Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
78-89

ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
87 
ал эмоциялар олардың жүректерінің кілті. IQ (ақыл-ой дамуы) мен EQ 
(эмоционалды интеллект немесе эмоционалдыәлеует) арасындағы мәңгілік 
шайқаста EQ барған сайын жеңіске жетеді. Лидердің «сәттілігінің 
себептерін» анықтайтын тестілерге сәйкес, EQ 80% сәттілікке жауап береді, 
ал IQ 20% үшін ғана жауап береді. Ғалымдардың «эмоционалды интеллект» 
терминіне берген анықтамалығынан бас тартсақ та, артықшылығы әлі де 
керемет. 
Сауалнамаға қатысушыларға қарап адамдардың қоғам мәселесіне бей-
жай қарамайтындыға көзім жетті. Бұл да бір қоғамның өзекті тақырыбы 
болғандықтан бәрінің ойын білу - маңызды. Зерттеуге қатысқан 92 
респонденттің сұрақтарға тоқталып жауап беруі қоғам санасының, бұқаралық 
сананың өскенінен хабар береді. Сауалнама студенттер мен оқушылардан 
бөлек, мұғалімдерге, орта буын өкілдеріне де ұсынылды, алайда статистика 
жалған сөйлемейді. Олардың берілген диаграммалардағы пайыздық өлшемі 
әлдеқайда төмен. Бұл да екі ұрпақ арасындағы ерекшелікті көрсетті. Осындай 
өзекті мәселелерде еліміздің белсенділік танытып, ұзақ жылдарға негізделген 
зерттеу жүргізгенін қалаймын. Әрине шетелдің зерттеу нәтижелерімен 
бөліссек болады. Алайда біздің дініміз, діліміз, салт-дәстүріміз бен тәрбиеміз 
олардан айырмашылығы 
бар. 
Сондықтан 
өз 
менталитетімізге 
сай 
көрсеткіштермен жұмыс істеген өте қызықты болар еді. Және ары қарай 
практикаға айналдыруға тиімді деп ойлаймын. 
Сонымен, IQ және EQ өміріміздегі маңызды ұғымдар.Бірақ тек біреуіне 
ғана назар аударып, екіншісін толығымен ұмыту дұрыс емес. Бірақ үлкен 
нәтиже көрсететін көрсеткішпен жұмыс істеу әлдеқайда тиімдірек. 
Қорытындылай келе, эмоционалды интеллект студенттерге ақпаратты 
игеруде және сақтауда нәтижелі және табысты болуға көмектеседі, егер 
оқушы оқуда нәтижелі болса, ол оқыту мен оқу процесіне ашық болады, бұл 
өз кезегінде оқушының терең түсінушілікке ие екенін және мұғалімге сапалы 
білім алуға мүмкіндік беретінін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет