Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 writeln ('  ili w algoritmicheskoyi forme');writeln; 
write('  c0>0 ?  Najmite  D/H');  YN;writeln; 
     if not ans then 
       begin 
          stable:=true; 
          goto ex; 
       end; 
     write('  a12(t)=0 i a21(t)=0 ?   Najmite  D/H');YN;writeln; 
     writeln ('  ili w algoritvicheskoyi forme');writeln; 
     write('  k12)=beskonechnost i k21(t)=beskonechnost ? Najmite  D/H'); 
     YN;writeln; 
     if ans then stable:=true else stable:=false; goto ex; 
  end;writeln;writeln; 
  ex:writeln;writeln('  -----------------------------------------');writeln; 
  write('      REZULTAT :   '); 
     if stable then write('  Reshenie USTOICHIWO') 
    else write (' Reshenie NEUSTOICHEWO'); 
 writeln;writeln;writeln('  -----------------------------------------');writeln; 
 writeln('  najmite ENTER !'); 
 end;writeln;readln; 
 writeln('  Dlya prodoljeniya najmite 1, zatem najmite ENTER');writeln; 
 writeln('  Esli net to, togda najmite liyubuyu klawishu, a zatem najmite 
ENTER !'); 
 writeln;writeln('  k--> ? ');readln(s);if s=1 then goto 1; 
end. 
          Результат выполнения программы:                        
Algoritm opredeleniya lokalnoi asimtot. ustoichiwosti  
resheniya nachalnoi zadachi dlya sistemi dwuh singulyarno 
wozmushennih obiknowennih dif. uravnenii 
s analiticheskimi koeffisientami 
Rassmatriwaetsya nachalnaya zadacha pri eps --> +0: 
eps*y1(t)-a11(t)y1(t)-a12(t)y2(t)=h1(t), O<=t, y1(O)=y1O, 
eps*y2(t)-a12(t)y2(t)-a22(t)y2(t)=h2(t), O<=t, y2(O)=y2O, 
ili  w vektorno-matrichnoyi zapisi 
eps*y(t)-A(t)Y(t)=H(t),   O<=t,  Y(O)=YO 
REZULTATI WIPOLNENIYA PRIGRAMMI: 
Otwette na zadannie woprosi(esli DA najmite D,esli NET najmite H 
A(t)=O?  Najmite D/H      DA 
ili  w  algoritvicheskoyi forme 
k0=beskonechnost ?  Najmite  D/H      DA 
H(t)=O?   Najmite  D/H      DA 
ili w  algoritmicheskoyi forme 

22 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
mO= beskonechnost ?   Najmite  D/H      DA 
  ----------------------------------------- 
REZULTAT :     Reshenie USTOICHIWO 
  ----------------------------------------- 
  najmite ENTER ! 
  Dlya prodoljeniya najmite 1, zatem najmite ENTER ! 
  Esli net to, togda najmite liyubuyu klawishu, a zatem najmite ENTER ! 
  k--> ? 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Ломов  С.А.  Введение  в  общую  теорию  сингулярных  возмущений.  –  М.:  Наука,  1981.-
400 с. 
2.
 
Сафонов  В.Ф.  Регуляризация  и  асимптотические  решения  сингулярно  возмущенных 
задач  с  точечными  особенностями  спектра  предельного  оператора  //  Украинский 
математический журнал, 1984. –36, №2. –С. 172-180. 
3.
 
Джураев А.М. Алгоритм для определения асимптотического поведения решений систем 
дифференциальных  уравнений  /  Труды  Всероссийской  науч.  конф.  «Математическое 
моделирование и краевые задачи». – Самара, 2004.  –С. 82-85. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  сингуляр  ауытқыған  есептердің  шешімінің  асимптотикалық  күйіне 
қатысты  мәселелер  қарастырылады.  Есептер  шешімінің  тұрақтылығын  зерттеу 
алгоритмі құрылған. Шешімдердің тұрақтылығын анықтаудың  Турбо Паскаль тілінде 
жазылған бағдарламасы келтірілген.  
(Қалымбетов  Б.Т.,  Темірбеков  А.Н.,    Рузибаев  А.Ж.,  Темірбеков  М.А.
 
Сингуляр 
ауытқыған дифференциалдық жүйелердің шешімінің тұрақтылығын зерттеу алгоритмі) 
 
SUMMARY 
The  paper  deals    with  the  asymptotic  behavior  of  singular  perturbation  problems.  An 
algorithm  to  study  the  stability  of  solving  problems.    An  agenda  for  determining  the 
stability of solutions in the programming language Turbo Pascal.  
(Kalimbetov  B.T.,  Temirbekov  A.N.,  Ruzibayev  A.ZH.,  Temirbekov  M.A.    Algorithm  for  the 
study of stability of singularly perturbed differential systems) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

23 
 
   
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘОЖ  532.133, 371.62, 372.8.002 
 
Т.А.ТҰРМАМБЕКОВ 
физика-математика ғылымдарының докторы, 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры  
 
К.А.ҚАБЫЛБЕКОВ 
химия ғылымдарының кандидаты, 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің доценті  
 
Д.А.ИМАНБЕКОВ 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, 
АИУ-нің доценті 
 
А.С.АРЫСБАЕВА 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің магистранты 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ  
БЛАНКІ ҮЛГІСІ  
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  мектептері  түгелдей  интернет  жүйелеріне 
қосылған  компьютерлермен,  интерактивті  тақталармен  қамтамасыз  етілген, 
сондықтан  оқытуда  заманауи  ақпараттық  техногияларды  белсенді  енгізудің 
уақыты  жетті.  Бірақ  казіргі  оқу  теориялары  мен  электронды  баспалардың 
арасында алшақтық бар. Интернетте физикаға арналған білім беру ресурстары 
мол.  Бірақ  олардың  барлығы  дерлік  орыс  немесе  ағылшын  тілінде  жасалған. 
Оларды  мемлекеттік  тілде  оқытылатын  мектептерде  қолдану  шектеулі. 
Сондықтан  материалдар  базасын  қазақ  тілінде  жасау  керек.      Мақалада 
«Начало  электроники»  –  виртуалды  конструкторын  қолданып  орындалатын: 
«Электр  тізбегінде  бөлінетін  қуатты  және  ток  көзінің  пайдалы  әсер 
коэффициентін  зерттеу»  компьютерлі  зертханалық  жұмыстың  бланкісінің 
үлгісі  ұсынылады.  Бланкі  үлгісінде  оқушылардың  орындауына  келесілер 
ұсынылады:  1.  Бес  тапсырманы  қамтитын  есептердің  жауаптарын 
компьютермен  тексеруге  арналған  есептер.  2.  Үш  тапсырманы  қамтитын 
тәжірибелік  есептер.  3.  Бес  тапсырмадан  құралған  зерттеулік  есептер.  4. 
Оқушылардың  зертханалық  жүмысты  орындауына  дайындығын  тексеруге 
арналған  бақылау  сұрақтары.    Тапсырмалар  артығымен  беріліп  отыр. 
Оқытушы  өз  оқушыларының  ерекшеліктеріне  қарай  олардың  санын  қысқарта 
алады.   
  
Кілт  сөздер:  компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет  ресурсы,  білім 
беру  ресурсы,  ақпараттық  технология,  бланкі,  виртуалды  конструктор,  қуат, 
пайдалы әсер коэффициенті. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы  

24 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
қаңтардың  28-індегі  Қазақстан   халқына  Жолдауында  «2015  жылға   қарай  
білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 
жылға  қарай  оның  саны  90  пайызға  дейін  артады.  2020  жылға  қарай 
халықаралық  стандарттар  бойынша  тәуелсіз  ұлттық  аккрeдитациялаудан 
өткен  ЖОО-лар  үлесі  30  пайызды  құрайтын  болады»  -  деген  мақсатты  алға 
тартты  [1].  «Қазақстанды  әлеуметтік  модернизациялау:  Жалпы  Еңбек 
Қоғамға қарай  жиырма қадам» бағдарламасына сәйкес  Мемлекет   басшысы 
Елбасының    тапсырмасында,  «2013-2014  оқу  жылынан  бастап  жалпы  орта 
білім  беретін  мектептердегі  оқу  үрдісінде  интерактивті  оқыту  формасын 
қолдануды  кеңейту  қарастырылсын  және  онлайн  оқытудың  арнайы 
бағдарламасы ендірілуі керек» - деп атап көрсетілген. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.А.Назарбаев   
«Қазақстан-2050  –  стратегиясы»  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Қазақстан  2050  жылы  30 
дамыған мемлекеттер қатарына енуі керек» -  деп атап көрсетті. «Дамып келе 
жатқан  елдер  арасында    мұндай  қатарда  болуы  үшін  бәсекелестік  қатаң 
болады.  Ұлт жаһандық  экономикалық  бәсекелестікке дайын болғанда ғана 
мұндай  қатарда  бола  алады.  Біз,  аса  маңызды  мақсаттарымызды  естен 
шығармай, мақсатты және шабытты еңбек етуіміз керек: қазіргі заманға сай 
нәтижелі  білім  мен  денcаулық  сақтау  жүйесін  құру.  Бәсекеге  қабілетті 
дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз 
керек.  Бізге  оқыту  әдістемелерін  жаңғырту  және  өңірлік  мектеп 
орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту 
керек  болады.  Біз  қалайтындардың  барлығы  үшін  қашықтықтан  оқытуды 
және  онлайн  режимінде  оқытуды  қоса,  отандық  білім  беру  жүйесіне 
инновациялық  әдістерді,  шешімдерді  және  құралдарды  қарқынды  енгізуге 
тиіспіз» [2].     
Білім  беруді  ақпараттандыру  –  жаңа  технологияны  пайдалану  арқылы 
дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады. 
«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  -  деп,  Елбасы  атап 
көрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны 
яғни  компьютерді  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін  арттырудың 
маңызы зор.  
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  мектептері  түгелдей  интернет  жүйелеріне 
қосылған компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген.  
Білім  беру  мекемелерін  компьютерлендіру  электронды  білім  беру 
ресурстары  (ББР)  мен  Интернет-технологияларды  кеңінен  қолдануға 
мүмкіншілік тудырады. Интернет-технологиялар мен білім беру ресурстарын 
қолдану  оқытудың  дәстүрлі  түрінен  артықшылығы  басым  болған  жағдайда 
ғана пайдалы.  
Қалайша физика сабақтарында Интернет-технологиялар мен білім беру  

25 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ресурстарын  қолдануға  болады?  Ақпараттық  технологияны  пайдалану 
арқылы оқытушы келесілерді іске асыра алады: 
 
оқушыларды даралап интерактивті оқытуды ұйымдастыру; 
 
электронды  ресурстарды,  әсіресе  анимацияларды,  апплеттер  мен 
компьютерлік 
моделдерді 
және 
виртуалды 
лабораторияларды, 
демонстрацияларды пайдалану; 
 
компьютерлік модельдер мен виртуалды лабораторияларды пайдаланып 
компьютерлік лабораториялық жұмыстарды жүргізу; 
 
оқушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру; 
 
компьютерлік  бағдарламар  мен  алыстан  оқыту  технологиясын 
қолданып оқушылардың білімін тексеру. 
Физика  сабақтарында  кеңінен  қолданылатын  ресурстарды  келтіруге 
болады:  «Физика  колебаний»,  «Движение  космических  тел»  [3]    (СПбГУ  
бағдарламалары, 
«Начала 
электроники»-әртүрлі 
электр 
тізбектерін 
құрастыруға арналған электронды конструктор [4], «Физика в анимациях» [5] 
-  механика,  толқындар,  термодинамика,  оптика    бөлімдеріне  арналған 
үшөлшемді анимациялар, физикаға арналған тақырыптық Интернет – ресурс 
каталогы [6], физикадан ғылыми лаборатория каталогы [7]  және «Открытая 
физика»  (ФИЗИКОН)  [8],  «Живая  физика»  [9].  Сонымен  қатар  виртуалды 
лабораториялар  және  конструкторлар:  бұл  ресурстар  компьютер  экранында 
әртүрлі  тәжірибелік  құрылғыларды  жинастырып,  көптеген  тәжірибелер  мен 
зерттеулер  жүргізуге  мүмкіншілік  береді.  Интернет  жүйесіндегі  солардың 
арасындағы ең қызықтылары төменгілер: 
 
 «Открытый колледж» сайтындағы 
 [10] 
 
 «Сборка» тұрақты тоқ тізбегіне арналған виртуалды конструктор [11]; 
 
«Начала электроники»  [4] - виртуалды конструктор. 
Виртуалды  лабораториялық  жұмыстар:  көп  жағдайда  құрастырушылар 
өздерінің  электронды  ресурстарын  лабораториялық  жұмыстар  деп  атайды. 
Олардың пайымдауынша ол бағдарламалар сабақта пайдаланылатын дәстүрлі 
құрылғылардың  көмегімен  жүргізілетін  лабораториялық  жұмыстарды 
имитациялайды.  Солардың  жарқын  мысалы:  СПбИТМО  сайтындағы  орта 
мектепке арналған алыстан орындалатын лабораториялық практикум [12]. 
«ФИЗИКОН»  компаниясының  [8],    компьютерлік  курстарының  негізгі 
айырмашылығы  компанияның    оригинал  және  бірегей  туындылары  болып 
есептелетін      компьютерлік  моделдері  пайдаланылады.    Айта  кету  керек: 
оқушылар  өздері  тәжірибелердің  бастапқы  шарттарын  өзгерте  алады  және 
өздері  әртүрлі  виртуал  тәжірибелер  жүргізе  алады.  Мұндай  интерактивті 
мүмкіншілік  оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттырып  тәжірибе 
жасаушылардың  бірі  болып  қатысуын  қамтамасыз  етеді.  Жаңа  курстар 
шығарылған  жағдайда  «Физика  в  картинках»,  «Открытая  Физика  2.5» 
курстарында  моделдерді  100-ге  дейін  жеткізу  жоспарланған.  Әрине, 
моделдердің функционалдық мүмкіншіліктері – параметрлерді өзгерту  

26 
 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
арнасының  кеңейюі    әртүрлі  тәжірибелерді  орындауға  мүмкін  болады. 
Осыған  орай  аппараттық  және  бағдарламалық  қамтамасыз  ету    талаптары  да 
өседі.   Егер  «Физика  в   картинках»   курсына   операциялық  жүйесі   DOS  486  
компьютер жетікілікті болса,  «Открытая Физика 2.5» курсына кем дегенде онда 
Windows  95/98/ME/NT/2000,  әрі  MS  Internet  Explorer  5  версиядан  төмен  емес  
Пентиум  150  керек.    Бірқатар  жағдайларда  демонстрацияға  алғашқы  шыққан 
«Физика в картинках» курсын пайдаланған жөн, өйткені мұндағы компьютерлік 
моделдер  аса  көркемді  жасалған,  әрі  ең  негізгісі  мұнда  моделдер  терезесі 
экранды түгел қамтиды. Ал кейінгі шыққан «Открытая Физика 1.0» и «Открытая 
Физика  1.1»  курстарындағы  моделдер  терезесі,  өкінішке  орай,  экранның  ¼  
бөлігін  ғана  қамтып,  өте  кішкентай  көрінеді  де  оқушылардың  көздерін  тез 
талдырады. Бірақ бұл курста терезеде екі және одан да көп моделдер көрсетіліп, 
тәжірибелерді  қоса  атқаруға  болады  да,  нәтижелерді  салыстыруға  болады. 
Мысалы,  изотермалық  және  адиабаттық  процестерді  салыстыру,  линзалар  мен 
сфералық айналарда кескін алу.   Көрсетілген себептерге байланысты «Открытая 
Физика  1.0»  және  «Открытая  Физика  1.1»  курстарын  компьютерлік  класта 
оқушыларды даралап оқыту  мақсатында пайдаланған жөн. 
 
Бұл  ресурс  көлемді  оқулықтан,  12  интерактивті  лабораториялық  жұмыстан, 
көптеген  интерактивті  тестерден  және  толық  шешімдерімен  қоса  өз  бетінше 
шығаруға  арналған  есептерден    тұрады.  Сонымен  қатар  курс  тапсырмаларды 
орындау  барысын  бақылау  үшін  әр  оқушыға  арналған  үлгерім  журналын 
қамтиды.  «Открытая  Физика  2.5»  мультимедиа  курсы  айтылғандарға  қоса, 
демонстрациялауға  өте    ыңғайлы  компьютерлік  моделдер  терезесін  және 
электронды  оқулықтың  иллюстрацияларын  ұлғайтатын  «Лупа»  инструментімен 
жабдықталған.  Мектеп  қосымша  желісімен  журналы  бар    компакт-дискі  алған 
жағдайда, оқытушы «Открытая Физика 2.5» курсының желіде істейтін вариантын 
орнықтыра  алады  да,  барлық  оқушылардың  жұмысты  орындау  барысын  
бақылауға мүмкіншілік алып өз компьютерінде олардың жауаптарын көре алады. 
Сонымен  «Открытая  Физика  2.5»  курсы  материалды  түсіндіру  үшін 
демонстрацияларды да, оқушылардың дара жұмыстарын да ұйымдастыра алады. 
«Открытая Физика 2.5» курсының компакт-дискілерінде оқытушыларға арналған 
әдістемелік  материалдар  бар.  Өкінішке  орай  физика  курсының  нақ  өзінде  ол 
ашылмайды.  Әдістемелік  материалдарды  ашу  үшін  компьютер  экранының  сол 
жақ  төменінде орналасқан  есептер  панелі  «Пуск»  түймесін  басу  керек,  одан  әрі  
таңдау:      «Программы  /  Программы  Физикона  /  Открытая  Физика  2.5  / 
Методические пособия для учителей». Материалдар ішінен сіз төменгілерді таба 
аласыз: 
 
оқушылардың 
компьютерлік 
моделдермен 
жұмыс 
жасауын 
ұйымдастыруына  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  және  сабақ  барысы  мен 
лабораториялық жұмыстарды орындау жобалауын; 
 
практикалық  тапсырмалар  мысаладары  мен  компьютерлік  моделдерде 
лабораториялық жұмыс орындау бланкілерін; 
 
7-11  сыныптарға  арналған  күнтізбелік  және  сабақ  өткізу  жоспарларын, 
сонымен қоса бақылау жұмыстарының текстерін.  

27 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
Бірақ  жоғарыда  аталғандардың  барлығы  орыс  немесе  ағылшын  тілінде 
жасалған,  сондықтан  қазақ  сыныптарында    оларды  қолдану  мүмкіншілігі 
шектеулі.  
Президент жолдауында келтірілген тапсырмаларды орындау үшін М.Әуезов  
атындағы  мемлекеттік  университететінің  «Физиканы  оқытудың  теориясы  мен 
әдістемесі» кафедрасы биылғы оқу жылында оқу үрдісіне "Білімдегі ақпараттық 
технологиялар" және "Физиканы оқытудағы ақпараттық технологилар" курстары 
енгізілді.    Курстың  мақсаты:  студент  -болашақ  физика  мұғалімдерін  оқу 
үрдісінде, әрі өздерінің кәсіпшілік қызметінде және біліктілігін жоғарылатуында, 
оқу  үрдісі  мен  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда  болашағы  зор  білім 
беру технологияларын шығармашылық және тиімді пайдалануға дағдыландыру. 
Оқу  материалдары  базасын  жасауда  студенттер  мен  магистранттар белсенді 
қатыстырылады. 
Авторлар 
құрастырған 
бірқатар 
демонстрациялық 
тәжірибелердің  компьютерлік  моделдерін  оқу  үрдісінде  пайдалану  туралы  біз 
бұрын  жазғанбыз  [13-23].  Бұл  мақалада  студенттерге,  магистранттарға,  мектеп 
мұғалімдеріне  көмекші  құрал  ретінде-оқушылардың  [5]  ресурсын  пайдаланып  
нақты  компьютерлік  зертханалық  жұмыстарын  атқаруға  арналған  бланкі  үлгісі 
ұсынылып отыр. Мүндай бланкілерді мұғалім  алдын-ала дайындап оқушыларға 
таратуы керек.   
Компьютерлік зертханалық жұмыстың бланкі үлгісі  
Компьютерлік зертханалық жұмыс «Электр тізбегінде бөлінетін қуатты 
және  ток  көзінің  пайдалы  әсер  коэффициентін  зерттеу».  Жұмыстың 
мақсаты:  Тұрақты  ток  тізбегіндегі  қуаттың  бөліну  заңдарын  және  ток  көзінің 
ішкі  кедергісі  мен  жүктеме  кедергісін  (тұтынушылардың)  сәйкестендіруді 
зерттеу. 
Сынып..................   Оқушының фамилиясы...................................................  
Есімі....................................... 
Есептердің жауаптарын компьютермен тексеруге арналған есептер: 
Алдымен  есептерді  қағазға  жазып  шығарып,  соңынан  алынған  жауапты 
компьютерде  тексеріңдер.  Есептерді  шығару  барысын  жазбаша  дайындап 
зертханалық жұмыстың бланкісімен қоса тапсырыңдар. 
1-есеп.  Ток  көзінің  Э.Қ.К.  ε=2  В,  ішкі  кедергісі  r=1  Ом.  Егер  сыртқы  кедергіде 
Р=0,75 Вт қуат бөлінсе, онда тізбектегі ток күші қандай болады? 
Жауабы. …………………………………………......... 
2-есеп.  Кернеуі  120  В  электр  желісіне  үш  бірдей  электр  шамдары  жалғанған: 
екеуі  параллель,  ал  үшіншісі  тізбектеліп  жалғанған.  Тізбектің  сұлбасын 
салыңдар.  Әр  шамдағы  кернеу  түсуін  және  қандай  шамда  қуат  көп  бөлінетінін 
анықтаңдар. 
Жауабы. …………………………………………........ 
3-есеп. Қуаттылықтары 25 Вт және 100 Вт электр шамдары ток көзіне тізбектеліп 
жалғанған. Оларды қайсысында  жылу көбірек бөлінеді? 
Жауабы.  …………………………………….............. 
4-есеп.  Екі  электр  шамдар  электр  желісіне  параллель  жалғанған.  Біріншісінің 
кедергісі R
1
=360  Ом, екіншісінікі R
2
= 240 Ом. Қайсы шам көп қуат тұтынады  

28 
 
ε 

1-сурет 
  АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
және қанша есе көп тұтынады?  
Жауабы ……………………………………................. 
5-есеп.  Әрқайсысы  100  Ом  екі  кедергі  ток  көзіне  алдымен  тізбектеліп  кейіннен 
параллель  жалғанады.  Осы  екі  жағдайда  да  әр  кедергіде  бірдей  қуат  бөлінеді.  
Егер кедергілер тізбектеліп жалғанғанда тізбекте 1 А ток жүрсе, онда ток көзінің  
Э.Қ.К. қандай болғаны? 
Жауабы……………………………………………….. 
Тәжірибелік есептер 
6-есеп.  1- суретте көрсетілген схеманы құрастырыңдар. 
 
Элементтердің параметрлеріне мынадай мәндер алынсын: Ток көзі: ε = 1,5 В; 
10 Ом; Реостат: R = 20 Ом.   
1.  Реостаттың  тиегін  өзгерте  отырып,  тізбектегі  ток  күші  мен  реостаттағы 
(жүктемедегі) кернеуді өлшеңіздер.  
2.  Алынған шамаларды (R реостат кедергісі I ток күші және U кернеу) таблицаға 
толтырыңыздар.  
3. P = U
.
I формула бойынша реостат кедергісінің әртүрлі мәндерінде жүктемеде 
бөлінетін қуатты есептеңіздер. 
4. Қуаттың жүктеме кедергісіне тәуелділік графигін құрыңыздар. 
5.  Графиктен  ең  үлкен  қуат  бөлінетін  жүктемедегі  кедергінің  мәнін 
анықтаңыздар. 
6.  Графиктен  алынған  P
max
  мәнін  формуладағы  теориялық  жолмен  алынған 
мәнімен салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңыздар. 
Жауабы ……………………………………… 
7-есеп. 
1-суретте 
көрсетілген  схеманы  құрастырыңыз.  Элементтердің 
параметрлеріне мынадай мәндер алынсын: Ток көзі: ε = 3 В; = 12 Ом; Реостат: R 
= 24 Ом.   
1.  Реостаттың  тиегін  өзгерте  отырып,  тізбектегі  ток  күші  мен  реостаттағы 
(жүктемедегі) кернеуді өлшеңіздер.  
2.  Алынған шамаларды (R реостат кедергісі I ток күші және U кернеу) таблицаға 
толтырыңыздар. 
3. P = U
.
I формула бойынша реостат кедергісінің әртүрлі мәндерінде жүктемеде 
бөлінетін қуатты есептеңіздер. 
4. Қуаттың жүктеме кедергісіне тәуелділік графигін құрыңыздар. 
5. Графиктен ең үлкен қуат бөлінетін жүктемедегі кедергінің мәнін  

29 
 
    
 
              АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
анықтаңыздар. 
6.  Графиктен  алынған  P
max
  мәнін  формуладағы  теориялық  жолмен  алынған 
мәнімен салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңыздар. 6-есептің қорытындысымен 
салыстырыңдар. 
Жауабы
…………………………………………………………………………………… 
8-есеп.  1-  суретте  көрсетілген  схеманы  құрастырыңыз.  Элементтердің 
параметрлеріне мынадай мәндер алынсын: Ток көзі: ε = 5 В; = 15 Ом; Реостат: R 
= 30 Ом.   
1.  Реостаттың  тиегін  өзгерте  отырып,  тізбектегі  ток  күші  мен  реостаттағы 
(жүктемедегі) кернеуді өлшеңіздер.  
2.  Алынған шамаларды (R реостат кедергісі I ток күші және U кернеу) таблицаға 
толтырыңыздар. 
3. P = U
.
I формула бойынша реостат кедергісінің әртүрлі мәндерінде жүктемеде 
бөлінетін қуатты есептеңіздер. 
4. Қуаттың жүктеме кедергісіне тәуелділік графигін құрыңыздар. 
5.  Графиктен  ең  үлкен  қуат  бөлінетін  жүктемедегі  кедергінің  мәнін 
анықтаңыздар. 
6.  Графиктен  алынған  P
max
  мәнін  формуладағы  теориялық  жолмен  алынған 
мәнімен 
салыстырыңыздар. 
Қорытынды 
жасаңыздар. 
6-7-есептердің 
қорытындыларымен  салыстырыңдар 
Жауабы 
…………………………………………………………………………………… 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет