дайындалған электронды оқулық жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, мектептерде оқыту 
процесінде қолданыс табады деген сенім мол. Сонымен қатар, әрі қашықтықтан оқыту құралы, әрі 
білімді толықтыратын электронды оқулық, әрі дайын анықтамалық ретінде интерактивті әдіспен 
оқытуда өте тиімді құрал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет